Өлең: Қадыр Мырза Али (Жұбату)

Мен отырмын сөзіңе құлақ түріп,
Ал сен болсаң бөркіңді лақтырып,
"Үш ұлың бар,
Сен мені түсінбейсің!
Түсінбейсің!" - дейсің, дос,
Жылап тұрып.
Түсінемін,
Түгелдей ғалам көшіп,
Бара жатқан сияқты қараң да өшіп.
Тұяқсыздың халін мен жақсы білем,
Жақсы білем,
Әйткенмен амал нешік! .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Не қалады?)

Не қалады?
Шаң қалады көштерден.
Майы біткен шам қалады кештерден.
Не қалады?
Қалады тек қи ғана
Қотандарда
Қойлар өрген,
Ешкі өрген.
Не қалады?
Тас қалады таулардан......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Қаздар қайтқанда)

Жапырақ боп сары күз түсті, міне,
Қайтты қаздар өзінің түстігіне.
Қазағың мен қаздардың түбірі бір
Түсінеді көшпелі ел құс тіліне.
Артқа салып неше күн,
Неше түнді,
Сағыныштың шамы да өшетін-ді.
Көктем келіп, .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Жақсылық туралы ертегі)

Ертеректе,
Болмай тұрып бақсылық,
Жоқ кезінде қулық деген ат сүлік,
Бір-ақ нәрсе қымбат екен адамға,
Қымбат екен,
Оның аты — Жақсылық!
Алтын балық қалса торға шырмалып,
Босатыпты пейілі кең жыр халық.
Жақсылықты
Алғаш кезде
Қайда да .....
Өлеңдер
Толық
0 0