Жалт-жұлт етіп, сарт-сұрт етіп жалт ойнап, Жаздай жаңбыр жаумап еді — жұрт айғақ. Бимаза жел аспан астын аралап, Бір мезгілде алып келді бұлт айдап. .....
Қармақтай боп қадалған желбезекке Қанша шаруа, бауырым, тұр кезекте?! Оны қойшы! Көргенде небір жайды Ішің толып кетеді бір мезетке. Мәз болмашы Шағылған ерте тауы Азаматтың басынан сірке тауып. .....
Тақпаймын астананың бағына мін, Тұрмыстың ағымына бағынамын. Әйтсе де Көкті сүзген мүйіз үйді Көргенде Киіз үйді сағынамын. Асыққан уақыт бізбен кеңеспейді, Сағыну — менің шаруам емес дейді. .....
Тұлымды да кекілді Тату үйдің еркесі: Немерелер Секілді Әжейлердің өркеші. Көрмегеңдер өкінді Келінінің көжегін. Бағасы пәс секілді Өркеші жоқ әженің......
— Әрі момын, әрі үркек Балапандар сары үрпек, Менен босқа саспаңдар, Қорықпаңдар, Қашпаңдар! Иттікті мен сүймеймін, Әлсіздерге тимеймін! Келіңіздер, ойналық, Жаз қызығын тойлалық!.....
Ұлықпан Мырзабайұлы Жолдасов (1966 жылы 14 ақпанда Маңғыстау облысы Қарақия ауданында туған) — әнші, композитор, музыкалық продюсер. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2016). Қарақия ауданының Құрметті азаматы (2016). Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының Үздігі (2015).
Ұлықпан Мырзабайұлы 1966 жылы 14 ақпанда Маңғыстау облысы Қарақия ауданында дүниеге келген. Шығармашылық жолын 1983 жылы Маңғыстау облыстық филармониясынан бастаған. Бүгінгі таңда қазақ эстрдасында 300ге жуық авторлық әндері мен композициялары бар. Мақпал Жүнісова, МузАРТ, Мәдина Сәдуақасова, "Нұр-мұқасан" және басқа да көптеген эстрада жұлдыздарының орындауындағы бұл әндердің көбісі дерлік тыңдармандардың көңілінен шыққан туындылар. Халықаралық, Республикалық байқауларда топ жарған әндері де жетерлік. Соның ішінде композитордың ҚР еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Жорабаеваның орындауындағы "Махаббат маусымы" әні Голливудта өткен халықаралық байқайда гран-при жүлдесін жеңді....