КІРІСПЕ Тақырыптың өзектілігі. Германия жәнс Италия елдерінің тарихы дүниежүзілік тарыхтың құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл екі мемлекеттегі әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдай фашизмнің орнауына мүмкіндік тудырды. Италияда алғашқыда демократия барлық проблемаларды шешудің кілті болып есептелінген еді. Алайда, демократия дегеніміз жалпы сайлау құқы, бостандық, көппартиялық, өзімен-өзі жұмыссыздықты, бағаның өсуін, өндірістің қүлдырауын жоя алмайтындығы айқындалды. Кей жағдайларда демократияның орнауы мемлекеттік өкімет билігін әлсіретті. Демократия көңіл толмағандық та бірден жалпы сипат алды. Осылайша, Италияда фашизм орнады. Дүниежүзі халықтарының сұрапыл қанды қырғынға ұшыратқан Италия және Германия фашизміне біршама сипаттама берсек: Фашизм (итальянша fascisma деген сөзден шыққан. Байланыс, одақ деген мағынаны білдіреді.) -реакциялық саяси ағым. Оның негізгі идеологиясы шовинистік, агрессиялық бағыт болып табылады. Ол өзінің пайда болу кезінен бастап адамзат прогресіне қауіп төндірді. Фашизмнің билік басына келуімен буржуазия ашық террорлық іс-әрекет жүргізген фашистерге жол берді. Барлық фашистік режимдерге тән сипат, ол күресудің террорлық әдісімен антикоммунистік және антисемиттік бағыт ұстанды.....
ХХ ғ. ресми есеп бойынша Үндістанда 220 тіл бар екен. Үндістанның негізгі халқы аласа бойлы, қара түсті (дравидтар» деген тайпалар. Олар Үндістанның орта және оңтүстік жағынан орналасқан. Тарихшылар дравидтерден де бұрын тұрған тайпалар «мунда» деп санайды. Бұл тайпалар орталық провинцияларда, Гималай және – Нагпур деген жерде тұрған. Олар Үндістанның орта және оңтүстік жағына орналасқан. Б.д.д. екінші мың жылдықта дравидтерді Гиндукуш және Тамир тауларынан түскен ақ тайпалар басып алып, олар Пенджаб және Ганг өзендерінің жоғарғы бассейніне орналасты. Осы тайпаларды арийлер деп атайды, арийлер дегеніміз – ақсүйек, жақсы тұқым деп аударылады. Дравидтерді олар «дасью» деп атаған. Осы аймақтағы тайпалар ғасырлар бойы өмір сүріп, көбінесе сал бағумен айналысты. Арийлер егін шаруашылығын, олардың күріш, күнжұт және арпа отырғызғаны белігіл, мақтадан мата тоқу, ыдыс – аяқ жасау, қола мен темірден қару соғу кәсіптерінің дамығаны анық. Ежелгі Үндістанның мемлекеті және құқық тарихын кезеңдерге бөлуі. 1) Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырап, құл иленушілік құрылыстың, құл иленушілік мемлекеттің пайда болу кезеңі; 2) Ганга және Үнді жазықтығындағы құл иеленушілік мемлекеттер; 3) Маурьялардың орталықтанған мемлекеті; 4) Үнді мемлекетіндегі дағдарыс және феодалдық. Бірінші кезең шамамен екінші мыңжылдықтың екінші жартысына жатады. Үндістанға басып кірген арийлерде бұл уақытқа әлі патриархат сатысындағы рулық құрылыс қалыптасты. Бұл құрылыстың негізгі ұйымдары «рулық одақ» қана болды. Латын тілде «ру» бұл сөзден славяндардың «әйел» деген сөзінен шыққан ....
Тәуелсіз елдің осы заманғы үрдістерге сай болуы кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, өркениетті атанып отырған елдер осы демократияны негізгі бағыт-бағдарын алған. Демек, біз де демократияны басты құндылық ретінде әрі оны реальды өмірде орнықтыруға күш салуымыз – жаңаша дамудың кепілі екеніне сөз жоқ. Осы айтып отырған демократияны ақпарат еркіндігінсіз елестету мүмкін емес. Себебі, қоғам осы ақпаратты меңгермесе, мемлекетіміздің ұстанған бағының негізі болмас еді. Бұл жолда журналистердің және БАҚ-тың көтерер жүгі аз емес. Ол биліктен бастап, қарапайым азаматтардың атқарып жатқан істерін айнадағыдай көрсетіп отарады. АҚШ-тың он алтыншы президенті Авраам Линкольн «Идея ағыны, жан-жақты ойластырылған шешім қабылдай білу, сынауға мүмкіндік алу – осының бәріне негізделген саяси демократия көп жағдайда ақпаратқа тәуелді» - деген екен./1/ Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бері ақпараттық құралдарымыз да қарқынды дамып келеді. Қоғамда ақпараттық еркіндік, билік пен халық арасындағы дәнекерлік рөлді атқарып келе жатқан бұқаралық ақпарат құралдарының маңызы айтпаса да белгілі. Ақпараттық технологиялар мен нарық заманында ең жедел ақпараттар беру тәсілдері мен қоғамдық пікірді қалыптастыру күн тәртібіне қойылған мәселелердің бірі. Кешегі Кеңестік кезеңде тек қана бір идеологияға бағынған БАҚ болса, қазіргі кезде түрлі ұстанымдағы БАҚ қоғамымыздың жан-жақты дамуының кепілі болып отыр. Мемлекет пен қоғамның, билік пен халықтың арасын жалғастыруда, жұртшылықты елде, жаһанда болып жатқан жаңалықтармен таныстырып, хабардар етуде баспасөздің рөлінің аса жоғары екендігі ақиқат. Ел тәуелсіздігінің тұғырын нығайтуда да, қоғамда демократиялық, адамгершілік құндылықтарды насихаттауда да журналистердің аянбай еңбек етіп жүргеніне көпшілік куә. Бұқаралық ақпарат құралдарына «төртінші билік» деп қарау бекер болмаса керек. Өйткені бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғамның бейнесін тануға да, оны өзгертуге де болады. Осы жағынан келгенде Қазақстан баспасөзі өзінің кәсіби миссиясын абыроймен атқарып келеді. Оған біздің елде түрлі органдардағы баспасөз қызметі мен оны үйлестіруші орталықтардың жұмысы куә. ....
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздемесі. Диплом жұмысында мемлекеттік менеджмент мәселесіне ғылыми көзқарас белгілі шетелдік және отындық ғалымдардың еңбектерін, зерттеу, сараптау, өзгеріс енгізу негізінде құрылды. Зерделеу және сараптау авторлардың зерттеу бағыттарын біріктіретін бірнеше жолдарды анықтауға көмектесті. Бірінші бағытқа мемлекеттік басқарудың теориясы мен методологиясын қалыптастырудағы зерттеу жұмыстарын жатқызамыз. Екінші бағытқа мемлекеттік сектор мен тиімді мемлекеттік басқарудың тәртіптерінің жиынтығын барабар көрсететуге құрылған авторлардың зерттеулерін біріктіреді. Үшінші бағытқа қолданбалы сипаттағы жұмыстарды, төртіншіге – аймақтық маңызы, бесіншіге – ғаламдық мәнін, ал алтыншыға – индустиалды-инновациялық дамуды ғылыммен қамтамасыз етудегі еңбектерді қарастырамыз. Бұл көпсалалы мәселеге қатысты бірнеше сауалдар туындап, өз жауабын толыққанды тапқан жоқ десе болады. Сол себепті теориялық, методологиялық зерттеулерді шығармышылық тұрғыдан түйсіну маңызды болып отыр. Мемлекеттік сектордың қазіргі заман талаптарына сәйкес басқару тәсілі және формасын, негіздерінің сәйкестік деңгейін анықтау. Басқару шешімдерін жасау мақсатында мемлекеттік секторды жүйелеу және теориялық, методологиялық қырларын терең анықтап алу қажеттігі байқала бастады. Қойылған мәселені шешуде ғылыми тәсіл қолдану жаңа заманға лайық қызмет ететін мемлекеттік басқару органдарының мемлекет саясатын жүргізуде ғылыми негіздемесі болмайтын тиімсіз араласу шараларын азайтады. ....
Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін алған болатын. Қазіргі кезде тыныш әрі бейбіт өмір сүрудеміз. Сонымен қатар, ел тәуелсіздігінің белгісі - мемлекеттік рәміздер халық жүрегінің төрінен орын алуда. Біздің елде өмір сүріп жатқан әр адам мемлекеттік рәміздерді құрмет тұтып, сыйлайды. Мемлекеттік рәміздерге елтаңба, ту және әнұранымыз жатады.......
КІРІСПЕ Мемлекет пен құқық әлеуметтік институт, ұйым ретінде үнемі өмір сүріп келген жоқ, олар белгілері күрделене түсу арқылы біртіндеп қалыптасты. Ғылыми болжам бойынша, жер шары бұдан 4-5 миллиард, алғашқы адамдар мөлшермен 2 млн. жыл бұрын қалыптасқан. Қазақстанның аумағын ең ежелгі адамдар бұдан 1 млн. жыл бұрын қоныстана бастаған деген деректер бар. Біздің заманымыздан 40 мың жыл бұрын қазіргі замандағы адамдардың, яғни біздің ата-бабамыз деп болжалатын «ақылды адам» (хомо сапиенс-һото sapiens) қалыптасуы аяқталды. Адамзат тарихындағы алғашқы мемлекеттер біздің заманымыздан бұрынғы 4-5 мың жылдықтарда Ежелгі Египетте, Вавилонда, Үндістанда, Қытайда дүниеге келді. Сонда 35 мың жыл аралықта адам¬дар мемлекетсіз өмір сүрді деген болжам айтуға болады. Бұл дәуір ғылымда адамдардың қандық туысқандық белгілері мен бірігіп еңбек ету, өмір сүру әрекетінің негізінде, тобыр, топ болып өмір сүрген, мемлекеттің пайда болуына дейінгі аралық алғашқы қауымдық не, рулық құрылыс кезеңі деп аталады. Бұл кезеңде мем¬лекет пен құқық әлі қалыптаса қойған жоқ. Сондықтан алғашқы қауымдық не рулық құрылыс кезеңінде адамдар арасындағы қоғамдық қатынас жасы үлкендердің, туысқандардың, көсемдердің, ру, тайпа басшыларының, ақсақалдар кеңесінің беделімен, ықпалымен реттеліп отырылды. Мемлекеттің пайда болуы жайындағы екінші бір теория ол патриархалдық теория деп аталады.....