Шығарма: Тәуелсіз мемлекетімнің жарқын болашағы

Жаутаңдап қарап дала тұр, ,
Көз жасын сүртіп жаңа бір.
Хабарсыз ұлын сұрауға,
Жолыңды тосып ана жүр.
Қанша үйдің ұрлап адамын,
Қанша үйде сөніп қалды оттар.
Көрдің бе ұлын ананың,
Соғыстан қайтқан солдаттар?
Сырбай Мәуленов
Қазіргі таңда тәуелсіз мемлекетімнің болашағы жарқын. Келешек ұрпақтың ұйқысы тыныш, тамағы тоқ, киімі көк. Әр қазақ баласының бал- бұл жайнаған жүздерін көреміз. Аллаға шүкір, уайымсыз ,бейбіт өмір кешудеміз. Алайда, осы бейбіт өміріміздің қалай келгені, қаншама қан төгілгені туралы жадымыздан шығару мүмкін емес.
Осыдан 75 жыл бұрын жер бетін шарпыған сұрапыл Ұлы Отан соғысы келді. Халқымыздан береке қашып, тыныш ұйқымыздан айырылдық. Бұл соғыс қаншама жас қазақ жігіттерінің өмірін қиды. Қаншама ананы баласыз қалдырды, қаншама бейкүнә сәбиді асқар тауы әкесінен айырды. Қаншама нәзік жанды қыздарымызды сүйгендерінен айырды. Әрине, қайтып келгендері де болды. Бірақ, оларда саусақпен санарлықтай еді. Отанына келген жауынгер батырлардың басым көпшілігі мүгедек болды......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Жеңісті жақындатқан қаһармандар

Мен Қазақстанды жақсы көремін. Себебі мен осы елде тудым. Қазақ елі басынан талай қиындықты өткерді. Отанымның мақтанышы да өте көп. Оның тарихының түбі тереңде жатыр. Қазақтың батырлары да жетерлік. Ғалым, ғұламасы да жетіп артылады. Қазақстан даму үстінде. Өскелең жас ұрпақ оны көркейтуге атсалысуымыз керек. Қазақстанның әсем жерлері, тау мен тасы өте көп. Зерттелмегені де қаншама. Қазақтың даласы тұнып тұрған байлық. Тек оны ысырап қылмауымыз керек. Қазақтың жүрегінде мәңгілік өшпес от қалдырған жылдар, әрине, соғыс жылдары. Қазақ жерінде небір қантөгіс майдандар болған. Сонау елімізге моңғолдардың шабуыл жасауынан бастап, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жариялануына дейін қаншама майдан болды. Сондағы батыр бабаларымыз өсиет етіп қалдырған жері бабадан балаға дейін мирас болып сақталуы тиіс. Оны ары қарай жалғастырып, көркейту - біздің міндетіміз. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Оны әр заманда да сақтап қалуымыз қажет. Тілімізді шұбарлап сөйлеудің тіпті де қажеті жоқ. Біз шет тілде сөйлесек, өзімізден кішілерге қандай үлгі, тәлімтәрбие береміз?! Ұлы Отан соғысы - қазақтардың басынан өткерген ең бір қиын кездердің бірі. Мен әрине ондай қасіретті көрмедім. Бірақ бабаларымның ондай азап шеккені өте аянышты. Сол заманда данышпан елім «Катюшаны»ойлап таппағанда , біз мұндай бейбіт өмір сүрмес едік.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Шын жеңіске жеткен елім

Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын қасірет. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал материалдары немесе радио, телехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта отырып бізге жеткізді.
Ұлы Жеңіске биыл 71 жыл толып отыр. Жеңіс! 1945 жылдың 9 мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты... Кеңес Одағының тұрғындары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыстың күн мен түндерінде бүкіл жігерімен жеңіске ұмтылған... Миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Миллиондаған адамдар бет алдына босып кетті. Бірақ бәрібір Берлиндегі рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһарман жауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді. Біз Жеңіс күнін жақындатқан, қаратүнек фашизмге қарсы жан аямай күрескен әрбір жауынгерлерге қарыздармыз.
Ұлы Отан соғысы және Ұлы Жеңіс! Бұл екі сөз бірін-бірі толықтыра түседі.
Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.
Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдесіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Жеңдік жауды күресте

Ер есімі – ел есінде
Сүйінші, халқым, сүйінші!
Сүйіншіге сүйінші!
Шаттан, ата-анамыз,
Шаттан, аға-бабамыз,
Кек қайтарып фашистен,
Соғыс бітті жеңіспен,
Жеңдік жауды күресте
Жасалсын той-мереке.
Т. Жароков
Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына бірнеше жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз - өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің құрдастары тойлайды.....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Өлмейді ісі мәңгілік

Ұқсаттым өршіл тұлғаңды
Ақша қар жапқан шыңдарға.
Жүректен туған жырларды
Асқар тау-ата тыңдар ма.
Ә. Ысқақ
Ұлы Жеңістің 71 жылдығы қарсаңында елімізде соғыс ардагерлерінің ерлігін паш етіп, Отан үшін, келешек ұрпағы үшін, жан аямай майдан кешкен майдангерлер үшін Елбасының қолдауымен жасалып жатқан игі істер баршылық. Солардың арқасында бейбіт өмір сүріп отырған ұрпаққа майдангерлерге осындай құрмет көрсету парыз деп ойлаймын. Соғыс жаңғырығы жылдан-жылға алыстап барады... Ол туралы үлкендерден, көнекөз қариялардан естіп жүреміз. Кинолардан, деректі фильмдерден көреміз.
Әйтсе де өткенге көз жүгіртпей, болашаққа бағдар жасау мүмкін емес. ХХ ғасырдың орта кезінде болған алапат соғыс Екінші дүниежүзілік соғыс болса, соның бір бөлшегі Кеңес Одағының тарихындағы Ұлы Отан соғысы болды. Жан алысып, жан берісер майдан шебінде қасық қаны қалғанша жау оғына қасқая қараған аталарымыз да ұрпақ жүрегінен ұмытылмақ емес.....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Жеңіс жаңғырығы

Ұлы Жеңіске биыл 71 жыл толып отыр. Жеңіс! 1945 жылдың 9мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты... Кеңес Одағының тұрғындары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыста 1418 күн мен түндерде, бүкіл жігерімен Жеңіске ұмтылған... Миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Миллиондаған адамдар бет алдына босып кетті. Бірақ бәрібір Берлиндегі Рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққанжауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді. Біз, Жеңіс күнін жақындатқан, қаратүнек фашизмге қарсы жан аямай күрескен әрбір жауынгерге қарыздармыз. Ұлы Отан соғысы және Ұлы Жеңіс. Бұл екі сөз бір-бірінен толықтыра түседі. Ұлы Жеңіс біздің халқымыздың орасан зор құрбандықтарымен келген қасіретті арифметикасы. Соғыс салған зардап әлі күнге дейін толық жойылған жоқ. Олардың Отан үшін қан кешкен әрбір қадамы, жеңісті жақындата түскен әрбір күні ұмытылмайды.
Өйткені, ерлік шежіресі ұрпаққа ұлағат, ертеңгі күнге үлгі боларлық сабақ. Біз соғыстан кейін туған ұрпақ, кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы аға ұрпақтың – қазақтар мен қазақстандықтардың жанкешті ерлігі туралы тек оқулықтардан, көркем әдебиеттен және кинотуындылардан ғана білеміз. Жеңістің 71 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтардың рухына бас иіп, олардың ерлігін ұастерлеу– кейінгі буынның азаматтық парызы. Соғыста біздің әкелеріміз ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың өршіл рухын, батырлығын әлемге паш етті. .....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ауылымның мәртебелі азаматы

Жас ұрпақтың туған елге, оның тарихы мен мәдениетіне, жастарды бүкіладамзаттық деңгейдегі тұлға етіп тәрбиелеу, ұлы адамдарға еліктеп өсуге жетелеу және әрбір жасты ғылым мен өнерге баулу, ар-ұяты мен намысы биік нағыз адам етіп өсіру деген мақсатта мен де тұлға болып тәрбиеленуші қазақтың қызының бірімін. Бұл шығармамда нақты тұлғаның туған ел тарихындағы үлесін айтқым келеді.
Менің ауылым ертеректе балық шаруашылығымен айналысқан.Атам Рахметов Жұқалтай 1905 жылы Атырау облысы Исатай ауданы Манаш ауылында Қызылбалық ұжымшарында дүниеге келген.Әкесі Құрманғазиев Рахмет өмір бойы балық шаруашылығымен айнласқан. Еңбек жолын 1920-29 жылдары №4 жүзбелі балық зауытында жұмысшы болып бастаған. 1919-1923 жылдары бастауыш кластық білім алып, 1935 жылы Астрахань қаласындағы кооператив техникумында оқып, бухгалтерлік мамандық алады. 1929-33 жылдары есепші, 1936-40 жылдары бухгалтер қызметін атқарған.1940-41 жылдары Манаш балықшылар кооперативінің төрағасы, 1941-54 жылдары Забурын балықшылар кооперативінің төрағасы қызметінде болған.Соғыс жылдарында халықты азық-түлікпен қамтамасыз етудің маңызы өте зор болды. Осыған байланысты осы жердегі ұжымшардағы балықшыларды әскер қатарына алмаған. Забурын балықшылар кооперативі Новобогат (қазіргі Исатай), Теңіз (Құрманғазы) аудандарының тұрғын халқын азық-түлікпен қамтамасыз етуде көп еңбек сіңірген. Атам өзінің жеке шаруасындағы малын сатып, одан түскен қаржыны Отан қорғау қорына жұмсайды. Бұл турасында Жоғарғы Бас қолбасшы И.В.Сталиннің атына жолданған жеделхатында көрсетілген.....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Қан төгіп, қолы жеткен Ұлы Жеңіс

Жеңіс туы, Желбіресін мәңгілік!
Жеңіс жыры, Асқақтасын жаңғырып!
Жеңісім – салтанат, сән, сәулет,
Жеңісім – береке, бақ, дәулет!
Дүниеге келдім. Бақытты балалық шағым өтті. Есейдім. Мектеп табалдырығын аттап, сапалы білім алып жатырмын.Ешқандай қиындықсыз, қарным тоқ, көйлегім көк, аспаным ашық, бейбіт өмір сүрудемін. Қоғамды танып, елімнің тарихын біліп, Отанымның салт-дәстүрін үйреніп жүрмін. Соғыс. Тарихта осы бір сөзді естігенде менде бір жеккөрушілік сезім оянады. Бұл соғыс талайдың өмірін қыршын қиған жауыз десем де болады. Өйткені, соғыс талай дүниені талқандап, бұзып, жер бетіндегі барды жоғалтып кетті. Ол туралы біз, өскелең ұрпақ, газет -журнал материалдарынан, радио мен телехабарлардан, ардагерлеріміздің әңгімелерініен естіп, кинолардан көріп біліп отырмыз. Аталарымыз бен аналарымыздың Отан үшін көрсеткен ерліктерінің арқасында біз бүгінгідей бақытты күнге жетіп , бейбіт өмірде өсіп жатырмыз.
И. В. Сталин халыққа 1941 жылдың 3 шілдесінде радио арқылы үндеу жариялады. Оны бүкіл ел тыңдады.1941 жылғы 22 маусым - тарихта мәңгі қалатын қасіретті күн. Жетпіс бес жыл бұрын осы күні Ұлы Отан соғысы басталды.Аталған күні таңға қарайфашистік Германия Кеңес Одағына тұтқиылдан шабуыл жасапты.Ұлы Отан соғысы Екінші дүниежүзілік соғыстың құрамдас бөлігі болды. Екінші дүниежүзілік соғыс орасан зор кеңістікте жүргізілгенімен, соғыс қимылдары кеңес елінің аумағында өтті. Кеңес Одағы Ұлы Отан соғысына дайындықсыз кірісті. Алғашқы жылдары сәтсіздіктер көп болған. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Өмір мен өлім айқасы

Арпалысып жүріп алған абырой - өмірдің ең шырын рақаты.
Б. Момышұлы
Арпалыс. 1941 жылы бастау алған сұрапыл соғыс, шынында да, ұлы арпалыспен өткен еді. Бірақ, ол кезде соғыста жанын қиғандардың ешбірі абырой үшін, атақ үшін жан қиған жоқ, керісінше «Отан үшін», «ел үшін» деп, қарша бораған оққа көкірегін тосып, өлсе де оған өкінбей, Отан үшін өмірін қиып тұрып алған абыройын өмірдің ең шырын рақаты деп білді.
Қазақтың аты аңызға айналған ғазиз ұлдарының бірі – Бауыржан Момышұлы тағы бірде:
Ежелден ер тілегі – ел тілегі,
Адал ұл ер боп туса – ел тірегі, – дейді.
Соғыс жылдарында ерлік көрсеткен азаматтарымыздың ел тілегін тілеген, елге тірек бола білген, адал ұл болғанына ешкім күмән келтірмес.
Біздің елдің өзінен ғана жиырма миллион адам қаза тапқан Ұлы Отан соғысының аяқталғанына да жетпіс жыл толып отыр. Бомбалар мен снарядтар қопарып, окоптар айғыздаған жер жарасы жазылғалы қашан. Содан бері жомарт табиғат жер бетіне жетпіс рет жасыл кілемін жайната жауып, жетпіс рет жинап алды. Жеңіс жылы туған баланың өзі жігіт ағасының жасына жетіп, самайын қырау шалды. Сол алапат соғысқа қатысып, от пен оқ өтінде жүріп, солдат етігімен Берлинге жеткендер қазір ат төбеліндей ғана. Қаһармандар қатары селдіреп барады. Емші уақыт талай қаралы көңіл мен жаралы жүрек дертіне дәру болып, қайғы-қасірет ұмытылып бара ма, қалай?.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Жақсылық жеңген Ұлы күн

Ұлы жеңіс... Ұлы Жеңістің 71 жылдығы да жақындап келеді. Уақыт өз дегенін жасайды. Жыл өткен сайын бізге Ұлы Жеңісті сыйлаған ардагерлеріміз бен тыл жұмыстарында аянбай тер төккен жандардың қатары сиреп барады. Сондықтан Ұлы Жеңістің авторлары – майдангерлерімізді сыйлап, құрметтеу, оларға қамқорлық жасау басты борышымыз. Әрбір қазақ жеңістің қандай қиындықпен, қандай күш-жүгерімен келгендігін жастайынан сезініп білген. Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық шекарашылар болды. Соғыс Қазақстан үшін кенеттен басталса да, бүкіл Кеңес Одағындағы өзге елдердегідей қазақтар да бірінші күннен соғысқа қатысты.
Осы соғыста қаншама адам қаза тауып, қаншамасы мүгедек атанды. Қаншама ана жесір, балалар жетім қалды. Оңай келмеген жеңісте ерен ерлігімен көзге түсіп, ерекше сый-құрметке ие болған сан мыңдаған жауынгерлердің ішінде қазақ аталарымыз бен апаларымыз да көп. Ерлігін жыр қылып айтатын әрбір қазақ батырымызды ешбіріміз ешқашан ұмытпаймыз. Қазір қазақ елдімекендерінде көптеген көшелер, ғимараттар, оқу орындарына Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақтардың есімдері де берілді. Ол деген біз, яғни, кішкентай қазақтар өз ата-апаларының ерліктерін ұмытпасын, біліп жүрсін, мақтан етсін деген ой. Қазіргі кезде сол батырларымыздың қатары сиреп, азайып қалды. Олар - біздің мақтанышымыз! ........
Шығармалар
Толық
0 0