Шығарма: Мен атаммен мақтанам “Ұлы Жеңіс – Ұрпаққа аманат”

Ұлы Жеңістің 71 жылдығы да жақындап келеді. Уақыт өз дегенін жасайды. Жыл өткен сайын бізге Ұлы Жеңісті сыйлаған ардагерлеріміз бен тыл жұмыстарында аянбай тер төккен жандардың қатары сиреп барады. Сондықтан Ұлы Жеңістің авторлары- майдангерлерімізді сыйлап, құрметтеу, оларға қамқорлық жасау басты борышымыз! Ғаламтордағы мәлімметтер мен үлкен кісілердің айтуынша, соғысты бірінші болып қарсы ал,андардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық шекарашылар болды. Олардың біразы 1941 жылы Брест гарнизонында қызмет етіп, кейін тірі қалған қорғаушылары партизандар қозғалысына қосылды. Соғыс Қазақстан үшін кенеттен басталса да, бүкіл Кеңес Одағының өзге елдердегідей қазақтар да бірінші күннен соғысқа қатысты. Бұл - біздің елімізге төнген үлкен қауіп, әрі сын еді.
Отанымызды қорғауға еңбектенген жас та, еңкейген кәрі де аттанды. Осы соғысқа анамның атасы, менің атам да қатысқан екен. Ол кісі 1943 жылы шақырылыпты. Олар Петропавл қаласынан таң ата батысқа қарай алып жөнеліпті. Эшелон тоқтаған әрбір станция бұларға жергілікіті халық қолдарында бар тамақтарын беріп, ақ ниеттерін көрсетіп отырған. Межелі жерге жеткен кезде атамдар бірден ұрысқа кіріскен. Ұлы атам қан майданда отыз жеті ай болыпты. Өйткені, атам елге соғыс біте сала оралмапты. Біз мұны атамның соғыс кезіндегі жазған күнделігінен оқыдық. Күнделік атамның қызында сақталған екен. Мен атаммен мақтанамын! Менің үлкен атам –Құрмансейіт соғыс басталғанда ер азаматтармен бірге соғысқа аттанған екен........
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Қан майданда бірлікпен келген Жеңіс!

9 мамыр Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін атап өтетін ерекше мереке. Жеңіс күні бір уақытта қуанышты,әрі қайғылы . Қуаныштысы , себебі Кеңес әскерлері нацистік Германияны жеңді, ал көңіл көңшітері өйткені жеңіс бізге өте қымбат бағамен берілді. Еске алайық соңғы оқиғалар, соғыс, жеңіске жетуге қалған санаулы күндер…
Тарихқа шолу
Кеңес әскерлерін жеңіске деген қадамы 1945 жылдың қаңтарында, Польшаға және шығыс Пруссияға шабуылдан басталды. Кеңес Одағының әскері біртіндеп германдық бөлімдерді уақытынан бұрын......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Бейбіт өмір

Ұлы Отан соғысы аяқталып, бейбіт өмір сүріп жатқанымызға биыл 71 жыл. Ұлы Отан соғысы кезіндегі Кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік есте қалатын күн.. Ұлы Отан соғысына қатысқан ержүрек те, батыл аталарымыз бен апаларымыз, біздің жерімізді, елімізді басқыншы жаудан қорғап қалған. Бүгінде әр халық өз батырларын дәріптеп, қастерлеуде, аттарын асқақтатуда. Олардың ерлігін баяндайтын көптеген әңгімелер мен өлеңдер жазылған еліміздің барлық қалаларының, саябақтарында, көшелерінде шағын аудан, ауылдарында олардың ерлік, ержүректілігіне арналып, ескерткіштер қойылған. Соғыс Қазақстан үшін кенеттен басталса да, бүкіл Кеңес Одағындағы өзге елдердің азаматтары сияқты біздің елдің де ер азаматтары мен қыздары бірінші күннен соғысқа қатысты.
1941-1945 жылдар аралығында болған соғыс еліміздің қаншама адамдарының өмірін қиды, еңбектеген баладан бастап, еңкейген қартқа дейін тынбай жұмыс істеді. Елімізге төнген үлкен қауіп соғыс барлық адамзат баласын біріктірді. Осы барлық халықтың бірігуінің арқасында Жеңіске жетті. Оңай келмеген жеңісте ерен ерлігімен көзге түсіп, ерекше сый-құрметке ие болған сан мыңдаған жауынгерлердің ішінде қазақ аталарымыз бен апаларымыз да көп. Солардың бірі менің Мусин Хамзе атам. Соғыс басталғанда ауылдың ер азаматтарымен бірге соғысқа аттанған екен Сол соғыстан менің ержүрек атам қайтпады. Мен өзімнің дәл бүгінгі күндей бақытты өмір сүруіме өз үлесін қосқан атамды мақтан етемін......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ерлік – елге мұра ұрпаққа үлгі

Ұлтық рух пен ұлттық патриотизм- бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті Б.Момышұлы
Тәуелсіз еліміздің тарихындағы айтулы күндердің бірі- ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Кеңес халқының 1941-1945 жылдары фашистік басқыншыларға қарсы Ұлы Отан соғысы аталған қасіретте ерлікпен күресіп, қол жеткізген Ұлы Жеңіс мерекесі. Бұл-баршамызға ортақ салтанатты оқиға, бүкіл қазақстандықтардың тарихи сындарлы, қаһарлы, отты жылдардағы майдан мен тылдағы Кеңес халқының тынымсыз еңбегімен, соғыс даласында кеудесін отқа тосқан батыр жауынгерлердің қанымен, Отанды қорғау жолында құрбан болған өрімдей жастармен, баласынан айырылған аналар мен әкелердің, туыстар мен бауырлардың көз жасымен келген қастерлі де қасиетті мереке. Бүгінгі күні Ұлы Отан соғысының 71 жылдығы қарсаңында қандай болсын құрметке лайық соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің саны күн сайын азайып келеді. Республика көлемінде соғыс пен тыл ардагерлеріне әрқашан зор құрмет бөлініп, Отан қорғау жолындағы олардың ерлігі мен қайсарлығы насихатталып, жас буын ұрпаққа үлгі ретінде түрлі шаралар өткізіліп тұрады. Бұл күнді мәңгілік есте қалдыру мақсатында атап өту- еліміздің тұғырлы тарихы мен қалыпты өркендеуінің, бейбітшілігінің кепілі ретінде тойлануға тиісті мереке. Уақыт жылжып өткен сайын, тарих қойнауындағы дүниені дүр сілкіндірген оқиғалардың түпкілікті мән- жайы, себеп- салдарлары айқындала бермек. Оның кейіпкерлерінің тұлғасы жан- жақты ашылып, тарихи оқиғаның маңызы арта түспек. Бұл, әсіресе, Қазақстан тарихнамасына тән қағида. Зор тарихи маңыз алған осындай тақырыптың бірі – 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақ жауынгерлері мен тыл еңбекшілерінің бұрын -соңды болмаған халықтық ерлігі. Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат баласының тарихындағы ең сұрапыл соғыс болды. Республикада жасақталған әскери құрамалар екінші дүниежүзілік соғыстың басты майдандарында болып, жеңіс жолында жаумен аянбай шайқасты. Олар Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысып, ерлік пен табандылықтың үлгісін көрсетті......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ерлік елге мұра, ұрпаққа үлгі

Қазақ халқының Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қосқан үлесі зор. Соғыстың ауыртпалығын көтеріп, бостандықты қорғаған қазақстандық батырларлардың есімі әрқашан ел есінде сақталады. «Отан үшін отқа түс», «Отан үшін жан пида»,- деп ата-апаларымыз елі, жері үшін болашақ ұрпақ үшін соғысқа аттанды. Міне олардың арман-тілектері, мақсат-мүдделері орындалды. Еліміз Жеңістің 71 жылдығын атап өтпекші. Дегенмен, бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Әскерлер соғыс күндерінің барлық ауыртпалықтарын қажырлылықпен көтеріп, төзімділікпен шыдады. Асқан ерлік көрсетті. Олардың басым көпшілігі ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, халқымыздың ерлік рухын асқақтатты. Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде өлімге бас тікті. Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Мәскеу шайқасында генерал-майор И.В.Панфилов қолбасшылық еткен 316-атқыштар дивизиясы ерлікпен шайқасты. Ленинград үшін шайқаста С.Баймағамбетов жаудың қорғаныс ұясының оқ жаудырып тұрған аузын кеудесімен жауып қаза тапты.
И.В.Карпов қолбасшылық еткен атқыштар полкі мен аға лейтенанты Б.Момышұлы басқарған батальон жауынгерлері ерекше табандылықпен қаһармандық көрсетті. Б.Момышұлы жауынгерлерін үш рет қоршаудан алып шықты. Бауыржан ерлігі үшін бірнеше орден,медальдармен награтталды......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Жеңіс туы желбіре

Ұлы Жеңіске 71 жыл Жеңіс! 1945жылдың 9 мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты. Кеңес одағының тұрғындары бес жыл бойы күндей күркіреген соғыста 1418 күн мен түнде бүкіл жігерімен жеңіске ұмтылған... Миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Бірақ бәрібір Берлиндегі Рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһарман мен жауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді. Ұлы Отан соғысы халық өмірімен, тағдырымен тығыз байланысты. Отан қорғауға ерлер мен әйелдердің құқығы тең болған еді. Сондықтан әйелдер де Отан үшін күресіп , жауға қарсы тұрды.Қазақстанның екі батыр қызы
М. Маметова мен Ә.Молдағұлова осы соғыстың батыр құрбандары болды. Ұлы Отан соғысы қазақ халқы үшін үлкен сынақ болды. Әйгілі қолбасшы, соғыс батыры Б.Момышұлы «Соғыс қазақ халқының тарихын күрт өзгерткен, бұрылыс әкелген, миллиондаған отандастарымыздың арасында өшпес із ,жазылмас жара қалдырды» деп өз ойын айтып еді. Атабабаларымыз майданға жан аямай арпалысты. Олар біз үшін, біздің болашағымыз үшін, туған жеріміз үшін, туған тіліміз үшін жауға қарсылық білдіріп, үлкен ерліктер көрсетті. Біз енді осы ата-бабаларымыздың үмітін ақтауымыз керек. Себебі, болашақ біздің қолымызда. Қазақ халқы Ұлы Отан соғысында болған оқиғаларды көре және біле отырып ,жайбарақат отыра алмайды. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Бәрі де майдан үшін, Жеңіс үшін!

Жер бетін тып-типыл етуге ұмтылған, аранын ашып, әлемге алақұйын жалын шашып, жан біткенді жалмауға жанталасқан заһарлы зұлмат - екінші дүниежүзілік соғыс туралы шығарма жазуды бастағанымда, бұл тақырыпты он бетке болсын, жүз бетке болсын сыйғызудың мүмкін еместігіне көзім жетті. Себебі, соғыс - уақытқа тәуелсіз, ешқашан өзгермейтін, ешқандай сынға берілмейтін азап.
Өмірін, жастық шағын қиған, тағдырдың ауыр да азапты тауқыметінен өтіп, Отанға деген махаббатын от басып су кешіп жүріп дәлелдеген ардагерлеріміз жылдан-жылға, күннен-күнге азаюда, олардың тірі қалғандары, арамызда жүріп Жеңістің тәтті дәмін татып жүргендері саусақпен санарлықтай.
Бұл тақырыпты шын мәнінде ашу үшін сол сұрапыл соғысты өз көзімен көрген Шеңгелді ауылының құрметті Ұлы Отан соғысының ардагері, ауылдың сүйікті қариясы бола білген Иманбердиев Әуелбек атамыздың соңғы 2004 жылғы оқушылармен бірге кездескен естелігін алып отырмыз.
Иманбердиев Әуелбек 1921 жылы 14-июльде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шеңгелді ауылында туылған. Жанұямыз ол кезде дихан-шаруа-колхозшы. 1934 жылдан 1937 жылға дейін Шеңгелді бастауыш мектебінің 4-класын бітірген. 1938 жылдан 1939-40 оқу жылында Түркістандағы №19 темір жол қазақ орта мектебінің 7-класын бітірген. 194041 жылдардағы Түркістан қалалық өрттен қорғау бөлімінде істеген.1942 жылдық 4-ші қантарда Совет армиясының қатарына алынып Ленгер, Қазалы қалаларында әскери дайындықтан өткеннен кейін, 1942 жылғы 10–шы мартта майданға қарай аттанып, майданда Украинаның Светогорск, Барвенкова, Запарожья, Николаев, Раздельная қалаларының бағыттарында кескілескен ұрыстарға қатысып, жеңіске үлкен үлес қосқан. ІІІ-Украина майданында 57армияның қармағындағы 244-Запарожья дивизиясының 907-стрелковой полктың 3-баталенында, 3-рота, 3-взводында болып, Молдава Республикасы, Бессаравия, Румыния, Болгария жерлері жаудан азат етілді.....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс

«Бiздiң жүрегiмiз темiр емес. Бiрақ бiздiң кек отымыз қандай темiрдi болса да ерiтiп,күйдiрiп жiбере алады. Бiздiң үрейдi жеңетiн ең күштi қаруымыз бар,ол – Отанға деген сүйiспеншiлiк.»
Бауыржан Момышұлы
Соғыс...Сұм соғыс... Анасын баласынан, азаматты сүйген жарынан айырған, сан сәбиді жетім етіп, зар жылатқан, қаншама қаракөздің тұнық жанарына мұң ұялтқан қанішер сен емес пе ең?! Жүрегі тыныштық деп соққан, көңілі бейбітшілік деп ұрандаған әр адамның сенің атыңды естігісі келмес...Бірақ, сен барсың. Ол – ақиқат. Көңілі тар, дүниеқұмар жан барда,өкінішке орай, сен де боласың. Жегі құрттай әлемді жайпап,күйзелтесің, қиратасың, сан ғасырлар орнатқан мәдениетін күл етесің. Сені жеңер бір ғана күш бар. Ол – сүйіспеншілік. Өмірге, табиғатқа, адамдарға деген сүйіспеншілік адамды көп қауіптен аман алып қалар еді! Әттең,осы бір әдемі сезім бар адамзаттың бойынан табылып, жүрегін нұрландырса ғой, шіркін! Дегенмен, олай емес. Адамдар сүйіспеншілік сезімін атаққұмарлық, дүниеқоңыздық жолында құрбан етуде...
...Осыдан 75 жыл бұрын да солай болған. 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңестер Одағына соғыс ашып, жеріміздің шетіне ескертусіз баса-көктеп кірді. Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 75 жыл

Жауды жеңіп табиғат сап,
Жермен –жексен еткен ерім
Қуан, қуан, күлші сақ-сақ,
Шын жеңіске жеткен елім

Соғыс - күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Сол қанды кезеңді еске түсріп, елестететін газет- журнал материалдары радио, телехабарлар , кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә содан беріжарты ғасырдан астам уақыт өтсе де,ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Осыдан жетпіс бір жыл бұрын ,дәл таң қыла бергенден фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады. Соғыста біріншілердің бірі болып Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық- шекарашылар қарсы алған еді. Соғыс өрті кенеттен тұтанғанымен Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты алғашқы күннен – ақ жұдырықтай жұмылды. Республиканың түпкір- түпкірінде әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да, соғысқа сүранды. Біз соғыстың тек қана майдан жерінде ғана емес, тылда да жүргенін айқын білеміз.
Гитлерліктер КСРО-ның батыс аудандарын басып алғаннан кейін , Сібір мен Қазақстанның ел экономикасындағы маңызы күрт артқан. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың барлығын жаудың қолына бермеу үшін тылға көшіре бастады. Қысқа мерзімнің ішінде Қазақстан аумағына жүз қырық екіге жуық кәсіпорын жайғасты. Ер азаматтардың барлығы армия қатарында болғандықтан , зауыттарда әйелдер, қариялар мен жасөспірімдер тынбай тер төкті. Еңбек тәртібі қатайтылды , жұмыс уақыты ұзартылды. Алты апталық , жиырма үш сағаттық жұмыс күні бекітіліп, демалыстар тоқтатылды. Бірақ ел «Бәрі де , майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!», деген ұранмен еңбек етті.Сол кездегі Кеңес Одағының халықтарының тұтасқан бірлігі мен мызғымас достығы, халық пен әскердің жаппай ерлігі Жеңісіміздің кепілі болды. Гитлер және оның төңірегіндегі дүлейлер Кеңес елін «Тұтқиыл» шабуылмен талқандап, әлемдегі тұңғыш социалист мемлекетті құртып жіберуді, совет адамдарын құлға айналдыруды, Кеңес елін герман империализмінің отарына айналдыруды ойлады. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Желбіре жеңіс жалауы!

9 мамыр – сол бір қанды қырғыннан қайтпай қалған қыршын боздақтардың асқақ рухтарының аспандайтын күні. Бұл күн-әділеттің әділетсіздікті жеңген күні. Бұл күн-бүгінгі ұрпақтың сіздер сыйлаған бейбіт даму жолын одан әрі жалғастырып жатқан күні. Н.Назарбаев
Ұлы Жеңіс Тәуелсіз Мемлекеттер достастығы елдері үшін ғана емес, сонымен қатар әлем халықтары үшін де үлкен оқиға. Соғыс миллиондаған адамдардың өмірін қиып, жүздеген қала мен елді мекендерді тып-типыл етті. Сөйтіп, соғыс әр үйге, әр отбасының өміріне жазылмас жараның ізін қалдырды. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтарының тарихындағы қасіретті бет қана емес, сонымен қатар ол халықтарымыздың теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр-қайратының, бірлігінін дәлелі.Соғыста қазақстандықтардан жасақталған әскери бөлімде ата-бабаның ежелгі қаһармандық дәстүріне адал бола білді. Сол бір сұрапыл да отты жылдарда «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!» деген ұранмен еңбек еткен тыл қаһармандарының ерлік істері де ешқашан ұмтылмақ емес. Осынау күн-бейбітшілік сүйгіш адамдар асыға күтетін қасиетті күн. Біз майдангерлер алдында және соғыстың ауыр жылдарында тылда жан аямай еңбек етіп, зауыт-фабрикаларды, ұжымдық шаруашылықтарды жеңісті жақындатуға үлес қосқан қажырлы жандар алдында басымызды иеміз. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Біз жеңімпаздар ұрпағымен мақтанамыз. Бүгінгі Отан қорғаушылары, біздер үшін олардың соғыс жылдарында көрсеткен жан қиярлық ерлігі-Отанға қызмет ету ісінде мәңгілік өнеге»,-деп айтқан болатын. Уақыт өткен сайын сонау сұрапыл қырқыншы жылдар оқиғасы тарих қойнауына еніп, оған қатысушылар қатары азайып келеді. Ендігі біздің парызымыз-ардагерлерді қамқорлыққа бөлеу........
Шығармалар
Толық
0 0