Жүйрік ат, көңіл ашар қыран, тазы, Жігітті жібермейді малдың азы. Әркім-ақ жамандыққа көңіл берді, Тыятын болмаған соң мықты қазы. Сөзі бар замандастың....
Кейбір жағдайда ата-ананың сабырға келіп, сабасына түсіп, өзінен: «маған баламның өзіне сенімді, мықты болып өскені, тығырықтан жол тауып кетер шешімтал болғаны, ұрыс-керісте өзін лайықты ұстай білуі, жасаған ісі туралы ойлана алуы, өз ақылымен өмір сүргені, өз өмірін өзі дұрыс жолға салғаны, ізгілікті тани алғаны керек пе, әлде, тек мені тыңдап, тілалғыш бала болғаны, оған өз билігімді жүргізгеніме мәз болғаным керек пе?» деп сұрауы тиіс.
Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
"Бүгінгі қоғам қарбалас өмірдің жетегінде жүріп, отбасы құндылықтарына аса көңіл бөлмейтін жағдайға кетіп бара жатқандай көрініп тұрады. Тұрмысбастылыққа салынып, отбасында ата-ана қарым-қатынасы, бала тәрбиесі өзіндік даму дәрежесіне кетіп, оның арты отбасылардың бір-біріне суып кетуі сынды жайттарға әкеліп соғатыны белгілі. Отбасы болған соң оның бақытты да, бақытсыз да болуы екі адамға бірдей. Оған ер азамат қалай жауапты болса, әйел адам да сондай жауапты". Мұндай пікірді "Бақытты отбасы болудың құпиясы" кітабының авторы Жанар Сейсенбаева айтып отыр.