Өлең: Күләш Ахметова (Мәрт көңіл)

Иншалла, қолымда жақсы зат болса,
Жарлы, мұқтаж жандарды жарылқауға жететін,
Жаны мұңды жандарды бақыттырақ ететін.
Таразыға тартылмас, өлшенбейтін өлшеммен,......
Өлеңдер
Толық
0 0

Ынтымақ туралы мақал-мәтелдер (пейіл, ықылас, талап, ниет, ілтипат, көңіл)

Әркім қылығынан табар,
Пейілінен жазар.

Ықылас пен ынтымақ,
Бітер іске болсын тап.

Игілік басы - ынтымақ,
Ынтымақты елде күншуақ.

Берген ас түске жетпейді,
Ниет естен кетпейді.

Бір жаманның ниеті түзелсе
Екі жаманнаң беті түзеледі.

Жыланның сырты жұмсақ,
Тісі заһар.
Жауыздың тілі жұмсақ,
Ниеті қатал.

Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Көңілді кеш


Алматы көктемінің тамаша бір салқын кеші. Әзімбай тротуарды бойлап, ойға қалып келеді бүгінгі кешті қалай өткізсем екен?

Кенет оның бет алдындағы биік үйдің жанында электр сәулесімен қызылды-жасылды болып құбыла жазылған «Ресторан» деген сөз жарқ ете қалды. Әзімбайдың бұл оншалық жек көрмейтін орны. Мм... деп ол майданда жарқышақ тиіп, кемтар болып қалған бұжыр алақанымен мұртын уқалады. Жүрісі де баяулап, батпақ кешіп келе жатқан адамша ілбіді де қалды. Ой үстіне ой келді.Кірсе жаман болмас еді. Кешті көңілді өткізіп, шалқып қайтуға болушы еді. Бірақ жоқ жомарттың қолын байлайды. Командировканың ақшасы адамды жарыта ма? Қалаға бұрын келіп жүргенде Әзімбайдың өзіндік тағы да бірдеңелері болушы еді. Бұл жолы оның реті келмеді.

Әзімбай мұнда әлі де үш – төрт күн болады. Әр күні үш мезгілден тамақ ішуі, қонақ үйге төлеуі. Содан соң автобустың жол ақысын төлеп Н. Ауданындағы үйге жетуі керек. Қаладағы бар ақша сондық қала. Қой болмайды.

Әзімбай тоқыраудан шығып, аяғын тездетіңкіреп басты. Ресторанның есігіне жалтақтай қарағанмен бұрылмады. Қатар – қатар көп терезе бұлар да ресторандікі. Адам аздау секілді. Сыра салған бөтелкелер, графиндер көзіне шалынғанда, Әзімбай тағы да қобалжыды.Алматыға айына да жылына да бір келгенде, тым құрыса бір рет сыраға тойып қайтпау деген... Әзімбай тағы да ілбіп, көңілінде есеп жүргізе бастады: кешкі тамақты бәрібір ішуім керек. Соның орнына екі-үш бөтелке сыра алсам. Жарайды, арзандау бір тамақ және алайын. Пәлендей қымбатқа түспейді. Оның есесіне ресторанда болып, музика тыңдап уақыт өткізіп қайтам.

Кір, кірме деген екі ойдың біріншісі еңсеріп әкетті. Әзімбай бұрылып, қайтадан кейін қарай жүрді. Екінші кереғар ойдың да жағы семер емес. «Кірме! Кірме! Кірме!» дейді. Кірген соң сенің жайың белгілі ғой дейді. «Жоқ, әлгі есебім есеп, бір грамм да татпаймын» — деп, Әзімбай өзіне өзі ант бергендей болды да, ресторанға кірді.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Көңіл-күйді білдіретін бет-бейнелер қағаздан жасалған дөңгелектер №1 (1 сынып, 1 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы
Сабақтың тақырыбы:Көңіл-күйді білдіретін бет-бейнелер қағаздан жасалған дөңгелектер.№1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.6 Түрлі құрылымдағы мәтіндерді түсіну.
1.1.6.1 Жаңа сөздердің мағынасы мен айтылуын түсінеді.
3.1 Зейін қойып оқу.
1.3.3.1 Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді.
Сабақтың мақсаттары:Барлығы: Жаңа сөздердің айтылуын түсінеді. Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды.
Көбі: Жаңа сөздердің мағынасы мен айтылуын түсінеді. Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді.
Кейбірі: Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды, сөздердің мағынасын түсінеді және түрлі эмоцияларды көрсете алады. Жаңа сөздермен сөйлем құрастыра алады. ...
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Көңілді старт

Жүргізуші: Құрметті балалар, ата - аналар, қонақтар, мектепте үлкен мереке. Бізде тәрбиеленуші балалардың ата - аналары арасында спорттық жарыс өтпекші. Олардың балаларымен бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде, жылдам, епте, ұйымшыл және қөңілді екендіктерін көру қандай қуаныш. Біз мұндай отбасыларына сәт сапар тілейміз! Сайысқа қатынасатын ата - аналардың кеуделеріне өз белгілері қыстырылған. Алдымен жүргізуші сайыс әділқазылармен таныстырады, және сайысқа қатысушылармен танысу.
1. Сайысқа қатысушылармен жеке – жеке таныстыру.
2. «Кім жылдам» эстафетасы
3. «Қаппен секір» эстафетасы
4. «Асық ату» эстафетасы
5. «Жалауды тез жеткіз» эстафетасы
6. «Жүйрік ат» эстафетасы
7. «Допты шеңберге лақтыру» эстафетасы .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Көңіл-күйді білдіретін бетперделер (1сынып,1 бөлім )

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы
Сабақтың тақырыбы:Көңіл-күйді білдіретін бетперделер №2
Оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 2.4 Диалогке қатысу.
1.2.4.1 Анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.
2.5 Медиақұралдар арқылы тілді дамыту
1.2.5.1 Қарапайым фильмдер мен есту материалдары бойынша оқиғаларды талқылайды
Сабақтың мақсаттары:Барлығы: Сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. Оқиғаларды тыңдайды.
Көбі: Анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. Оқиғаларды тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Анық және толық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. Оқиғаларды тыңдап (әңгімелер, ертегілер) талқылайды. ...
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0