Анасын апа деп, әкесін көке деп өсті. Бала күнінде өзі құралыптас балалармен ойнап жүріп олардың өз шешелерін "мама" деген сөздерін қызықтапты, сол сөзді жаңашыл санапты, үйіне келіп апасына айтып көріпті. Бірақ апасы бұл сөзге мойын да бұрып қараған жоқ, тіпті мән де бермеді. Есейе келе бұған өзінің ана тіліндегі ана деген қасиетті сөздің баламасын тек апа деген сөз ғана бере алатын сияқты көрініп қалды. Бала күнінде апасы әлденені уайымдай бастаса болды, көкесі: "Несіне уайымдай бересің, Күлжәмила-ау. Мен бармын ғой. Құдай қаласа, өзім жеткіземін ғой. Балаларды да өзім жеткізіп шығарамын", - дейтін. Бірақ көкесі олай ете алмай қалды ғой.
Сол күні үйде кешкі асқа үлкен ас дайындалып жатқан еді. Көкесі төсегінен түсіп бір аяқ сорпа ішті. Бұған үй іші қуанысып қалды. Науқастың беті бері қарап келе жатқандай сезінді. Әр адам саналы ғұмырында талай-талай тағам толы мәртебелі дастарқанның басында отыратын шығар, бірақ бір күні өмірден өтерінде өзінің жарық дүниедегі ең соңғы асын ішеді дейді. Апасы су сұрап ішкен екен. Апасы өзі су сұрайды. Сонан соң су берген адамға алғысын айтып: "Жарық дүниедегі татқан соңғы дәмім осы шығар", - депті. Көкесі де әлгі сорпаны ішкеннен кейін әлсірей бастады. Үй іші лезде дүрлігісті де қалды. "Төсегіне.. төсегіне жатқызыңдар! Дәрігерге жүгір!" Ұзын бойлы, көзілдірікті дәрігер тез-ақ жетті. Көкесі жатқан бөлмеге еніп кетті. Тамырын ұстапты. Басын шайқапты. Әлгінде ғана қуанысып қалған үй іші лезде азан-қазан болды да қалды. Бұл отырған бөлмеге үлкен ағасы еңірей жылап кіріп, етпеттей түсіп жатты. Ол: "Көкем өлді ғой. Көкемнен айрылдық қой", - деп жылады. Анадай жерде кіші ағасы жер бауырлап қалды.
Көк жуа кез келген тағамға қосымша керемет дәм береді. Оның құрамындағы пайдалы заттар мен дәрумендер жуашығына (пияздың басы) қарағанда көп. Көк жуа деп пияздың піспеген жасыл сабағын айтады. Бұл өсімдіктің емдік қасиеті халықтық медицинада кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, көк жуаны шаш өсіруде немесе бекітуде косметологияда да қолданады.
Көк жуаның құнарлылығы 100 грамда 19 килокалорияны құрайды. Оның құрамы 1,3 г ақуыздан, 0,0 г майдан және 4,6 г көмірсудан тұрады. Сонымен қатар, көк жуада А, В1, В2, В5, С дәрумендері бар. Сабақтың емдік қасиеттері калий, натрий, магний, кальций, темір, фосфор және цинктің болуына негізделген.......
✅ Аскөктің пайдалы құрамы дизентерия, диарея, жұқпалы аурулар кезінде, ұйқы бұзылғанда жақсы көмектеседі. Ол қан қысымын төмендетіп, жүйке жүйесін тыныштандыруға қабілетті. Бүгін сіздерге үй жағдайында аскөктен дәрі жасауға арналған рецептер ұсынамыз. Бұларды кез келген адам көп шығынданбай-ақ жасауға болады.
✅ 1) Көздің өткірлігі төмендеп, көз тез шаршайтын болса, сізге аскөктің тұқымы көмектеседі. Ол үшін аскөктің тұқымынан компресс жасау қажет. Аскөктің тұқымын дәкеге салып, біраз уақыт жылы жерге қою керек, содан соң, оны көзге 20 минут қоямыз. 20 минуттан соң көзіңізде айтарлықтай жеңілдік сезінесіздер. Бұл әдіс сондай-ақ, көз айналасындағы әжімдерді тегістейді. Ісіну және қабақтың қызаруын азайтады. ......
«Таңертеңмен бір сұлу қыз суға барады о-о» деген ән біздің ауылда өтпейді-ау. Жо-жоқ, ауылдың қыздары ұсқынсыз деп тұрғам жоқ. Оның орнына «таң ертеңмен бір көк есек суға барады» деген жөн. Бізде есектің арқасына екі флягті артады да жібере салады. Жай басып ол бейшара құдықтың басына қарай өзі кетеді.
Осы біздер «Миы жоқ ЕСЕК» деп ұрсып жатамыз, ал ол бейшараның миы болмаса суға өзі бармас еді ғой. Құдықтың басына барады да тұрады салбырап, «қашан нетеді, қашан су құйып береді» деп. Шлангіні салып су құйсаң, қайта кетеді үйіне қарай. «Есектің өзі арам, еңбегі адал» деген. Ал біздің үйде есек жоқтұғын. Су әкелу сары айғырдың мойнында. Өзі асау айғыр. Онымен суға барған-экстрим. Біздер-вольный смертниктерміз. Көшеде өзімен өзі, ешкіммен шатағы жоқ ұшып жүрген салафан, қағаздардан үркіп, байтал көрсе шайтан көргендей делебесі қозып тұратын. Жазда арқасына екі флягты байлап, қыста дәәәу ат шанаға 6 флягты, 2 кателок, 1 бедон, 1 шәйнек...т.с.с салып алатынбыз. .....
Мақсаты: Кішкене бүлдіршіндерге эстетикалық тәрбие беру, көпшілік алдында сөйлеуге баулу, өнерлерін шыңдау, тапқырлыққа, ұқыптылыққа үйрету. Көрнекілігі: нақыл сөздер. Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Әдемі әуен айналып турады - Құрметті жиналған қауым! Бүгін біздің сыныпта дүбірлі той! Ден қойып тыңдаңыздар көңілді қой! Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп! Қош келдіңіздер, халайық, сергісін бой. Уа жамағат, халайық! Баршаға жар салайық. Арулар мен аналарды ортаға шақырып, Қол соғып қарсы алайық! 2. Арулармен таныстыру 1. Сары балапан секілді, Бір бүлдіршін келеді, Күлімдеген көздері Жанға жылу береді .....
Пән: Қазақ тілі Бөлім атауы: Қазақстандағы ұлттар достастығы Сабақтың тақырыбы: Көк ту және достар Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7.Т/А5. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау. Сабақтың мақсаттары: Оқушылардың бәрі істей алады: Проблемалық сұрақтарға жуап бере алады Оқушылардың көбі істей алады: Өз ойларын дәлелдей алады Кейбір оқушылар істей алады: Өз жауабын өзгенің жауабымен салыстырып, талқылауға түсе алады. .....
Әрине, әркім өз кәсібін жақсы көреді, өз шаруасының ілгері қарай жылжуын қалайды. Мәселен, көшеде кетіп бара жатсаңыз, көгілдір үйшіктегі мұртты етікші жігіт, сөзсіз аяғыңызға қарайды. Сағат шебері қолыңызға қарайды. Ал, ақ халатты шаштараздың көзі басыңызға түседі. Мұны өзіңіз де талай рет аңғарған шығарсыз.
Біздің Қауақбайдың кәсібі анау-мынау емес, пима басатын артелдің бастығы. Өзі тіпті, қажетті-ақ, мекеме, Қаукеңнің күнделікті жұмыс жоспарының барысы жөніндегі анықтама-ақбарияттармен мен мүлде таныс емеспін. Танысуға анау айтқандай аңсарым да ауып отырған жоқ. Мен тек қана о кісінің өз басындағы ақиқат жайттардан азын-аулақ хикая шертпекпін.
Егер сіз, Қауақбайдың креслода отырған кейпін көрсеңіз, со замат өзіңізді бейне бір Шығыс елдерінің бірінде жүргендей сезінесіз. Олай дейтін себебім, Қаукең Будда құдайына ұқсайды. Көкшілденген жұқа ернінің астына жасылкөк насыбайды жымқырып жібергенде, екі беті бұлтиып шыға келеді. Біреумен сөйлесе қалса, сарғыш бет-әлпеті, сарғылт суық көздері былай тұрсын, тіпті, алпамсадай денесінің өзі мүлде қозғалмайды. Ол ол ма, көшеде жүріп бара жатқан күнде де о кісінің қолдары, кеудесі, басы әсте бір қыбыр етпейді. Жарықтықтың отырысы да, жүрісі де темірден құрастырылған автомат-адам сықылды еді... .....
Сабақтың мақсаты:Елбасымыз Н.Назарбаевтың жыл сайынғы халқына жолдаған жолдауын насихаттау. Сол арқылы оқушыларды үздіксіз білім алуға шақырып, болашаққа сеніммен қарауға тәрбиелеу. Тәрбие сағатының көрнекілігі:Интерактивті тақта....