Айте бергім келеді , айта бергім ! – деп Тұманбай Молдағалиев ақынымыз жырлағанындай биыл тәуелсіздік алғанымызға 24 жыл толып отыр. Бұрынғы Қазақстанды......
ПӘН: Қазақ тілі Бөлім: Тамақ және сусын. ТАҚЫРЫБЫ: Жеміс – жидек және көкөністер – идеяларды есте сақтау. ОҚУ МАҚСАТЫ: Т5 Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін пікір,сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді. А4 Анық әрі айқын сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:Барлық оқушылар жасай алады: • Жеміс- жидек, көкөніс атауларын ажырата алады. Жеміс-жидек пен көкөністерге сипаттама береді және атауларын жазады. Оқушылардың көбі жасай алады: • Жемістер мен жидек, көкөністердің пайдасы мен зияны туралы ойын айта алады. Ертегінің кейіпкерлерін ажыратады және оларға сипаттама береді. Оқушылардың кейбірі жасай алады: • Дыбыстық-бейнелік материал бойынша өз ойын анық жеткізе алады. Ертегі кейіпкерлерін рөлге бөліп ойнайды. ......
1. 100 гр майлы сүзбе, 2 шай қасық бал және жарты кесе көк шайды араластырып, 15 минутқа бетіңізге жағып қойыңыз. Бұл тәсіл бет терісін азықтандырады, тыныштандырып, жасартатын қасиетке ие.
2. Келесі тәсілді макияждан кейінгі бетті тазалау мақсатында пайдаланса болады. 2 шай қасық көк шайды 1 жұмыртқа сарысы, 1 ас қасық қант, 50 гр өсімдік майымен жақсылап араластырып, бетті сүртсе, беттің тазалануына көмектеседі.
3. 2 ас қасық күріш ұнына 1 шай қасық күнжіт майы және 2 ас қасық көк шай араластырылады. Бетіңізді жақсылап тазалап жуып, 10 минутқа бетіңізді сүртесіз. Алдымен жылы сумен, кейін салқын сумен жуасыз. Ол беттегі майда әжімдердің жоғалуына көмектеседі. ......
Аскөктің тағамды дәмдендіргіштік қасиетімен қоса дәрілік қасиеті бар екенін біздің жыл санауымызға дейінгі адамдар жақсы білген. Оны көне Египетте бауыр сырқатын емдейтін дәрі деп қараған. Ол бүгінде әлем халықтарының барлығында қолдан өсіріліп, күнделікті қажеттіліктерін өтейді. Аскөк бір жылдық немесе екі жылдық болып келеді. Оның биіктігі 1,5 метрге дейін жетеді. Жағдай талғамай еккен орынға жақсы жерсініп, бойлап өсе береді. Ол шатырша гүлділер тұұымдасына жатады.
Аскөк шілде-тамыз айларында гүлдеп, қыркүйек айында дәні піседі. Тұқымының құрамында эфир майы 3 пайызға дейін болады. Одан су буымен айдау арқылы басқа да май түрлерін өндіреді. Бұдан басқа фенхон, анетол, флавоноидтар, аскорбин қышқылы, каротин басқа да химиялық қосылыстар бар. Одан қан қысымын төмендететін, қантамырларын кеңейтетін, ішектердің жұмысын жақсартып реттейтін, зәрді жүргізіп, қақырық түсіретін дәрілер жасайды.......
Ертеде сауысқан мен көкек бір орманды мекендепті. Олар ұялары болмай, ағаштың бұтақтарын паналап күнелтіпті. Көкек күнде ерте тұрып алып: «ұя керек», «ұя керек», - деп, көршілерінің мазасын кетіреді. Бір күні сауысқан көршісіне: - Екеуміз бірігіп ұя істейік. Әуелі саған, содан кейін маған салармыз, - дейді. Көкек: - Менің ұя салатын қуатым да, қаруым да жоқ. «Керек, керек» деп қақсай берсем, құстың бәрі ......
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7 Сабақ тақырыбы: Тамақ және сусын"Жеміс және көкөністер" жазылым (1-сабақ). Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) Ж2 Қарапайым, түсінікті тілмен жазады. А6 Қарапайым айтылымдарды қайталайды. Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді: Білетін әріптерді пайдалана отырып қарапайым сөздер құрайды. Қарапайым айтылымдардың кейбірін қайталайды. Оқушылардың көпшілігі: Қарапайым, түсінікті тілмен жазады. Қарапайым айтылымдарды қайталайды. Кейбір оқушылар: Білетін әріптерді пайдалана отырып, сөздер құрастырып жазады. Қарапайым айтылымдарды өздігінен қайталайды......
Мына келген көктем бе?! Сүйісуде кептерлер. Көз ұшында, көк белде, Түйісуде көк пен жер. Тулап, тасыр арналар, Нөсер құйып кеткесін. Қыздырынып тау қалар, Жалаңаштап көк төсін, .....