Тақпақ: Көктем

Ғазиз құстар келеді аласұрып,
Көктем келе жатыр ғой қар ашылып,
Күн шуағын шашады көгімізде
Өтті, кетті ызғары қара суық.....
Тақпақтар
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Көк сиыр

Жануарлар дүниесімен байланысты тағы бір ойын — «Көк сиыр» ойыны. Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды.

Ойын көгалды алаңда ойналады. Көгалға жиналған ойнаушылар бір сызықтың бойына малдастарын құрып отырады. Осы кезде, ойын жүргізушінің өзі «Көк сиыр» болып ойнаушылардың ортасына келіп: «Бұзауымды жоғалтып алдым, көргендерің бар ма»,— дейді. Ойнаушылар барлығы бір дауыспен: «Ит-құс жеп кеткен, сен адамға зиянкессің, сүзесің, бізден әрі кет»,— дейді. «Көк сиыр» кетіп қалады да, тағы бір айналып келеді. Ештеңе көрмеген, білмегенсіп, мүләйімсіп, мүсәпір болып, «Мені құшақтайтын адам жоқ, киім тігетін инем жоқ»,— деп шағым ете бастайды. Сонымен ойнаушылар бұзаудың қайда екенін біле тұра айтпайды да, әркім өзінше садақаларын береді. Содан «көк сиыр» тапқан табысын жинап алып, бұзауын таба алмай кете барады. Артынан ізінше, қатардың артында көрінбей отырған «Көк сиырдың» «бұзауын» жібереді. «Көк сиыр», «бұзауын» келген беттен, «Мен іздегенде қайда болдың?»— деп ашуға басып, қуып жібереді. «Бұзау» баяғы өзінің кеткен жағына қайта келеді. Ойнаушылардың барлығы қайтадан өз орындарына жайғасып отырғаннан соң «Көк сиыр» бағанағы жинап алған заттарын бір-бірлеп шығара отырып, иесін ортаға шақырып, көпшіліктің ұйғаруымен, болмаса өзінің айтуы бойынша, оған өнер көрсеткізеді. Осылайша барлық ойнаушылар ортаға шығып өнер көрсетіп біткеннен кейін, «Көк сиыр» мен «бұзау» өздерінің рөльдерін көңілі ұнатқан ойнаушыларға береді. Сөйтіп ойын әрі қарай жалғаса беред .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0

Өлең: Әкедей кең құшақ

Айналайын асқартаудай әкешім,
Ата орнына әке болған көкешім.
Өзіңізді құттықтап осы күнде
Жыр бастадым сізге арнап көкешім

Төрт жыл бұрын карап ең сенімменен,
Не жазам деп ойландым күніменен.
Соткадағы черновикті....
Өлеңдер
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Көктем жаршысы құстар

Құстар – көктем жаршысы
Мақсаты: Табиғатты сүюге баулу, табиғатқа қамқор болуға үйрету.
Балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейту, құстардың пайдасына тоқталу
Дамытушылық: Баланың сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Табиғатқа деген мейірімін ояту, адамгершілікке баулу; Айналадағы өмірді бақылау арқылы дүниетанымын молайту, ой - өрісін жетілдіру.
Тәрбиелік: Құстарды қорғауға, аялауға, әдемілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: «Құстар біздің досымыз» атты бұрыш, құстар туралы буклеттер, альбом, плакаттар, құстардың дыбысы жазылған таспа, табиғат туралы сызба.
Өткізу әдісі: Сұрақ жауап, ойын, түсіндіру, көрнекілік әдістер.

Тәрбиеші:
Күндей жадырап
Айдай арайлап
Жұлдыздай жарқырап
Судай таза мөлдір көңілмен
Бүгінгі күнімізді бастаймыз.
Балалар:
Табиғат біздің анамыз
Табиғатқа баламыз
Иіліп сәлем береміз
Біз әдепті баламыз
Сәлеметсіздер ме, апайлар.
Қош келдіңіздер!.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Тақпақ: Көктем

Көктем келсе сән беріп,
Күндер болар шуақты
Жер қарайып, қар да еріп,
Жылғалардан су ақты.....
Тақпақтар
Толық
0 0