Адам өліміне әкеліп соғатын кез келген билер шешіміне мен қарсымын. Ол адамдыққа, адамгершілікке жатпайды.
Автор
Адал махаббаттың құрбаны болған ғашықтардың жан түршігерлік өліміне әкеліп соққан билер шешімінің нүктесі - Еңлік пен Кебектің мойнына арқан салып, екі аттың құйрығына байлап алып, сүйреп, "Матайлап" ұрандатып шауып-шауып төбеге төмпешік жасап тынды. Тіпті адам түгілі, жыртқыш аңда өз баласына өлім тілемейді. Бұл жаза өте қате шешім еді.
Қай заман, қай ғасырда болмасын екі жастың бақытты болғанын қаласа жүрегінде мейірімі, басында тауықтың миындай ақылы болса шешім шығарған билер өлімге кеспес еді. Осындай өлімге әкеліп соғатын билердің ауыр шешіміне себеп - ауылда қалған билердiң сұңғыла Қараменде дәл басып айтқан “менмендiгiнде” және бозбалалардың (матай жағы) жалған намысшыл кеудемсөқтығында. Терең ойсыздықпен, асығыс ақылсыздық арқасында ғашық жандардың өмірі қыршыннан қиылды. .....
Ерте-ерте заманда бір бай болған екен. Байдың жалғыз ұлы болыпты. Мал-мүлкі мол, шіріген бай болғанымен, өте сараң, қолынан ешкімге еш нәрсе бермей, ел-жұртпен араласпай жеке көшіп-қонып жүреді екен. Малын бағуға жалшы жалдап, ақы төлеуге шығынсынып, жалғыз ұлына мал бақтырып қояды. Ел ішіндегі той думанға, қыз-жігіттердің ойын-сауығына араласпай, байдың ұлы малын бағып, ес-ақылы толып жігіт бола бастайды. Бір күні ел ішінде үлкен бір той болады. Бұны естіген байдың ұлы тойға барғысы келіп, әкесінен рұқсат сұрайды. Сонда әкесі «барма, балам» деп айта алмай: «Барсаң бар, бірақ ат терлетіп не қыласың, ана өгіздердің біреуіне мініп бар», – дейді. Өгізге жұпыны жабу салып мінеді де тойға барады. Тойға жиналған құрбы-құрдастары, қыз-келіншектер бар асыл киімдерін киіп, жорға, жүйрік аттарына мінген, байдың баласын көргенде: «Пәленше байдың баласының сиқын қара, аты жоқтай, өгізге мінген, киімін қара», – деп мазақ етіп күлкіге айналдырады. Намысына тиген бала: «Бүйтіп мыналарға мазақ болғанша, бұл елден көзімді құртайын», – деп, әке-шешесін тастап, беті ауған жаққа қаңғырып кете береді.......