Пән:Физика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кинематика (сұйық) Сабақ тақырыбы: Үздіксіздік теңдеуі. Бернулли теңдеуі. Көтеру күші Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.5.2- Сапалы, сандық және эсперименттік тапсырмалар есептерді шешуде үздіксіздік теңдеуі және Бернулли теңдеуін қолдану; Сабақ мақсаттары: Бернулли теңдеуін қарастырып, практикалық қолданылуын көрсету.........
Пән:Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Күш пен қозғалыс Сабақ тақырыбы: Архимед күші Сабақ қамтитын оқу мақсаттары: 4.5.1.2 - судағы түрлі денелерге әсер ететін Архимед күшін бақылау және болжау 4.1.2.1 - зерттеу әдістерін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу Сабақ мақсаты: Судағы түрлі денелерге әсер ететін Архимед күшін бақылау және болжау. Зерттеу әдістерін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу ......
Пән:Физика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Динамика Сабақ тақырыбы: Күш. Күштерді қосу. Ньютон заңдары 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Масса дене инерттілігінің өлшемі екендігін түсіну; Ньютон заңдарының тұжырымдамасын білу және түсіну; Үдеу мен тең әсерлі күштің бір жаққа бағытталғанын түсіне отырып, F=ma теңдеуін пайдаланып есепті шешу; Оқушылардың күш-үдеу, үдеу-масса тұрғысындағы білімін тереңдету,іздену дағдысын қалыптастыру; Күш егер де тірек немесе аспа үдемелі қозғалса, дененің салмағын есептей білу. Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар: Ньютон заңдарының тұжырымдамасын жасайды; Заңға байланысты теориялық білімдерін өмірмен байланыстыра алады; Өз түсінігімен заңдылықтардың қолдану аясына,мысалдар келтіру арқылы түсінік бере алады; Есеп шартын талдау, шығару жоспарын құру және оның тапсырмаға сай жауабын алады. Жартысын көп оқушылар: Берілген оқу мақсатына(видео,анимацияға,тапсырмаға т.б.) сәйкес математикалық өрнегін қорытып шығарады. Кейбір оқушылар: Заңның қолдану аясын анықтап, оны өмірдегі маңыздылығын сипаттайды.........
Жылжымалы ойындар, спорттың ең көп тараған түрі. Оған әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық пен биіктікке секіру, спорттық снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді. Жеңіл атлетикалық жарыстар ашық және жабық (манеж) алаңдарда өтетін жеке, командалық және эстафеталық жарыстар болып бөлінеді. Халықаралық әуесқойлық жеңіл атлетика федерациясы (ИААФ) 1912 жылы құрылған. Оған қазір 200-ге жуық ұлттық ассоциациялар біріккен. Олимпиялық ойындар 1896 жылдан (1-Олимпиялық ойын), дүниежүзілік чемпионат 1983 жылдан өткізіліп келеді. Жеңіл атлетика ойындары өте көнеден белгілі. Ол ежелгі Олимпия ойындарының бағдарламасына енген. Қазақстанда алғашқы ресми жеңіл атлетикалық жарыс — Бүкілқазақстандық 1-спартакиада 1928 жылы Петропавл қаласында өтті. Республикада жеңіл атлетикадан тұңғыш рет КСРО-ның спорт шебері атағын Ш.Бекбаев алды (1943). Қазақстанның жеңіл атлеттері Олимпия ойындарында, дүниежүзілік чемпионаттар мен халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерді көрсетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды. ....
Пән:Физика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Магнит өрісі Сабақ тақырыбы: Лоренц күшіне есептер шығару Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Қозғалыстағы зарядталған бөлшекке магнит өрісінің әсерін зерттеу. Сабақтың мақсаты: - магниттік өрістердің қозғалыстағы зарядтарға әсерін сипаттау; - Зарядтың жылдамдығын, магнит өрісінің бағытын және магнит өрісіндегі қозғалыстағы зарядтың магнит өрісі бағытын анықтау үшін сол қол ережесін пайдалануды үйрену; - Қозғалыстағы зарядтың магниттік күшін есептеу.......
Қан майданның жүректе жарасы бар, Қайғысы мен зілі бар, наласы бар. Арамызда жүретін алшаң басып, Ардагерлер азайып барасыңдар. Қастерлейді халқымыз қаһарманын, Жүр есінде сан жарық, сапарларың. Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер, Қалды-ау сиреп бұл күнде қатарларың. 1941-1945 жылдар қазақ елі үшін өте ауыр кезең болды. Осы жылдар арасында елді дүрліктірген Ұлы Отан соғысы болды. Соғыс – күйретуші күш. Бірақ осы соғыс арқылы біз өз Отанымызды қорғап қалдық Осы соғыста қазақтың ұлы батырлары, яғни біздің ата-бабамыз біз үшін, келешек ұрпақ үшін жанын қиды. Көбі қаза тауып, әрбіреуі мүгедек атанды. Қаншама ана жесір, балалар жетім қалды.Түгелі болмаса да көбі осы ерлігі үшін ерекше сый-құрметке ие болды. Ұлы Отан соғысын еске түсірген кезде бірден ойымызға Рақымжан Қошқарбаев келеді. Рақымжан Қошқарбаев- Берлинге Рейхстаг қабырғасына алғашқылардың бірі болып жеңіс туын тіккен қаһарман, қазақ жауынгері. Қошқарбаев сияқты қаһармандарымыздың арқасында біз қазіргі күнге жеттік. Батырларымыздың арасында тек қана ерлер емес, елі, жері үшін жанын беруге дайын қазақ қыздары да болған. Барлық батырларды айтып шығу мүмкін емес. Себебі, әрбір қазақ өз елі үшін бәріне де даяр. Бірақ Қазақстандықтан майданда ғана шайқасып қойған жоқ. Тылдағы халық жеңісті жақындату үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Олар күн демей, түн демей аямай еңбек етті.......
Еңбек рыногы экономикасы еңбек рыногы қалай ұйымдастырылғанын, қызметiн және оның нәтижесiн зерттейтiн, жұмыс берушiлер мен жұмыс алушылардың арасындағы қатынастардың, әр түрлi факторлардың әсер етуiне байланысты өзгеруi, жалақы, баға, пайда және мемлекет саясатының әлеуметтiк еңбек қатынастарына тиетiн ықпалын зерттейтiн ғылыми сала. Мұнда еңбек ұсынысы жалпы еңбекке қабiлеттi адамдар болса, ал еңбек сұранысын нарықтық экономикада фирмалар мен кәсiпорындар қалыптастырады. Осы фирмалардың қызмет етуi негiзiнен микроэкономика деңгейiнде болғандықтан жалпы фирма теориясы ұғымына тоқталып өтуге тура келдi. Экономиканың рыноктық қатынастар арқылы дамуында еңбекке деген сұраныс және еңбек ұсынысы арқылы еңбек рыногында тепе-теңдiк жағдай орын алады деп есептелiнедi. Бiрақ шын өмiрде мұндай еңбек рыногының тепе-теңдiгiнiң орын алуы сирек кездеседi. Еңбек рыногының тепе-теңдiгi дегенiмiз экономикадағы қызмет етiп отырған кәсiпорындар қанша жұмыс күшiн қажет етсе соған сәйкес экономикада жұмысқа ынталы экономикалық активтi халықтың саны сондай дегендi бiлдiредi. Шындығында еңбек рыногында еңбек сұранысы еңбек ұсынысынан артық болып отырады. Яғни, экономика заңдылығы бойынша жұмыссыздықтың табиғи деңгейi орын алады дегендi бiлдiредi. Егер де осы табиғи деңгейден асып кетсе (жұмыссыздық табиғи деңгейi Оукен заңы бойынша 3%) , онда экономикада тұрақсыздық жағдай жұмыссыздық мәселесi орын алады. Бұл жағдайды келесi еңбек рыногының тепе-теңдiк графигiнен көруге болады. Сурет-1. Бұл суреттен көретiнiмiз еңбек сұранысы қисығы Nd мен еңбек ұсынысы қисығы NS қиылысында Е нүктесi пайда болады, ол нүкте еңбек рыногындағы тепе-теңдiктi сипаттайды. Осы тепе-теңдiк нүктеге сәйкес WE нақты жалақының және NE жұмысбастылық деңгейiнiң тепе-теңдңгi шығады. Егер жалақы W1 деңгейде жоғары болатын болса, онда рыноктық сәйкессiздiк нәтижесiнде ұсынылатын еңбек көлемi еңбекке сұраныстан В-А мөлшерде өседi, осының нәтижесiнде Nb- Na мөлшерде экономикада жұмыссыздық пайда болады. ....
Қазақ елі! Жасыл ел! Мәңгілік ел! Ұлы жол! Нұрлы жол! Болашаққа бастар жол! Қадірі мен қасиетіне бас иер даму жолына қол жеткізуге ұлт ұрпағы оңай келген жоқ. Біз ұлы отан соғысындағы Ұлы жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш - әрине, «бірлік». Қаншама халық бір тудың астына бірігіп, күштерін бір арнаға салды. Барлығы жеңіс үшін күресті. Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс-күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестетіп, газетжурнал материалдары немесе радиохабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, содан бері 71 жыл өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Сол кезде соғыс адамға не істетпеді десеңізші?! Соғыс туралы хабар қазақ халқына тарай салысымен, Қазақстанның ұл-қыздары соғыстың алғашқы күндерінен қолдарына қару алды. Отан алдарында өз борыштарын өтеп, өз еркімен майдан даласына аттанды. Қазақстан еңбекшілері тылда «Бәрі де жеңіс үшін!» деген үндеумен маңдай терлерін төге, күн-түн демей жұмыс істеді, сөйтіп жеңіске өз үлестерін қосты. Жауынгерлер қыс-жаз демей соғысты. Фашистер аштықтан, суықтан қалжыраған қала халқы өздігінен беріледі деп ойлады. Немістер қаланы күн сайын бомбалап, қаладағы жарық, жылу, су жүйесін бүлдірді. 1944 жылы ғана жау қоршауды бұзып, фашист әскерлері қаладан қуып тасталды. Қазақстандық 310-314 атқыштар дивизиялары Ленинград үшін болған шайқаста басынан аяғына дейін қатысты. Шығыстың әйгілі қос жұлдызы Әлия Молдағұлова м ен Мәншүк Мәметова ерлікпен қаза тапты. Олардың ерліктері тарихқа өшпестей із қалдырды......
Алаш тарихы – жаңаруға ұмтылған, тарихи сабақтастықты үзбеген, білім мен елшілдікті басым бағыт еткен ұлттық серпілудің тарихы. Сондықтан біз Алашты ауызға алған сайын осыдан 90 жыл бұрынғы саяси қозғалыс пен күресті ғана емес, бүгінімізді ертеңге жалғайтын жасампаздық істерімізді сараптағанымыз дұрыс. Алаш – біздің ұлтқа, дәстүрге қаншалықты адал екенімізді салмақтайтын ар өлшемі. Алаш – өткен тарихтың ғана олжасы емес, бүгінгі ұрпақтың да елдік іске олжа салар мүмкіндігі. Алаш – әлемдегі қазақтың да, қазақ ішіндегі әлемнің де тұтастығы, үйлесімділігі. Кез-келген елді алға ілгерілететін ұлттық идея. Тіпті бүгінгі әлем ұлт пен мемлекет ұғымдары арасына теңдік белгісін қойып отырғаны жасырын емес. Кеңестік түсінікте ұлттық идея әсіре ұлтшылдықпен теңестірілді. Бұл қай тұрғыдан қарасақ та ақылға сыйымсыз еді. Расында, қасаң да бұрқасынды жылдары ұлттық идея дегеніміз – мемлекеттік, елдік мүдде идеясы деген мағына беретіні ұмытылды. Алаш идеясы – қазақтың ұлттық идеясы болатын. Зиялылардың Алаш атауын таңдауы да жайдан-жай емес-тін. «Керегеміз – ағаш, ұранымыз – Алаш». Кереге – мемлекет құрылысы, Алаш – идеология. Тоқтам осы-тын. Алаш – жаңа түрдегі елдігіміздің, байырғы айбарымыздың рәмізі еді. Егер сол тұстағы қайраткерлеріміздің көздегені жүзеге асқанда, қазір біздің еліміздің қосалқы аты Алаш (Алаш Орда, Алаш үкіметі, Алаш Республикасы) болатындығына иманымыз кәміл. Осы ретте бәзбіреулер «сонда олар қазақ атынан жеріген бе?» деп сұрақ қоюы мүмкін. Бұған «әрин, жеріген жоқ» деп жауап береміз. Есімізге олардың: Арғы атам – ер түрік Біз – қазақ еліміз, - деген әнұраны түседі. Сонымен бірге зиялылар: Азаматы Алаштың, Аттанатын күн туды. Тұлпар мініп, ту ұстап, Баптанатын күн туды, деген жоқ па?! Осыған қарағанда, Алаш ұғымында рухтық, асқақтық, өрлік мағына бар. XX ғасырда қазақтың азаматтық тарихындағы ең ұлы идея қайсы десе, Алаш идеясы деп жауап берер едік. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің іргетасы – осы идея. Алаш идеясындағы қайраткерлердің жемісті еңбек жылдары – ақыл һәм жүрек айбатымен күрескен 1907 жылдан 1937 жылға дейінгі 30 жылдай уақытты қамтиды. Тағдыр мен тарих оларға осындай мерзімді ғана қиыпты. Одан кейінгі жайы белгілі: айдалды, атылды, ресми тарихтан, ел жадынан аты өшірілді. Қазір жұрт парламентаризм деген ұғымды жақсы біледі. 1907 жылы Ресей патшасы «әлхамдулла, алты миллионға» (А.Байтұрсынұлы сөзі) жеткен қазақ секілді ұлттарды сайлау және сайлану хұқынан айырды. Зиялылардың табанды күресі осы шақтан басталды.
Петербор, Омбы, Ташкент, Семей тәрізді шаһарлар XX ғасыр басындағы монархиялық билікке бас көтерген алаштық күрестің шыңдалу мектебі болды.....