Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиет | Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының еркіндік жолындағы күресі негізінде жастарға патриоттық тәрбие беру

Тәуелсіздікке қол жеткен 20 жылдықта бүгінгі қоғамымыздың қай саласын алсақ та терең өзгерістер болып жатқаны белгілі. Ол заңды. Себебі тәуелсіздікке қол жеткізген әрбір халық, алдымен өзінің өткен жолын саралап, одан тәлім - тәрбие, сабақ алуға ұмтылып, болашаққа көз тігеді. Осы міндеттер «кеше кім едік, бүгін кімбіз, ертең кім боламыз» деген сұраққа жауап күткендей. Әрине бұл сұрақтар кімді болса да толғандырары сөзсіз. Сондай тақырыптың бірі – Исатай - Махамбет бастаған еркіндік жолындағы күрестің жастарға берер тәрбиесі. Махамбет пен Исатай еркіндік, бостандық жолындағы күрескер бола білді. Исатай көптің басын қосып, бүтін елді соңынан ерітсе, Махамбет жақсы үгітші, қостаушы болды. Бұл көтеріліс туралы ғалымдар біраз деңгейде зерттегені белгілі. Бірақ, оқиға неғұрлым алыстаған сайын, Тәуелсіз Қазақстан үшін көтеріліс сабақтары мен ерлік істері айқын көріне бастады. Тәуелсіз Қазақстанның 20 жылдығы мен Исатай батырдың 220 жылдығына байланысты бұл көтерілістің тарихи маңызы мен Исатай батыр туралы ұрпақтан - ұрпаққа жеткізу, тәуелсіз Қазақстанның жеткіншектеріне үлгі ету – уақыт талабы. Осыған орай бұл көтеріліс туралы ғылыми жоба өзекті мәселе болып туындайды......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Тауық күрес

Тауық күрес — ұлттық ойын.

Жиналғандар екі топқа бөлінеді. Осы екі жақтан екі жігіт ортаға шығып, кәдімгіше күрес жасайды. Оның ең қызыгы да, басқаша күрестен айырмасы да тек жалғыз аяғымен ақсаңдай жүріп, иықтарымен қағысып, күресуінде, бұл адамның нық басып, орнықты жүруін жеңілдетеді.

Күресетіндердің бір аягын тізесіне бүгіп, мата белбеумен байлап тастайды. Сол аяқты, егер оң жақ аяғы бүгулі болса, сол жақ қолын; сол жақ аяғы бүгулі болса, оң жақ қолын шынтағынан бүгіп байлайды. Сонда күресушілердің екеуі де тек бір аяқ, бір қолымен жүріп күреседі. Күресушілерді екі жақтың ойынбасылары сүйемелеп әкеліп ұстастырады, қайсысы сүрініп жығылса, сол ұтылады......
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | ЕРКІН КҮРЕСТІҢ ПАРТЕРДАҒЫ ТЕХНИКАСЫ

Еркін күрес, диам. 9 м арнайы кілемде өтеді. 19 ғ-дың аяғында Англияда пайда болған.
1904 жылдан олимпиялық ойындар бағдарламасына енген. Қазақстанда еркін күрес жарыстары 1955 жылдан өтіп келеді. 1956 ж. өткен КСРО халықтары спартакиадасында Қ.Байдосов, Ж.Ысқақов жүлдеге ие болды. Еркін күрес, кілем үстінде әдіс қолдану еркін жасалынатындықтан осылайша аталған. Бұл дүниежүзі халықтарының күрес турлерінің әдістерін түгел қолдануға байланысты айтылады. Еркін күресте белдескен балуандар ұпай санымен немесе қарсыласының жауырын кілемге тигізіп, таза жеңіске жетеді. Оның тарихы кене замандарға кетеді. Ертедегі Мысырда, Вавилонда, Қытайда және Жапонияда еркін күрес болган. Алғаш рет еркін күрес 1904 ж. Олимпиялық ойындардың бағдарламасына енді. Мұнда кілемге небәрі 38 балуан шығып, жалпыкомандалық 1-орынға АҚШ-тың кұрамасы ие болды. Еркін күрестен Еуропа чемпионаты 1928 ж., ал Әлем чемпионаты 1951 ж. бастап етіп келеді. Еркін күрес салмақ дәрежелері жарыс басталар алдында оған қатынасушыларға жіберілген жарыстың тәртібінде көрсетіледі. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0