Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім «Демалу мәдениеті. Мерекелер» Сабақ тақырыбы: Туған күніңмен! №2 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау 3.3.3.1 мәтіннің жанрын (әңгіме, тұрмыс-салт жырлары, бата, мақал-мәтелдер) ажырату, баяндау/ сипаттау мәтіндерін анықтау 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау) 3.5.1.1 мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/іс-қимылын білдіретін сөздер мен көмекші сөздердің мағынасын ажырату, ауызша/жазбаша сөйлеу тілінде қолдану Сабақ мақсаттары: Оқушылардың барлығы: мәтіннің жанрын анықтайды, мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/іс-қимылын білдіретін сөздердің мағынасын ажыратады. Оқушылардың көпшілігі: мәтіннің жанрын анықтайды, үлгі бойынша заттың атын/сынын/іс-қимылын білдіретін сөздердің мағынасын ажыратады. Оқушылардың кейбірі: мәтіннің жанрын анықтайды, заттың атын/сынын/іс-қимылын білдіретін сөздердің мағынасын еркін ажыратады.....
Мақсаты: Балалардың тілдік қорларын байыту. Патриоттық сезімдерін ояту. Мерекеде өзін еркін ұстай білуге тәрбиелеуге,ұжыммен бірге болуға дағдыландыру. Білімділік: Тәуелсіздік мерекесі жайлы түсінік беру. Тәрбиелік: Балалардың патриоттық сезімдерін ояту, ұжымдылыққа тәрбиелеу. Дамытушылық: Түсініктерін дамыта түсу, қиял, ойлау, қабылдау қабілеттерін дамыту. Қатысушылар: Мысық, Қуыршақ. Жүргізуші: Қымбатты қонақтар, ата-аналар. «Құлпынай» тобының «Тәуелсіздік» мерекесіне қош келдіңіздер. -Балалар біз қандай мемлекетте тұрамыз? -Қазақстан республикасында -Қандай рәміздеріміз бар? Ту, елтаңба, әнұран -Елбасымыз кім? -Н. Назарбаев Әнұран: Тақпақ: .....
Көтеріп сені батырып,көтеріп сені шығарам, Кішкентай күнім,сенсіз мен өмір де сүріп шыдаман. Кішкентай күнім,сені мен арқалап жүріп айығам, Табанға кірген шегеден,миына қаққан сынадан. .....
Мәңгілік Ел ұғымы, қасиетті, киелі, Елжіретіп жаныңды, иітеді жүйені. Тебіреніп бұл сөзге бабалардың аруағы, Тереңдегі тарихтың ағытылар тиегі. Асыл арман жолында қаншама жұрт қан кешкен, Аждахамен алысып, алпауытпен белдескен. Өсиетін ойдырып қара тасқа ақыры, Қара жердің бетінен зым- зия боп мәңгі өшкен, - деп ақын Несіпбек Айтұлы жырлағандай Мәңгілік Ел ата- бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. «Мәңгілік Ел» деген сөзді естігенде «Өткенге бұрылып басыңды и, ертеңге қарап білегіңді түр» деген ғұламаларымыздың сөзі ойыма оралды. Жер бетінде тауқыметті көп көрген халықтың бірі- қазақ халқы. Иә, орысқа бодан болған үш ғасырдың ішінде тарихымыз, ар- ожданымыз табанға тапталды. Қолдан жасалған аштыққа душар болдық, зұлматтың құрығына түстік. Өзгенің тарихын өзімізге теліп оқыдық. Қазақтың: «Қаратаудың басынан көш келеді» деп зарлағаны, Қазтуған жыраудың: «Қайран да менің Еділім» деп қабырғасы сөгілгені; үш жүздің басын қоса алмай, көшіп- қонған жұртын орнықтырып ел ете алмай Абылайдың қайғы жұтқаны; Бұқар жыраудың жер тіреп күңіренгені; «Еділді келіп алғаны- етекке қолды салғаны, Жайықты келіп алғаны жағаға қолды салғаны, Әдіра қалғыр, Үш Қиян» деп Мұрат ақынның күйзелгені; «Бас-басына би болған өңкей қиқым, мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын?»- деп Абай атамыздың қабырғасы қайысқаны бізге тарихымыздан белгілі емес пе? Ата- бабаларымыздың аңсап кеткен арманы шындыққа айналды. Көгімізде Туымыз желбіреп, Әнұранымыз асқақтады, Тіліміз өз мәртебесін алды. Бір сөзбен айтсақ тәуелсіздігімізді алдық, ешкімге жалтақтамайтын егеменді ел болдық. Әрине, көп уақыт өте қойған жоқ, не бары жиырма бес жыл.....
Дайындағандар: Май ЖОББМ жанындағы шағын орталық Тақырыбы: Тәуелсіздік күні Мақсаты: Балаларға Тәуелсіздік күні туралы түсінік беру. Бұл күннің маңыздылығын баяндау. Тіл байлықтарын молайту, патриоттық сезімін қалыптастыру. Мерекелерге белсене қатысуға тәрбиелеу. - Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, оқушылар, ұстаздар! Отан- сенің ата-анаң, Отан- досын, баурың. Отан- өлкең, астанаң, Отан- аудан, ауылың. Отан- тарих, Отан- тіл, Жасаған елің, ер халқың. Тәуелсіздік, еркіндік – ежелден ел тілегі. Тәуелсіздік халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күресі, тарихтың нәтижесі. Бүгінгі Қазақстан - әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін жері бай, халқы бай ел. Қазақстан Республикасының ән ұраны орындалсын. Құттықтау сөзі мектеп директоры А. О. Нургожинаға беріледі. Біздің Отан – байтақ, Көп ұлттың мекені. .....