Тақырыбы: Біз кітапханаға барамыз Мақсаты:білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру;кітаптың адам өміріндегі маңызы,ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру;кітапқа деген қызығушылығын арттыру;оқулықтарды күтіп ұстауға үйрету. Көрнекілігі:кітап жайлы жазылған плакаттар,суреттер.
Кітап! Бұл сөз әр адам баласына таныс. Кейбір жандар үшін баға жетпес оқу құралы болса. кейбір жандарға жұмбақ әлем болсып қала бермек. Кітаптың құдіретін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Сол құдіретті кітаптың бізге тигізер пайдасы өте мол. Себебі кітап оқырманның ойлау қабілетін жақсартып,оның сөздік қорын молайтып,жан дүниесін рухани байытады. Кітапты оқитын оқырман сол сәттен ақ жан дүниесі керемет сезім баурап. Сол кітаптағы болып жатқан оқиғаның ішіне еніп кеткендей болады. Кейіпкермен мұнайып,күліп,ойнап керемет сәттер қалдырса,ал сол кітаптағы әр түрлі ситуациядан автормен қоса өмірде де шығуға оны қайталамауға тырысады.
Кітап-таңғажайып әлем іспеттес. Бұл әлемде сен өзіңе керекті дүниелерді алып қана қоймай,сол әлемде болған қателіктерді шынайы өмірде жібермеуге күресесін.
«Кітап – білім бұлағы, білім - өмір шырағы» деген екен дана халқымыз. Бүгінде бұл сөздердің мағынасы әлі де жойылған емес. Себебі кітап арқылы біз жастар білім алсақ, сол білім арқылы өміріміздің соңына дейін нәр аламыз.
Қазіргі заманның талабы өте өзгеше. Өткені біздің қазіргі мақсатымыз 30 озық елдің қатарына кіру. Ал осы алып мемлекеттердің арасында жырқырап тұру үшін аянбай еңбек етіп,білім жолында тер төгуіміз керек. Елбасы Н. Ә. Назарбаев «ХХІ ғасыр – мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Бар білімнің қайнар көзі - кітапта» деген болатын. Бұл сөздер бекер айтылмаған. Себебі кітап-озық елдің қатарына кірудін басты кілті деп ойлаймын......
Кітапхана сабағы: Кітап және кітаптың құрлымы Мақсаты: балалардың кітапқа, кітап оқуға деген ынтасын ояту.
Кітап оқығанды жақсы көретін адам бақытты. Ол ақылды да мейрімді сенімді достардың ортасынды. Ең үлкен досың – кітап. Кітап – шебер ұстаз, тілсіз мұғалім. Кітап жан айнасы, оған қарап ойыңды да, бойыңды да түзеуге болады. Оған қарап оғаш мінезіңді, ерсі қылығыңды көріп түзейсің. Айналаңдағы адамдарға адал мейріммен қарауға үйренесің. Кейде жаңсақ, жаңылыс басқан қадамдарың болса оны оп-оңай аңғарасың, терең сырлы тәрбиеші, ұлы үйренуші.
Қызыл кітап- сирек кездесетін түрлердің санының қазіргі жай- күйін көрсететін құжат. Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердік 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген. Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды. Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды. Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады. Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінші бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы- орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады. ....
Сабақтың тақырыбы: Оқушылардың бойында ақпараттық сауаттылықты сыни тұрғыдан ойлау стратегиясымен және «Синквейн» әдісі арқылы дамыту. Сабақтың қысқаша мазмұны: «A and Q» әдісімен «Ақпараттық сауаттылық» тақырыбын қайталау. «Синквейн» әдісімен танысу. Осы әдістің қолданылуын және ережесін үйрету. «Синквейн» әдісінің түрлілігін көрсету. Слайдтағы «синквенй» әдісімен жасалаған сұрақтарды қою (Жұмбақ). Әр оқушыға тақырып бере отырып, «синквейн» құрастыру тапсырмасын беру. Әр оқушының негізгі тақырыбын сынып болып табу.
Пән: Қазақ тілі Бөлім атауы: Әлемдегі ірі кітапханалар Сабақтың тақырыбы: Үстеу. Кітапхана. Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: ӘТН4. Грамматикалық норма Сабақтың мақсаттары: Үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану....
Ажал — үстемдігіңді жүргізудің ең берік құралы емес пе?
Бабасы Шыңғысхан бүкіл әлемді осы ажал арқылы бағындырмақ болған жоқ па еді?
Қара бұқараны өліммен әлдилеуден Шыңғыс ұрпағынан шыққан қай хан тартынған?»
Әбілқайыр ірбіз1 терісінің үстінде аунап түсті.
«Иә, өлім себу — Шыңғыс бабаның ұлы саясаты. Ол өзінің бүкіл әлемді жаулап алам деп жинаған жау жүрек ератын2 да осы өліммен қорқытып ұстаған жоқ па?.. Иә, иә, сөйткен еді ғой. Қалай делінген еді сол бір тәртіп Ясысында?»
Әбілқайыр көзін жұмды. Жақында ғана фарсы тіліне аударылған. Шыңғыс бабасының әмірі жүріп тұрған кезінде Қарақұрымда болған италиялық бір жиһанкез жолаушының жазған кітабының әрбір әрпі бақандай боп көз алдында тұра қалды. Әбілқайыр ернін жыбырлатып оқи бастады: «Монғол әскері жайында. Шыңғысхан он адам бір адамға бағынсын деп бұйырған (біздіңше оны онбасы дейді), ал ол онбасы бір жүзбасыға бас иген. Он жүзбасының үстінен бір адам қараған. Оны мыңбасы деген. Бар әскерінің басына үш ноян қойған. Бұл үш ноян барып бір қолбасшыға тізе бүккен». Әбілқайыр сәл көзін ашты. Ең қызығы ар жағы... Ол қайтадан оқи түсті: .....
Тақырыптың көкейкестілігі. Кітапхана — адамзат баласы жаралғалы бергі аралықта жинақталған ақыл-ойымен мәдениетінің таусылмас қазынасы. Халық сондықтан да оны қасиеттеп, қастерлейді. Ал кітапханашыларға сол қазынаны шашып шығармай сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыру міндеті жүктелген. Олардың қызметінің мәні мен мазмұны ең алдымен міне осы міндетті қалай жүзеге асырып жатқандығымен айқындалмақ. Ал ол міндеттерді жоғары деңгейде атқару көптеген факторларға тікелей байланысты. Кітапханалар бүгінгі таңда өзінің бірегей, көп салалы кітап қорымен оқу-тәрбие үрдістері мен ғылыми ізденістерді қажетті ақпарат құжаттарымен қамтамасыз етуші, білім беру орталығы болып саналады. Ақпарат кеңістігі мен оның мүмкіндігі қандай шексіз болса, пайдаланушылардың оған деген мұқтажы мен сұранысы да шексіз. Ақпарат қоғамындағы кітапханалардың көрсететін дәстүрлі қызметтерінің бірі — ақпарат кеңістігіне жол ашу, білімді қалыптастыру, озық тәжірибелермен алмасу болып отыр. Осы қызметке жаңаша көзқараспен қарап, әлемдік ақпарат жүйесіне сәйкес, оны жаңа мазмұнмен толықтырсақ, кітапхананың көрсететін қызметтеріне деген әлемдік сұраныс деңгейіне қол жеткізуге болар еді. Кітапхана жұмысының нәтижелілігі оның ұйымдастыру мен басқару іс-әрекетінің дұрыс жолға қойылуына тікелей байланысты. Оның бүгінгі күн талабына сай ұйымдастырылуы өзінің болашағын анықтайды. Кітапхананың көрсететін қызметінен, жалпы оқу үрдесі, типті қоғамның барлық саласындағы қол жеткен табыстардың алғы шарты ақпаратқа байланысты. Қай саланың болмасын шығарған өнімін оқырмандардың сұранымына, жаңа технологияға сай етіп электронды ресурстармен қанағаттандырып, насихаттау басты мақсатымыз. Диплом жұмысының мақсаты — Кітапхана ұжымдары ерекшеліктерін зерттеу, олардың даму динамикасын және кітапхана қызметкерлері өзара қарым-қатынасы сипатын бақылау. Зерттеу міндеттері: — кітапхана саласын басқару мен ұйымдастыру процесінің теориялық аспектілерін ашу; — кітапхана ұжымын ұйымдастыру, басқару және жоспарлау процесіне жалпы түсінік беру; — кітапхана ұжымының өзіне тән ерекшеліктерін анықтау; — кітапхана ұжымының әлеуметтік-психологиялық қасиеттерін зерттеп, оның психологиялық ахуалы мен мүмкін болатын ішкі қақтығыстардың туу себептерін айқындау. Осыған орай, біз кітапхана ұжымын басқару тәсілдері мен оның жетекшілерінің мінез-құлықтарына бақылау жасап көрдік. Әрине, бұл мәселені толық шешуді біз өз міндетімізге алғанымыз жоқ, оны соңына дейін жеткізу мүмкін де емес. Сонда да болса, диплом ....