Реферат: Педагогика тарихында оқушыларга әстетикалық тәрбие беру жайлы ой-пікірлер

Әстетикалық тәрбие адамның рухани бейнесін қалыптастырудыщ соншама ауқымды саласын қамтиды. Кейде әстетикалыщ тәрбие деген ұғымдыы " көркемдік тәрбиелеу" деген ұғъыммен пара - пар алып жұрміз.
Көркемдікке тәрбиелеу дегеніміз - өнер құралдарымен тәрбиелеу деген сөз. Ал әстетикалық тәрбие дегеніміз - Илыинаның айтуынша -өнердегі, табиғаттағы және бұкіл қоршаған өмірдегі, әсемдік құралдары арқылы тәрбиелеу деген сөз. Сондықтан көркемдікке тәрбиелеу әстетикалық тәрбиемен пара - пар емес, оның өте маңызды, бірақ құрамдас бөлігі болып табылады. (Илыина Т.А. Педагогика. Алматы, Мектеп, 1977 - 134 бет ).
Осы орайда белгілі педагог Р.Қоянбаев "Педагогика" атты еңбегінде: " Әстетикалық тәрбие адамды дұниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге ұйретеді. Өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарасты қалыптастырады", - деп, өнер арқылы әстетикалық тәрбие беру жолдарын қарастырған.
Әстетикалық тәрбиенің міндеттерінің бірі - әстетикалық сезімді және әстетикалық қабылдауды тәрбиелеу. Өмірдегі, өнердегі әдемілікті сезу және көру адамдарда әр тұрлі болады. Біреулер әдемілікке ұңіле қарап, оның сырын білуге тырысады, ал кейбіреулер оған онша мән бермейді, қалай болса солай қарап, жанынан өте шығады. Әдемілікті сезіну ұшін, оған тұсіну ұшін ең алдымен бейнелеу өнері, музыка және ән саласынан әрбір адамда білім болуы қажет. Білім адамды әдеміліктің обыективтік критерилерімен қаруландырады. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Журналистика | Теледидардың жастардың пікіріне ықпалы

Дипломдық жұмысымның кіріспесін күллі Алаштың арыс-ақыны Мағжан Жұмабаевтың «МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН!» атты өлең жолымен бастауды жөн көрдім:

Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін!

Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар.
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін!

Жас қырандар – балапан,
Жайып қанат, ұмтылған.
Көздегені көк аспан,
Мен жастарға сенемін!

Жұмсақ мінез жібектер,
Сүттей таза жүректер,
Қасиетті тілектер –
Мен жастарга сенемін!

Тау суындай гүрілдер,
Айбынды алаш елім дер,
Алтын Арқа жерім дер,
Мен жастарға сенемін!....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Кір сабынның пайдасы

Қазіргі таңда біз кірсабынды киім жуғанда көмекші құрал ретінде ғана пайдаланатын болдық. Бірақ оның адам денсаулығына тигізер пайдасы да мол.

•Мәселен, адамның қолына тікен немесе ағаштың жаңқасы кіріп кеткен жағдайда оны инемен тескілеп, жанымызды ауыртамыз. Осындайда кір сабынды жылы суға езіп, дәкеге қалыңдау етіп жағып, тікен кірген жерге таңып қойсаңыз, бір сағаттың ішінде тікен өзінен-өзі сыртқа шығады.

•Егер шашыңыз қалың әрі ұзын болғанын қаласаңыз, онда мамандар шашыңызды кір сабынмен жууға кеңес береді. Сусабынды пайдаланып болғаннан соң, артынша басты кір сабынмен жуу керек. Содан соң суға бір-екі тамшы сірке суын қосып шашты қайта жусаңыз, шаштың түбін қатайтуға көмектеседі. Оған қоса, шаш түсе бастағанда дәрігерлер кір сабынмен жуынуға кеңес береді.......
Кеңестер
Толық
0 0

Реферат: Қазақ тілі | ҚАЗАҚ ГОВОРЛАРЫНДАҒЫ КІРМЕ СӨЗДЕР

Қазақ говорлары тек көне замандағы ру, тайпа тілдерінің қалдығы ретінде сақталып калған байырғы, дәстүрлі сөздер мен тұлғалардан құралмайды. Оның ішінде кейінгі замандарда, тіпті кеше ғана, Ұлы Октябрь революциясынан кейін, пайда болған сөздер де бар. Осы кейінгі замандарда келіп қосылған диалектілік ерекшеліктердің бірсыпырасы — көрші тілдерден ауысып келген сөздер мен тұлғалар. Қазақстан жері бірнеше халықпен шекаралас жатыр. Олардың бірқатарының тілі туыстас та, кейбіреулері басқа типологиялық тілдер тобына жатады. Қазақ халқының көршілес елдермен ерте кезден-ақ тығыз қарым-қатынас жасап, олармен аралас-құралас отырғандығы белгілі. Бұл жағдай қазақ тілі құрамына әсер етпей қойған жоқ. Көрші халықтың тілі арқылы тілімізге ауысқан сөздер мен тұлғалар әсіресе Қазақстанның шет аймақтарында көп кездеседі. Мысалы, Өзбекстанмен шектес жаткан Шымкент облысы тұрғындарынын тілінде өзбек тілінен енген сөздер көп. Қырғызстанмен- шектес жатқан Жамбыл облысының оңтүстік аудандарында қырғыз тілінен енген сөздер бар. Жетісудын шығыс жағын мекендеген қазақтардың тіліне ұйғыр сөзі араласса, батыс қазақтарының тіліне татар, ноғай, башқұрт сөздері қосылып кеткен.
Ал орыс, араб, иран тілдерінің әсері барлық говорларда да байқалады, бірақ әсер ету дәрежесі барлық жерде бірдей емес. Араб, иран тілдерінің элементтері солтүстік-батыс не шығыстан гөрі оңтүстік аймақтарда көбірек ұшырайды. Орыс тілінен енген сөздер әсіресе солтүстік-батыс және шығыс аймақтарды мекендеген тұрғындардың тілінде көбірек кездеседі.
Орыс тілінен енген сөздер. Орыс тілінен енген немесе орыс тілі арқылы говорларға енген сөздердің дыбыстық жағынан қабылдануы олардың әдеби тілдегі сипатымен бірдей емес. Егерде әдеби тілдегі орыс тілінен енген бәтеңке, сот, пұт сиякты бірен-саран сөздерді есепке алмағанда, айтылуы мен жазылуы жағынан орыс тіліндегі нұсқасын сақтаса, говорларда олар ауызекі тілдің дыбысталу ыңғайына сәйкес біраз өзгеріске түсіп айтылады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Мемлекеттік кірістердің экономикалық мазмұны

Кіріспе
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы егемендік алып, дербес мемлекет болған және белсенді түрде нарықтық экономикаға өту кезінде экономиканы реттеуде қаржы жүйесі елеулі орын алады. Өзінің тәуелсіздігін және дербестігін алған кез келген мемлекетке тұрақты, әрі күшті қаржылық база керек. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің қаржылық негізі мемлекеттік қаржы тарту механизмі негізінде тартылған қаржылар, шаруашылық субъектілерден және халықтардан жиналған мемлекеттің кірістері болып табылады.
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмiнде де қаржы және оның негiзiндегi салық жүйесi мен бюджет жүйесі зор рол атқарады. Мемлекет құрылымының өзгеруi, өркендеуi әрқашан қаржы-несие жүйесiнiң қайта құрылуымен және жаңаруымен қабаттаса жүредi.
Қандай да болмасын мемлекет өзінің дербестігін сақтау үшін және өзіінң қызметтерін атқаруы үшін оған ең біріншіден қаржы тарту мен оны пайдалану мәселесі туындайды. осы аталған мемлекеттік қаржылардың негізгі көзін мемлекеттің кірістері құрайды.
Мемлекеттің кірістері бұл мемлекетке түсетін салықтар мен алымдар, халық табысының бір бөлігі, шаруашылық жүргізуші субъектілердің табысы бөлініске ұшырайды, оның бір бөлігі мемлекеттік бюджетке түсіп отырады, сыртқы экономикалық қатынастардан түсетін қаржылар, мемлекет меншігін жеке меншікке беру барысындағы түсетін түсімдер, әр түрлі мақсатта берілген гранттар мен еліміз экономикасы қаржылық көмек көрсетулерден түскен қаржылар жатады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Кірпіш үй (ОМЖ бойынша 6-сабақ) (3 сынып, II тоқсан, 4 бөлім)

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-тарау «Сәулет өнері»
Сабақ тақырыбы: Кірпіш үй (ОМЖ бойынша 6-сабақ)
Оқу мақсаттары:
1.5 Тыңдау-көру материалдарының мазмұнын түсіну
3.1.5.1* тыңдаған фразаның алдындағы немесе кейінгі оқиғаны болжау;
4.2 Тыңдаған/ оқыған/көрген материалдың мазмұнын жазу
3.4.2.1* оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу;
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау
3.5.1.1* мұғалімнің қолдауымен көмекші сөздердің мағынасын ажырату, ауызша/жазбаша тілде қолдану
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Сөздерді мағынасына қарай сәйкестендіріп, сөйлемдер құрастырады.
Оқушылардың көпшілігі:
Сурет бойынша құрылған мәтінді керекті сөздермен толықтырып, сипаттап жазады.
Оқушылардың кейбірі:
Мәтін мазмұнына сәйкес коллаж жасап, сипаттап айтады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Бюджет кодексі | Жергілікті бюджеттің мәні, кірістері мен шығыстары

Кіріспе
Жалпы мемлекеттік қаржылар.
Мемлекеттік қаржылардың жалпы сипаттамасы.
Қандай бір мемлекет болмасын оның қоғамдағы экономикалық қызметі ірілендірілген түрде мына функцияларға бөлінеді: - экономикалық дамудың қалыпты дамуына жәрдемдесетін құқықтық базаны қамтамасыз ету;
- монополиялық қызметті шектеу және бәсекелестікті қорғау; - табыстар мен байлықты қайта бөлу; - экономиканы тұрақтандыру; - ресурстарды қайта бөлу; Аталған функциялардың іс-қимылы тікелей немесе жанама түрде “қар- жы” категориясын пайдаланумен байланысты болып келеді; айтарлық- тай дәрежеде бұл байланыс мемлекеттің соңғы үш функцияларында кө- рінеді. Мемлекеттік қаржылар мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси функцияларын орындау үшін оны қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз ететін елдің жүйесінің маңызды сферасы болып табылады және олар экономика мен бірге сан алуан өзара байланыстарды қамти- тын мемлекеттік сектордың өндірістік және әлеуметтік қатынастардағы іс-қимылмен байланысты. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Химия | Күкіртті анықтау

Күкірт темір сульфиді және марганец сульфиді түрінде болаттарда болады. Болаттардағы күкірттің құрамын иодометриялық әдіспен, айдау, гидравликалық әдіспен анықтайды.
Көлемдік иодометриялық әдіспен анықтау (IV) күкірт оксидінің құрылған көлемін анықтау оттегі ағымында болаттың мөлшемін өртеу де күкіртті анықтау әдісі.
Күкірттің (IV) оксиді темір сульфидін, марганец және кейбір металдардың сульфидін қышқылдандыру кезінде болаттың қатысуымен құрылады

(IV) күкірт оксиді оттегі артықшылығымен күкірт қышқылы құрылатын суы бар ыдыстан өткізеді. Оның көлемі иод ерітіндісін титрлеумен анықтау.

Күкірт құрамын титрлеуге кеткен иод ерітіндісін мөлшерінің негізінде анықтайды. Теңдеуден көріп отырғандай 0,5 моль иод, яғни 126,92, 16г күкіртке сәйкес береді екен.
Әдіс дәлдігі ± 0,001%
Жұмыс мақсаты: Болаттағы күкіртті иодометриядық әдіспен анықтау.
Жабдықтармен материалдар:
1.Оттегісі бар баллон.
2.Газометр
3.Күкірт қышқылымен жуғыш ( көпіршіктерді есептегіш)
4.Кальций хлориді бар колонка
5. «Марс пеші» 1200°С
6. Диаметрі 18-20мм, ұзындығы 600 мм фарфор түтік
7.Шыңдалған фарфор қайықшалары
8. Иодпен титрлеуге арналған бюреткалар
9.Крахмалдың су ерітіндісі
10. Мыстан жасалған күршектер, қайықша мен түтікшені ұстап алуға арналған.
11. Пирометрлік милливольтметрмен термопара
12.Биіктігі 250мм және диаметрі 40 мм екі цилиндр
13. Аналитикалық таразы. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Күкірт, оның оксидтері, қышқылдары, сульфаттар. Күкірт қышқылының қасиеттері 1-сабақ (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Маңызды p-элементтер және олардың қосылыстары
Сабақ тақырыбы: Күкірт, оның оксидтері, қышқылдары, сульфаттар. Күкірт қышқылының қасиеттері 1-сабақ
Осы сабақ мүмкін ететін оқыту мақсаты: 10.2.1.39 құрамында күкірті бар қазбалы отындардың жануы кезіндегі күкірт диоксидінің түзілуін сипаттау;
10.4.1.10 қышқыл жаңбырлардың қалыптасуындағы күкірт диоксидінің ролін және оның қоршаған ортаға әсерін түсіндіру;
10.2.1.40 сұйылтылған және концентрлі күкірт қышқылының қасиеттерін салыстыру;
10.4.1.11 тағам өнімдерін консервілеуде күкірт диоксидінің қолданылуын түсіндіру;
Сабақ мақсаты: Күкірттің табиғатта таралуын біледі
Күкіртті қосылыстардың жану реакцияларын сипаттайды
Қышқыл жаңбырлардың қалыптасуын және оның қоршаған ортаға әсерін түсіндіреді.
Сұйылтылған және концентрлі күкірт қышқылының қасиеттерін салыстырады.
Күкірт диоксидінің қолданылуын түсіндіреді......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0