Шығарма: Ш. А. Амонашвилидің «Рука водящая» еңбегіне оқырманнан пікір

Ш.А. Амонашвилидің «Рука водяшая» еңбегіне оқырманнан

Пікір

Бұл шығармада автор өмірден өз орнын таба алмай жүрген, өмір сүру керек пе, оның маңызы қандай деген сұраққа жауап таба алмай жүрген кейіпкер Алексей Александрович туралы баяндайды. Шығарма басталғанда, өзі жетім, ата – анасынан ерте айрылған, өзінің жазғы демалысын, өмірлік естеліктерін екі жүз......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Педагогика | Қиын бала ұғымының шығуы және ғалым педагогтардың ой пікірлері

Қазіргі ХХІ ғасыр табалдырығын аттап отырған кезеңде «қиын балалар» мәселесі бізді әлі де ойландыруда.
Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, «балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын»(51.).
«Қиын балалар» ұғымы 1920-1930 жылдарда тәрбие мәселесінде пайдаланып жүрді. Бара-бара бұл 1950-1960 жылдары қайтадан қолданысқа енді. Қазір бұл мәселе ғылымда нақты орын алып отыр. Әрине, бұл мәселемен көптеген ғалымдар айналысқан, қиын балалар мінезін, өмірін жан-жақты зерттеген. Қазір де мұндай жасөспірімдер көп.
Қиын балалар қайдан шығады?- деген сұраққа былай жауап берсе де болады. Ең басты себеп отбасы тәрбиесінде жатыр: ата-ананың ішімдікке салынуы немесе екеуінің біреуі болмауы. Осының бәрі баланың мінез-құлқына, ішкі жан дүниесіне әсер етеді.
Кейбір тәрбиесі, мәдениеті өте төмен ата-ана баласын ұрып-соғып, жаман сөзбен балағаттап, тіпті баласына қайыр-садақа сұратқызады. Мұнда бала ертеңгі күні кекшіл, жасқаншақ, төбелескіш келеді. Сонда оның тағдыры, болашағы қандай болмақ.
А.Макаренконың мына бір сөзіне көңіл қою артық болмас еді. «Бала тәрбиесі біздің өміріміздің саласы. Біздің балаларымыз мемлекетіміз бен әлемнің болашақ азаматтары. Олар ертеңгі әке мен шеше, олар да өз балаларын тәрбиелейтін болады. Біздің балаларымыз тамаша азамат, жақсы әке, жақсы шеше болып өсуі керек.Бірақ мұнымен де бітпейді. Біздің балаларымыз – біздің қартайған шағымыз. Дұрыс тәрбие - бұл бақытты қарттығымыз, бұл біздің көз жасымыз, бұл біздің басқа адамдармен бүкіл ел алдындағы кінәміз»(48).
Қазіргі уақытта мінез-құлықтың бұзылу себебі түбегейлі түрде зерттеліп, жаңа сипатқа ие болуда және әлеуметтік-психологиялық, клиникалық, криминалогиялық тұрғыда қарастырылуда.....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Кірістер мен шығыстар есебі

Курстық жұмыстың мақсаты: кәсіпорынның мақсаты оның қызметінің соңында қандай қызмет көрсетсе, оның жоспарлы стратегиясы да осы нәтижеге жету жолдарын, бағыттарын анықтайды.
Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді.
Шығындарды статистикалық зерттеудің теориялық негізі ретінде өндіріс және айналыс шығындары туралы экономикалық ілім қызмет етеді. Кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің практикалық іс-әрекетінде өндіріс және айналыс шығындары өзіндік қүн және шығын формаларына ие болады, Өнімді өндіруге және өткізуге кеткен шығындарды анықтауға арналған ақпарат көздері: үйымның, мекеменің бухгалтерлік және статистикалық есеп берулері.
Әрбір кәсіпорынның жиынтық көрсеткіші табыс түсімі болып табылады. Табыс дегеніміз — тауар өткізуден және қызмет көрсетуден алынған ақшалай кіріс пен оны өндіруге және сатуға жұмсалған шығындардың айырмасы. Былайша айтқанда, табыс — бұл өндірістің айналымының қаржылық қорытындысын білдіретін кәсіпорын кызметінің нәтижелі экономикалық көрсеткіші. Кез келген кәсіпорында жалақы ұжымға оның жұмсаған еңбегінің тек бір бөлігінің ғана орнын толтыратыны, ал оның басқа бөлігі — қосымша еңбек-қосымша өнім немесе құн жағынан алғанда, табыс құрайтыны осыдан келіп шығады. Мұнсыз жалпы тауар өндірісінің болуы мүмкін емес. Шынында да, сатқанша бұйым тек жумсалган шығынды ғана өтеп, ешқандай табыс келтірмесе, кәсіпорынға бұйым шығарудың қажеті не?
Бөлінбеген табыс кең мағынада табыс ретінде түтынуға пайдаланған жәнс еткен жылдардағы табысланбаған табыс кәсіпорынның қаржы орнықтылығын, кейінгі дамуы үшін қаржы көздерінің бар болуын дәлелдейді.
Кәсіпорындарда табысты үлестіру және пайдалану тәртібі оның жарғысында тіркеліп қойылады және оны кәсіпорын басшысы бекітеді. Тиімділік деп кәсіпорын қызметі тиімділігінің ең басты экономикалық көрсеткіші аталады. Оның екі түрі бар:
• кәсіпорынның тапқан табысының өндірістің негізгі және айналмалы қорларының құнына қатысы;
• кәсіпорынның тапқан табысының сатылған өнімнің озіндік құнына қатысы.
Кәсіпорынның қарауында қалатын барлық пайда екі бөлікке бөлінеді. Біріншісі — кәсіпорынның мүлкін көбейтеді және тұтыну процесіне қатысады. Екіншісі — тұтынуға пайдаланатын пайда үлесін сипаттайды. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Бір орында қос аяқпен секіру

Мақсаты: Бір орында қос аяқпен секіруге дағдыландыру.
Көрнекіліктер: Жалауша
Технология: «Тәй-тәй» технологиясы
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, көрсету, орындау.
Мотивациялық іс-әрекет
Ұйымдастыру кезені
1.Арнаулы жаттығулар:
2Жалпы арнаулы жаттығулар:
Екі топқа бөліп «Кім жылдам» ойыны.
Қорытынды: Тәрбиешінің іс-әрекеті

Бір,екі, үш
Бойға жинап күш.
Шынығамыз біз бүгін.
-Аяқты көтеріп жүру
- Аяқтын сыртқы, ішкі жағымен жүру.
-Қоян ұқсап секіру.
-Аю ұқсап жүру.

-Қол белде басты оңға, солға ию.
-Қол иықта, иығымызды алға,а ртқа айналдыру.
-Қолды алға қойып, қайшы жасау.
-Қол белде, белімізді оңға,солға айналдырамыз.
-Отырып тұру жаттығуын жасау.
-Қолды белге қойып жалаушаға дейін екі аяқпен секіру.
-Жылан жолын жасау арқылы екі аяқпен жалаушаға дейін секіру.

-Балалар біз бүгін не істедік?
-Жарыста кім женді?
-Сабақ сендерге ұнады ма? Баланың іс-әрекеті

Балалар қимыл-қозғалыс жасау арқылы айты.

-Балалар жаттығуды шеңбер арқылы жүріп қайталады.



-Балалар тәрбиешінің сонынаң қайталап жаттығу жасайды.

-Жаттығу жасадық, жарысып ойнадық.
-Достық
-Иә, ұнады. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Реферат: Биология | Күкірт сутегімен және күкірт газымен уланған кездегі алғашқы көмек






7. Н2S – шіріген жұмыртқаның иісі бар түссіз газ. Тұтану температурасы - 246° С. Тығыздығы 1, 54 кг/м3, желдетілмейтін төменгі орындарда жиналатын ауаға қатысты – 1, 19.



Суда жақсы ериді. Су ерітіндісінде әлсіз қышқыл болып табылады. Су мен күкірт газын (SO2) түзе отырып, көгілдір жалын түрінде жанады.



8. Күкірт сутегі – тыныс алудың тоқтауынан өлімге әкелетін өткір жүйкелі у. Тыныс алу жолдары мен көзді тітіркендіреді. Судағы ерітіндісі теріге тиген жағдайда қызартады немесе қышыма болады.



9. Күкірт сутегінің сезілетін иісі 1,4 – 2,3 мг/м3 қосылымдарда байқалады, едәуір иісі – 4 мг/м3, ауыр иісі – 711 мг/м3 байқалады. Біршама жоғары қосылымдарда иісі онша ауыр емес, адамның бойы үйреніп кетеді.



10. 200-260 мг/м3 қосылымдарда көзді ашытады, көздің шырышты қабықшалары және жұтқыншақ тітіркенеді, ауызда металдың дәмі сезіледі, шаршағандық,бас ауруы, жүрек айну байқалады.



11. 750 мг/ м3 қосылымда 15-20 минутта уланады.



12. 1000 мг/м3 және одан астам қосылымда бірден өлімге әкелуі мүмкін.



13. Жұмыс аймағы ауасындағы күкірт сутегінің шекті рұқсат қосылымы (бұдан әрі - ШРҚ) – 10 мг/ м3, көміртегімен қоспасында – 3 мг/м3.



14. Елді мекендердегі ауадағы күкірт сутегінің ШРҚ – 0, 008 мг/м3. Тұтану шегі 4,3-тен 45,5 % дейін (көлемдік). .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | КІРПІКШЕЛІЛЕР КЛАСЫ

КІРПІКШЕЛІЛЕР КЛАСЫ
Дене пішіні алуан түрлі, тұщы немесе тұзды суларда мекендейтін, денесінде кірпікшелер болатын, мөлшері 10 микромиллиметрден 3 миллиметрге дейін жететін едәуір күрделі құрылысты бір жасушалы қарапайым жәндіктер кірпікшелілер класына жатқызылады. Бұлар еркін де қозғалады, кейбіреуі «отырықшылықпен» тіршілік етеді. Кірпікшелі жәндіктердің 1100-ден астам түрі бар деп есептелінеді......
Рефераттар
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру «Жайық пен Ертіс» Ескен Елубай (3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: «Су – тіршілік көзі»
Сабақ тақырыбы: Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру «Жайық пен Ертіс» Ескен Елубай
Оқу мақсаттары: 3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу
3.3.2.1 шығарма кейіпкеріне хат/ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту ...)/ өлең (төрт жолды)/әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: өлеңдегі көркем-бейнелі сөздерді тауып, өз ойы мен сезімін сол сөздерді қолдана отырып жеткізеді және өлең (төрт жол) жазады.
Көптеген оқушылар: өлең жазу барысында көркем-бейнелі сөздерді орынды қолдана алады.
Кейбір оқушылар: ойларын жеткізу барысында өзіндік пікірін дәлелдер арқылы ұсына алады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру Ара мен шыбын Оспанхан Әубәкіров (4 сынып, I тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Құндылықтар
Сабақ тақырыбы: Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру Ара мен шыбын Оспанхан Әубәкіров
Оқу мақсаттары: 4.1.5.1 өз ойын, сезімін, көзқарасын өмірде болған, өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып білдіру.
4.3.2.1 таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа сюжеттер енгізу, өлең (төрт жолды) жазу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: өз ойы мен сезімін шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып жеткізеді және өлең (төрт жол) жазады.
Көптеген оқушылар: өлең жазу барысында көркем-бейнелі сөздерді орынды қолдана алады.
Кейбір оқушылар: ойларын жеткізу барысында өзіндік пікірін дәлелдер арқылы ұсына алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ертегі: Кірпі кемпір

Баяғы өткен заманда бір хан өмір сүріпті. Ол жер бетіндегі адамдарды менсінбей, олардың қалау-тілеуіне онша көңіл бөлмепті. Содан кейін оған шайтан үйір болыпты. Сөйтіп, жақындаса жүріп, хан мен шайтан достасып кетіпті.
Бірде әңгімелесіп отырып, шайтан өзінің құдіретін көрсеткісі келеді де ханға:
– Достым, не қаласаң, соны сұра, айтқаныңды орындауға әзірмін, – депті мақтанып.
Мұны естігенде, шайтанның қолынан келмейтін ештеңе жоқ екенін білетін хан ойланып қалады. Өйткені кең дала, аспан асты түгел шайтанға қарайды екен. Хан соны өзі иеленсе, байлығым да, абыройым да арта түседі деп түйеді......
Ертегілер
Толық
0 0