Қарапайым халық медицинасымен емделіңіз

Бүгінгі таңда дәрі-дәрмектің бағасы аспандап тұрғаны белгілі. Тіпті кейбір дәрілерді алып ішуге қалтамыз көтермей жатады. Мұндай оқиға бәріміздің де басымызда болған шығар. Соны ескере отырып, біз бүгін сіздердің назарларыңызға қарапайым халық кеңестерін ұсынғымыз келіп отыр.

1. Тұмау кезінде денеңіз қатты қызса.

0,5 литр суды сүтпен, қантпен және 1 шай қасық кардамонмен араластырып ішсеңіз, қызуыңыз басылады.

2. Басыңыз ауырса.

0,5 шай қасық кептірілген жанжабіл өсімдігі мен азғантай ыстық суды араластырып, паста дайындаңыз. Кейін сол пастаны маңдайыңызға қойып жатыңыз. Аздап күйдіру мүмкін, бірақ басыңыздың ауырғанын қойдырады. ......
Кеңестер
Толық
0 0

ӘЙЕЛ

…Құдай — әйелді жаратқанда оның болмысын тек алтыншы күннің кешінде бітіріпті. Қасынан өтіп бара жатқан Періште:

— Сен неге бұл үшін ұзақ жұмыс жасадың? — деп сұрайды. Сонда Аллаһ Тағала:

— Ал сен бұл жаратылыстың бүкіл болмысын көрдің бе? Ол екі жүзден астам қимыл әрекетін білуі керек. Кез-келген тағамның дәмі мен иісін ажырата білу, бір мезетте бірнеше баланы құшағына басу, өзінің ыстық құшағымен жарылған тізеден, жараланған жүрекке дейін емдеп жаза алатындай болуы керек және осының бәрін тек екі қолымен ғана жасай алады, — дегенде, Періште таңданып: ......
Кеңестер
Толық
0 0

Сарыаурудан сауықтыру халық емі

1. Сұлы сабағынан бір уыс алып, ұсақтап турап, бір литр суға жартысы қалғанша қайнатып, тұндырып қойып ас алдында күніне үш рет әр жолы бір құтыдан ішеді. Емделу мерзімі 20 күн. Бір апта үзілістен соң қайта жалғастыруға болады.

2. Талдың кептірілген қабығынан 60 г алып, 1 литр суға 20 минут қайнатып, бір тәулік термоста ұстайды. Ас алдында жарты құтыдан ішеді. Күніне үш рет. Емделу мерзімі 15 күн.

3. Бауыр ауруынан сарғаюға сиыр өтінен бір дана, қасбояу тамырынан 100 г, лундан шөбінен 35 г қосып, талқандап, лайықты мөлшерде бал қосып, әрқайсысы 8 грамнан домалақ дәрі жасайды. Осы дәрінің біреуін қайнап тұрған суға қосып астан жарты сағат бұрын ішеді. Емделу мерзімі 20 күн. 10 күн үзіліс жасап, қайта жалғастырады.......
Кеңестер
Толық
0 0

Бас ауруын дәрісіз емдеудің 8 тәсілі

Бас ауыруының түрлі себептері бар: қатты ашулану, дұрыс ұйықтамау, күйзеліс, уақытылы тамақтанбау, компьтердің алдында ұзақ отыру т.б. Ондай кездері дәріге жүгінбей-ақ, табиғи жолмен бас ауруынан қалай айығуға болады? Ол үшін төмендегі кеңестерге құлақ түріңіз.

1. Басыңыз ауырғанын сезсеңіз дереу таза бір стақан су ішіп алыңыз.

2. Басқа, мойынға, құлақтың сырғалығына массаж жасаңыз.

3. Лимон немесе бал қосылған жылы су ішіңіз.

4. Жалбыз қосылған көк шай ішіңіз.

5. Зімбір (имбирь). Зімбірден дайындалған шайды күніне 3-4 рет ішсеңіз, бас ауруынан мүлде арыла аласыз.......
Кеңестер
Толық
0 0

Бала болмысын бұзатын 10 сөз

Бала тәрбиесіне басты жауапкер мына біздер, ата-аналар көбіне-көп ойланбай сөйлеп, осынымыз үшін болашақта опық жейтінімізді ұмытып жатамыз. Өйткені, сөз – тәрбие негізі. Бала сөзбен тәрбие алады. Баланың еңсесін түсіретін де, жігерлендіретін де сөз. Кез келген ата-ана баласына мақтауын да, даттауын да сөзімен білдіреді.

Бала тәрбиесінің бұзылуы жаман сөздерді қолданудан туындайтыны мәлім. Өйткені, бала психологиясы жаңа көктеген жас талдай жағымсыз әсерлерден тез жараланғыш келеді. Сондай-ақ, бала шақтағы естеліктер адам өмірінің қай арнада өрбитініне, оның мінез-құлқының қалыптасуына әсер ететінін әлем ғалымдар да дәлелдеп отыр.......
Кеңестер
Толық
0 0

Құрқылтайдың ұясы 80 түрлі ауруға ем екен

Қазір көпшілік дәрі-дәрмектен гөрі табиғи ем түрін дұрыс көреді. Соның ішінде ата-бабаларымыз ежелден емге қолданған тәсілдерге деген қызығушылық басым. Осындай тәсілдің бірі – құрқылтай ұясымен ем жасау.

Ел ішінде құрқылтай ұясы бедеулікте таптырмас ем ретінде айтылады. Бұл жөнінде «Ауырмаңыз!» газетінің 22-ші нөмірінде жазған болатынбыз. Осы мақалаға орай бізге Астана қаласынан Ғабит Әлмаханұлы есімді азамат хабарласты. Ол бізге құрқылтай ұясының тек бедеулік емес, одан бөлек 80 түрлі ауруға шипа болатынын айтып берді. ......
Кеңестер
Толық
0 0

ТЕРІ ҚАБЫНУҒА

Бір тал жұмыртқаны бір кесе қытай сірке суына матырып қойып 7 күннен кейін жұмыртқаны шағып, оның ағын əртүрлі тері қабынуларына жағады. Күніне 2-3 реттен 7 күн жақса жазылады. Ем қабылдау кезінде спирттік ішімдік ішу-ге, ащы тағамдар жеуге тиым салынады.

КӨК ЖӨТЕЛ

Тауық өтін отқа кептіріп, талқандап, азырақ қан тараластырып, күніне 3 реттен 2 күн ішу керек. Ескерту: Барлығын бір ретте ішуге əсте болмайды.......
Кеңестер
Толық
0 0

​Аяқтан өткен суықты ыстық картоп емдейді

✅ Аяқтан өткен сызды дер кезінде емдеу керек Қыс мезгілі былай тұрсын, жаз мезгілінде далада қапырық, қырық градус ыстық кезде аяғы мұздап, терлеп жүретіндер сіздердің де араларыңызда бар шығар. Жанына батып ауыртпаған соң тексерілуді құнттамайды. Жә, жарайды. Ол кезде аяғыңыз мұздаса да бойыңыз жылы жүреді емес пе?!

✅Ал қыс мезгілінде аяғыңыздан суық өткізіп алудан сақтаныңыз. Өйткені аяқтан өткен сыз басыңыздан бір-ақ шығады. Мұрныңыз пысылдап, көзіңіз жасаурап, жөтеліп, түшкіріп шыға келесіз. Әсіресе, қысы ылғалды болатын Шымкент жұртшылығына өте таныс жағдай болса керек. Қар жауып тұрғанымен, аяғыңызбен су кешіп жүресіз. Бұл енді табиғаттың құбылысы. Ал біз өз жағдайымызды ойлайық.......
Кеңестер
Толық
0 0

Кеш ұйықтау зиян

Демалыс мезгілінде еркінсіп, түнімен ғаламтор ақтарып немесе кітап оқып көптеген адамдар кеш ұйықтайды. Бұл ұйқы режимінің бұзылуына алып келеді. Кеш ұйықтау арқылы сіз ағзаңызға күш салып, түрлі ауруларға шалдығу қаупін күшейтесіз. Сондықтан, кеш ұйықтаудың зиянды жақтарын біле жүріңіз.

1. Созылмалы шаршау

Адамда қалыпты ұйқы болмағандықтан уақыт өте келе ағзада ішкі стресс артады. Нәтижесінде, созылмалы шаршау және өзін-өзі қайта қалыпқа келтіре алмау туындайды.

2. Сұлулықтан айырылу

Ұйқы ол әдемілікті сақтау үшін ең тиімді және толықтай тегін тәсіл. Себебі, ұйқы кезінде тері жасушасында регенерация жүріп, ұлпалар қайта қалпына келеді.......
Кеңестер
Толық
0 0

Бетті жұмсартуға арналған қоспа

Кез келген ару бетінің жібектей жұмсақ болғанын қалайды. Алайда ауа райына, терінің типі мен тамақтануға байланысты бетіміз майланып не құрғап кетеді. Бұл мәселені шешу үшін қанттан жасалатын скрабты қолданған жөн.

✔ Скрабты дайындау жолы:

✔ 1 стақан құрақ қанты мен жарты стақан кокос не миндаль майымен араластырыңыз. Бұл қоспаға қалауыңызша эфир майын қосуға болады.

✔ Дайын болған скрабты ылғалды теріге жағып, сумен жуып тастау керек. Гель не сабынмен жуудың қажеті жоқ.

✔ Қанттан жасалатын скраб басқа әдістерге қарағанда жұмсағырақ болып келеді. Ол бетті тек тазартып қана қоймай, оны ылғалдандырады. Егер бетіңіз құрғақ немесе нәзік болса, осы скрабты пайдалануыңызға болады. ......
Кеңестер
Толық
0 0