ҮНДЕМЕУДІҢ ӨЗІ ҮЛКЕН ӨНЕГЕ

Тіліне сақ болудың қадірін, "үндемегеннің үйдей бəледен құтылатынын" жан жүрегімен түсінген хан баласы үнемі үндемей жүруді өзіне əдет етіп алыпты. Үнемі үндемей жүргені соншалықты əке-шешесі оны ауырып қалды ма деп уайымдай бастайды. Хан елдегі ең жақсы деген дəрігерлерді шақыртып, ем жасатады. Бірақ бұдан еш нəтиже болмайды.
Содан күндерден күн өтіп, хан баласымен бірге аңшылыққа шығады. Жол жөнекей еш аң кездестіре алмай дал болады. Кенет бір бұтаның арасынан құстың даусы естіледі. Оқтаулы мылтығын дауыс шыққан жаққа қарай атып жіберген хан құсқа дəл тигізеді. Бұрқ етіп жерге құлаған құсты көрген бала еріксіз:"Үніңді шығарып нең бар еді, даусың жетті түбіңе" деп қалады.Мұны естіген əкесі баласының басынан періп жібереді. Сонда баласы:"Артық сөйлеп нем бар еді, тілім басыма таяқ боп тиді" деген екен.......
Кеңестер
Толық
0 0

Қонақ күту ережелері

Үйде қонақ күту – ғанибет саналғанымен, үлкен жауапкершілікті де талап етеді. Келген қонағыңыз өзін жайлы сезініп, риза болып кету үшін не істеу керек? Мұндайда күтіп алатын үй иесі мен оның әрекеттеріне көп нәрсе байланысты.

Үйімізге қонақтарды біз түрлі себептермен шақырамыз: әдетте Жаңа жыл, Наурыз сияқты мейрамдарда, мерей той, туған күн деген сияқты атаулы даталарда немесе жай кездесіп, әңгімелесіп қайтуға. Себебіне байланысты қонақтарды да соған сай шақыру керек.......
Кеңестер
Толық
0 0

Сіркесуын пайдаланудың жолдары

Әр ас үйінде ұзақ уақыт бойы қозғаусыз тұратын нәрселердің бірі – сіркесу. Оны үйде пайдаға асырудың жолдары бар ма?

✅ 1. Егер үйдегі кішкентай бала қабырғаға қаламмен жазып тастаса, таза сіркесуы оны тазарта алады.

✅ 2. Киім жуу кезінде, сабынды толық кетіру үшін шаю барысында ¼ стақан сіркесуын қосыңыз.

✅ 3. Киімнен дезодарант ізін кетіру үшін қолмен жуу кезінде ұнтаққа сіркесуын қосыңыз.......
Кеңестер
Толық
0 0

Бет тазалаудың кешкі ережелері

Кешке макияждан тазарту да бет күтімінің маңызды бір бөлігі. Өкінішке орай бетті тазартуға мән бермейтін не сабындап жуа салатын құрбыларымыз кездесіп қалады. Бетті дұрыс тазалау – әжімнің ерте түспеуінің бір кепілі болып табылады.

Кейбір бикештер «боянған жоқпын, сондықтан бетімді тазалаудың да қажеті жоқ» деп есептейді. Бұл – қате түсінік, себебі ауадағы шаң-тозаң тері бездерін бітеп, уақыт өте келе бет ажарының бүлінуіне әкеп соғады.

Ертеректе сабыннан басқа лосьонмен тазартқан болса, қазір сүт, тоник, гель сияқты түрлері өте көп. Тек дұрыс пайдалана білу қажет......
Кеңестер
Толық
0 0

Кеңестерді ұнатпайтын жандарға 7 кеңес

Біздің өміріміз белгілі бір заңдылықтарға құрылған. Бірақ кей адамдар осы заңдылықтарға бағынғысы келмейді. Оларға өзгелердің де кеңесі ұнай бермейді, оларға біз мынадай кеңес бере аламыз. Ешқашан ойға келмеген тың идеяларды ойлап көріңіз, оның жүзеге асуын да қадағалаңыз, ойыңызды шындыққа айналдырыңыз.

1. Жұмысты бағындыру

Біреулер таңнан кешке дейін отырып жұмыс жасайды, біреулері пернетақта алдында ұйықтап кетеді, енді бірі жұмыс уақытының 99%-ын бос уақытпен өткізеді де, соңғы 1%-ында бір күндік тірлігін бітіріп тастайды. Кей адамдар жұмыс уақытын белгілі бір кестемен өткізсе, кейбірі бар тірлігін таймермен есептейді. Сіз де өз жұмысыңызды өзіңізге икемдеп алыңыз, ересек адам қалай және қандай жұмыс жасайтынын өзі шешеді.......
Кеңестер
Толық
0 0

Әдет

Әдет— адамның күнбе-күнгі тіршілік қажетіне байланысты қалыптасқан тұрақты мінез, іс-қимыл ерекшелігі. Әдеттің ұнамды, ұнамсыз түрлері болады. Әдеттеріңіз қандай, саралап көріңіз. Себебі, әдет кедейлікке де әбден алып келе алады.

1. Өз өзін аяушылық
Кедей болатын адамдар өздеріне үнемі аяушылықпен қарайды. «Менің пешенемде бай болу жазылмаған, тағдыр тым қатал» деумен өздерін өздері алдап жүреді. Әрине, жеке тұлға ретінде қалыптасып, өзіңіздің іс-әрекетіңізге рухани-адамгершілік тұрғысынан баға беріп, көп күш жұмсағанша, өзіңізді аяу — тамаша әдіс. Әсіресе, кедей болуға ұмтылсаңыз.

2. Сараңдық
«Жеңілдігі» бар ғана тауарды іздеу, «Жаппай сатылымдардан» қалт қалмау, өз баласының сапалы білім алуына ақша аяу, жеке фирмасының қызметкерлеріне неғұрлым кішкентай сомаға көбірек жұмыс жасату — кедейлік жолындағы екінші әдет.
Ал бай болатын адам әр заттың тиісілі құнын төлейді және өзінің көмекшілерінің еңбегін лайым жоғары бағалайды. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Тарих | Кеңес Одағының батыры Еңбекшіқазақ ауданының тумасы Рақымжан Тоқатаевтың өз бейнес батырлық тұлғасы

Міндеттері:
1. Рақымжан Тоқатаев жайындағы ғылыми әдебиеттерді оқып, талдап, саралау.
2. Ұлы Отан соғысы кезінде жеңіске қол жеткізуге атсалысқан батырларымыздың бірі Рақымжан Тоқатаевтың өшпес ерліктерін жаңғырту.
3. Халқымыздың біртуар азаматы жайында жан – жақты зерттеп, тарихқа беймәлім жақтарын ашу.

Өзектілігі: Рақымжан Тоқатаев – ғасырлар өтсе де, заман өзгерсе де өзі өмір сүрген заманы мен өмірінде еңбек етуден тынбаған, сол арқылы халыққа қызмет етуден жалықпаған бірден - бір тұлға екендігі жан - жақты дәлелдемелер арқылы ашылды. Оның кейінгі ұрпаққа қалдырған ізгі істері өз күшін жойған жоқ. Сондықтан, Рақымжан атамыздың ісін үлгі ету, сол арқылы адамгершілік рухы жоғары жас ұрпақты тәрбиелеу.

Болжамы: Рақымжан Тоқатаевтың ерліктерін зерттей отырып, оның өз заманында қалдырған баға жетпес мұрасы бүгінгі және келесі таңымыздағы жастарға ақыл - өсиет, тәлім – тәрбие ретінде сабақ болады......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Пайдалы Kеңестер

✅ 1. Айран. Айранмен қыз-келіншектер шашын айына 2,3 рет жуып тұру қажет. Айран шашты тез өсіреді, қалыңдатады.
Құрғақ бетке айран жағып тұру қажет. Әрі бетті ағартады.Шашыңызды күріштің суына тұз қосып жуыңыз. 2 күннен соң сусабынмен жуыңыз тез өседі.

✅ 2. Нан сода. Егер тамағыңыз ауырып ангенаңыз көтеріліп жөтел қоймаса 1 бакал қайнаған суды суытып 1шәй қасық нан сода мен тұз қосып тамағынызды шайыңыз. Күніне 2 рет шайып тұрыңыз.

✅ 3. Тұмау тиіп қалдыма онда кешке ұйықтар алдында 2 аяғыңызды ыстық суға салып қойыңыз. Күнде осылай жасап көріңіз нәтижесін көресіз.

✅ 4. Киімдегі дақ кетпи қалса тіс пастаны дақ жерге жағып әбден мыжып ыстық сумен жуып жіберіңіз. Киіміңізге сағыз жабысып қалса уайымдамаңыз. Сол сағыз жабысқан жердің үстіне 1 парақ газетті қойып жіберіңізде үтікті қыздырып басъңыз газеттің үстінен.

✅ 5. Ас үйдегі қазаныңызды тазалап жуу қиындаума? Шағыл құммен, күлмен жуыңыз жақсы кетеді.......
Кеңестер
Толық
0 0

Халық медицинасы Безеуге қарсы маскалар

Терінің ең көп тараған ауруы – безеу. Безеу көбінесе 14-16 жастағы балаларда болады. Бұл – жыныстық жетілудің уақытша қосымша әсері. Май бездерінің шығаратын өзегі бітеледі де оған ауру тудыратын микробтар түсіп, қабынады. Айналасындағы тері тығыздалып, қызарады да кішкентай түйін пайда болады, ол жиі іріңдейді. Олар уақытша пайда болады, бірақ терінің көп бөлігіне жайылып ауыруы мүмкін. Безеу бетті, кеудені, арқаның жоғары бөлігін зақымдайды.

Көптеген адам безеуден құтылу үшін қымбат дәрілермен, кремдер сатып алады. Негізі, безеуді үй жағдайында безеуге қарсы маска жасау арқылы емдеуге болады. Үй жағдайында безеуге қарсы маска жасау сіздің қаржыңызды үнемдейді. Үй жағдайында безеуге қарсы мынадай маскалар жасауыңзыға болады.......
Кеңестер
Толық
0 0

Балық майы сіздің денсаулығыңыздың қорғанышы

Таңданарлық нәрсе, бірақ медицина саласындағы ілгерілеу мен көптеген жаңалықтардың ашылып жатқанына қарамастан нәлім бауырынан жасалатын сол баяғы өзіміздің балық майы денсаулығымызды жақсартудың және өмір жасымызды ұзартудың таптырмайтын дауасы болып қалып отыр.

Дегенмен де, жаңадан шығып жатқан қазіргі технологиялар қажетімізге жарады деп айтсақ та болады. Өйткені балық майын қақалып-шашалып тура қасықтан ішудің қажеті жоқ, жай дәмсіз капсулаларды сатып алсаңыз болғаны. ......
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық
0 0