Пән: Әдебиеттік оқу Бөлім: Сәулет өнері Сабақ тақырыбы: Әлемнің кереметтері Вавилонның аспалы бағы Оқу мақсаттары: 3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып сын тұрғысынан бағалап оқу; 3.2.8.2 мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация, музыка (күй), мультфильм) нұсқасымен салыстыру. Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманы түсініп оқи алады. Көптеген оқушылар: шығармадан қажетті ақпаратты таба алады; көркем шығарманы сурет нұсқасымен салыстыра алады. Кейбір оқушылар: шығармадан қажетті ақпаратты ақпаратты тауып, салыстырады; көркем шығарманы сурет нұсқасымен салыстырып, қорытынды жасайды.....
Пән: Әдебиеттік оқу Бөлім: Сәулет өнері Сабақ тақырыбы: Керемет күмбез (Қожа Ахмет Йассауи кітабынан ) Оқу мақсаттары : 3.2.9.1 Шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильм нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру; 3.3.2.1 Шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу. Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мәтіннің мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап береді. Көптеген оқушылар: шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден ақпарат таба алады, мәтінді түсініп оқи алады. Кейбір оқушылар: нақты ақпатты тауып, өз ойын айтады, сөздерді/сөйлемдерді сауатты жазады......
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Әлемнің жеті кереметі Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның жеті кереметінің бірі – А.Яссауи кесенесі. Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.2.1.1. мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты ақпаратты анықтау, түсіндіру. Сабақтың мақсаты: Оқушылар: - Мәтінді түсініп оқиды; - мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды; - мәтіннен детальді ақпаратты анықтап жазады......
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Әлемнің жеті кереметі Сабақтың тақырыбы: Әлемнің жаңа жеті кереметіне саяхаттау Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.3.1.1. Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, қарапайым жоспар құру 6.4.1.1. тақырып бойынша жеке сөздер, бірге жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу. Сабақтың мақсаты: Оқушылар: Сөздердің бірге жазылу орнын біледі; Бірге жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады. Құрылымын ескеріп, қарапайым жоспар құрады. .....
Жеті кереметтің ең ежелгісі де, әрі біздің бүгінгі дәуірімізге жеткені де – осы Мысыр пирамидалары. Пирамидалар Нілдің солтүстікбатыс жағалауындағы сансыз қабірлер мен ғибадат-ханалар тұрғызылған өлілер қаласының үстіне салынды. Пирамидалардың ең көнесі – 5000 жыл бұрын тұрғызылған Джосер пирамидасы. Сәулетшісі ежелгі Египетте дәрігерлік, фило-софиялық және ғылыми еңбектерімен танылған Имхотеп атты шебер еді. Джосер пирамидасы – көп сатылы құрылыс. Сансыз басқыштар арқылы аспанға өрлей береді. Мұның идеясы перғауындардың жердегі қарапайым халықтан биік, құдіретті екенін бар әлем-ге паш ету еді. Қаншама қажырлы еңбек пен адам өмірі жұмсалған бұл құрылыс Хеопс, Хефрен және Микрен пирамидаларымен жалғасын тапты. Көлемі жағынан ең үлкен пирамида – Хеопс пирамидасы. Бүкіл жиған-тергеніне көзінің тірісінде Хеопс перғауын 20 жыл ішінде осы пирамиданы салдырды. Биіктігі 147 метр, әр қырының ұзындығы 232 метр бұл құрылысқа 2,5-3 тонналық 2 миллион 300 мың тас блоктары қолданылды. Галикарнас кесенесі Кіші Азиядағы шағын қа-лалардың бірі Галикарнас-тың әкімі патша Карий Мавсол б.з.д. 351 жылы дүние салады. Патша мұрагерле-рі жер-жерлерден әйгілі құ-рылысшы, қолөнершілерді шақыртып, патшаның зиратын тұрғызады. Кесене салу ісінде шығыстың құрылыс стилі (көп қырлы пирамидалар) мен гректің ионикалық стилі байланыстырылған. Кесене екі қабаттан тұрады, биіктігі 40-45 метр. Ол тек биіктігімен емес, грек еліне белгілі Скопас, Леохар, Бриансид, Тимофей секілді әйгілі мүсіншілердің қолынан шыққан әр алуан мүсіндер арқылы көркемделуімен де ерекшеленеді. Мавзолей шамамен алғанда 1800 жыл сақталып келді. Ағылшын археологы Ч.Т.Ньютонның айтуынша, ХV ғасырда крестшілер мавзолейді бұзып, оның құрылыс материалдарын Эгей теңізінде қасиетті Петр сарайын (қазіргі Түр-кияның Бодрум қаласы) са-луға пайдаланған. Мавсол патша мен оның әйелі Артемисаның табыттары, мүсіндері және басқа дүниелері қазір Лондондағы Британ мұражайы мен Ыстамбұлдың археологиялық мұражайында сақтаулы. Артемида ғибадатханасы Ғибадатхана гректердің аңшылық құдайы болған Артемида құрметіне б.з.д. VII-VI ғасырларда Эфес жерінде салынған. Херсифрон атты сәулетші ғибадат-хананы сол кездегі құрылыс әдістерінің бірі – ионика ордерінің стилімен тұрғыз-ған болатын. Құрылыстың сәтті шыққаны соншалық, Грекияның түкпір-түкпірінде осы ғибадатханаға стиль жағынан ұқсас құрылыстар да салына бастады. Алайда Артемида ғибадатханасының ғұмыры ұзаққа бармады. Біздің заманымызға дейінгі 356 жылдың 21 шілдесінде атаққа шөлдеген есер Герострат деген біреу түн ішінде ұрланып келіп, сәулетті сарайды өртеп жібереді. Аңыздар желісі бойынша, Ескендір Зұлқарнайын дәл осы ғибадатхана жалын құ-шағына оранған түні өмірге келеді. 25 жылдан кейін Ес-кендір патша ғибадатхананы қайта тұрғызуға әмір береді. Сәулетші Дейнократтың басқаруымен салынған жаңа құрылыс алғашқы ғибадат-хананың жобасын сақтаған-мен, одан сәл биіктеу болатын. Ғибадатхананың ауданы 110х55 метр, құрылысты қоршап тұрған бағаналардың биіктігі (барлығы 127) 18 метр болған. ....
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Әлемнің жеті кереметі Сабақтың тақырыбы: Әлемнің жеті кереметін уақыт өте жаңғыртып тұру керек? Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.3.4.1. эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсету жазу (келісу-келіспеу эссесі) Сабақтың мақсаты: Оқушылар: Келісу-келіспеу себептерін дәлелдеп эссе жазады; эссе тақырыбынан ауытқымайды.....