Ертегі: Кедей қызы мен хан баласы

Бұрынғы заманда бір хан халқын жинап, жарлық шашады:

— Менін жасым болса ұлғайды, төрімнен көрім жуық, менің орныма хан сайлап алыңдар, – дейді.

— Тақсыр, хан өлсе, ханның баласы хан болады, баласыз емессіз ғой, балаңыз хан болады, – дейді.

— Ал, ендеше, балам бүгіннен бастап хан болады, соған бағынасыңдар, – дейді хан. Баланың әке-шешесі өліп, арулап қояды. Бала бірнеше жыл хан болып тұрған соң халқына айтады:

— Ержеттім енді үйленгім келеді, – дейді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Тышқан мен мысық

Мысық пен тышқан дос болыпты. Бір күні екі дос келе жатып, бір құмыра май тауып алыпты.

Мысық білгірсініп:

— Құмырадағы майды қыста жейік, – деп, шұңқыр қазып, көміп тастапты. Күндер өте береді. Қыс келеді. Аяз қысып, қарны ашып жатқан мысықтың есіне өзі көміп қойған құмырадағы май түсіпті. Енді мысық сылтауратып:

— Тышқан, менің апам ұл тауыпты, соған той жасайды екен, мені шақырып кетті, – дейді де кетіп қалады. Сонан соң құмырадағы майдың төбесін ғана ойып жеп қайтады. Алдынан тышқан шығады.

— Бөбектің атын кім қойдыңдар? – деп сұрайды.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Шал мен кемпір

Ертеде бір шал мен кемпір болыпты, олардың күйеуге бермеген үш қызы бар екен. Бір күні шал кемпірге айтыпты: «Біз енді қартайдық, бұларды асырай алмаймыз, оларды тастап кетейік» – дейді. Қыздардың үшеуіне үш шелек беріп суға жібереді. Шелектердің түбі тесік екен, қыздар күн бойына шелекті толтыра алмай әуре болып жүреді. Кешке жақын үйге қайтып келсе әке-шешесі жоқ. Сонда үлкен қыз айтыпты:

— Шешем мені жақсы көрмейді екен, маған басымды тарайтын тарақ тастап кеткен жоқ, – депті. Екінші қыз айтыпты:

— Шешем мені жақсы көрмейді екен, маған айна қалдырмаған.....
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Мысық пен қоян

Жаз күнінде мысық пен қоян кез келіп, екеуі сөйлеседі. Қоян айтады: «Екеуіміз ажыраспайтын дос болалық», – депті. Сонда мысық айтады: «Олай болса, жақсы болды. Менің балаларымды сенің балаларыңның үстіне алып барайық», – дейді. Екеуі балаларын жөнелтіп, бірге жатып жүреді......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Қу түлкі

Жолбарыс бір Түлкіні ұстап алады. Түлкі құйрығын бұлаңдатып, тұмсығын жоғары көтеріп:

— Мені жей алмайсың! Мен осы орманға қожалық етуге келгенмін, – дейді.

Жолбарыс Түлкіге олай бір, былай бір қарап, сенбей:

— Мүмкін емес, – дейді.

— Сенбесең, менімен бірге орманға жүр. Ондағы барлық аңдардың менен қалай қорқатынын өз көзіңмен көр, – дейді Түлкі.

— Жарайды, көрсек көрейік! – дейді Жолбарыс.......
Ертегілер
Толық
0 0

Шығарма: Шымкент - сүйікті қалам

Менің сүйікті қалам - Шымкент. Ол - Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы. Басқа облыстарға қарағанда халық өте көп шоғырланған. Өйткені климаты жылы, ауа-райы жайлы болып келеді. Қаламыздың көкорай шалғын шөптері, ағаштары, жайқалған гүлдері оны одан әрі әсем етіп, көркем етіп көрсетеді. Шымкентті «жасыл қала» деп аталуының бір себебі де осы. Шымкенттің айналасында Бадам және Арыс өзендері ағып өтеді.......
Шығармалар
Толық
0 0

Ертегі: Ай неге жалаңаш қалды

Бірде ай өзіне көйлек тіктіріп алмақ болыпты. Тігінші айдың бой тұрқын өлшеп алады да көйлекті пішіп, тігуге кіріседі. Уәделескен шағында Ай көйлегін алуға келсе, көйлегі әрі тар, әрі қысқа болып шығыпты.
— Иә, мен қателескен екем, - дейді тігінші. Сөйтіп, көйлекті қайта пішіп, қайта тіге бастайды. Уәделескен мерзім жақындап, Ай көйлегін алуға тігіншіге тағы келеді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Әкесі мен баласы

Бір кісі өмірінде өтірікке ешкімді алдына салмаған суайт екен.

Бұл кісі баласын баулып, өзіндей өтірікші қылыпты. Баласы әкесінен де өтірікке астам болыпты. Әкесі баласының асқандығын барлайын деп бір күні дөңге тұрғызып баласына жорта:

— Балам, көзім жетіңкіремей тұр, анау қабақтағы бұлдыраған киік пе, немене, десе, баласы:

— Е, ананы айтасың ба? Ол арқар емес пе, баурында егіз қозысы еміп тұрған, – депті.......
Ертегілер
Толық
0 0

Шымкентте қыздың жасауын апару қанша тұрады?

Қыз тұрмысқа шыққанда артынан алып баратын дүние-мүлкі қыруар қаржыны талап етеді. Әрине, елдің әр өңірінде қыздың жасауына деген көзқарас әрқилы. Бірақ, оңтүстік жақта бұл дәстүрге аса мән беріледі. Тіпті ел арасында «қыздың артынан барған дүниесі жаңа түскен келіннің абыройлы болуына тікелей қатысты» деген пікір тарап жүр.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Ертегі: Түлкіні алдаған қаз

Түлкі жайылып жүрген бір қазды ұстап алады. Оны біраз мазақтайын деп ойлайды. Қазды алдыңғы екі аяғымен басып тұрады да, мұртынан күліп:
Е, қаз, сенің қолыңа мен түссем, не істер едің? – деп......
Ертегілер
Толық
0 0