Ертегі: Пиғылсыз байдың сазайы

Ерте, ерте, ерте кезде Қызылкиік деген жерде, Базар деген бай болыпты, төрт түлігі сай болыпты. Ошарылған малы бопты, он төрт үйлі жаны бопты. Қайыстай қара қатынын ханымдай көріпті, қисапсыз малын жанындай көріпті.

Сол байдың он тоғыз жыл малын баққан Мергенбай атты құлы болыпты. Мергенбайда бала болмапты. Әйелі бай аулының тезегін теріп, терісін керіп, отымен кіріп, суымен шығыпты. Өз үйіне де кіруге шамасы болмай, жұмыс істеп жүре беріпті.

Күндердің күнінде байқұс күң өзінің жүкті болғанын біліп Мергенбай екеуі оңаша әңгіме дүкен құрыпты.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Жартыетек

[quote ]Бір байдың тоғыз ұлы болыпты. Бай сегіз ұлын үйлендіріп, отау түсіріп, енші береді. Ең кенжесі Жартыетекті үйлендірмейді. Жартыетек өркеуде, есерсоқтау, басқанын айтқан ақылына көне қоймайтын, кімнен болса да тайынбайтын жігіт екен. Жартыетек бір күні әкесіне:

—Әке басқа ұлдарыңды үйлендіргенде мені неге үйлендірмейсің? Малың жетпей ме? – депті. Сонда әкесі:

— Е, балам, дәулетімді аяп отырғаным жоқ. Ел-жұртқа пәленшенің баласынша деген ұятқа қалдыра ма деп өзіңе сенбей отырмын, – депті

— Сонда мен басқа ұлдарыңнан жаман болғаным ғой!?

— Жоқ жаман емессің, бәрінен де өжетсің. Тек өзіңнен басқаның ақылын алмайсың, өлеріңді білмейсің, – дейді әкесі.

— Мен ақыл мен қайраттан кенже емеспін. Өз ақыл қайратыммен......[/quote]
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Иттің сырттаны

Бір жолаушы ұзақ сапар шегіп, әлден уақытта иен далаға шығыпты. Күн төбеден ауып, бесін шамасы болған кезде, соңынан бір қасқыр ілесіпті. Кеш батып, күн ұясына тақай бастағанда, әлгі қасқыр бір-екі рет боздай ұлып, дыбыс берген екен, әп-сәтте жан-жақтан бір үйір қасқыр жиналып қалыпты.
Жолаушы қатердің төнгенін сезеді де айналасына көз тастайды. Қараса, көз ұшынан қарайған ағаштың сұлбасы ......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Кішкентай Мук жайлы ертегі

Ертеде аласа бойлы, шағын денелі бір адам өмір сүріпті. Оның есімі Мукраһ болатын. Алайда ел оны Кішкантай Мук деп атаушы еді. Бойы бар болғаны үш футтай ғана болатын адамға осындай есім әбден лайық. Оның денесі шағын болғанымен, басы басқаларға қарағанда ерекше үлкен болатын. Мук үлкен үйде жалғыз өзі тұратын. Егер ай сайын белгілі бір күнде серуендеуге шықпаса, ешкім оның өлі-тірісін білмеуші еді. Оның көшеге шыққаны балалар үшін үлкен мереке болатын. Айына бір рет ашылатын есіктен әуелі үлкен сәлде ораған үлкен бас шығатын. Содан кейін өңі тозған шапан киген шағын денесі көрінетін.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Боз атты Боран батыр

Ерте заманда жезтырнақ деген жыртқыш шығып, адам баласына ауыр зиян салып, елді көктетпей қойыпты. Ешкім оған батып бара алмайды екен. Барған адамды жезтырнақ жамсатып отырыпты. Бір күні Боран батыр боз атына мініп, жезтырнақтың мекеніне қарай жалғыз тартыпты. Оған жолдас болуға ешкім шықпапты. Батыр «ер азығы мен бөрі азығы жолда» деп азық алмай, жолаушылап жүріп кетеді екен. Боран батыр жезтырнақ мекендейтін қалың жыныс орманға келіп, бір дәу арқарды атып алады да оның еті, бауырын қоламтаға көміп қойып, боз атты байлап тастап от басында қамсыз отырады. Бір кезде жезтырнақтың дыбыры шығады. Боз ат кұлағын қайшылап, тықыршып осқырып тұрады. Боран батыр оны елемегенсіп отыра береді. Сәлден соң жезтырнақ Боран батырдың қарсы алдына келіп, бір тізерлеп отыра кетеді. Бұл кезде Боран батыр қоламтаға піскен бауырды алып, кесіп жеп отырады. Боран батыр қолындағы болат семсердің ұшына шаншып, томардай бауырды жезтырнаққа ұсынса, жезтырнақ семсердің ұшын «тырс» еткізіп кесіп, бауырмен бірге алып қалады. Бұдан Боран батыр титтей де сескенбейді. Саптама етігінің......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Жезтырнақ

Бұрынғы уақытта бір Шора батыр деген бопты дейді. Бұл Шора батыр өзі бай екен, өзі мерген екен, өзі сондай сауық құрып жүретін адам екен. Бірақ та басқа кішкене тапшы болса керек. Бұл адам жылына, я болмаса, екі жылда бір рет ылғи мергендікпен сауық құрып, бірнеше жолдасымен ел бармаған, жұрт бармаған жерге кетеді екен. Тоғайға, тауға барып аң аулап, бір ай, екі ай, болмаса, үш айға дейін далада жүріп қайтады екен.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Өліп тірілген қыз

Бір жарлы шал болыпты. Оның бір ұл, бір қызы болыпты. Ұлы мен қызы он жеті-он сегіз жасқа келгенде шалдың кемпірі қайтыс болыпты. Кемпірі қайтыс болған шал қолыңдағы бірлі-жарым ірі қарасы мен жиырма шақты ұсағын беріп, өзі сияқты бір кедейдің жалғыз қызына баласын үйлендіріпті. Шалдың келіні асқан сұлу болыпты. Үйленген соң көп кешікпей шалдың ұлы қайтыс болыпты да келіні жесір қалыпты. Шал келіні мен қызын асырап отыра беріпті. Келіні басқаға тұрмысқа шықпапты.

Күндерде бір күн шалдың үйіне үш кісі келіп қонады. Оның бірі қарапайым киім киіп, ел арасына сейілге шығып жүрген басқа бір елдің ханы екен. Оның көзі шалдың сұлу келініне түседі де:

— Мына келініңе құда түскім келеді, қалыңды мол берейін, маған бер, – деп шалға қолқа салады. Сонда шалдың келіні:

— Мен атама ұл орнына ұл, қыз орнына қыз болып отырмын. Маған үйленем десең, малдың керегі жоқ, атам мен қайын сіңілім......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Жағымпаздың соңғы қатесі

Бағзы заманда бір қаланың ақкөңіл әрі өте жақсы бір басқарушысы болыпты. Басқарушы таныса да, танымаса да елдің бәрімен амандасып, жағдайын сұрайды екен. Өзіне ісі түскендерге де қуана көмектеседі.
Бұл ақкөңіл басқарушының бір жаман мінезі кім не десе соған бірден сенеді екен.
Күндердің күнінде басқарушының жанына жағымпаз және өзімшіл бір көмекші тағайындалыпты. Бірақ ол қала халқына мүлде жақсы қарамапты. Көңілінен шыққанға көмектесіп, көңілі қаламағанға көмектеспепті. Әрі ұнатпаған адамдарын басқарушыға жамандайды екен.
Уақыт өте келе қала тұрғындары оған ренішін білдіре бастапты. Халықтың басқарушыға деген көзқарасы да бұрынғыдай емес, өзгере бастапты. Халықтың бұл наразылығы падишахтың да құлағына жетіпті.......
Ертегілер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Бағдарламалау | Шымкент қаласы Самал мөлтек ауданындағы учаскелердің орналасуының электрондық картасын жасау

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында жаңа ғасырдан бастап компьютер технологиясына көп көңіл аударылуда. Яғни Қазақстан Республикасының барлық аумағын компьютерлендiру қолға алына бастады. Осы жұмыстардың нәтижесiнде Қазақстан Республикасының азаматтары республиканың кез-келген нүктесінде тұруына қарамай жаңадан келген жаңалықтармен таныс болып отырады. Тәжірибеден білетініміздей уақтылы алынған информация - бұл өлшенбейтін байлыққа тең. Осылардан келiп шығатыны информациялық технологияның дамыған ғасырында компьютерлік техниканы қолданбай жұмыс істейтін мемлекеттік және коммерциялық мекемелер, жоғарғы оқу орындары және т. б. көптеген салалар кемде-кем деп айтсақ та болады. Информациялық технологиялардың дамуы қолданбалы математиканы инженерлік ізденістерде қолдануға кең жол ашып берді. Өмірімізге өндірістік, технологиялық және инновациялық процесстермен бірге информациялар ағыны кіріп келді. Кез келген маман экономиканың өтпелі кезеңінде, өз міндетін жаңа талаптарға лайықты етіп орындау үшін, информациялық технологиялармен жұмыстарын шеберлікпен жүргізе білуі қажет. Қазіргі кезде информацияны пайдалана және жоғары деңгейде талдай білген маман әрқашан сұраныста.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Ертегі: Үббе қаласында болған Аманқұл

Қазақтар бұрынғы бабаларының айтып кеткен әрбір түрлі ертектерінен естіп, Үббенің суда болатындығын біліпті.

Бағзы уақытта адамдар суда жүргендерінде қорқыныш бола қалса: «Маған тиме!» – деп айқайлайды екен.

Өткен заманда бір қалада Аманқұл атты кісі болыпты. Аманқұлға қатыны:

— Тамақ пісіруге су жоқ, – деген соң, су алып келейін деп, қолына......
Ертегілер
Толық
0 0