Ертегі: Әбдірахман патша

Бұрынғы заманда Әбдірахман деген патша болыпты, оның үш баласы болған екен. Үлкенінің аты - Ахмет, ортаншысы – Сахмет, кенжесі – Жебірейіл екен. Әбдірахман балалары ержеткенше, ешқайсысына қыз айттырмапты. Жиырма үшке толған үлкен баласы Ахмет әкесіне келіп: «Маған қыз айттыратын уақыт жетті емес пе, әке!» – депті. Әбдірахман патша мұнысын мақұл көріп: «Балам, айтқаның болсын, әуелі үйге барып, қолыңа жүген ал, жылқыға барып, қалағаныңды ұста, ер-тұрманыңды сайла, қару-жарағыңды ал, алты айлық азығыңды ал да маған кел, барар жол, қылар ісіңді кейін айтамын», – дейді......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Ер Төстік

Ерте заманда Ерназар деген кісі болыпты. Ерназардың өзі бай болыпты. Қора толған қойлары болыпты. Матау толған түйелері болыпты. Өріс толған жылқылары болыпты. Ерназардың сегіз ұлы болыпты. Бір жылы үлкен жұт болып, ел малын алысқа, отарға айдап кетіпті. Ерназардың сегіз ұлы соның ішінде кетіпті. Бір қыстық азығын алып, кемпірі мен Ерназар үйінде калыпты. Ерназардың сегіз ұлы сол кеткеннен хабарсыз кетеді, айлар өтеді – келмейді, жылдар өтеді – келмейді. Ерназардың азығы таусылады, ашықты, жейтін тамақ таппады. Кемпірімен екеуінің орнынан тұруға әлдері әрең-әрең келеді.
Бір күні кешке жақын кемпір төсегінен тұрып, үйдің түндігін ашады. Тұруға мұршасы келмей жатқан шал шаңыраққа қараса, шаңырақтың күлдіреуішінде керулі тұрған кер биенің төстігі көзіне түседі. Ерназардың қуанып, есі шығады......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Қали мен Қази


Бұрынғы заманда Қали мен Қази деген ағайынды екі жігіт болыпты. Екеуі бірнеше жыл жер астында жүріп, өнер үйреніп еліне оралады. Келсе, ел-жұрты бұл екеуін танымайды. Екеуінің де тырнақ, шаштары алынбаған, денелерін түк басып кеткен. Бет-әлпеттері адам шошырлық екен.

Екеуі елге сыя алмаған соң, бір дарияға барып, Қали балық болып жүзіп, Қази құс болып ұшып кетеді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Қара жігіт

Қадым заманында, жайқын теңіздің қабағында, бір күшті ханның уалаяты тұрады екен. Бұл уалаятты Темір мырза деген ұлы хан билеп тұрады екен. Бұл бай жақсы, рақымды адам болмапты. Күндей күркіреп, халыққа атағы жайылып тұрыпты. Ханның қазынасында неше түрлі асыл тастар, неше түрлі ою-өрнек салған ыдыстар бар екен. Дүниеде мұнан бай адам болмапты. Барша халық мұның байлығына таң қалып, сәлемге келіп жүреді екен.

Бұл ханның бір қымбатты дүниесі болыпты, оған бұл дүниенің қазынасы тең келмейтін. Ол қымбат дүние – оның Зайра деген қызы еді. Мұның сұлулығы ешбір адамда жоқ сұлулық. Оның шашына желдің самалы тимеген, ал қара көздеріне күннің сәулесі түспеген екен.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Қарахан

Қарахан деген қадірлі хан болыпты. Қырық уәзірімен бір жерге сейілге шығыпты. Әлгі сейілге шыққанда, қырық уәзірдің қасында қырық кісі бар екен. Сейілге шығып жолда келе жатқанда, Қараханның қамшысы түсіп кетеді. Сол арада көп кісі – қырық уәзір, қырық кісі, тегісімен атынан түсе қалып, ханның қамшысын әпермекші болады. Тигені қамшыны ұстап, тимегені тек ұмтылып, бәрі де ханға құрмет қылады. Сол кезде Қарахан ат үстінде тұрып ойлап: «Япыр-ау, бір қамшы үшін қырық уәзірім мен қырық кісі бірдей түсіп, құрмет істегендей, мен сонша қадірлімін бе? Халық жақсы құрметтейді екен ғой»,— дейді. Мен бұған шүкіршілік қылайын, халықтың маған істеген сол құрметіне......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Қарахан ертегісі

Қарахан қырык уәзірімен бір жерге сейілге шығыпты. Сейілге шыққанда қырық уәзірдің қасында қырық кісі бар екен. Көп кісі сейілге шығып жолда келе жатқанда Қараханның қамшысы қолынан түсіп кетеді. Сол арада көп кісі бөгеліп, қырық уәзір мен қырық кісі аттан түсе қалып ханның қамшысын әпермекші болады. Тигені қамшыны әпереді. Тимегені тек ұмтылып, бәрі де ханға құрмет қылады. Сол кезде Қарахан ат үстінде тұрып ойлап:

— Апырау, бір қамшы үшін қырық уәзірім мен қырық кісі бірдей түсіп құрмет істегеніндей мен сонша қадірлімін бе, мені халық жақсы құрметтейді екен ғой, – дейді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Қайсар Гүл жайлы ертегі

Мұнда қашан түскенін білмейді. Жер бауыры жылынғалы өзінің бас көтергісі келіп, ерекше бір сезім өн бойында тулап жатқанын сезді. Бірақ, еңсесін қанша көтерейін десе де, бойын тіктей алар емес. Әсіресе соңғы кездері жаңбыр көп жауып, топырақпен бойына нәр жүгіргелі асау сезім тіпті бұлқынып кетті. Бұрынғыдай емес, денесіне жылу да көп келетін болды. Ол өзін құрсауынан шығармай тұрған асфальттан сұрады:

— Білесіз бе, маған бұл жерден басқа бір керемет......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Жаһанша

Бар екен де, жоқ екен, аш екен де, тоқ екен. Ертегім ертек екен, ешкілері бөрте екен, қырғауылы қызыл екен, құйрық жүні ұзын екен, мұзға мінген екен, бұты тоңған екен. Өткен заманда бір патша болыпты. Оның баласы болмаған екен.

Бір күні уайымдап отырғанда уәзірі келіп:

— Ей, патша, неге қапа боласыз? – депті.

Сонда патша айтыпты:

— Балам жоқ, оны өзің де білесің. Мен өліп кетсем менің орныма әлдекім ие болады, – дегенде уәзірі бір кітапқа қарап айтыпты:

— Сіздің қатыныңыз жүкті, тоғыз ай, тоғыз күн дегенде бір ұл туады. Ол ұлыңыздың атын Жаһанша қоясыз, – депті. Айтқанындай......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Зерделі бала

Ерте заманда бір ауылдың апта сайын бір тайыншасы зым-зия жоғала беріпті. Бұл ауылдың адамдары жабыла іздесе де ешбір із-түзін біле алмапты. Тіпті көрген-білген, сезік алған бірде-бір адам болмапты.

Сол ауылдың басы қазандай, сәлдесі дағарадай Жақып деген молдасы болыпты. Молда күн сайын ұзақ намаз оқып, оның соңынан көзін жұмып алып, жарты құлаш қара ала таспиғын тартып отырып:

Айналайын, таспиғым сенен,

Ешкім күмән қылмас менен.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Жүсіп мерген

Бір күні Жүсіп шиті мылтығын алып келе жатса, бір ағаштың басында қарақұс отыр екен. Жүсіп атайын деп оқтала бергенде, қарақұс: «Мерген, сен мені атпай-ақ қой», – дейді. Әуелі таң қалған Жүсіп аз ойланып: «Осы қарақұстың тірі жүргенінен өлгені артық болар», – деп, атуға екінші рет оқталады. Қарақұс тағы да: «Мерген, мені атпай-ақ қой!» – дейді. Жүсіп тағы да ойланып, үшінші рет қарақұсты қарауылға алғанда: «Мен сенің қолыңа қонайын, сен мені бақ», – дейді.
Жүсіп құстың айтқанын жасайды. Бір күні қарақұс Жүсіпке:
— Сен арқама мін, орманға апарайын, – дейді де Жүсіпке арқасын тосады. Жүсіп құстың арқасына отырып, қалың тоғайға келеді......
Ертегілер
Толық
0 0