Ертегі: Хан мен уәзір

Ертеде бір хан және онын ақылды уәзірі болыпты. Хан мен уәзір үнемі ел аралауға шығып тұрады екен. Бір күні уәзірімен ел аралауға шығыпты. Шыққанда, жаман киім киіп: «Елде кім ханды жақсы көреді екен?» – деп, жасырын жүріп, тың тыңдайды. Сол аралаумен жүріп, бір кедейдің үйіне келіп, қонуға рұқсат сұрайды. Ол кедейдің қатыны толғатып жатыр екен. Үй иесі:

— Әйелім босанғалы жатыр, – деп, қондырмайды.

Толғатып жатқан әйел:

— «Қырықтың бірі қызыр» деген қондыр, – дейді күйеуіне. Үй иесі қонақтарды қондыруға рұқсат береді.

Сөйтіп, екі қонақ отырады. Әлден уақытта толғатқан әйел босанып, еркек бала табады. Бала шырылдап жерге түскенде ханның уәзірі мырс етіп күліп жібереді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Алтын – айдар

Бір хан болған екен, оның екі қатыны болыпты. Олар бала таппапты. Сол уақытта бұл бай сапарға шығуға ойланып, қатындарына айтыпты:
— Мен келгенше не істеп, не тауып қоясыңдар? – депті.
Сонда үлкен қатыны айтыпты:
— Мен сен келгенше алтыннан әдемілеп үй салдырамын, – депті.
Кіші қатыны айтты:
— Мен алтын айдарлы бір ұл, бір қыз табамын,– депті, – ол баланың аты Алтын Айдар болады,– депті.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Өнерпаз Патшайым

Ерте, ерте, ертеде, бір хан болыпты. Ол өзіне жар іздепті. Сөйтіп, ол әрбір қаланы аралап шығыпты. Бірақ, өзіне лайықты қыз таба алмапты. Оның арманындағы қыз өте ақылды, өнерлі болған.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Қожанасырдың май сатып алуы

Бір күні Қожа май сатып алу үшін базарға барады.

Әйелі оған бір кесе беріп:

— Мына кесеге еріген май құйғызып әкел, - деп тапсырады. Қожа май сатушыға келеді. Қожекең майды ыдысының шамасынан көбірек алады. Ол майды ......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Жолы болғыш үшеу

Бір адам үш ұлын қасына шақырып алып:

— Мен қартайдым, - депті, — дәм-тұзым таусылар мезгіл жеткен сияқты, сендердің қамдарыңды ойлайтындай уақыт туды. Менің сендерге қалдырар ақшам жоқ, қазір үшеуіңнің қолдарыңа ұстатқалы отырғаным да арзан қолды дүниелер. Жолға шығуға қамданыңдар, менің сендерге бермек болып отырған заттарымды көзі көріп, құлағы естімеген елді табуға аттаныңдар. Алда-жалда ондай тапсаңдар, үшеуің де бақытты боласыңдар, мұратқа жетесіңдер......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Сауысқан

Тыным таппай сүйреңдеп, көп сөйлей бергендіктен, сауысқанның тілі аузына сыймай, ісіп кетіпті. Ақыры, ас-су ішуден қалыпты. Енді қайту керек? Сауысқан ешбір амал таба алмапты. Сонан соң тырнаға жалыныпты.
– Тырна тілімді емдеп бере гөр! Сені қандай дерт болса да емдейді дейді ғой, шөптен дәрі жасайды екенсің......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Қасиетті құдық

Баяғы заманда бір хан болыпты. Ханның жалғыз баласы болыпты, дәулеті сонша - бір өзеннен тоқсан мың жылқы суарады екен. Жылқыларын қайда суарса да су шақ келмепті. Күндердің күнінде хан бір жерден екінші жерге көшіп, басқа бір құдыққа қоныс аударыпты.
Әлгі құдықтың қанша жыл суарса да суы таусылмапты, мөлдіреп шығады да тұрады екен. Хан бұл құдық бір қасиетті құдық екен деп, құдыққа келген сайын бір ту бие тастап кетіп отырады екен. Бірнеше жыл өткен соң, хан қатты ауырып, өлер алдында баласына айтады......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Атайдың қулығы

Мектептен қайтып бара жатқан кіп-кішкентай қыз, пәтер баспалдақтарынан әрең көтеріліп бара жатқан қарт атайды көріп қалады . Қолындағы ауыр жүкті көзі шалып , егде тартқан атайдың жанына келіп

-Ата қолыңыздағы жүктің жартысын маған беріңіз, - деп күлімдейді.

Ақ сақалды , нұр жүзді атай қыздың әдептілігіне қайран қалады. Үйіне жеткенше кішкентай қыздан

-Арманың не қызым? – деп сұрайды.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Қостаушы табылса өтірік айтушы табылады

Екі өтірікші бірі бастап, бірі қостап ел аралап, өтірік айтпақшы болыпты. Біреуі бір күн ілгері жүріп, ел аралап, қонған, түстенген жеріне, жолыққан адамына өтірік айта бермекші болыпты. Екіншісі бір күн кейін жүріп, сол жөнмен алдыңғы өтірікшінің айтқанын қостап, растап отырмақшы болыпты.

Өтірікті бастаушы бір ауылға келіп қоныпты. Ауыл адамдары:

— Жарқыным, жақсы-жаманнан не тіл бар? – десе, өтірікші:

— Ел аман, жұрт тыныш, жалғыз-ақ көкті көбелей, аспанды аралай көшіп......
Ертегілер
Толық
0 0