Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді. — Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? – депті.......
Ертеде бір өлкенің өте ақылды және ақкөңіл патшасы болыпты. Бұл патшаның жаһанда жалғыз ұлы болыпты. Патша ұлын жанынан да жақсы көріпті. Бұны білетін сарайдағылар патшаға жағу үшін кішкене бекзаданы мақтай береді екен. Біреулері «жер жүзінде біздің бекзададан асқан әдемі бала жоқ» десе, басқалары «дүниенің ең ақылды баласы» екендігін айтыпты. Енді біреулері оның қабілетін мақтап бітіре алмайды екен. Уақыт өте келе кішкене бекзада айтылғандардың бәріне сене бастапты. Дүниеде өзінен асқан ақылды және қабілетті бала жоқ деп ойлайтын болыпты......
Ерте заманда бір кедей етікші болыпты. Бала-шағасы көп екен. Үй-ішін асырау үшін ол ел аралап, қобдиын құшақтап жүріп, етік тігіпті.
Күндердің күнінде қобдиын қолтықтап, таныс емес бір ауылға аттанады. Бұрын жүрмеген жолы болған соң, етікші адасып кетеді. Түн болады. Ақырында, етікші далада жалғыз тұрған иесіз үйге кездеседі. Иесіз қыстаудың ішіне кірген етікші пештің үстіне шығып, қобдиын басына төсеп жата кетеді.......
Бұрынғы өткен заманда Жақсылық, Жамандық атты екі адам болыпты. Бір күні Жамандық жаяу жүріп келе жатса, артынан бір атты кісі жетіпті. Екеуі жөн сұрасып, қайда бара жатқанын білісіпті. Ол келген Жақсылық екен. Сонда Жамандық тұрып: — Жақсылық, сен мені артыңа мінгестіре кетші, – депті. Жақсылық: — Олай болса, сен қазір мына атқа мін де, біраз жер жүріп барып, түсіп, атыңды байла да өзің жаяу кете бер. Сонсоң мен жетіп, атпен біраз жерге жүріп, саған тағы байлап кетермін. Сөйтіп, баратын жерімізге кезек мініп жетейік. Екеуіміз мінгессек атқа қиын соғар, – депті. Сонан соң Жамандық атқа мініп алып, сол кеткеннен......
Бір қотыр торғай шеңгелге қонып отырғанда, жарасының қара қотырланған аузын шеңгелдің тікенегі сыдырып кетіпті. Торғай ашуланып: — Қап, бәлем, сені ешкіге айтпасам ба! – деп, ешкіге келеді. — Ешкі-ешкі, ана шеңгелдің сылдырмағын неге жемейсің? Ешкі: — Оны жемек түгіл, өзім лақтай алмай жатырмын.......
Ерте-ертеде жақсы тектен шыққан бір кішкентай теңіз балығы өмір сүріпті. Ол балықтың не деп аталатынын ғалымдар болмаса, әйтеуір, өз басым білмеймін. Әлгі балық ұлы бар, қызы бар бір мың сегіз жүз ағайынды еді. Және барлығы да бір кезде туған өзара егіз-тін. Олардың ешбірі не әкесін, не шешесін білмей-тұғын, шыр етіп дүниеге келгеннен-ақ өз күндерін өздері көріп жатқан-ды, қалаған жақтарына жүзіп кете баратын болғасын, оларға енді одан артық не керек? Судан таршылық көрмеді, өйткені көл-көсір......
Бейбарыстың әкесі дәулетті адам. Үйлері кең сарайдай. Шетелдік қымбат көліктері де бар. Бейбарыстың қалаған заты әкесінің арқасында қол жетімді болатын. Содан болар, ол тым еркетотай, әрі жалқаулау. Ал Бейбарыстың көршісі Жігердің әкесі еш асып-таспайтын, адамгершілігі мол, қарапайым момын жан. Жігер де қарапайым, еңбекқор, ақылды бала. Бейбарыс пен Жігер бір сыныпта, 7 «ә» сыныбында оқиды. Әрине, екеуінің ортақ ойлары болмағандықтан, отбасы жағдайына байланысты да достары бөлек.......
Сіздегі жапырақтың ең үлкені, әрине, түйежапырақ: алдыңа байлап алсаң белдемше, жаңбырда басыңа жамылсаң қолшатыр. Түйе жапырақтың аты затына сай, сондай үлкен! Ол жалғанда жалғыз-жарым өскен емес. Ұдайы біреуі бар жерде көп кездеседі, тіпті айтып жеткізгісіз мол мөлшерде. Және осы молшылық түгелімен ұлулардың тамағы. Ал енді ол ақ, үлкен ұлулардың өзін ертеректе мәртебелі мырзалар жейтін; ұлудан тағам әзірленіп, оны жеп отырған игі жақсылар: «Шіркін, қандай тәтті», деуді ұмытпайтын.......
Баяғыда бір әбден қаусап қартайған өлмелі кемпір болыпты. Ол сексенің үстіне шықса керек. Бір күні кемпір бақшаға барып, бір табақ бұршақ жинап алады да қайнатпақшы болады. «Қайнатып, қорек етейін»,— деп ойлайды.
Пешке от жағып, маздап кетсін деп, оттыққа бір уыс сабан тастайды. Сонсоң барып шөгенге бұршақ сала берген еді.......