Реферат: Биология | Картоп тұқым шаруашылығы

Қазақстанда картоп тұқым жүйесі үш буыннан тұрады.
Біріншісі, ғылыми мекемелердің биотехнология лабораторияларында, картоптың ең жоғары өсу нүктесі меристема бөлігі арқылы вирус, бактерия саңырауқұлақ ауруларынан таза, супер-супер элита тұқымын алу.
Екіншісі, элита өсіретін шаруашылықтар картоптың аудандастырылған сорттарын көбейтіп, сол облыстың барлық картоп өндіретін шаруашылықтарына сатып отырады.
Үшіншісі, сол картоп өндіретін шаруашылықтың өзіне керекті тұқым өндіретін танаптары. Өндірістегі картоп тұқымының дер кезінде ауысып отыруын қадағалау үшін, ғылыми мекемелер жобалаған және ауьш шаруашылығы министрлігі бекіткен тұқым жүйесін іске асырып отыру
Ғылыми негізделген мөлшер бойынша, жан басына 90 кг-нан шаққанда, Казақстанда бір жыдда 2300 мың тонна шамасында картоп өндіру керек.
Орта есеппен жылына 200 мың га жерге картоп егілгенде, оған 800 мың тонна картоп тұқымы қажет.
Қазақстандағы картоп тұқымы жүйесінде, тұқымын уақытында ауыстыру үшін 980 мың меристема өсімдігі, 14 мың тонна элита картобы керек.
Осы жүйе бойынша азықтық картоп егілген танапқа, жыл сайын картоп тұқымының 4-репродукциясы егіліп отырады. Себебі, көп жылдық мәліметтер көрсеткендей, Қазақстанда аудандастырылған картоп сорттарының 5-6 репродукциялары тұқымдық сапасын жоғалтып, өнімді өте аз береді. Вирус ауруларын асқыңцырмас үшін кейбір мемлекеттер (Голландия, Германия) азықтық картоп өсетін танапқа тұқымдық картоптың 2-ші репродукциясын пайдаланады. Ол үшін картоп өнімі өте жоғары және тұқым өндіру деңгейі сапалы болуы керек:
Ауа-райы қолайлы, вирус аурулары көп тарамаған аудандарда картоп тұқымын 4-5 жылда бір ауыстыруға болады. Қазақстанда калыптасқан тұқым өсіру жүйесі бойынша, картоп тұқымын 3-4 жылда бір ауыстыру тиімді.
Қазақстанда картоп тұқымын өсіретін облыстар 3 топқа бөлінеді:
1-топқа тұқымдық жүйе толық ғылыми жолға қойылған. Биотехнологиялық лабораториялары бар, ауа-райы картоп өсімдігіне қолайлы облыстар: Ақмола, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Казаақстан, Қарағанды, Қостанай, Батыс Казақстан.
2-топ картоп тұқымын таулы жерде өсіретін Алматы облысы.
3-бұл топқа азықтық картопты өздері егу үшін тұқымды басқа облыстардан тасымалдайтын облыстар: Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Атырау, Қызылорда Маңғыстау.
Тұқымдық картоп өсіру мәселесі толық жүйеге қойылған облыстарда тұқым өндіру мынандай сатылардан тұрады:
1. Ғылыми-зерттеу мекемелерінің лабораторияларында картопты биотехнологиялық әдіспен вирус, бактеря және саңырауқұлақ ауруларынан сауықгыру супер-суперэлита өсіру.
2. Элита өсіру және сапасын бақылау.
3. Азықтық картоп өндіретін шаруашылықтардың тұқымдық танаптары....
Рефераттар
Толық
0 0

Сұлулыққа картоптың пайдасы

Картоп арзан әрі қолжетімді көкөністердің бірі. Арзан болғанымен оның қабығының астында пайдалы заттар көп екенін де біліп жүрейік. Қарапайым картопты үй жағдайында косметикалық құрал ретінде пайдаланудың жолдарын ұсынамыз.

✅ Көз
Қияр кесектерін қою арқылы көз ісінуін кетіруге болатынын білеміз. Картопты да сол мақсатта пайдалануға болады. Картопты жіңішке етіп тураңыз немесе үккіштен өткізіп, дәкеге салып, көзде 10-15 минут шамасында ұстаңыз. Уақыт өткен соң бетіңізді жылы сумен жуып тастаңыз. ......
Кеңестер
Толық
0 0

​Аяқтан өткен суықты ыстық картоп емдейді

✅ Аяқтан өткен сызды дер кезінде емдеу керек Қыс мезгілі былай тұрсын, жаз мезгілінде далада қапырық, қырық градус ыстық кезде аяғы мұздап, терлеп жүретіндер сіздердің де араларыңызда бар шығар. Жанына батып ауыртпаған соң тексерілуді құнттамайды. Жә, жарайды. Ол кезде аяғыңыз мұздаса да бойыңыз жылы жүреді емес пе?!

✅Ал қыс мезгілінде аяғыңыздан суық өткізіп алудан сақтаныңыз. Өйткені аяқтан өткен сыз басыңыздан бір-ақ шығады. Мұрныңыз пысылдап, көзіңіз жасаурап, жөтеліп, түшкіріп шыға келесіз. Әсіресе, қысы ылғалды болатын Шымкент жұртшылығына өте таныс жағдай болса керек. Қар жауып тұрғанымен, аяғыңызбен су кешіп жүресіз. Бұл енді табиғаттың құбылысы. Ал біз өз жағдайымызды ойлайық.......
Кеңестер
Толық
0 0

Картоп аршуға ерінесізбе

Қазақ етшіл халықпыз. Үйге қонақ келсе бас, ет асып сыбаға жамбасын беріп аттандырамыз. Сол етке кейде картоп қосатындымыз болмаса салатқа арнайы пісіретіндіміз. Оны алдымен суға қайнатып пісіріп алып артынан қолмен аршып біраз уақыт алатындымыз. Олда әуре. Бірақ мұныңда оңай уақыт алмайтын тәсілі бар қараңыз.

1. Картопты суға қайнатпас бұрын алдымен қабығын ортадан айналдыра тіліп алыңыз.
Пайдалы кеңестер: Картоп аршуға ерінесізбе?
2. Картоп қайнап жатқанда, мұз дайындаңыз. Иә, мұз. Мұздатқыштағы төртбұрыш пішіндегі мұздар пайдалы.
Картоп пысқасын қасықпен бір бірлеп ыдысқа дайындалған мұзды суға салыңыз. Содан 10 секун санайсыз.
Пайдалы кеңестер: Картоп аршуға ерінесізбе?
3. Енді мұздаған картопты алыңыз. Картопты қолыңызбен қатты қыспай жұмсақ тартыңыз. Қабы ақырын өзі сырғып шығып келеді.
Пайдалы кеңестер: Картоп аршуға ерінесізбе?
Сіз картоп мұздап қалды деп ойладыңызба? Жоқ, картобыңыз сол қалпы ыстық, сақталынады екен. Міне кереметі.......
Кеңестер
Толық
0 0