Реферат: Биология | Нефрит

Нефрит (грек. nephros – бүйрек), медицинада – бүйректің қабынуы. Негізінде бүйрек шумақтары қан тамырларының зақымдануынан болады. Жедел және созылмалы түрлері бар. Жедел Нефрит жоғарғы тыныс жолдарына стрептококк бактериясы түсуінен, баспа, созылмалы тонзиллит, пневмония, дифтерия, сүзек, тағы басқа бактериялы және вирусты инфекциядан кейін, салқын тигеннен дамиды.

Мазмұны

1 Нефрит белгілері

2 Нефриттен емделу

3 Сілтемелер

4 Пайдаланылған әдебиеттер

Нефрит белгілері



Аурудың жасырын кезеңі 1 – 3 аптаға созылады. Клиникалық белгісі: науқастың алдымен беті, кейін бүкіл денесі ісініп, несепте өзгерістер пайда болады, артериалды қан қысымы көтеріледі (гипертензия). Алғашқы 2 – 3 күнде несептің меншікті салмағы кемиді. Созылмалы те әлсін-әлсін асқыну байқалып, аурудың белгісі жедел түріндегідей болады. Нефриттің бұл түрімен ауыратын науқастар диспансерлік бақылауға алынады. Дер кезінде дәрігерге қаралмай, ауру асқынып кетсе, Нефриттің бұл түрі уремияға ауысады.

Нефриттен емделу



Емі: алдымен ауруға негізгі себеп болған дертті емдейді. Созылмалы Нефритпен ауырғандарға климаты құрғақ әрі жылы жердегі курорттарда дем алған қолайлы. [1]



Пайдаланылған әдебиеттер



↑ Қазақ Энциклопедиясы, 7 том 2 бөлім .....
Рефераттар
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Литосфералық катаклизмдер (зілзалалар) (7 сынып, I тоқсан)

Пән: География
Бөлім: Литосфера
Сабақтың тақырыбы: Литосфералық катаклизмдер (зілзалалар)
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 1. Литосфералық катаклизмдердің түрлерін білу.
2. Олардың себеп-салдарын, таралуын түсіндіру.
3. Литосфералық катаклизмдер барысында өзін өзі ұстау ережелерін түсіндіру (жергілікті компонент негізінде).
Сабақтың мақсаты: Литосфералық катаклизмдерді оқып, литосфералық катаклизмдер кезінде өзін өзі ұстау ережелерін қолдана алуды үйренеді....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақстандағы ең сенімді банктер

Сарапшылардың сөзінше алда банк секторының тұрақтылығын тексеретін сынақ болуы мүмкін. Осыған байланысты олар ең сенімді банктердің үштігін жариялады, деп хабарлайды 7күн.кз сайты.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Әлеуметтану | Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік реабилитациялау қағидалары

Зерттеудің өзектілігі: Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік оңалту (реабилитациялау) қазіргі әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қызмет көрсету жүйелері үшін ең маңызды және қиын міндеттердің бірі.
Мүмкіндіктер санының үзіліссіз өсуі бір жағынан, денелік, психикалық және интеллектуалдық қабілеттеріне тәуелсіз, олардың әрқайсысына көңіл бөлу болса, екінші жағынан, демократиялық, азаматтық қоғамға тән тұлғаның құндылығын көтеру туралы түсінік және оның құқықтарын қорғау қажеттігі, үшінші жағынан осылардың барлығы әлеуметтік реабилитациялау іс - әрекетінің маңыздылығын көрсетеді.
Мүгедектер құқығы туралы Декларацияға сәйкес ( ББҰ, 1975 ж.) мүгедек - туғаннан болсын немесе оған қатыссыз, денелік, және ақыл-ой мүмкіндіктеріндегі кемшіліктеріне қарай өз бетінше толығымен немесе жартылай қалыпты жеке және әлеуметтік өмірдегі қажеттіліктерін өздігінше қамтамасыз ете алмайтын адам.
Мүгедектерді әлеуметтік реабилитациялау – олардың құқығын, денсаулығын, әлеуметтік мәртебесін, әлеуметтік ортадағы өмірлік іс-әрекетке деген қабілетін қалпына келтіруге бағытталған шаралар кешені.
1992 жылы бесінші мамырдағы Европа кеңесі Ассамблеясының 44 -сессиясының реабилитациялық бағдарламасына сәйкес мүгедектік – денелік, психологиялық, әлеуметтік, мәдени, заңдық және басқа кедергілерге сәйкес мүгедектігі бар адамға араласып, қоғамның басқа мүшелері сияқты қоғамның өмірінде, отбасының өмірінде солар сияқты болуға мүмкіндік бермейтін шектеулердің болуы ретінде анықталады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Материктер мен мұхиттардағы ірі орографиялық бірліктер (8 сынып, I тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Физикалық география
Сабақ тақырыбы: Материктер мен мұхиттардағы ірі орографиялық бірліктер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.3.1.4 материктер мен мұхиттарда орналасқан ұқсас орографиялық бірліктерді салыстырады
Сабақ мақсаттары: Материктердің және мұхиттардың орографиялық бірліктерін білу және салыстыру......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Құқық | Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат

Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан мемлекетiнiң Ата (негiзгi) заңы. 1995 ж. 30 тамызда Респ. референдум өткiзу (бүкiл халықтық дауыс беру) жолымен қабылданды. Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемл. билiктiң қайнар көзi — өзiнiң егемендiк құқығын баянды еттi. Ата заң қабылданған күн демалыс — мемл. мереке — ҚР Конституциясының күнi деп жарияланды. Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртiншi Ата заңы (1937, 1978, 1993, 1995). Оның құрылымы кiрiспеден, 9 бөлiмнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады. Жаңа Конституцияның ең жоғары заңдық күшi бар және ол ҚР-ның бүкiл аумағында тiкелей қолданылады. Мұның өзi Конституциялық нормалар мен заңдардың басқа нормативтiк құқықтық актiлердiң нормаларынан үстем екендiгiн көрсетедi. Кейiнгi екi Конституцияның алдыңғы екеуiнен елеулi айырмашылығы сол — бұлар тұңғыш рет мемл. тәуелсiздiктi, егемендiктi және Қазақстан халқының толық билiгiн бекiтiп, одан әрi орнықтырды. Жаңа Ата заңда құқықтық мемлекеттiң қалыптастырылу бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның iшiнде жеке адамның жан-жақты еркiндiгi, идеол. және саяси әр алуандығы (сөз және шығарм. бостандығы, саяси партиялар мен бұқаралық партиялар, сондай-ақ бұқаралық қозғалыстар бiрлестiгiн құру еркiндiгi), халық билiгiн жүзеге асыратын демократиялық амалдар, экон. қатынастардың қызмет етуi әлемдiк талаптарға сәйкестендiрiлген. Оның нормалары тұрақты, жалпы мәнде ұзақ жылдарға бейiмделiп тұжырымдалған. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Информатика | АЛГОРИТМНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ҚОЛДАНУ ТӘСІЛДЕРІ

«Информатика мен есептеуіш техника негіздері» курсының бірінші бөліміндегі ең маңызды ұғым – тиімді алгоритм ұғымы, ал негізгі талап- есеп шешімін алгорм түрінде өрнектеп, алгоритмдік тілде жаза білуі. Осыған байланысты алгортмнің мәнін нақты, терең түсінуі, оның қасиеттерін, алгоритмдік тілдің негізгі құрылымының жазылу ережесін білуі, шамалардың типтерін жеке ажыратуы, сондай-ақ мәндер таблицасын пайдаланып, алгоритмнің атқарылуын бақылай білуі тиіс.
Тиімді алгоритмдерді құру және оның құрылымына талдау жасау кезінде алгоритм схемаларын қатты көңіл бөлінді, ал алгоритмнің атқарылу процесінде мәндер таблицасын пайдалануға баса назар аударылады.Сөзі мағынасы жағынан нұсқау, жарлық, рецепт, ереже, тәртіп, заң, жоба сөздеріне синоним болып келеді.
Тиімді алгоритмді белгілі бір дәрежеде жасампаздық, ойлап – тапқыштық процесс болып табылады. Сонымен бірге өнертапқыштық стандартты емес және дәстүрлі емес ыңғаймен есептерді шешуді талап етеді.Көптеген жағдайларда қанағаттанатын нәтижені тез ала алмаймыз, сондықтан, тиімді алгоритмді құруда жасау және қатені түзету әдісіне келтіріледі және нәтиженің соңғы вариантын алу үшін талдау және нақтылау бағытында бірнеше қадамдар жасау талап етіледі.
Мақсаты тиімді алгоритмдерді айтылған ережелерге келтіріп, ретімен, орналасу тәртібімен, берілген есептін мәніне қарай шарт қойып, есептін дұрыс жолын, шешімін, нәтижесін табу....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Мысқыл-жұқпалы паротит

Мысқыл- шықшыт безі, жүйке жүйесі және басқа бездердің зақымдануымен сипатталатын жұқпалы ауру.



Қоздырғышы- фильтрленуші вирус. сыртқы артада тұрақсыз. Эпидемиологиясы:



Ауру көзі-ауру адам.

Аурудың таралу жолдары- ауа-сілекей жолы.

Төзімділік (сезімталдық- 5-12 жасқа дейінгі балалар жиі ауырады.

Иммунитет-тұрақты,

Маусымдылық- қыс-көктем

Клиникалық белгілері:



Жасырын кезеңі 11-12 күн. Ауырған баланың қызуы көтеріледі, шықшыт бездері қабынады. Бастапқыда бет, мойнының бір жағынана, ал 1-2 күннен кейін екінші жағынан да ерекше ісік пайда болады, ісік қатты иленген қамыр тәріздес, ұстағанда қолға ыстық тиеді, ісік үстіндегі тері өзгермеген, ісік құлақтың артындағы шұңқырды толтырады. Баланың шайнауы, жұтуы қиындайды, көңіл-күйі нашарлайды. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Ринит мұрын бітелу

Ринит, мұрын бітелу — мұрын қуысының шырышты қабатының қабынуы. Ауруды мұрын қуысына түскен микробтар мен вирустар тудырады. Қоздырғыштардың дамуына организмнің мұздауы, ауаның құрамында шаң-тозаң мен зиянды газдар мөлшерінің артуы, гүл тозаңдары (қ. Поллиноз) әсер етеді. Көп жағдайда Ринит жұқпалы аурулардың (тұмау, дифтерия) әсерінен де болады. Риниттің жедел және созылмалы түрлері бар. Кейде вазомоторлы (вегетативті жүйке жүйесінің қабынуы) және аллерг. (организмнің аса сезімталдығы) түрлері де кездеседі. Аурудың бастапқы кезінде мұрынның шырышты қабаты ісінеді, науқастың тамағы қызарып, құрғайды. Бірнеше күннен кейін мұрыннан сұйық ірің ағады. Бұл кезде дене темп-расы аса көтерілмейді, бірақ ауру адамның басы ауырып, тыныс алуы қиындайды, көздің шырышты қабатының қабынуынан көзден жас ағады. Әсіресе мұрын бітелу нәрестелерде қиын өтеді, себебі, олардың мұрын қуысы тар болады да, мұрын ішіндегі болар-болмас ісіну олардың дем алуына, емшек емуіне кедергі жасайды. Кейде қабыну мұрын-жұтқыншақтың шырышты қабатына, есту түтікшесіне, көмейге, кеңірдекке, тіпті өкпеге де таралуы мүмкін. Ауруды дер кезінде емдемесе, асқынып, созылмалы түріне ауысады. .....
Рефераттар
Толық
0 0