Пән:ИНформатика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мәтіндік құжаттарда сілтемелерді ұйымдастыру Сабақтың тақырыбы: Cілтемелер 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.2.2.1– сілтемелерді ұйымдастыру (гиперсілтемелер, мазмұн, атау, түсіндірме) Сабақтың мақсаты: оқушылар: құжаттарға сілтемелер қоса алады....
Пән: Информатика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Презентацияны безендіру Сабақ тақырыбы: Презентацияға арналған ақпарат 1-сабақ Осы сабақ арқылы жүзеге асатың оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.1.2.2 компьютерлік программада файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалану; 3.2.1.3 құжаттағы ерекшеленген мәтінді қиып алу, көшіру, қою; 3.2.3.1 мәтін мен бейнелерден тұратын қарапайым презентация жасау; 3.2.3.2 слайдтар арасындағы ауысуларды пайдалан; 3.2.3.3 презентацияны безендіру үшін дайын дизайнды пайдалану; 3.3.1.1 нақты сұрақтарға жауап табу үшін Ғаламтор қолдану . Сабақ мақсаттары: Белгілі бір тақырыптағы суреттерді пайдаланады.....
|Ғылыми прогресс - білімнің жоғарылауымен және ақпарат көлемінің көп болуымен сипатталады. Мұндай кең көлемдегі ақпараттарды басқару көп қиындық әкелері сөзсіз. ХХІ ғасыр жаңа технологияның пайда болуы, оның жедел өсуі мұндай мәселелерді шешуге жол ашты. Оны шешудің ең тиімді жолы - автоматтандыру. Қазіргі кезде біздің елімізде, шет елдерде де ақпараттарды автоматтандыруды кеңінен қолданады, оларды пайдаланылу салалары өте көп. Мұндай күрделі ақпарттарды автоматтандыру жүйелерді реттеу функциясын және алдыға қойылған тапсырманы шешу әдісін талдау қызметін атқарады. Мәліметтер базасы деп – деректердің электрондық сақтаушысын айтады. Оларға қатынас, бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады. Әдетте деректер базасы деректерді сақтау үшін жасалады. Мәліметтер базасы – ақпаратты сақтауды және де мәліметтерге ыңғайлы, тез кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер базасы өзінен белгілі бір ережелерге сай құрылған деректер жиынтығын құрайды. Деректер базасындағы ақпарат: 1) Қайшылықсыз; 2) Артықсыз; 3) Тұтас болуы керек. Мәліметтер базасын басқару жүйесі деректер базасын құруға, толтыруға, жаңартқанға, жоюға арналған программалық жабдық болып табылады. DELPHI жүйесі деректер базасын басқару жүйесі болып табылмайды, егер сөздің тура мағынасын алатын болсақ, бірақ толық МББЖ (мәліметтер базасын басқару жүйесі) мүмкіндіктеріне ие. Ұсынылып отырған DELPHI құралы локальдік және тораптық деректер базасын құрып және оның ішінде жұмыс істеуге және кез келген деректер базасымен жұмыс істей алатын қолданба құруға мүмкіндік береді.....
Фирма –тұжырымдамалық жүйемен басқара алатын физикалық жүйе.Ол физикалық және тұжырымдамалы ресурстардан тұрады.Фирманың физикалық жүйесі- тұйық жүйе.Бірақ фирма қоршаған ортамен тығыз байланыста болады және одан ресурс алып,оны өнім етіп өндіріп,қызмет көрсетіп,ортаға қайтарып беретіндіктен ол ашық жүйе болады.Фирманың иелері,ортаның спецификалық қажеттілігін қанағаттандыра отырып ортаны қызмет көрсетумен және өніммен қамтамассыз етеді және фирма осы әрекеттерді орындай алатындай етіп ақша салып отырады. Фирманың ақпараттық ресурстарына- программамен қамтамассыз ету ақпараты,аппаратура ,жабдықтар,мәліметтер,программалық жабдықтар және пайдаланушылар кіреді.Барлық деңгейдегі менеджерлер жоспарлаумен айналысады. Фирманың мақсатқа жетуі үшін оның әр аумағы өз көмегін тигізеді.Фирманың болашақта қажет ететін ақпараттық ресурстардың стратегиялық жоспарлау деп атайды. Фирма орта элементтерімен персонал,машиналар,қаржы,ақпаратты енгізетін ресурс ағымдарымен байланыста болады.Ресурстар орта элементтері арқылыфирмаға қарай жылжиды және фирма арқылы орта элементтеріне керібайланыс жасай алады.Фирма мен элементтер арасында байланыс жасайтын жалғыз ресурс-ол ақпарат.Компьютер пайдаланушыларына соңғы пайдаланушының жұмысы сияқты ешкім әсер ете қойған жоқ.Соңғы пайдаланушылар өздерінің көптеген жұмыстарының түрлерін дамытуда.Ешқандай тәуелсіз бұл тенденциялар жалғаса береді және олар фирмаға қосымша пайда әкеледі. Фирма-нарықтық қатынастардың негізгі субъектісі болып саналады.Оның іс-әрекеті,тәсілдері және мінез-құлық дәлелдері шешуші түрде отандық экономиканың ржүйесінен нарықтық жүйеге өту экономиканың құрылымды өзгеруіне жағдай туғызады. Фирманың стратегиялық мақсаты сатуда бағаларды және өндіріс шығындарын азайту арқылы өзінің үлесін көбейту болды. Қазіргі жетілмеген,бағалық емес және бәсеке жағдайында өндірістің шығындарын азайту арқылы пайданы көбейту жолын іздеу әрекеті,әсіресе фирмалар арасында бәсеке болғанда ерте ме,кешпе фирма үшін төлем төлей алмасу жағдайына әкеледі.Ақпараттық дәуірде тұтынушылардың мұқтаждықтарымен сұраныстары көп қырлы және ұлттық рыноктар рамкаларынан алыстауда,сұраныстар мінезі өзіндік сипат алып және де өзінің құрылымы бойынша әр түрлі болуда. Фирма,егер ол нарықта үлгеруге ұмтылса,мына теорияны бұлжытпай орындауы тиіс:табыстарды көбейтуді ,шығындарды азайту арқылы емес,сату көлемін арттыру арқылы жүзеге асыру керек,шын мәнінде осы факторлар өзара байланысты болса да . Жалпы қабылданғандай фирма басшысы білімді және жанжақты болса да,яғни тұтынушылар сұраныстарының құрылымында бірінші орынға жаңашылдық,сапа ,дизайн,жиі жаңартумен әр алуан ассортимент ,сатудан кейінгі жоғарғы деңгейдегі сервис қойылғанда өз фирмасында өндірістік шығындар деңгейін белгілі бір шекарасынан төмен азайту мүмкін еместігіне көз жетеді. ....
InterBase деректер қорының файлдары қара жәшіктер (black box) принципі бойынша құрылады, яғни бір файлда метадеректер (ДҚ құрылымының сипаттамасы), деректердің өздері, индекстер, сақталатын процедуралар, үлкен екілік объекттер(BLOB) және т.б. сақталады. MGA (Multi-Generational Architecture) жазбаларының көптеген ұрпақтарының архитектурасы ең күрделі мәселелердің бірі RDBMS – деректерге өтімділікті блоктау мәселесінің шешімін ұсынады. InterBase-ке негізілген деректердің көпнұсқалық механизмі оқу бойынша блоктауды болдырмайды. Оқу және жазу транзакцияларының басында ДҚ "бейнелері" құрылады, олар сәйкес транзакциялардың аяқталуы бойынша босатылады. Олардың қолданылуынан кейін босатылған кеңістік жаңа деректерді немесе олардың нұсқаларын сақтау үшін қолданылуы мүмкін. Босатылған кеңістікті оңтайлы толтырылуын қамтамасыз ету үшін InterBase-те "қоқысты жинау" (garbage collection) деген қосымша механизм бар. Сонымен қатар ол транзакциядан кейін қалған жазба нұсқасынан кеңістіктің тазартылуын орындайды. Жазбаларды жою операцияларын болдырмау мүмкін болғандықтан InterBase сервері жазбалардың физикалық жойылуының орнына оларды жою керектігі туралы белгімен ғана белгілейді. Қажет емес нұсқаларды босатқаннан кейін басталған транзакция оған қатсыты функцияларды ғана орындап қоймай, сонымен бірге алдыңғы транзакциялардан қалған қоқысты жинау функциясын іске қосатындығын ескерген жөн. Көпнұсқалықты талдау үлкен монографияға айналуы мүмкін. InterBase ұсынатын жол өзінің үлкен жасына қарамастан осы уақытқа дейін әмбебап болып отыр. "Блоксыз оқу" технологиясы көпнұсқалық ядро негізінде деректердің өзара үйлесуін және істен шығу кезінде тез қалпына келуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл журналдық файлдарды сақтау және қолдау қажеттілігінің жойылуы арқасында мүмкін болады. Белсенді блоталған қатынау кезінде олардың өлшемдері барлық деректер қорының өлшемінен 10% құрайды. Ақиқат уақыт ішінде деректерді талдау және шешімдерді қабылдауды қолдау жүйесін жүзеге асыру үшін (DSS-Decision Support Systems) ДҚ-ның жаңаруы кезіндегі транзакциялардың жеткілікті ұзындығына арналған деректердің кері еместігін қамтамасыз ету керек. Дәл осындай күрделі мәселелерде InterBase өзінің жақсы жақтарын көрсетті: Бостондық биржада, Magnavox жобасында және АҚШ қарулы күштерінде және т.б. көбінесе осындай мүмкіндіктер салдарынан бұрыңғы Кеңес үкіметіне InterBase-ті енгізуге қойылған шектеулер алынды.....
Ақпараттық жүйелер (АЖ) – экономикалық объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өндеу және шығарып беру жүйесі. Экономиканы басқарудың әр түрлі деңгейлері мен салаларына қызмет көрсететін АЖ-ның айырмашылығына қарамай, олар келесі ерекшеліктермен сипатталады: - экономикалық ақпараттың негізгі құрамдық өлшем бірлігін экономикалық көрсеткіштер мен құжаттарды өндеуге бағытталуымен; - мәліметтерді үлгілік (модельдік) өңдеу мен есеп айырысу–есептеу кезеңінің байланыстылығымен; - уақытқа қарай – экономикалық есептер мен оның шешімдерін қажетті мәліметтермен жабдықтау зәрулігімен; - уақытша іс тәртібімен ұйымдастыру құрылымына басқарылатын жүйені қатар тізу қажеттілігімен. Қазіргі уақытта әр түрлі мақсатта қолданылатын АЖ–ның көптеген саны қызмет етеді. Олардың бір–бірінен өзгешелігі келесі белгілермен түрлендіріледі: - басқару объектісінің сипатымен; - АЖ–ны тұрғызу мен жұмыс істетудің жинақталған тәжірибесімен; - басқару және басқарылушы жүйелерінің құрылымымен; - мәліметтерді жинауда, өткізіп беруде және өндеуде қолданылатын жабдықтармен; - АЖ–ны басқару объектісінің жетекшілік тұрғысымен және т.б. АЖ – бұл ақпараттық жүйелер жобасы мен акпаратты-есептеу жүйесінен (АЕЖ) тұратын күрделi жүйе. Мұндағы АЖ жобасы – бұл АЖ-ны тұрғызу мен жұмыс iстету шешiмдерi сипаттап жазылған техникалық құжат. Ал, АЕЖ - деп ақпараттық жүйелер жобасын жұмыс iстетуге бағытталған ұйымдастыру-техникалық кешенiң түсiнуге болады. АЕЖ мәлiметтердi жинауды, өткiзiп берудi, өңдеудi, сақтауды, жинақтап толтыруды және шығарып берудi АЖ жобасындағы шешiмдерге сәйкес қамтамасыз етедi. АЖ-ның келесi есебi – шешiмдердi қабылдау үшiн мәлiметтердi алу. Бұл жерде шешiмдi қабылдау деп әдетте алға қойылған белгiлi-бiр мақсатқа жету жолдарының бiрiн таңдауды ұғуға болады. Оның негiзгi есебi АЖ-ның үлкен көлемдегi жеке есептерiн қамтиды. - жүйенiң iшiнде және сыртында болып жатқандар туралы ақпаратпен жабдықтау; - шешiмдер ережесi туралы ақпаратпен жабдыктау (нұсқаулар, мөлшерлер, сiлтемелер, алгоритмдер және т.б); - шешiмдердi қабылдауға, қолдануға болатындай объектiнiң ортасы туралы мәлiметтердi тiркеу, талдау және бағалау; - басқарылатын кезеңдер барысын бақылау және басқарылатын жүйелердiң нақты күйi туралы мәлiметтердi өңдеудiң өзiн жабдықтау; - шешiм қабылдау үшiн өңделген мәлiметтерден керектi түрдегi және қажеттi көлемдегi ақпаратты тауып алу; - шешiмдi қабылдау үшiн әкiмшiлiк және себептiк ақпарат алу; - қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылау. ....
Пән:Информатика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мәтіндік құжаттарда сілтемелерді ұйымдастыру Сабақтың тақырыбы: Cілтемелер 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.2.2.1– сілтемелерді ұйымдастыру (гиперсілтемелер, мазмұн, атау, түсіндірме) Сабақтың мақсаты: - сілтемелерді жасауды үйрену және құжат форматының мысалдарын бекіту....
Пән:Информатика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ақпараттық жүйелер Сабақтың тақырыбы: Деректер қорының негізгі түсінігі. Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 10.3.1.1 “реляциялық деректер қоры” түсінігі 10.3.1.2 терминдердің анықтамалары: өріс, жолдар, индекс 10.3.1.3 деректер қорының бастапқы кілтін анықтау 10.3.2.1 деректер қорының өрістерінде орналасқан мәліметтерінің типтерін анықтау. Сабақтың мақсаттары: - бастапқы кілт терминдерін түсіндіру -деректер қорының өрістерін толтыру үшін қажетті типтерді қолдану....
Қазіргі кездегі шығарылатын кез-келген байланыс аппаратураларында: радио, теледидар, телефон, телеграф, көпканалды байланыс аппаратураларды, сонымен қатар бақылау және өлшеу аппаратураларының құрамында әр түрлі цифрлық қондырғылардың сан алуан микросхемалары кездеседі. Келесі уақыттарда олардың қолданылуы кеңейіп, бұдан да көбейе түспек. Цифрлық техниканың негіздері. Цифрлық сигналдар туралы жалпы мәліметтер. Кез-келген цифрлық қондырғыларда біз сигналдың екі түрін кездестіреміз. 1. Логикалық 0 2. Логикалық 1 Бұл цифрлық сигналдар екі түрде көрсетілуі мүмкін. 1. Бірінші түрі – потенцилдық – бұл жағдайда логикалық 0 сигналына бір кернеу деңгейі, логикалық 1 сигналына басқа кернеу деңгейі сәйкес келеді. Бұл түрінде барлық цифрлық қондырғылар екі топқа бөлінеді. 1.1. Оң логикалық – бұнда логикалық 0 сигналына төменгі кернеу деңгейі, ал 1 сигналына жоғарғы кернеу деңгейі сәйкес келеді. Оң логикалық сигналы бар цифрлық қондырғылар өте жиі кездеседі. Цифрлық қондырғылардағы кез-келген хабар логикалық 0 және логикалық 1 сигналдарының белгілі бір сандарының х х х х х кезектесіп ауысуы түрінде көрсетілуі мүмкін. Хабарларды беретін цифрлық сигналдардың бұндай комбинациясы кодтық сөз немесе жай код деп аталады. 1.2. Теріс логикалық – бұнда логикалық 0 сигналына жоғары кернеу деңгейі, ал логикалық 1 сигналына төменгі кернеу деңгейі сәйкес келеді. 2. Екінші түрі – импульстік – бұл жағдайда логикалық 1 импульстің бар кезі ал логикалық 0 сигналына импульстің жоқ кезі сәйкес келеді. Цифрлық техникада импульстік сигналдар ретінде импульстік генераторлар шығаратын тік бұрышты импульстер қолданылады. Кез-келген импульстік генератор автотербеліс режимінде бірдей уақыт аралығында қайталанып отыратын біркелкі импульстерді шығарады. Осындай цифрлық қондырғылардың бірі процессорлық қондырғылар. Процессор – бұл қажетті бірізділікпен белгілі сан операциясын автоматты түрде орындайтын қондырғы.....