Зерттеудің мақсаты: компьютерді бастауыш сыныпта инфоорматиканы оқытуда оқыту құралы ретінде пайдаланудың тиімділікті арттыру мүмкіндіктерін теориялық тұрғыдан анықтау және оны пайдалану әдістемесін мазмұндау.
Зерттеудің объектісі: бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие процесі.
Зерттеудің пәні: информатиканы бастауыш сыныпта оқытуда компьютерді пайдалану барысы.
Зерттеудің міндеттері:
- зерттеу тақырыбына
информатика арнайы әдебиеттерді шолу жасау, талдау;
- компьютердің оқыту үрдісінде пайдаланудың ролі мен орнын анықтау;
- бастауыш сыныпта информатиканы оқытуда компьютерді пайдалану арқылы оқытудың тиімділігін арттыру.
Кез-келген педагогикалық жаңалықтар, соның ішінде оқыту ақпараттық технологиялары, бұрынғы тұрақталған әдістермен (тәсілдермен) салыстырғанда артықшылықтарын көрсетіп немесе олардың кейбір кемшіліктерін түзей алса, онда ақпараттық технологияның
өмір сүруге және кең таратылуға мүмкіндігі болғаны.
Компьютер көмегімен осы сияқты сүлбелерді жүзеге асыру әрекеттері бұрын 2-ші, 3-ші буын машиналарында да жасалған, ал қазіргі кезде дербес техникада жалғастырылып келеді. Бірақ бұл бағытта әлі де айтарлықтай жетістіктерге жеткен жоқ. Бұның себебі: компьютерге тіпті оған тән емес
дидактикалық функцияларды (жаңа ақпараттарды хабарлау және оқу барысын басқару) беруге тырысады, ал ол үшін әйтеуір бір жолмен оқу үрдісін алгоритмдеу керек және оқу барысының әр түрлі сценарилерін қарастыру керек. Осы туралы бірқатар қарсы пікірлер айтуға болады:
біріншіден, оқушылардың көбі жаңа ақпаратты мұғалімнің баяндау және түсіндіру жолымен қабылдағанды жөн көреді;
екіншіден, берілген ақпаратты меңгеру кезінде пайда болуы мүмкін барлық жеке жағдайларды болжау және бағдарламалық жүйенің оларға реакциясын ңарастыру мүмкін емес;
үшіншіден, оқу тактикасын машина анықтайтын жағдай, ал адам оған бағынышты жағдай ең өрескел педагогикалық және психологиялық қате болып табылады.
Сонымен, егер жоғарыда айтылған оқу үрдісіндегі рольдерде бөлу сүлбесін қабылдасақ, онда жаңа ақпаратты оқушыларға беруге бағытталған бағдарламаның мұғалімге керегі жоқ екенін мақұлдаған орынды. ....