Реферат: Информатика | Интернетке қосылу үшін не істеу керек

Интернет осыдан 25 жыл бүрын АҚШ-ң қорғаныс министрлігінің ARPnet тармағын радио және спутникалық жүйелермен байланыстырудың нәтижесінде пайда болған. ARPnet (Advanced Research Projects Agency net) эксперименталды жүйе болған. Ол әртүрлі әскери зерттеулерді қамтамасыз ету үшін құрылған. Негізгі мақсаты жүйенің кейбір бөлімдері істен шықсада ісін жалғастырады деп жасаған. Мәселен әуе соққылары кезінде, ARPnet моделімен ЭЕМ-ң арасы және бастау адресатының арасында әрқашан байланыс бар. Торап сенімділігі төмен болып саналады. Оның кез-келген кесіндісі кез-келген уақытта жоғалып кетуі мүмкін. Мысалы, бомбылағанда, кабелді кескенде. Торап арқылы хабарды жіберу үшін ақпараттарды конвертке орналастыру керек. Бұл конверт торап аралық хаттама деп аталады.
Бұл шешімдер негізінен тораптың қолайлығы күмәнді болуы мүмкін, алайда тарих дәлелдегендей бұл дұрыс қадам. Белгілі бағдарламадан кейін ыңғайлы торап. (Бұл интернет негізін қалады.) Ғалымдар, оқытушылар және басқа мамандар Іnternet-ке кіре отырып, оның лайықты мүмкіндіктерін бағалады. Нәтижесінде тораптарға сұраныс бірден өсті. Стандарттаудың халықаралық ұйымы есептеуіш тораптарға байланысты көп жылдар бойы жұмыс істеді. Іnternet программасын шығарушылары, яғни АҚШ, Ұлыбритания ғалымдары ІP программасымен қамтамасыз етіп отырды. Бұл әртүрлі фирмалар шығаратын компьютерлерге дұрыс шешім болды. Бұл тұтынушылардың өзіне қолайлы компьютер алуға тиімді болды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Информатика | Интернет туралы ұғым

Жиырмасыншы ғасырдың аяғында пайда болған Интернет қазір жер шарының әр түкпірін байланыстырып сан алуан адамдарды, елдер мен құрлықтарды біріктіріп отыр.
Интернет 1960 жылдары АҚШ - та дүниеге келдi. Оны соғыс бола қалған жағдайда бір-бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ - тың орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан. Алпысыншы жылдардың аяғында Пентагон ядролық соғыс бола қалғанда компьютер желісінің үзілмеуі үшін арнайы жүйе жасады, тәжiрибенiң ойдағыдай жүргiзiлу барысында ARPA net желiсi пайда болып, ол Калифорниядағы және Юта штаты зерттеу орталықтарындағы үш компьютердi ғана бiрiктiрдi. Кейiн ARPAnet бейбiт мақсатқа қызмет еттi, оны негізінен ғалымдар мен мамандар пайдаланды. Сексенінші жылдардың басында Интернет деген термин пайда болды. Бұл ағылшынның халықаралық желі деген сөзі. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Дипломная работа: Разработка интернет-магазина электроники

Наилучшее управление компанией в нынешних условиях труда
невыполнимо без использования компьютерных инновационных технологий.
Правильное выбор программного продукта и фирмы-разработчика - это первый
и основной этап автоматизации информационной системы компании. В
настоящее время трудность выбора информационной системы из необычной
задачи превращается в стандартную задачу . В этом значении Казахстанские
компании безнадежно отстают иностранным соперникам.
Зарубежные компании, как правило, имеют опыт улучшения и подключения не одних
поколений ИС. В развитых иностранных странах осуществляется замена уже
четвертого поколения информационных систем. Казахстанские компания
зачастую используют системы первого, возможно второго поколения.
Управляющие многих Казахстанских компаниях имеют слабое
представление о нынешних компьютерных интегрированных системах и
выбирают использовать действующий штат индивидуальных программистов,
которые разрабатывают собственные программы для решения стандартных
управленческих задач.
Операция одобрения задачи о выборе наиболее действенной
компьютерной системы управления свежа для множества отечественных
начальников , а ее исход во многом будут оказывать значительное влияние на
компании в течение нескольких лет. Т.к. использование интегрированной
информационной системы, которая отвечала бы требованиям предприятий,
позволила бы руководству минимизировать затраты и повысить
производительность управления компанией в целом.
Актуальный этап развития экономики характеризуется переходом
предприятий на новые условия хозяйствования, необходимостью создания
перспективных направлений науки и техники и взлетом эффективности
изготовления с целью получения предельных финансовых ресурсов.
Важнейшим источником развития финансовых ресурсов компаний является
доход, который выступает основным обобщающим показателем эффективности
работы предприятия, источником основного финансирования расширения
производства и социального прогресса коллективного общества. ....
Сборник дипломных работ [бесплатно]
Толық
0 0

Реферат: Информатика | Интернетте ақпаратты тасымалдау

Интернеттің қалай орналасқанын ұғыну үшін ақпараттың желі арқылы қандай тәсілмен берілетіні туралы қысқаша түсінік алу керек. Компьютерлік желінің мақсаты А компьютерінен В компьютеріне берілетін ақпараттардың биттерін тасымалдау. Тасымалдау барысында биттердің жоғалып кетпеуін қадағалау қажет. Ақпаратты екі түрлі тәсілмен беруге болады: желінің көмегін қолданып коммуникация пакеттерімен немесе коммуникация каналдарымен.
Желінің коммуникация пакеттері - бұл кәдімгі пайдаланылып жүрген пошта. Мұнда хатты жазып оны конвертіне салып, оның сыртына хат алушының адресі көрсетіледі. Ол поштада түрлі бағытта сортталады және оны түрлі вокзалдарға немесе аэропорттарга жөнелтеді. Жолда түрлі қиындықтармен әйтеуір жетеді, бірақ сорттауға және т.б. жұмыстарына қосымша уақыт пен күш жұмсалады. Web-серверлерде орналасқан Web-құжатты іздеу және онымен қатынасу арнайы URL (Uniform Resource Locator) көрсеткіші арқылы орындалады. Стандарты URL ақпаратты беру протоколын анықтайтын үш бөліктен тұрады: ақпарат орналасқан компьютердің аты, жолы, яғни протокол/компьютер аты/бума аты/файл аты. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Өлең: Фейк

Әлеуметтік желінің құдіреті,
Қартайтады адамды жасартады.
Ғаламат дейсіңдер интернетті
Ол да бір дүние кереметі.!
Барлық адам бейім болған,
Бұл ғалам жалған болған.
Өмірдегі түрлеріне шүкір демей,
Фотошоп құрастырып масайтқан.!
Алдайды ол, расындада....
Өлеңдер
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Информатика | Азаматтардың ДНК номерін беруде автоматтандырылған интернет жүйесі

Кіріспе
ХX және XXI ғасырлар тоғысындағы ғылыми - техникалық прогрестің адамзат алдындағы басты жетістіктерінің бірі – ақпаратты басқару құралына, ал ақпарат ағынын қажетті қор көзіне айналдырып және оны тиімді өңдеу құралы - компьютерлік техниканы қоғамдағы барлық салаларға жаппай ендіру болып отыр. Басқару үрдісіндегі негізгі элемент болып саналатын ақпарат жүйесінің және оған қатысты жаңа технологиялардың даму қарқыны – оны жобалаудағы жаңаша ыңғайларды қалыптастыруда.
ХХІ ғасырдың бас кезіндегі адамзаттың даму процесі информациялық қоғамның қалыптасуымен ерекшеленеді, оның негізгі бағыты информация және оны өңдеу ұғымымен анықталады. Осыған байланысты бірінші кезекке қарапайым еңбек құндылығы шығады. Информация мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын стратегиялық ресурсқа (қорға) айналып, ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, яғни мәлімет өңдеу мен оны тасымалдау ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Информатика | Интернет-Internet

1993 жылы эксперттер тобы Европалық Одақ тапсырысы бойынша Европа және Ғаламдық ақпараттық қоғамдастық атты материал дайындады.Бұл материал ақпараттық және комунникациялық технологиялар-жаңа өндірістік революцияны алып келді деп айтылады.Бұл революция ақпарат негізінде ,ал технологиялық мүмкіндіктер адамның иетелектуалдық мүмкіндіктерін ұлғайтады және адамзат қауымдастғының байланысы мен өміріне, біріккен жұмысына өзгеріс енгізеді. Мінездемелерде мұндай технологияларға мысал ретінде Іnternet компьютерлік жүйесінің ғаламдық қауымдастығын келтіруге болады.
Бүгінгі күнде естілуі ұқсас екі термин қолданылады-іnternet және Іnternet.іnternet термині-TCP/ІP хаттамалатобы тобы негізгі пайдаланылатын мәліметтерді алмасу технологияларын түсіндірсе, ал Іneternet-Әлемдік тораптардың ғаламдық қауымдастығы,олар мәліметтер алмасу үшін іnternet-ті пайдаланады.Іnternet өз бастауын көптеген жаңа технологиялар сияқты, АҚШ-тың қорғаныс жүйесінің тұрақтылығын нығайтуға бағытталған әскери бағдарлама ретінде басталды.
Ядроллық қаруды тәжірибеден өткізген елге мәліметтерді берудің сеімді жүйесі қажет болды.1964 жылы RAND өзінің ұсыныстарын жариялады,оның мазмұны мынадай: 1) ол орталықтанған болмауы керек. 2) ол жеке сегменттерден тұрыу керек. Осылайша жүйенің әр-бір түйіні басқаларынан тәуелсіз болады және мәліметті қабылдауда немесе беруде өзі жауап береді. Ақпараттық алмасудың негізінде пакеттер коммуникациясы принципі жатыр.Әр-бір ақпараттық хабар пакет деп аталатын бөліктерге бөлінеді, әр-бір пакет адреспен қамтамасыз етіледі. Пакеттер торап арқылы беріледі және алушы-түйініндегі хабарға жинақталады. Пакеттердің қандай да біреуі жоғалып қалуы мүмкін, бірақ хабарламалар толығымен адресатын табуына мүмкіншілігі бар. Бастапқы кезден-ақ ақпаратты беру немесе қабылдау кезінде байланыстың түрлі каналдары пайдаланылуы мүмкін екндігі белгілі еді(радио, телефон,ажыратылған линиялар және т.б.). 60-ші жылдардың басында пакеттер коммуникациясы негізінде RAND,Масачусецтік Технологиялық Институт және Калифорниялық Университет бірікті. 1968 жылы АҚШ-тың қорғаныс министрлігінің перспективалық ізденістер Агенттігі қорғаныс,ғылыми немесе басқарушылық орталықтардың суперкомпьютерлерін бір жүйеге бірктіріп, оған ARPANET деген ат берді.1969 жылы жүйде төрт компьютер болса, 1971 жылы-он төрт, ал 1972 жылы-отыз жетіге жетті.
70-ші жылдар-Іnternet технологиясының өсу процесімен көзге түседі. Сонымен қатар тораптың негізгі салмағы есептеуге емес, коммуникациялық хабрларға кететіндігі мәлім болды(почта және хабарлар).Бұл электрондық почта және телеконференция жүйесінің дамуына алып келді. Осы жылдары мәліметтер алмасу технологиялары жетілдіріліп жатты жатты және APARNET-тің бірінші хаттамаларының орнына “ Transmіssіon Control Protcol” және ”Іnternet Protocol” деген жаңа стандарттар келді(1982 жыл). Біріншісі ақпараттық хабарламалардың пакеттер және оны тарату әдістерін көрсетсе, екіншісі жүйедегі адресацияны басқарады. Бұл екі хаттама жүйеаралық алмасу хаттамалар тобына Іnternеt шеңберінде жасалған-ТСР/ІР хаттамалар тобы деген ат берді ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Информатика | Интернет желісіндегі HTML тілі

Ақпараттық қоғам заманында Интернет ақпараттарды жеткiзудiң негiзгi құралына айналып отыр. Интернет - барлық жүйелерi хаттама деп аталатын бiрыңғай стандартпен, яғни ережемен жұмыс iстейтiн ауқымды (глобальды) компьютерлiк желi.
Интернеттiң дамуы мен таралуы 3 бағытта жүргiзiледi: техникалық немесе аппараттық компонент; программалық компонент; ақпараттық компонент. Аппараттық компонент компьютерлердiң түрлi модельдерi мен жүйелерiнен, физикалық негiзi әр түрлi болып келетiн байланыс арналарынан, компьютерлер мен байланыс арналары арасындағы механикалық, әрi электрлiк үйлесiмдi қамтамасыз ететiн құрылғылардан тұрады. Ал ондағы мәлiметтi тасымалдау iсi байланыстың кабельдiк және спутниктiк арналарынан, радиореле жүйелерiнен, теледидарға арналған кабельдiк арналардан тұрады.
Программалық компонент интернеттегi түрлi типтегi компьютерлер мен құрылғылардың үйлесiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi. Ал оның негiзгi функциялары төмендегiдей:
- ақпаратты сақтау, iздеу, жинақтау, қарау немесе тыңдау;
- желiдегi ақпарат қауiпсiздiгiн сақтау;
- аппаратураның функциональдық сәйкестiктерiн қамтамасыз ету.
Программалық жабдықтар екi топқа бөлiнедi: сервер-программалар; клиент-программалар. Сервер-программалар – тұтынушылар компьютерлерiне қызмет ететiн желi торабында орналасады; клиент-программалар – тұтынушы компьютерлерiнде орналасып, сервердiң қызметiн пайдаланады.
Ақпараттық компонент желiдегi компьютерлерде сақталатын түрлi құжаттар арқылы өрнектеледi. Желiдегi құжаттар бiр-бiрiмен сiлтеме адрестер арқылы берiледi.
Интернеттегi мәлiметтердi бейнелеу HTML тiлiнде жазылады. Бiрақ ол программалауға ұқсас болғанмен программалау тiлi емес, гипермәтiндi белгiлеу тiлi. Сонымен қатар, ол мәтiндердi Web-беттер түрiнде бейнелеуге арналған ережелер жиынын анықтайды.
Сондықтан әдiстемелiк нұсқауда Интернет тарихы, Интернетте ақпараттарды iздеу технологиясы, электрондық поштамен жұмыс, HTML тiлдiң мүмкiндiктерi мен онда құжаттарды форматтау ережелерi, құжаттарды орналастыру принциптерiн түсiнуге қажеттi командаларын үйрету қарастырылады ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0