Пән:Дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Су- тіршілік көзі» Сабақ тақырыбы: Айналамыздағы қауіп-қатерлер Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.2.2.2 Қолайсыз климаттық ауа-райы жағдайындағы қауіпсіздік ережесін құру. 3.2.3.2. Геологиялық және табиғи климаттық апаттар кезіндегі өзін-өзі ұстау ережесін құру. Сабақ мақсаттары: Оқушылар - Табиғи апаттар кезіндегі қауіпсіздік ережесін құрады.......
Сабақтың тақырыбы: « Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» Тәрбие сағатының мақсаты: Мақсаты: 1.“Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп,пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. 2.Өз көзқарастарын білдіріп,дүниетанымдарын кеңейту. 3. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: -Сыбайлас-жемқорлық деген не? (оқушылардың пікірлері тыңдалады)
Бұл мерекені ерте заманнан бері қазақтар, тәжіктер, түркмендер, ұйғырлар, өзірбайжандар, ассириялықтар және көптеген басқа халықтар мейрамдайды. Наурыз - Жаңа жыл, жерге наурыз айының 21-інен 22-сіне қараған түні, дәлірек айтқанда, түнгі сағат 3-те келеді Ежелден келе жатқан аңыз бойынша, бұл күні түнек пен жарың күштері теңеседі, сондықтан бұдан әрі қорқынышты кұбыжық көптен күткен шуақты күнді жұтып қоймас үшін, сөйтіп қысқы ызғардың бейнесі - қатыгез кемпір қайтадан кері оралмас үшін, жарыққа көмектесу керек. Наурызды калай қарсы алсаң, күллі жыл бойын солай өткізесің деген ырым бар. Сол себепті өркім бұл мереке қарсаңында барлық бітпеген істерін аяқтауға, ренжісіп жүрген адамдарымен татуласуға, өзін екпелеткендерді кешіруге тырысады. Үй іші мен ауланы тәртіпке келтіріп үлгеру қажет, жаңа да жақсы киім тігіп кию жөн, өзің мен меймандарың үшін дәмді тағамдар пісіру ләзім. Бұл күні, сондай-ақ, Күн мен Көктем өздерін жер бетіндегі ел-жұрттың күтіп жүргенін білуі үшін - ағаш пен гүл отырғызу әдетке айналған. Наурыз қарсаңында түні бойы алау жағылып, мейрамдаушылар үстінен секіріп жүреді. Жастар ағаш басында шырақ жағады. Әйелдер жиналып, түнімен жеті қоспадан (су, тұз, ет, бидай, тары, күріш, сүт) тұратын Наурыз-көже пісіреді. Көжені үлкен қазанда араластырып ән салады, ақ тілек тілейді. ....
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2A Х – XІІІ ғғ. басындағы Қазақстан Сабақ тақырыбы: Түріктердің материалдық және рухани мәдениеті 3-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.2.3.2 түркі ғалымдарының, соның ішінде әл Фарабидің орта ғасырлық ғылымның дамуына қосқан үлесін анықтау 6.2.2.4 түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелеу үшін М.Қашғари, және Ж.Баласағұни еңбектерінің тарихи құндылығын түсіндіру 6.2.3.3 «Кодекс Куманикус» сөздігінің халықаралық байланыстардағы рөлін анықтау Сабақ мақсаттары: Түрік ғұламаларының өз еңбектері арқылы әлем өркениетінің дамуына қосқан үлесін бағалайды.
Біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады. Біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол - Отанға деген сүйіспеншілік Бауыржан Момышұлы Бүгінгі таңда Ұлы Отан соғысындағы үлкен Жеңісімізге 71 жыл толып отыр. Арада көп уақыт өткенмен, соғысқа қатысқан ата-бабаларымыз есімізден кеткен емес. Оларды үйлерінен айырып соғысқа алып кеткенде, қаншама жас төгілді. Жүрегінде “елім, жерім” деген ұраны бар миллиондаған адамдар сол соғыста көз жұмды. Олардың ерліктерін ешқашан ұмытпаймыз. Ата-бабаларымыз елі мен жері үшін, елінің азаттығы үшін өмірлерін сарп еткен. Жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атының туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, дұшпанның туын жығып, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Ұлы Жеңіс күні туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне оралмай қалған қаһарман ерлерді барлығымыз еске аламыз.....
Ай қараңғы аспанда түн емес пе, угай-ай, Жақсы әйелдер өмірде гүл емес пе, угай-ай. Қыздар гүл-гүл болғанда, жігіт бұлбұл, угай-ай, Бұлбұл қонып гүліне түнемес пе, угай-ай.
Угай-угай - әніміз, Арпа, бидай дәніміз. Угай-ай деп ән салсаң, Келіспей ме сәніміз.....
Кітапхана – баспа туындылары мен басқа да ақпарат көздерін қоғамдық пайдалану жолын ұйымдастыратын мәдени-ағарту ақпарат мекемесі. Мектеп кітапханалары – мектеп оқушылары мен мұғалімдеріне кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастыратын орын.
Кітапханашы – көп салалы еңбек адамы. Кітапханашының жұмыс жоспары адамдармен қарым- қатынас түрі болып табылады. Кітапханашылар әрбір оқушының талабын ескеріп, жан-жақты дамуын ұйымдастырушы бірден-бір тұлға. Кітапханашы оқырманның тек кітапты алуына көмектесіп қана қоймай, сол кітапты насихаттау жұмысын да қоса міндетіне алады.
Кітапхана оқырманы –ол белгіленген құжаттарды ресми тіркеу негізінде кітапхананы пайдаланатын адам. Кітапхананың негізгі жұмысы оқырмандармен байланысты. Сондықтан оқырмандарға қызмет көрсетуді ұйымдастыру дегеніміздің өзі –кітапхананың кітап қорының дұрыс орналасуы, каталог, картотеканың алфавитті дұрыс орналасуы. Кітап көрмелерінің дұрыс орналасуы. Мектептегі кітапханашы маман жұмыстың күрделігіне қарамастан біліктілік деңгейімен қоса, тәжірибесін де дамытып отыруы қажет. Кітапханалық қызмет көрсету көпшілік кітапханаларға қарағанда, мектеп кітапханаларында жалғыз кітапханашы маманның қолында. Ол мектепте кітапханашы мамандығымен қоса, психолог, оқытушы, тәрбиеші, маркетолог, менеджмент, бағдарламашы сынды түрлі мамандық иелері жұмыстарын қоса атқара білуі қажет. Сонымен қатар, жаңартылған білім беру жүйесі бойынша да бағдарлама негізін мұғалімдермен бірдей біле отырып, оқушылардың қабілет-дарынын одан әрі жетілдіруге үлес қоса білуі қажет. ......
Бақытым бар үшінші – Отан деген, Кім мықты? – десе біреу,- Отан дер ем. Оты сөнген жалғанда жан барсың ба? Ойланбай – ақ кел – дағы от ал менен.
М. Мақатаев
Біздің қазақ халқы да туған жер қадірін жас ұрпақ бойына, санасына бала кезінен – ақ сіңіруге ұмтылатындығынан туған жер жайлы мақал – мәтелдерден, аңыздар мен батырлық жырларынан көреміз. «Ит – тойған жеріне, ер – туған жеріне» немесе: «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деп, ерекшелеп көрсетеді. Туған жерін сағынғанда патшалығын да тастап, елге тартқан Бейбарыс баба туралы аңыз да жүрекке жылы. Бұлардың бәрінен шығатын қорытынды әркімге туған жері, туған елі қымбат екендігі деп ойлаймын Егеулі найза қолға алып, еңку – еңку жер шалып, ел қорғаған батыр бабаларымыз бен аналарымыздың бізге қалдырған аманатындай туған елімізді қорғау, нығайту - әрбірімізге парыз. «Елің үшін отқа түс – күймейсің» дегендей, туған елінің бостандығы, жерінің азаттығы үшін күрескен әр замандағы ардақты ерлерін туған елі ешқашан ұмытқан да емес, ұмытпақ та емес ? «Алға қарайтын кез келді. Іске кірісер кез келді. Ерік – жігерімізді танытатын кез келді!» - деп Тұңғыш Президентіміз ауыл халқына да үндеу тастады. Бүгінде алтын бесік ауыл зор өзгерістердің бастауында тұрғандай. Өйткені келешек Қазақстанның нағыз ұлтжанды тұлғалары ауылдан туып шықпақ.Елбасымыз Нұрсұлтандай басшыларды, Шерхан, Әбіштей сөз зергерлерін, Бекзат пен Ермахандай дараларды тудырған алтын бесік – құтты қазынасы мол қазақи әлемнің біздің келешегіміз үшін берері әлі алда. «Таланттар ауылда туып, қалада өледі» деген сөз бар біздің қазақ халқында. Бұл біздің түп тамырымыз – ауылдың құрметіне сай айтылған сөз деп ойлаймын......