Сен де мендей, ей құрбым, мен де сендей, Неге селкеу тартасың көрмегендей, сәулем-ай. Бір ауылдың сыйласқан баласы едік, Еш нәрсе алып, еш нәрсе бермегендей, сәулем-ай.
[Қайырмасы] Шіркін, әннің бұлбұлы-ай. Өтеді дәурен бір күн-ай.....
Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су және органикалық заттар Сабақ тақырыбы: Судың биологиялық қасиеттері мен маңызы Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Оқушылар орындай алады: 8.4.1.2 судың биологиялық қасиеттерін және маңызын түсіндіру Сабақ мақсаттары: Оқушылар : судың биологиялық қасиеттерін біледі; Судың биологиялық маңызын түсіндіреді.....
Нарықтық экономикада несие ақшалары банк жүйесінде маңызды рөл атқарады. Несие ықшаларының экономикадағы алатын орны елеулі екендігіне ешбір күмән жоқ. Олай болса, бұл тақырыптың өзекті екеніне көз жеткізуге болады. Жұмыстың мақсаты капиталдың, яғни қарызға берілген ақша капиталының жүру формасын несие, ақша капиталының ақша айналуын және несие берушінің қарыз алушы арасындағы қатынастарды көрсетеді. Оның көмегі арқылы жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттің бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, қарыз капиталына айналуы және белгілі уақытқа қолдануға ақылы түрде беріледі. Несиенің маңызы, сонымен бірге оны қолдау аясы елдің экономикалық жағдайына байланысты үнемі өзгеріп тұрады. Айталық, экономиканы орталықтанған жоспарлы түрде басқарудан нарықтық экономикаға өтуге байланысты біздің елімізде коммерциялық және ипотекалық, лизингтік, трастылық қаржылық банктік операцияларды пайдалану жаңғыртылады, сонымен бірге несие қатынастары мен несиенің көлемі, несие ставкасы да өзгереді. Сонымен қатар несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері сипаттайды. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық және банктік несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, пайыз мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады. Несиенің түрлері бұл белгілі бір түрдегі экономикалық қатынас ретіндегі несиеден келіп шығатын белгілі бір қасиеттерге ие. Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы экономикалық жағдайы, оның ішінде несиелі ақша жүйесінде үлкен өзгерістер болып отыр. Несие толығымен экономикамен және оның жеке секторларымен тығыз байланысты. Сондықтан да бүгінгі таңда Қазақстанда күрделі өзгерістер болуда, яғни елдің экономикасының дамуы мемлекеттің несие саясатымен тікелей байланысты. Осы жерден байқайтынымыз несие қазіргі уақыттағы экономиканың тірегі болып табылады. “Несие” деген сөздің өзі, латын тілінен аударғанда “сенім” деген мағынада, ол белгілі - бір тұлғаның мойнына алған міндетін орындауға сенім көрсетуге дегенді білдірсе, екінші жағынан, несие, банктердің филиалдарымен несиелік мекемелердің қанат жаюымен ұштасып, сол арқылы қазақ даласының қойнауының капиталын кеңейтуге мүмкіндік береді. Несиелiк ақшалар – тауар өндiрiсiнiң дамуымен, яғни тауарларды сатып алу және сатудың уақытын кешiктiрiп төлеуге берiлуiмен байланысты пайда болған ақшалар. Негізінен несиелік ақшалардың негізгі түрлеріне вексель, чектер және банкноталар жатады. Бұл несиелік ақшалардың дамуы мемлекетіміз үшін өте маңызды болып отыр және олар осы жұмысты орындаудың өзектілін көрсетед....
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне орай елімізде жүріп жатқан реформалау процесі, оның тек экономикалық саласын ғана қамтып қоймай, сонымен бірге әлеуметтік гуманитарлық салада да зор өргерістер жасалуда. Қоғамдағы білім беру жүйесін реформалау- соның айқын айғағы. Соған орай жалпы білім бертін мектептерде оқу тәрбие жұмысын нәтижелі іске асыру педагогикалық оқу орындарында білім алып жатқан болашақ жас мамандардың білім, білік және дағды сапаларының дайындық дәрежесіне байланысты болатындығы бәрімізге мәлім. Тәрбие - педагогикалық процессте өте маңызды, әрі күрделіде ұзақ мерзімді қажет ететін құрамдас бөлігі екендігі белгілі. Сонымен қатар қоғамдық аса маңызды міндетті шешуде педагогика пәнінің атқаратын қызметі айрықша. Осы курстық жұмыста жалпы тәрбие жұмысындағы педагогтың шеберлігі мен жаңашылдығын жан жақты қарастыруға бағытталған. Сөз - ең маңызды педогогикалық құрал оны еш нәрсемен ауыстыра алмайсың. Бастауыш кластың әрбір мұғалімі тіл маманы. Табиғат - ойдың сарқылмас көзі. Ақыл ой дамытудың мектебі. Енжарлықпен елжірей қарау емес, қайта пәрменді де белсенді түрде творчества ретінде танып білу- ойды байытумен дамытудың сарқылмас көзі. Жатқан асқан іс әрекет саласы. Қамқор бағбан раушан гүлді отырғызу үшін топырақты қалай әзірлесе де мектеп директоры педогокикалық еңбектің таңдауы шеберлері жасаған озық тәжиірбені енгізуге арналған негіздіде солай әзірлеуге тиіс. Бұл әзірлік алдымен мектеп директорының педагог шеберлігіне байланысты. Коллективтің шеберлігі дегеніміз педагогикалық идеялар, бірақ нақты іс болмайынша идея солып қалады. Идея бір мектептің практикасына ауысуы үшін коллективтік сенімге негізделген жеке – дара творчества қажет. Мектеп жұмысын түбірімен жақсарту, білім сапасын арттыру, адамгершілік тәрбиені жетілдіру – осының бәрін оқыту мен тәрбие берудің аса маңызды проблемасы іс жүзінде шешілген жағдайда ғана жүзеге асыруға болады. Көп жылдық тәжірибе педагогикалық творчествоның ең мәнінің өзі - күнделікті мыңдаған құбылыстармен байланысты ой, ниет, идея екендігіне көз жеткіәзіп отыр. Педагогикалық идея дегеніміз педагогикалық шеберліктің қанаты сағайтын ауа. Біздің күрделі және көп қырлы ісімізде творчесволық еңбек өмірдің әлі алға қойып отырған сұраққа жауап іздестіретін жанды тебіреністі ой ұшқыны тұтанған жерден басталады. Бұл ұшқын құбылыстар арасындағы себепті байланыстарды табуға деген сұрақ құштарлық болмайынша ешқашан тұтанбайды. Творчестволық ұшқынын тұтандыратын сұрақ туу үшін сен өз ісінді өз еңбегінді өз еңбегіңнің нәтижелереті кәзіргі кездегісінен көрі артығырақ көу керек. Саған өзіннің көздеген мақсатқа нелітен жеткізбейді деген ой тыныштық бермейтін болу керек. ....
Соғыстың қажеті жоқ! Соғыс жабайылардың еншісіне қалсын. Ги де Мопассан Ұлы Жеңістің 71 жылдығы да жақындап келеді. Уақыт өз дегенін жасайды. Жыл өткен сайын бізге Ұлы Жеңісті сыйлаған ардагерлеріміз бен тыл жұмыстарында аянбай тер төккен жандардың қатары сиреп барады. Сондықтан Ұлы Жеңістің авторлары – майдангерлерімізді сыйлап, құрметтеу, оларға қамқорлық жасау басты борышымыз! Біз 71 жыл бойы бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Ұлы Отан соғысына қатысқан ержүрек те, батыл аталарымыз бен апаларымыз: Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Мәлік Ғабдуллин, Рашид Жанғозин, Төлеген Тоқтаров, Рамазан Елебаев, Төлеуғали Елебековтер,Талғат Бигелдинов, Төлеген Тоқтаров,партизандық қозғалыстың Ғалым Ахмедияров, Ғалым Омаров, Нұрым Садықов, Қасым Қайсенов, Нұрым Сыздықов, Әди Шәріпов, Тәжіғали Жангелдиннің есімі көпке танылды. Қазақстандық әйелдер — Нұрғаным Байсейітова, Тұрғаш Жұмабаева, Жамал Ақәділова батырлықпен аянбай шайқасып, біздің жерімізді, елімізді басқыншы жаудан қорғап қалған.Оңай келмеген жеңісте ерен ерлігімен көзге түсіп, ерекше сый-құрметке ие болған сан мыңдаған жауынгерлердің ішінде менің туған жерім- Жезқазған жерінен демайдан шебінде болып, Отан үшін ерлік көрсеткен ардагер-батырлар аз болмады. Ерлігін жыр қылып айтатын әрбір батырымызды біз ешқашан ұмытпаймыз......
Бұл тақырыпта шығарма жазу үшін көп ойландым. Неге десеңіз, үш бет жазайын, жүз бет жазайын жүректе жатқан сол бір жараны тарихта мәңгі қалатын қасіретті күн. Менің атам да Ұлы Отан Соғысының ардагері еді. оның айтқан әңгімелері есімде жоқ . Мен онда мен 3-4 жаста болатынмын. Анамның айтуынша атам 21 жасында майданға аттанған екен. Соғыстың қалай болғанын атам айта қоймапты. Есіңе түсіру атам үшін қиын болатын. Мәскеу үшін болған шайқастарды еске ала келіп, Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, белгілі жазушы Бауыржан Момышұлы былай деп жазады: «Біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады... біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйіспеншілік». Қанша үйдің ұрлап адамын. Қанша үйде сөніп қалды оттар,- деп ақындар жырлағандай, әр шаңырақта, әр жүрекке салған жара 71 жыл өтсе де әлі жазылып қойған жоқ. Өз үнін білдіруге әзір елгезек халық ақындары мен жазушыларының шығармалары бұл жылдары ерекше шабытқа толы болды. Олар жазушылар мен ақындардың туған халқына қалтықсыз қызмет етіп, соның мұңын мұңдап, жырын жарлауының айқын айғағы еді. Бұл шығармаларда неміс фашистеріне деген кекпен өшпенділік, халықты ізгі күреске шақыру, үндеу сарыны көрінді. Әсіресе Отанға төнген қауіп 96 жастағы қарт ақын Жамбылды тыныш жатқызып қоймады. Соғыстың алғашқы төрт жылында ол үш мың жолдай жыр төкті. Олардың ішіндегі ең көркемі әрі құндысы « Ленинградтық өренім» Толғауы еді. .....
Қоғамда, поэзияда, музыкада, саяси өмірде өлмес, өшпес із қалдырған- Абай Құнанбайұлы.Ақын Абайдың шығармашылығы мен өмірі- халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоғалтпаған рухани мұрасы.Абай үні, Абай тынысы, Абай лебі- халық бейнесі, заман тынысы, қазақ үні. Шынайы өнер туындысындағы тұрлаулы идея қалдырған, мәдениет пен ақындығын ұштастыра отырып, ақиқатты толғайтындығы туралы Міржақып Дулатов: :" Әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіші- Абай сөзі, Абай аты болуы керек...Ең жоғары, ардақты орын-Абайдікі",- деп, көркем өнердің бастауы, сөздің ұлы мағынасын айқындауышы ретінде танытады.
Абай ақындығын халыққа, ағартушылық мақсатқа бет бұрғызған.Ұрпақ мүддесі үшін ғылымның кілтін ашып, жігерлі жастық талабын білімге жұмсауға шақырған-ды.Сұлтанмахмұт Торайғыров:"Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе",- деп, сөз қадірін айнымас темірқазығына айналдырған хәкім Абайдың өнеріне тамсанған кейінгі буын өкілдерінің пікірі Абай образын аша түскендей......