Сен де сері, ей қалқа, мен де сері, ахау, Шын сүймесем көңілімді бермес едім, дариға. Құс аңдыған мергендей көл жағалап, ахау, Сен болмасаң бұл жерге келмес едім, дариға.
Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі орын алатын күн. Бұл - біздің елімізге төнген үлкен қауіп әрі сын еді! Отанымызды қорғауға еңбектеген жас та, еңкейген кәрі де аттанды. Соның бірі – Бауыржан Момышұлы. Қазақ халқының «Ақын – елдің еркесі, Батыр - елдің серкесі» деп ақын мен батырды айрықша қастерлейтін дәстүрі бар. Бауыржан атамызда осы екі ұлы қасиеттің екеуі де бар. Ұлы Отан соғысында қазақ халқының ұлттық батырына айналған Бауыржан Момышұлы бұлтта ойнаған жасындай Мәскеу түбіндегі шешуші шайқаста қапияда ой тапқан, қараңғыда жол тапқан, ерен ерлігі мен даңқы әлемге жайылып, аты аңызға айналған бірегей қолбасшы ретінде танылды. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» демекші, Бауыржан дүниеге келгенде: - О, Момыш баланың бауы берік болсын» - Ақменттей бабасындай батыр болсын! - Бәйдібек батырдың аруағы қолдасын! - Домалақ анамыз жар болсын! десіпті ел – жұрт. Арты шілдехана тойға ұласыпты. Той соңында Имаш ата былай деп бата берген екен: Алатаудың қыраны мол еді - Қырағы болсын, құлыным. Қойнауы суға мол еді......
Егер менің тілім ертең өлетін болса, мен бүгін өлуге дайынмын Расул Ғамзатов
Қазақтың атақты батыры Бауыржан Момышұлы атамыз айтып кеткендей, тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес. Сол себепті бұл әлі күнге өзекті мәселе боп қалып отыр. Сондықтан мен тіл жанашыры ретінде, болашақ журналист маманы ретінде тіл мәселесі жайында сөз қозғағым келіп отыр.
Тіл мәселесі - әлі шешіле алмай келе жатқан мәселелердің бірі. Қалай ойлайсыздар, неге оның жағдайы бір қалыпта, бір деңгейден көтерілмей тұр? Бұл мәселені сонау жылдар бойы талқыға салды, көптеген ойлармен бөлісті. Сол жайында көптеген мақалалар, көптеген еңбектер жазылды. Бәрі де ат салысуда және ат салысқан. Осы тұста Ахмет Байтұрсынов, Мұхтар Әуезов, Спандияр Көбеев, Жүсіпбек Аймауытов сияқты тіл жанашырларын атап өтуге болады. Тіпті болса, Міржақып атамыз «Оян, қазақ!» өлеңімен, ал Ахмет атамыз «маса» кейпінде халықты оятпақ болды. Бірігіп күш салуға шақырды. Сол кездегі ата – бабаларымыз тәуелсіздікті аңсап еді ғой, ойланыңызшы! Тілі таза емес елдің тәуелсіздігінің қандай жақсы жақтарын білесіз?.....
Кіріспе Бүгінде еліміздегі экономокалық реформалар барысында көптеген өзгерістер болып жатыр. Әр түрлі заңдар қабылданып, құқықтық мемлекетімізді нығайта түсер түбегейлі шаралар жүргізілуде. Сондай өзгерістердің бірі, еліміздің нарықтық экономикаға көшуімен ілесіп келген күрделі құбылыстардың бірі - «лизинг» тақырыбының кең орын алуы. Қазіргі кездегі нарықтық экономиканың заңына байланысты еніп отырған бұл ұғымның маңызы зор. Нарықтық экономикалық қатынастың заңы қатаң, икемің және ақшаң болса ғана өмір сүре аласың. Ал мемлекет мойнындағы дотацияға сүйеніп келген шаруашылықтар, зауыт, фабрикалар мұндай қатаң талап тезіне төзе алмай, өмір сүруден қалып, тоз - тоз болып кетті. Яғни белшесінен борышқа батып, банкротқа ұшырады. Олар жаңа экономикалық қатынасқа орай бұрынғы шаруашылықтар орнына қайта құрылған өндірістік кооперативтер. Алайда, олардың құрал - саймандары яғни техникасы бүгінгі күннің талабына сай емес, сапалы өнім беруге жарамсыз. Міне, еліміздің экономикасының өркендеуіне әсер ететін осындай мәселелерді шешуде инвестициялық құрал ретінде мүлікті жалдау шартының бір түрі лизингті қолдану оң нәтиже беретіні сөзсіз. Бұл тақырыптың өзектілігі мынада - ол әлем экономикасында шапшаң дамып келе жатқан қызметтер шеңберіндегі коммерциялық, кәсіпкерлік қызметінің салыстырмалы жүйеде жаңа түрі деп атауға болады. ....
«Туған елге пайдалы іске қолдан келгенше үлес қосу-әрқайсысымыздың міндетіміз». (Ы. Алтынсарин) Қазақ халқының ұлы перзенті, қазақ жерінде оқу-ағарту ісін жүзеге асырған қазақ зиялылырының көшбасшысы, тұңғыш халық ағартушысы қоғамда өзгерісті жасау жолында талмай күрескен , сөйтіп халық игілігі үшін жан алмай еңбек етудің үлгісін көрсеткен. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы акса көрнекті ағартушы-демократ - Ыбырай Алтынсарин Қазақстандағы қоғамдық ой-пікірдің өркендеу тарихында үлкен орын алды.Ол жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Қазақ даласындағы аумалы төкпелі заманда ұрпақ болашағын ойлап, балалар мен жас жеткіншектердің тағдырына терең үңілген ағартушы –ұстаз. Ыбырай Алтынсариннің халық-ағарту ісіне жолдама алып алғаш аттануы. Мектепті үздік бітірген ол 1857-1859 жылдары арасында өз атасы Балқожа бидің писері (қағаз көшіруші ) болады да, 1860 жылы Орынбор облыстық басқармасына кіші тілмаштыққа орналасады. Кейіннен өз қалауы бойынша Торғай қаласындағы бастауыш мектепке мұғалім болып келеді , ел ішінде орын алған саутсыздық пен білімсіздікке қарсы ашық күреседі. Осы кезден бастап, бұл бағыттағы асыл арманы Алтынсаринның ағартушылық педагогикалық қызметі басталады. Соныман бірге, Ресейде басталған азаттық қозғалыстың өрлеу кезінде қазақ ағартушыларының демократиялық идеяларының белсенді жаршысы болды. Ағартушылық қызметінің алғашқы қадамдарында кездескен кедергілердің бірі-ол кездердегі шалғай түкпірдегі мектеп ашудың қиындығы , қаражат, мектеп үйі, оқу құралдарының жетіспеуі. ....
ХХ ғасырдың басында Қазақстан Россия империясының капитализмге дейінгі өндірістік қатынастар үстем болған аграрлы-отарлық шет аймағы болды. Отарлаушылар қазақ халқының жері мен оның табиғи байлығының айтарлықтай бөлігіне иелік етіп қана қойған жоқ , олар қазақтарды рухани жағынан да отарлады: халықты тілінен,діннен,ділінен айыру бағытында қатыгездікпен ойластырған шаралар жүйесін жүзеге асырды.Бұл жөнінде Міржақып Дулатов 1907 жылы жазылған «Қазағым менің,елім менің» атты мақаласында былай деп ашына жазған еді. «... Ең алдымен қазақ халқы – Россияға тәуелді халық оның ешқандай правосы жоқтығы кек тудырады. Халықтан жиналған салық қаражатының көп бөлігі халыққа, тіпті, керек, емеснәрселерге жұмсалды... Енді чиновниктер (патшаның отарлау жүйесінің ресми өкілдері – Қ.Н.) біздің дінімізге,атадан мұра болып келе жатқан әдет-ғұрыптарымызға,біздің моллаларға ғана тиісті неке мәселелеріне араласа бастады,діни кітаптарды тұтқынға алды» ....
В великой стройке мировой И ты надежный камень, Найди лишь место, прикрепись И будешь жить веками… Сто двенадцать лет прошло со дня рождения писателя щедрого таланта – Габита Мусрепова. Что изменилось за это время? Все и ничего. Неизменна наша любовь к родному краю, родным и близким людям, прошлому… Мир Габита Мусрепова я открыл через его повести, романы.....
Ұлы Жеңіске биыл 75 жыл толып отыр. Жеңіс! 1945 жылдың 9мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты... Кеңес Одағының тұрғындары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыста 1418 күн мен түндерде, бүкіл жігерімен Жеңіске ұмтылған... Миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Миллиондаған адамдар бет алдына босып кетті. Бірақ бәрібір Берлиндегі Рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан жауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді. Біз, Жеңіс күнін жақындатқан, қаратүнек фашизмге қарсы жан аямай күрескен әрбір жауынгерге қарыздармыз. Ұлы Отан соғысы және Ұлы Жеңіс. Бұл екі сөз бір-бірінен толықтыра түседі. Ұлы Жеңіс біздің халқымыздың орасан зор құрбандықтарымен келген қасіретті арифметикасы. Соғыс салған зардап әлі күнге дейін толық жойылған жоқ. Олардың Отан үшін қан кешкен әрбір қадамы, жеңісті жақындата түскен әрбір күні ұмытылмайды. Өйткені, ерлік шежіресі ұрпаққа ұлағат, ертеңгі күнге үлгі боларлық сабақ. Біз соғыстан кейін туған ұрпақ, кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы аға ұрпақтың – қазақтар мен қазақстандықтардың жанкешті ерлігі туралы тек оқулықтардан, көркем әдебиеттен және кинотуындылардан ғана білеміз.......