Өлең: Бүлдірген (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қонғаны аулымның ой болса екен,
(Қорадан өріп шығар қой болса екен.)
Ойдан төмен жайылған қой болса екен.
Тілеуін екі жастың біз тілейік,
Мереке, күнде осылай той болса екен.

[Қайырмасы]
Бүлдірген,
Қандай жақсы,
Құрбылармен бір жүрген......
Өлеңдер
Толық
0 0

Эссе: Ауылымды сағынып жүрмін

Бүгін тағы да түс көрдім. Таңғы арай. Мейірім толы бір таныс өлке өз-өзіне шақырады. Танауымды қарып өткен таңғы салқын ауа мұнша жылы сезілетінін кім білген? Жағасында сайран салып, құмнан соғылған қалашықтың ханшайымы сезінетін арғы беті көкжиекпен астасқан өзіміздің тып-тынық көл жағасында келе жатырмын. Менің балалық бал дәуренімнің бар естелігін, шад-шадыман күлкімді қойнауына сақтап қатпарлы жар әжімді қарт секілді күліп қарайды. Аяғы әсте тайып сонау басынан төменге дейін сырғанап құлап, сонан соң рахаттана күлетін балапан қыздың бойжетіп, өзіменен бой жарыстырып тұрғанына таңырқап қарайтын секілді. Қораздың ку-ка-ре--ку-лап шақырған жағына бет алдым.

Көтерілген күнмен таласа оянып, ауыл адамдары шаруасына кірісіп кеткелі қашан. Қой-ешкілерді шетеннен шығарып, көршілерімен шүйіркелесіп атам жүр. Немерелері көрпесін тартып алып, әдеттегідей әжем тоңып оянса да, "Нұрболым" (мінезі ер баланыкындей деп ер баланың атымен атайтын) деп ерекше махаббатпен иіскеп, шелегін сөмке секілді қолына іліп, мөңіреген бұзауларды енесімен табыстыруға бет алады. Жеңгем қайнатқан самауырдың кернеуінен будақтата шығып, масаханада тәтті ұйқыда жатқандарды түтін түрткілеп оятуда. Үйдегілер бірінен соң бірі сап салқын сумен бетін шайып үлкен дастархан басына жиналады......
Эсселер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қаржы | Валюталық дағдарыстар мәні себебі салдары Несиелеу мониторингі

Валюталық - бұл ұлттық шаруашылық қызметтерінің нәтижелері мен өзара алмасуына қызмет ететін және дүниежүзілік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.
Валюталық жекелеген элементтері -вексель ісі түрінде Ертедегі Грецияда пайда болған. Олардың келесі даму кезеңдері "вексель жәрменкелері" мен басқа да Орта ғасырлық Еуропадағы сауда орталықтары болды, онда есеп айырысулар вексель арқылы жүргізілді. Халықаралық қатынастардың одан әрі дамуы өндіргіш күштерінің өсуімен, дүниежүзілік нарықтардың құрылуымен, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен байланысты болды.
Валюталық жүйелер материалдық өндіріс саласына, сондай-ақ бөлу, айырбас және тұтыну салаларына қатысты халықаралық экономикалық қатынастарға делдал болады.
Валюталық қатынастар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономиканың дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді.
Халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты валюталық жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда - бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан валюталық-экономикалық қатынастар жиынтығы; ұйымдық-заңдық тұрғысынан қарағанда - белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шегіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық формасы.
Басында елдегі ұдайы өндіріс процесіне қажетті валюталық ресурстарды қалыптастыруға және пайдалануға, халықаралық айналымды жүзеге асыруға көмектесетін валюталық-экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде ұлттық жүйе пайда болды....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өмірбаян: Айзада Сатыбалдиева Таңатарқызы

Сатыбалдиева Айзада Таңатарқызы - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданы Мәдени ауылында дүниеге келді.
1994-1998жж. Т.Жүргенов атындағы Театр және көркемсурет институты театр факультетінің муздрама бөлімін оқып-бітірді.
1998ж. жолдамамен Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы музыкалық драма театрының актерлік құрамына қабылданады.
2007ж. Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында оқытушы болды.
2009ж. тамыз айында М.Әуезов драма театрына қабылданды.
Сахнадағы негізгі рольдері:
Ұлттық, әлемдік классика мен заманауи драматургияда:....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): XIII – XV ғғ. өнер мен әдебиет ортағасырлық қоғамды қалай бейнелейді? 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:XIII – XV ғғ. Қазақстан.
Сабақ тақырыбы: XIII – XV ғғ. өнер мен әдебиет ортағасырлық қоғамды қалай бейнелейді? 1-сабақ
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дереккөзі ретіндегі маңыздылығын айқындау
Сабақ мақсаттары: Барлығы: берілген деректерден қажетті ақпараттарды іріктеп алып, сұрақтарға жауап береді.
Көпшілігі: деректерді салыстыра талдап, ұқсастықтары мен ерекшеліктерін түсіндіріп, тақырып бойынша қорытынды жасайды
Кейбірі: дерек көзін қолданып, көшпелілердің түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелейтін философиялық және әдеби шығармаларын бірнеше аспектіде қарастырып, өзіндік пайым жасайды.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Жеңіс жалауын желбірет

1941 жылы 22 маусым күні таң ата фашистік Германия Совет Одағына тұтқылдан шабуыл жасады. Бейбіт өмір сүріп жатқан ел үшін бұл күтпеген оқиға болды. Соғыс кенеттен басталғандықтан, барлық еразаматтар алғашқы күннен бастап бір кісідей жұмылды. Олардың арасында бозбалалар мен бойжеткендер де болды. Олар өз еріктерімен майдан даласына сұранды.
Тылда да қызу жұмыстар жүріп жатты «Бәрі де майдан үшін , бәрі де Жеңіс үшін» деген ұранмен аянбай, баладан еңкейген қартқа дейін еңбек етіп , өз үлестерін қосты. Майдан даласындағы жауынгерлерді азықтүлікпен, киіммен , техникамен қамтамасыз етті. Біздің жерлестеріміз майдан даласында ерлікпен шайқасты. Ағаапаларымыз қазақтың қанға сіңген қасиеті-қайсарлық, батылдық , отансүйгіштігімен көзге түсті. Кеңес Одағының Батырларының қатарында қазақтың екі қызы - мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Маметова болды. Қазақтың қайсар қыздары жан аямай, ерлермен қатар соғысты.Жеңістің жалауын желбіретіп Рейхстагқа ту тіккендердің бірі- Рақымжан Қошқарбаев. Ал екі мәрте Кеңес Одағы батыры Талгат Бигелдинов - біздің мақтанышымыз. Жаудың тылында , партизандардың қатарында қазақстандықтар да шайқасты. Солардың бірі партизан, әрі жазушы Қасым Қайсенов. Ал танымал қолбасшы, әскери жазушы Бауыржан Момышұлын, 28 панфиловшылардың ерлігін, табандылығын білмейтін қазақ жоқ шығар.Елдік пен ерлікті паш еткен қазақстандық батыр аға-апаларымыздың ерлігі - біз үшін әрі үлгі, әрі мақтаныш.......
Шығармалар
Толық
0 0

Өлең: Алла жар (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең басы бісміллә деп айтайық, ай,
Жарасымсыз жаман сөз неге айтайық.
Алла жар.
Бәрімізді жаратқан Жаппар Құдай, ай.
Құдайды айтпай алдымен, нені айтайық.
Алла жар.

Бола берсін Алла жар,
Шырқа, сәулем, әнге сал. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Шығарма: Мен-соғысты жек көремін!

Тынық ауа, көгілдір ашық аспан , қызарған күн ұясына қимай батып бара жатқан сияқты.Алаңсыз ел өз тірлігімен айналысуда. Далада шулап ойнап жүгірген балалардың сыңғырлаған күлкісі естіліп тұр. Күн батты.Кеш түсті.Бәрі алаңсыз ұйқыда. Бұл тыныштықты, кенет ,ойламаған жерден жел соғып, мыңдаған үлкен қара құстар ұшып келіп, елдің ұйқысын бұзды. Ол нәзік ымыртты сіңіріп, өзімен бірге қорқынышты гуілдеген дыбысты әкелді.Барлық адамды бірден қорқыныш басып, мазасыз күйге салды.Бұл фашистік неміс ұшақтары еді.Ел іші ала-сапран.Еңіреген қарттар мен жүрек сыздата жылаған ана мен бала дауысы... Бұл шілденің 16-сы таңғы сағат 4-тер шамасы.Соғыс-атауы құлаққа жағымсыз тіршілікті қан жылататын,асты қайғы-қасіретке толы қаралы сөз. Бұл соғысқа әр отбасынан қолына қару ұстай алатындай боз балалар мен әкелер аттанып жатты.Елдің іші босап қалды. Әр аулада бірең-сараң кемпір шал мен жас аналар мен балалар көрінеді . Қолынан іс келеді-ау деген жан біткен қара жұмысқа жегілді.Күні бойы еңбек етіп, астық жинап, мал бағып, киім тігіп, соғыстағы өрендерге жіберіп отырды. Боздақтарын соғысқа аттандырған жұрт әр күні хат күтеді.Салт атпен ауылға шауып келген пошташы бала кейбіреулерді қуантып, кейбіреулерді зар жылатып хат үлестіруде. Хат алған ана мен жас келіншектер қуанғаннан көз жастарын төгіп-төгіп алады. Кейбіреулері хатты ала салысымен зар еңіреп, айналасында жұбату айтқан ауыл адамдары.Бұл көрініс күн сайын жалғасын таба берді.Соғыс атауы жер бетіндегі тіршіліктің бәрін жалмап жұтатын ажал еді.Бұл қасіретті күндер менің отбасымда да болған......
Шығармалар
Толық
0 0

Эссе: Адамгершілік - асыл қасиет

Адамгершілік - адам бойындағы құнды, ең асыл қасиет. "Кісілік", "Ізгілік", "Имандылық" сияқты ұғымдармен мәндес. Бұл сөздерді естігенде көз алдымызға қиналғанда қол ұшын беріп, көмегін аямайтын, жанаршылық танытатын жақсы жандар бірден елестей кетері рас. Бұл қасиеттер арқылы біз мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйренеміз. Қазіргі қоғамда да шалынғанды демейтін, адами қасиеттері бойына сіңген адамдар жоқ емес. Ал мен солардың ішінде жақсы адам деп кімдерді айта аламын?

Жақсылық күн секілді, кейде бұлт астына жоғалып, кейде сәулесін мол шашып, нұрын төгеді. Осындай әрдайым жарық сәулесін шашып, мейірім шуағын төгіп тұратын жақсы адамдар менің де жанымда жетерлік. Олардың бірі менің өмірімнен өз орнын ойып тұрып алатын - әжем. Әжемнің жүрегі үлкен, терең. Онда жамандықтың ізі де жоқ. Тек жақсылық атаулыға тұнып тұр. Әжеме қарап, жақсылығы үшін масаттанам. Ол рухы мықты, жігерлі жан.....
Эсселер
Толық
0 0