Бала тәрбиесі Тіл алғыштық

Баланың үлкенді тыңдауы, тіл алғыш болуы тәрбиеден басталады. Тәрбие заңына бағынған бала мәдениеттің не екенін түсінетін болады. Ал бала тіл алмаса не істеу керек?

Балаңыз даладан келгенде киім-кешектерін жинағанын қаласаңыз, мына әдіске жүгініңіз. Бала көріп үйренеді. Сол үшін өзіңіз даладан келгенде киімді қалай жинау керегін бір рет көрсетіңіз. Келесісінде шкафтың ішіне киімдерді жинау нұсқаулығын мынадай етіп көрсетіп қойыңыз. Балалардың көпшілігі нұсқаулықпен жүріп үйренеді, уақыт өте келе нұсқаулықты үйреншікті әдетке айналдырады. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіздік – асқақ армандар мен қайсар рухтың жемісі

Тәуелсіздік – филосифиялық, психологиялық, саяси мәні зор, қастерлі ұғым. Тәуелсіздік - сананы жетілдіріп, ұлттық болмысты сақтап қала алатын басты қайнар.
Тәуелсіздік - бізге бостандық, азаттық, бейбітшілік, яғни бақыт силады. Тәуелсіздік бақытқа деген тура, ең жақын жол. Бізге тәуелсіздік оңай келген жоқ. Біздің ата-әкелеріміз, апаларымыз бостандықты қанмен, термен алған. Сондықтан 2016 жыл – барлық қазақстандықтар үшін елеулі жыл. Қазақстан. Осы бір сөзді естісек жүрегіміз лүпілдеп, сонау қиын- қыстау кезеңдерді басынан өткерген еліміз, оқ пен оттың арасында қасықтай қаны қалғанша айқасып, қыршыннан кеткен жастарымыз, тәуелсіз жолында құрбан болған асыл азаматтарымыз еріксіз есімізге түседі. Екі жүз жылдай патшалы Ресейдің отары, жетпіс жылдан астам уақыт Кеңес өкіметінің бұғауында болған Қазақстан бүгінде егеменді ел болды. Тәуелсіздік біздің елімізге оңайлықпен келген жоқ. Осы жолда біздің халқымыз батырлық пен батылдық, қайраттылық пен ержүректілік таныта білді. Өздерінің туған елі үшін жанын пида қылды.
Ұлт маңдайының бағына біткен Керей, Жәнібек, Қасым, Есім, Тәуке, Абылай сияқты хандар алмағайып заманда әділдік пен еркіндіктің туын ұстаса, Төле, Қазыбек, Әйтеке сияқты қара қылды қақ жаратын шешен билер, Асан қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Бұқар сияқты жезтаңдай жыраулар ел намысын биікке көтеріп, Бөгенбай, Наурызбай, Қабанбай сияқты ержүрек батырлар да қажыр- қайратын қазақ халқының елдік мұратына сарқа жұмсады.
Талай адамның жүрек жарасын тырнап өткен Ұлы Отан соғысы да есімізде. Жұдырықтай жүректері елім деп елжіреген талай батырлар жауға қарсы шықты. Ерліктің қос шынарына айналған Әлия мен Мәншүк сынды қазақ қыздары, Бауыржан, Талғат, Мәлік, Баубек сияқты асыл азаматтар өшпес ерлік танытты. Өмірдің әр мезеті қымбат тұста жауға Отан үшін, ел үшін ұмтылды. Ұлы Отан соғысы біздің елімізге түскен ауыртпалық болды. Осы сыннан да халқымыз мүдірмей өтті.....
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Тригонометриялық функциялардың графигі және оның қасиеттері 1-сабақ (Алгебра, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тригонометриялық функциялар
Сабақ тақырыбы: Тригонометриялық функциялардың графигі және оның қасиеттері 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты: 10.2.3.1 Тригонометриялық функциялардың анықтамасын, қасиеттерін біледі және олардың графигін салады;
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
- y=sinx және y=cosx функцияларының графиктерін салады және олардың қасиеттерін сипаттайды;
- y=tgx және y=сtgx функцияларының графиктерін салады және олардың қасиеттерін сипаттайды;.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ МЕН ТӘЖІРИБЕСІ

Потенциалды сатып алушылар қолындағы құралдарды тиімді пайдалануға болатын елеулі көмекті ипотека береді. Тұрғын үй ипотекасының несиесі құрылысшыларға да тұрақты және тұрғын үй құрылысын үздіксіз қаржыландыруға көмектеседі. Бюджеттен елеусіз қаражеттар бөлінгенімен, ипотекалық несие қазіргі уақытта бюджеттік емес қаржыландыруға түсетін пәрменді түпдеректің бірі болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында мемлекет үшін құрылыс кешеніне инвестициялық процессті реттеу мәселесі маңызды. Құрылыс кешеніндегі инвестициялық процесстерді жүргізу мен ұйымдастыру механизмі нарықтық экономика талаптарына баламалылық және «нарық ойынының заңдарын» инвесторлар (заңды тұлға), банктер, тапсырыс беруші және құрылысшыларды ескеру қажет. Шетелдік тәжірибені толық қолдану Қазақстан экономикасының ерекшелігі мен нарықтық қатынастардың толық орындалмауы салдарынан қиындатылған. Оған қарамастан, тұрғын үй ипотекалық несие тәжірибесіне сүйене отырып, оның тәжірибелік қолдануының мүмкіндігін куәландырады. [1, б.104]
Бұл жұмыстың теориялық маңыздылығы, Қазақстандағы ипотекалық несиелеудің дамуы және қалыптасу процессі туудан және бүгінгі күнге дейін толық қаралған, яғни, ҚР ипотекалық жүйесінің әрекет істелгенінен бастап қорытындылау жасалған.
Жұмыстың тәжірибелі маңыздылығы, осы тақырыпты одан ары зерттеу үшін қолдану мүмкіндігі, сонымен қатар, жұмыстың орындалуы барысында алынған білім, келешек кәсіпшілік қызметте өте бағалы және пайдалы бола алады ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несиелеу

КІРІСПЕ
Қандай да экономикалық қызмет болмасын ол адамдардың өмір сүру деңгейін жоғарлатуға бағытталады. Яғни, экономикалық дамуда әлеуметтік мәселе бірінші орында болады. Ал осы әлеуметтік мәселелердің ең бастысы қандай да жеке тұлға болмасын ол отбасын құрап, өзінің баспанасы болуын қалайды. Бірақ әрбір жас отбасылардың қазіргі таңдағы элиталық немесе қарапайым үйлерді алуына қаражаттары жетпейді. Осы әлеуметтік мәселені шешуде несиелеу механизмінің маңызы ерекше. Осы аталған тұрғын үйлерге байланысты және қаражаттары шамалы бірақ тұрақты жалақы бар азаматтарды несиелеудің ең ыңғайлы жолы мен түрі ипотекалық несиелеу болып табылады.
Ипотека термині – кепілдік, кепілзат немесе кепілге салу деге нмағынаны білдіреді. Ипотекалық несие дегеніміз – бұл жылжымайтын мүліктерді кепілге алып, ұзақ мерзімге берілетін несие түрі. Ипотекалық несие экономикалық мағынасы жағынан – бұл банктен немесе басқа қаржы ұйымдарынан ссуда алу мақсатымен жылжымайтын мүлік кепілінің алуын түрлілігі болып табылады. қарапайым тілмен айтқанда ипотека дегеніміз – бұл қарыз ақшаға үй сатып алу.
Ипотекалық несиелеу формасы әлемніңң дамыған елдердің барлығында дамыған және ол елдердегі халықтың 30-40% ипотекалық несиелер арқылы тұрғын үйге ие болады. Ал Қазақстанда бұл көрстекіш 2005 жылдардың соңғы мәліметтері бойынша 11,7 мың отбасын құрап, бар жоғы 6% шамасында болып отыр.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани

Халқымыздың “Жақсы адам-қазына” деген нақыл сөзі бар. Сондай адамдардың бірі емес, бірегейі Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани өміріне көз жіберсек, ол кісінің өте бір бай өмір кешкенін байқаймыз.

Байлық деген, біреу үшін ақша, біреу үшін дүние-мүлік. Әрі беріден соң, біздің жер астындағы қазба байлықтармызды ысырапсыз пайдалана берсек, қайтадан қалпына келмейтінін, сарқылатынын білеміз. “Сонда таусылмайтын қазына не?” – дегенде, ол – адам бойына ана сүтімен бітетін дарын. Дарынды адамдар күнде­лікті өмірде, қарым-қатынаста, жұмыста, үйде, түзде жан- жағындағы адамдарға бойындағы қабілеттің шуағын шашып жүреді. Сондай, өмірінің ақырғы сағатына дейін біздерге білім мен ғылымның, өнеге мен үлгінің нұрын шашқан, таусылмас қазына қалдырып кеткен академик, Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, профессор Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани еді.

Ақжан Жақсыбекұлы 1906 жылдың 2 қарашасында Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. “Тұлпар аунаған жерде түк қалады” дегендей, Ақаң аты­шулы Машан бидің немересі.

Машан Жамантай төренің кеңесші биі, аузымен орақ орған шешен болған. Қазақ ұлттық техникалық университетінің түлегі, тау-кен инженері, қазақтың заңғар жазушысы Ілияс Есенберлин өзінің “Қаһар” атты романында Машан бидің атақты Ағыбай батырдың досы, Құнанбай, Құдайберді тәрізді адамдармен үзеңгілес, туыстық та қарым-қатынаста болғанын, қаз дауысты Қазыбек бидің досы болғандығын жазған. Құнанбай қажы мен Машан би жылына бір рет Қоянды жәрмеңкесінде бас қосып отырған екен. Осындай бір кездесуде атасымен бірге жәрмеңкеге барған бала Ақжан Шәкәріммен де кездескен. Ақаңның әкесі Жақсыбек Құранға жүйрік, сол кездердегі “Айқап”, “Дала уалаяты” атты газеттерді жаздырып оқитын адам болған. Ақаң алғаш әліппе тануды өз әкесінен, кейін кеңес мектебінен үйренген. 1924 жылы Қарқаралыдағы Әлімхан Ермеков негізін қалаған педагогикалық техникумға түсіп, Әлекеңнен, Ахаңнан (Ахмет Байтұрсынов) дәріс алған. Міне, осындай думанды шаңырақта, ойшылдардың ортасында жүріп, тәлім-тәрбие алған Ақжан Жақсыбекұлының ғұлама ғалым болмауы мүмкін емес еді. Ақжан ата бойындағы әділдігі, сабырлылығы, зеректігі, зерделілігі, ізденімпаздығы атадан балаға ұласқан сарқылмас қазынаның жалғасы деп білеміз.

Еңбек жолын өзі оқыған мектепте мұғалім болып бастаған Ақжан Жақсыбекұлы 1933 жылдың күзінде Семейдің геологиялық техникумындағы – дайындық курсын­да оқып, 1934 жылы Алматыда ашылған Қазақ тау-кен металлургия (қазіргі ҚазҰТУ) институтының алғашқы студенттерінің бірі болып қабылданады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | АЛПАМЫС БАТЫР ЖЫРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ

Батырлар жыры - ќазақ ауыз әдебиетінің өте ертеден келе жатқан күрделі саласының бірі. Батырлар жыры бір ғасырдың ғана жемісі емес.Ол халықтың ертедегі тұрмыс-тіршілігіне, тарихына, қоғамдық өміріне байланысты туып, солармен бірге жасасқан. Сондықтан да батырлар жыры өзінің қалыптасып, даму процесінде көптеген өзгерістерге ұшыраған. XIX ғасырда батырлар жыры жазылып ала бастады. Бұл кезеңде көптеген ғалымдар қазақ эпостарын зерттеп, қағаз бетіне түсіре бастаған. Мысалы, Ш.Уәлихановтың, В.Радловтың, Н.Ильминскийдің, Г.Потанинннің, А.Васильевтің, Ә.Диваевтың,т.б. ғалымдардың жинап бастырған еңбектерін ерекше атауға болады.
«Алпамыс батыр» жыры – қазақ халқының батырлар жырының ішіндегі ең көнесі. Жыр дәл қазіргідей классикалық бүтіндікке ғасырлар бойында жетілу, толығу арқасында жеткен. Жырда көрсетілген жер, мекен, адам аттары, елдің шаруашылық кәсіптері, салт-ғұрыптары эпостың қазақ халқының төл туындысы екендігін дәлелдейді.Батырлардың туып-өскен, өмір кешкен елі – Жиделі-Байсын тайпасының нақты аты – қоңырат болып көрсетілгені көптеген ғалымдардың, соның ішінде Жирмунскийдің дастанды қоңыраттардың тайпалық эпосы деп айтуына мүмкіндік берген. Дегенмен, эпоста сипатталатын оқиғалар, адамдардың іс-әрекетінің молдығы, сан дәуірдің наным-сенім ерекшелігін танытатын тұстары эпостың шеңберін бүкіл қазақтық көлемге көтереді.
«Алпамыс батыр» жыры баспа жүзін алғаш рет 1899жылы («Қисса-и-Алпамыш», Қазан) көрген.Қазан төңкерісіне дейін бұл жыр 7 рет қайталанып басылып шыққан.Жырдың ел арасындағы түрлі нұсқаларын іздеп тауып, хатқа түсіріп, орысша мазмұнда бастырған – атақты фольклоршы Ә.Диваев болды.Ол бұл жырдың бір нұсқасын Ж.Бермұхамедовтен, тағы бірер нұсқасын Е.Ақылбековтың қолжазбасынан алған. /3.297/
Басқа да батырлар жыры сияқты «Алпамыс батыр» жыры да Кеңес үкіметі тұсында бірнеше рет басылған.Жырдың тарихи, көркемдік мәні мен әдебиеттегі орны туралы М.Әуезов, С.Сейфуллин, Қ.Жұмалиев, Ә.Марғұлан, М.Ғабдуллин, Н.Смирнова, Т.Сыдықов сынды зерттеушілер арнаулы еңбектер жазды.Бұл қатарда орыс ғалымы Жирмунскийдің «Түрік батырлық эпосы» туралы монографиясын атап өтуге болады. «Алпамыс батыр» жырының әлемге әйгілі болуына осы ғалымдардың жазған еңбектерінің пайдасы зор болды.
«Алпамыс батыр»жырының халық арасында айрықша қастерленуі оның нұсқасының көп болуына ықпал еткен. Мысалы, қазақ тілінде жырдың 10-11 нұсқасы бар.Қазан төңкерісіне дейін бұл жырды Қазақстанның барлық облыстарында айтып келген.Жырдың түрлі нұсқаларын айтқандар С.Аққожаев, Ә.Байтұрсынов, Е.Керімбетов, А.Нысанов, Ж.Жақыпов тәрізді ақын-жыршылар болып табылады. Әсіресе, Сұлтанбек Аққожаевтың жазып алған нұсқасы ең толық, әрі көркем түрі. /3.297/ ....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | "Егемен Казакстан», "Казакстанская правда» газеттерiнiң қоғамдық саяси лексикалық салыстырмалы талдауы

Кiрiспе
«Егемен Казакстан», «Казакстанская правда» газеттерiнiң қоғамдық саяси лексикалық салыстырмалы талдауы.
Негiзгi курстық жумыстың мақсаты: «Егемен Казакстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнiң қоғамдық саяси лексикалық салыстырмалы талдау мен осы екi газеттерiнiң аударылуы . ұқсастығы мен айырмашлықтарын көрсету . Осы екi газеттi талдамас алдында оның тарихын бiлу қажет болғандыктан, баспасөз тарихы мен «Правда» газетiнiң қоғамға тигiзген улесi, тарихынан малiмет бере отырып баспасөздiң қоғамға қажеттiлiгiн көрсетудi мақсат еттiк .
Қазақтың мерзiмдi баспасөзi Қазақстанның Россияға косылу натижесiнде пайда болды. Орыс халкының азат мәдениетiнiң игi әсерiмен Ш.Уалиханов, ЫАлтынсарин, А.Құнанбаевтар қазақтың демократиялық публицистикасы мен реалистiк жазба адебиетiнiң негiзiн қалады. Қазақ халқының ауыз әдебиетi мен ақын жазушыпарының шығармалары баспа жузiн көрдi. Сөйт1п XIXғ бас кезiнде және екiншi жартысында қазақ тiлiнде кiтап, газеттер шыға бастады. Сол жылдары В.И.Ленин баспасөздiң тарихын қоғамдық, демократиялық, әлеуметт1к қозғалыс тарихымен байланысты тексерiп. зерттеудi талап еттi.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | ӘУЕНІМЕН ӘЙГІЛІ ӘБІЛҚАЙЫР ӘУЛЕТІ

Көне кептің байыбына салсақ, көмейіне Жошы хан қорғасын құйғызған домбыра қайтып үн қатпастай тұншықпақ еді. Алайда, ғасырлар өткенде басқа емес – нақ осы әміршінің өзінен өрбіген жұлдызды шоғыр азалы да жазалы аспаптың құдіретіне дүниені қайта табындырды. Жошы заманы тым жырақ – әңгімеміз адасар. Арғы атасы әз-Жәнібек – бұл да бағзы белесі. Бергідегі Әбілқайыр бабаларына алдияр дейік. Иә, әңгіме баһадүр хан ұрпағының тұқымнан тақ тоздырған тегеуріні емес, әулеттен ән оздырған тектілігі хақында болмақ. Әбілқайырдың тікелей мұрагері Нұралының отыз ұлы ішінде, әсіресе, Бөкей, Шығай, Қаратай тарихта аты қалған тұлғалар. Осы үшеуінен басындағы бақты тақтан емес, күмбірлі күй мен әуелеген ән-жырдан тапқан ұрпақ қаншама. Айталық, төре күйдің тәңірі Дәулеткерей, әншілігімен Жайықтың сырнайы атанған Мұхит сал, “Шалқыманың” жаршысы Жантөре хан – дарынымен дара тұрар есімдер!
Бір ғана Бөкейдің балалары – Жәңгір хан, Тәуке, Әділ, Меңдігерей сұлтандар сарайынан күй керуендете шыққан салтанатты топ ше? Тәукеден – Махамбет, Ғабдолхакім, Хабир күйшілер, Әділден – Науша күйші, Жәңгірден – шабытты ақын, шебер домбырашы Шәңгерей тарайды. Меңдігерей де өзімен бір анадан туған інісі Дәулеткерейді тек дәулет пен билікке баулымапты.
Ұлттық мәдениеттің тағы бір көрікті тобы – Қаратаевтар мен Мұхитовтар. Бұлардың көшбасшысы – әнші Мұхит. Мұхиттың атасы да, әкесі Мерәлі – Мерғали Еркінғалиев те рулы ел басқарған бел­сенділер. Мерәлінің Пангерей, Шәңгерей, Мырзагерей, Мұхаметкерей (Мұхит), Сақыпкерей, Жанша (Ақжан) және Жүсіп деген ұлдары болды. Сақып, Жанша, Жүсіптер бірінен-бірі асқан домбырашы болса, Шәңгерей скрипканы сызылта ойнады. Әйтсе де, ағайынды жетеуден оза шауып, “Оралдан ән оздырғаны” Мұхит сал.
Әйгілі аталарының туын жықпай жиырмасыншы ғасырға бұлардың бәрі Қаратаев тегімен жеткен еді. Ұлт азаттық көтерілістің көсемі Қаратай сұлтанның күресі кеңестік тарихнамада әуелі дәріп­теліп, кейіннен есімі қайта көмескіленді. Сірә, Ресей Думасының депутаты, алғашқы үкімет – Қазревкомның мүшесі Бақытжан Қаратаевтың Голощекин саясатын айыптап, қыр көрсете компартиядан шығуынан туған көзқарас салқыны болса керек.
Содан ба, Затаевичтің “1000 әніне” Қаратаев болып кірген Мұхит Жұбановтың “Замана бұлбұлдарынан” Мерәлиев болып шықты. Тап күресі ушығып тұрған заманда Ахаңдай жанашырдың Мұхит мұрасы мен оның кейінгі ұрпағының тағдыры үшін ойлаған сақтығы еді. Сөйтіп, Мұхиттың өзінен тарайтын өнер саңлақтары оның атымен – Мұхитовтар болып жалғасты.
Немере інісі Бақытжан Қаратаевтың айтуынша, ақжарқын, әңгімешіл Мұхит қай төрдің де күткен мейманы болған. Жасында көркіне сұлулар сұқтанған әнші қартайған шағында кең пейілді, келбетіне парасат ұялаған абызға айналып, елдің құрметіне бөленген. Сөйтіп, жас шағында “Күнде той, күнде жиын жүрген жерім” деуі де, егде тартқанда “Мен кепіл өткен жастың келмесіне” дегені де шындықтан шалғай емес. Өмірінің соңында сезім әндерін шырқауды доғарып, Құранның сөзін әуезелейтін ғажайып араби сарынды сопыдай қайталаумен өткен дейді.
“Айдай” мен “Қыпшақ”, “Алуаш” пен “Қилым”, “Айнамкөз” бен “Паңкөйлек”, “Дүния” мен “Зәуреш” әндері Мұхит есімін мәңгілік етті. Мұхит әншілігімен қоса Боғданың, Тазбаланың, Абылдың, Сәулебайдың күйлерін нақышына келтіре орындаған. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдістеме | Мұғалім мен тәрбиеші іс-әректінің ерекшелігі туралы

Адамзат тарихында әлемдік өркениенттің әрбір кезеңдерінде қаланған әртүрлі білім беру жүйесі белгілі болды. Олардың әрқайсысы қоғамға тән сипаттағы, қазіргі білім жүйесін атқаруға тиісті талаптарды, әлеуметтік саяси, экономикалық қатынастарды бейнелейді. Олардың ішіндегі басты белгілері болып табылатындары:
- Спартандық тәрбие жүйесі.
- Афиндық тәрбие жүйесі.
- Діни тәрбие жүйесі.
- Джентельменді қалыптастыру жүйесі:(батыс еуропалық жүйе)
- Адамды ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу жүйесі (А.С. Макаренко)
XX ғасырдың екінші жартысында кеңес мектебіндегі тәрбие жүйесі ұжымдық шығармашылық жұмыстың қоғамдық пайдалы және өндірістік еңбек, әртүрлі ұйымдастырылған жұмыс формаларын ендіру (әртүрлі орталықтар, мектеп театрлары және т.б). Ұлттық дәстүрлер, сонымен қатар оқу процесін қайта құрудың негізінде қолданды. ....
Рефераттар
Толық
0 0