Дипломдық жұмыс: Педагогика | Орта мектептердегі 9-шы сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беру

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстан мектебінің алдына қойып отырған мақсаты – оқу мен тәрбие жұмысын дамыту, еліміздің әлеуметтік – экономикалық жағдайын жақсарту бағытында оқушыларға жүйелі, нақты білім беру.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс – тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» – деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді [1]. Бұл міндеттерді шешу мұғалімнің ізденісіне байланысты. Осы күні Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім берудің жаңа парадигмасын туғызды.
Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл - ауқатының артуын қамтамасыз ету мақсатымен, Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» жолдауында адамдардың денсаулығын жақсарту, ауруларды болдырмау және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін экологиялық проблемаларды шешу қажеттігі атап айтылған. Онда: «Экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20 % - ға артуына себеп болып отыр, ал кейбір аймақтарда жағдай мұнан да қиын, отандастарымыздың үштен бірі сапасыз ауыз суды пайдаланады. Жеткілікті және дұрыс тамақтанбау да теріс демографиялық салдарға әкеліп соғады» - деді [2].
Экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері - аймақтық техногендік шөлейттену, топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылуы, атмосфераның ластануы, озон қабатының жұқаруы, қышқыл жауынның пайда болуы, ормандардың селдіреуі, тіршілікке қатер төндіретін дүлей табиғи құбылыстар мен өнеркәсіп апаттардың белең алып және улы қалдықтардың қолданылуы қоршаған ортаға зиянын тигізуде. Қазіргі кезде табиғат пен адам арасындағы қарым - қатынасты дұрыс жолға қойып табиғат байлықтарын көздің қарашығындай сақтап, оны тиімді пайдалану керек. Табиғаттың осындай күйге ұшырап, еліміздің көптеген жерлерінің апат аймағына айналуының бір себебі – экологиялық білім мен тәрбиенің төменгі дәрежеде болуынан.
Сондықтан жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру бүгінгі күн тәртібіндегі бірден – бір қажетті кезек күттірмес екендігі 1991 жылғы «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында», «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасында» (2003ж.) және Ата заңымызға негізделіп жасалған ҚР «Білім туралы» заңдарда көрсетілген. [7,8,9,10].
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Конституциясының 6-шы бабы жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттің меншігі екендігін, олардың мемлекет қорғауында болатындығын мәлімдейді, ал Конституцияның 38-шы бабы Қазақстан Республикасының азаматтарына табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарын ұқыпты қарауға міндеттейді. «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңы 1997 жылдың 15-ші шілдесінде қабылданды. 19 тарау, 89 баптан тұратын заңның 15 - тарауында мынадай қағидалар көрсетілген:
1. Экологиялық білім мен тәрбие берудің жалпыға бірдейлігі және үздіксіз жүргізілуі;
2. Оқу орындарының білім беру бағдарына және меншік нысанасына қарамастан, оларға экологиялық пәндерді міндетті түрде оқытудың көзделуі;
3. Лауазымды адамдар мен мамандардың қажетті экологиялық даярлығы болуға және олар қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар негіздерін білуге міндеттілігі;
4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер мемлекет тарапынан қолдау табатындығы айтылған. 73-бабы «Экологиялық тәрбие мен білім берудің жалпыға бірдей және үздіксіз жүргізілуі» деп аталады. 74-бап оқу орындарында «Экологиялық білім берудің» мәселесіне, 75-бап «Қоршаған ортаны қорғау» саласында зерттеулердің мәселелеріне арналған. Осылармен қатар 1995 жылдың Республикамыздың қабылданған Конституциясында – табиғат байлықтарын қорғау, көбейту және тиімді пайдалану керек екендігі көрсетілген (6,38 баптар) [11].....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Хан кеңесі

Хан кеңесі - Бөкей Ордасының ханы Жәңгірдің ұйғарымымен 1827 жылы құрылған билер алқасы. Құрамына әр рудың беделді билері енген. Ресми құжаттарда «Ханның билер кеңесі» деп те аталады. Хан кеңесі орталықтандырылған жергілікті хандық билік жүйесіндегі ең жоғарғы орган болып саналған. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тағамтану | Ауданның нан зауытын гигиеналық және олардың санитарлық режимін жақсартуға бағытталған шараларды құрастыру

Адамға тағамына әртүрлі тағамдық азық түліктерқолданылады. Аралас, баланстық тағам рационындағы тағамдар өнімінің жинағы әртүрлі тамақтанудық және оның жоғарғы дәмдік қасиетін, сандық жеткіліктілігін және сапасының дұрыстылығын қамтамасыз етуге міндеттелген.
Тағам азық – түліктерінің табиғатын жануартекті (ет, балық, сүт, жұмыртқа) және өсімдіктерді (жемістер, көкөністер) деп бөледі. Химиялық құрамы, биологиялық қасиетініңәсері аралас заттар болып табылады. Олардың кейбіреулері пластикалық заттың көзі, басқасы энергетикалық материал көзі, биологиялық активті компоненттерінің түсуін қамтамасыз етеді.
Адам тамақтануында көп мөлшерде дән өнімдері алада. Тәуліктік рацоинды энергетикалық құндылығын дән өнімдері толтырып отырады.
Тағамдық өнімдердің тағамдық және биологиялық қасиеті және оларды дұрыс сақталуы тек қана тағамдық өнімнің жоғары сапалығына байланысы болады. Сондықтан да тұтынуға келіп түсетін азық – түліктің жоғары сапасы үшін күрес, сонымен қатар халық денсаулығының деңгейін көтеру үшін күрес болып табылады.

Мақсаты: Халық денсаулығын сақтау және азық – түлікті ұтымды пайдалану

Міндеті: Халық денсаулығы үшін азық – түлікті қауіпсіздігін және тағамдық құлдылығын сипаттайтын қасиеттерін анықтау ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | Ипотекалық несиелеудің теориялық негіздері

Өткен ғасырдың 90-жылдарының басында басталған реформалардың жүзеге асырылуынан экономикалық өмірге мүлдем жаңа құралдар мен ұғымдар келді.Ипотека ұғымы да солардың қатарына енген болатын. Оның себебі бұрыңғы шаруашылық жүргізу жүйесінде оның дамуына алғышарттар болмағандығы.
Ипотеканы стимулдау арқылы шешілетін мәселелер кешенді болып табылады. Өйткені халық үшін тұрғын-үй құрылысын стимулдаудағы әлеуметтік рөлінен бастап, коммерциялық жобаларды қаржыландыру мәселелеріне дейінгі рөлі, ипотеканың экономикамыз үшін маңыздылығын аша түседі.
Қазіргі кезеңде қаржы нарығындағы өзекті бір мәселе ретінде коммерциялық банктермен тұрғын-үй сатып алуды несиелеудің перспективасымен проблемалары қарастырылып отырған жайы бар.
Оңтайлы экономикалық жағдайдың туындауымен, бәсекелестіктің жоғарғы деңгейі тұрғын-үй алуға ипотекалық несиенің қажеттілігін туындатып отырып, оның тез дамуына әкелді. Дегенменде ипотека халыққа қол жетімді деп айтуға толық негіз жоқ. Себебі азаматтардың барлығының табысы ипотекаға жете бермейді.
Менің ойымша еліміздегі ипотекалық несиелеудің болашағы өте зор. Өйткені әрбір адам өзінің тұрғын-үй жағдайының жақсы болуын қалайды.
Ел басымыз Н. Ә. Назарбаевтың 2005 –жылғы ақпан айындағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында : «тұрғын-үй құрылысы біздің экономикамыздың алға сүйреуші қуатты күші -, деп атап өткен болатын.
Менің жұмысымның тақырыбы қазіргі уақыттағы экономикамыздағы өзекті мәселе ретінде қарастырылуда. Мен өз жұмысым барысында ипотекалық несиелеудің проблемаларын шешуге арналған механизмдер ұсындым ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Информатика | Жеке тұлғаға несие берудің ақпараттық жүйесі

Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбы - «Жеке тұлғаға несие берудің» ақпараттық жүйесі.
Курстық жұмыстың мақсаты –несие беру жүйесінің мәнін ашып көрсету, біздің еліміздегі несие жүйесін жетілдірудің мүмкін болатын жолдарын анықтау және ақпараттық жүйесін құру болып табылады.
Осы мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындауды жөн көрдім:
• Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің ерекшеліктері мен мақсатын анықтау;
• «Несиелік операциялар бойынша қызмет көрсету» ақпараттық жүйесін (АЖ) құрудың мақсатын анықтау;
• «Несиелік операциялар бойынша қызмет көрсету» ақпараттық жүйе деңгейін бағалау және оны қолданудың мүмкін аумақтарын анықтау;
• Курстық жұмысымың құрылымы .
Жалпы курстық жұмыс үш тарау кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыстың бірінші тарауында, теориялық бөлімінде, пәндік облыстағы сипаттамасы берілген, яғни несие жүйесінің түсінігі кіргізіледі. Бұл бөлімде жеке тұлғаларға несиелік операциялар бойынша қызмет көрсетудің ақпарат жүйесінің бағыты және оны құру мақсаты негізделген, ақпарат жүйесінің құрылымының талаптары анықталған, ақпарат жүйесінің ресурстарының талаптары қалыптастырылған: ақпараттық, программалық, техникалық, ұйымдастырушылық қамтамасыздандыру, ақпаратты қорғау талаптары, ақпарат жүйесінің қаржылық тәуекелділігін болжаудың концептуалды сызбасы жасалған.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРІ ҰСЫНАТЫН ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕЛЕР

К І Р І С П Е
Ипотека дегеніміз б.з.д. І-ІІ ғ. Рим шекарасында белгілі болған. «Ипотека» термин ретінде б.з.д. VІ ғ. Пайда болды. Ипотека грек тілінен аударғанда кепілдік деген мағына береді.
Қазақстанда ипотекалық несиелеу меншік туралы Кеңес Үкіметінің заңы қабылданғаннан кейін мүмкін бола бастады. Шын мәнінде алғашқы ипотекалық несиелеу тұрғын үй құрылыс мемлекеттік бағдарламасымен 1994-1995 жылы жүзеге асырыла бастады. Ал бүгінгі таңда коммерциялық банктердің дәстүрлі – базалық қызметі – экономиканы және халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы маңыздыларға және банкінің актив операцияларына жатады. Көптеген елдерде ипотекалық несиелендірудің халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудегі ролі баршаға белгілі. Шағын болса да тұрақты табысы бар халық топтары үшін тұрғын үй сатып алуға жағдайлар жасаумен қоймай, ипотекалық несие құрылыс саласына инвестициялар тартуға мүмкіндік беріп, қор рыногының жаңа сегменті - ипотекалық құнды қағаздар рыногының әрекет етуіне септігін тигізді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Аңсаған атамекен

Отан…Бұл сөз- әр адамның жанына жақын,жүрегіне жылы тиер сөз.Құс ұясыз болмайтындай,адам Отансыз болмайды. Ал менің Отаным, ата-бабаларым туып-өсіп,туын тіккен жаныма жайлы киелі жерім, алтын топрағым - Қазақстаным. Бірақта жүрегімдегі бір өкініштісі сол киелі жерден алыста көрші елде, балалығымның, балдай тәтті шақтарын өз Отанымнан алыста өткіздім. Қанша алыс болсам да жүрегімдегі бір ғана арманым-Отаныма қайта оралсам екен деген ой болатын. Отаныма деген сағыныш қайта оралуымды жақындатқан сияты. Көрші елде басымнан көп киын жағдайлар өтті. Соның ішіндегі жаныма қатты тигені- менің тірегім әкемнің ол дүниеге аттануы. Әкемнен ерте ажрап қалғанымның бірден –бір себебі оз Отанымыз атамекенімізде тұрмағанымыз деп білем. Себебі көрші елдегі адамдар біздің отбасымызды ылғи да шеттейтін.......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Экология | Арал проблемасы бүкіл дүние жүзі халықтарын алаңдатуда

Қазіргі таңда табиғатқа түсіп отырған ауыртпашылықтың дәрежесі орасан екендігі соншалық, егер оны қорғауға тиісінше шұғыл көңіл бөленбесе, мұның ақыры апатқа әкелуі әбден мүмкін. Өйткені қоршаған ортаның ластануы ауқымы халықтың денсаулығы мен еңбек қабілетіне қатер төндіретіндей дәрежеге жеткендігі анық.
Арал - Қазақстан жеріндегі Қызылорда және Ақтөбе облыстары мен Өзбекстан жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды антропогондік әрекеттерге дейін ( 1960 – 70 ж. ) дүние жүзілік теңіз деңгейінен 53,0 м биіктікте жатқан. Осы деңгейдегі айдынының ауданы аралдарымен қосқанда 66,1 мың км кв, орташа тереңдігі 16,1 м, ұзындығы 428 км, ені 235 км, су жинау алабының ауданы 69 000 мың км кв. болған. Сол кездерде жылына 50 - 150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Алабындағы шаруашылық мақсаттарға үздіксіз су алу барысында 1998 ж. теңіз деңгейі 18 м - ге төмендеді. Аралдың ауыр ахуалын Кеңес үкіметі кезіндегі ең жоғарғы лауазымды мемлекет және партия қайраткерлері білді. Бірақ, біле тұра тақап келе жатқан апат туралы ащы шындықты халықтан жасырды. 1988 жылы Көкарал аралы Оңтүстік құлықпен қосылып кетті. Нәтижесінде теңіз 2 суқоймаға – Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды. Суы тайыз, тартылуы да қарқынды Кіші теңіз – Қазақстан жағында, ал Үлкен теңіз - Өзбекстан жағында қалды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Сочинение: Родная школа

В жизни каждого человека школа играет большую роль. Самые важные годы своей жизни человек проводит в школе. Здесь он находит настоящих друзей, впервые сталкивается с трудностями и радуется своим первым победам. Школа надолго останется в душе каждого ученика.
Я никогда не забуду первый день в школе 1 сентября 2006 года. В первый класс меня собирали целый месяц. Выбирали мне костюм, туфли, ранец. Купили яркие тетради, цветные карандаши и линейку.....
Сборник сочинений
Толық
0 0