Өлең: Апасын жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Алдым биік, артым жар
Айналарға жерім тар.
Сағынғанда, жан апа,
Бір көруге болдым зар.
Жирен де аттың қасқасы-ай,
Сыдырып өрген таспасы-ай.
Айрылдым сенен, жан апа,
Шығарда жанның басқасы-ай.
Аспанда ұшқан құмайды-ай,
Құмай да бойын сылайды-ай.
Артыңда қалған балалар,
Апалап кімге жылайды-ай?!
Есіктің алды шие еді-ай,
Шиеге жеңім тиеді-ай.
Апам еске түскенде,
Ішім от боп күйеді-ай. ....
Өлеңдер
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Қара қытайлар мемлекеті Найман мен Керейттер ұлысы

Монғол тілді кидан тайпалары б.з. IV ғасырында Қытай-дың солтүстік жағында Маньчжурия мен Уссури аймағын мекендеген. X ғ. басында Солтүстік Маньчжурия мен Монғолияда Киданның Ляо мемлекеті /907-1125/ құрылды. Кидандық тар Сұн /960-1279/ империясы жерінің бір бөлігін және Селенгі мен Орхондағы Ұйғыр қағанатының жерлерін басып алып, Алтай мен Тарбағатайға карай жылжиды. Алай-да, осыған қарамастан - Кидандардың Ляо империясы тұрақты болмады. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Тақпақ: Ауыл маңында

Ауыл маңы саз, саз, саз.
Жайылады қаз, қаз, қаз.
Жем шашсаң, мәз, мәз, мәз.
Тоймай қалса қаз, қаз, қаз.
Шашқан дәнің аз, аз, аз.
Тақпақтар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш сыныпта дүниетанымды оқыту

Кіріспе
Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі: Қазақстан Республикасының басты міндеттерінің бірі жас ұрпаққа білім беру, ХХІ ғасырда – халықаралық даму кезеңіне сай, бәсекеге лайықты, барынша білімді, білікті жас маманды даярлау межеміз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясын ел келешегі жас ұрпақтың тәрбиесіне, олардың білім негіздерін игеруіне, біліктілігіне елдің болашағы байланысты екендігі айтылып, оған мән берілуі маңызды іс екендігін байқатады. Сондықтан, сапалы білім беріп, саналы етіп жас ұрпақты тәрбиелеу – басты мақсаттардың бірі, соның ішінде халық «білім негізі - бастауышта» деген тағылымды ойды орынды айтады.
Бастауыштан бастап күнделікті оқу, жүйелі дайындалу, сапалы болудың бірден бір жолы дүниетанымын арттыру. Оқушылардың ғылыми көзқарастарын бастауыштан бастап қалыптастыру бірден бір міндеттердің бастысы. Мектеп, ата-ана шәкірттердің – балаларымыздың, болашағымыздың саналы, мейірімді болуын ойластырып, келесі түйінді тұжырымдарды ұсынады:
- бала мектеп үшін емес, мектеп бала үшін жұмыс істейді; ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Еліміздің батыр қыздары Әлия мен Мәншүк

1922 жылы Гурьев облысы Орда ауданында туылған. Азан шақырып қойған аты Мәнсия. Бес жасынан бастап оны әкесінің немере інісі Ахмет Мәметов және әйелі Әмина асырап алған. Үлкен қара көзі, пысықтығы, ширақтығы үшін олар баланы еркелетіп «Моншағылым» деп атады. Өзінен атын сұрағанда, бала «Мәншүк» деп жауап берген. Солай аты Мәншүк боп қала берді.
1937 жылдың қуғын- сүргініне Мәметовтер әулеті де ұшырады. Ғылыми – зерттеу институтының директоры Ахмет Мәметов қамауға алынды. Ол кісінің әйеліне айтқан соңғы сөзі: «Менің Мәншүгімді ренжітпе, аман сақта». Кейіннен Ахмет Мәметовті ақтады, бірақ олардың отбасы қудаланып, «халық жауы» аталды. Есейген Мәншүк әкесінен бас тартпады, оны сатпады. Ол әкесінің қамалуын қате деп санады.
Мектепті бітіргенне соң Мәншүк медицина институтына оқуға түсті.
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк 18 жаста болатын. Ол соғысқа бару, Отанын қорғау туралы шешім қабылдады. Өтінішінде: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз», деп жазған. 1939 жылдан бері комсомолмын. 1941 жылдың 7-ші тамызы».
Бір жыл бойы Мәншүк әскери комиссариаттан өзін әскерге жіберу туралы өтінді. 1942 жылдың 13-ші тамызында Алматыдан 100-ші атқыштар бригадасы майданға аттанды. Оның құрамында 4890 жауыңгер, оның ішінде 2 қазақ қызы – дәрігер Мәриәм Сарлыбаева және Мәншүк Мәметова болған екен. Бригаданы ұла дана ақын Жамбыл өлеңімен шығарып салыпты.
Әскердің қиындығын Мәншүк ерлермен қатар көрді- жер жорғалап, судан жүзіп, қалың ну ормандардан өтті, пулемет атып үйренді. 21-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының ең жақсы пулемет атқышы атағына ие болды. Ол ержүректің үлгісі болды,оны дивизия жауыңгерлері мақтан тұтқан. 1943 жылдың 15-ші қазанында Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173,7 биіктігінде өте қатал соғыс болды. Мәншүк өзінің әскери бөлімінің шабуылын пулемет отымен қолдады. Мәншүктің басына оқ тиді. Соғғы күштерін жинап, Мәншүк пулеметін ашық жерге алып шығып, жодастарына жолды тазалап, фашистердің тікелей бетіне атқан. Өлі Мәншүк пулеметтің саптарын қолына тастай қатты қысып алған. Сол қан майданда Мәншүк Мәметова ерлікпен қаза тапты.
Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен 1944 жылдың 1-ші наурызында немес басқыншыларымен соғысу майданындағы қолбасшының әскери тапсырмаларын бұлжытпай орындағаны үшін, көрсеткен ерлігі үшін Мәншүк Мәметоваға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Мәншүк соғыстан аттанған Алматы қаласына Кеңес Одағының түпкір – түпкірлерінен алғыс хаттар барды. Невель қаласында Мәншүк атында көше бар. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Әлемдік мәдениеттің дамуына Орталық Азия халықтарының қосқан үлесі (Қазақстан тарихы, 10 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Орталық Азия және әлемдік өркениет
Сабақ тақырыбы: Әлемдік мәдениеттің дамуына Орталық Азия халықтарының қосқан үлесі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.3.1 Орталық Азия халықтарының материалдық мәдениет жетістіктерін талдау арқылы адамзаттың дамуына қосқан үлесін қорытындылау;
10.1.3.2 Орталық Азия халықтарының рухани мәдениеті мен ғылым саласындағы жетістіктерін талдау арқылы адамзаттың дамуына қосқан үлесін қорытындылау.
Сабақ мақсаты: Орталық Азия халықтарының материалдық және рухани мәдениетінің жетістіктерін сипаттау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Ерхан Болатұлы | Бір кем дүние


Ақ пен қарасы таразыға тартылған, сынаптай сырғып қолда тұрмайтын уақыт қарымын кідірту пенде еншісіне бұйырмағын іс. Әр сағат алтынға парапар десек бір тәулік яки қолыңдағы жиырма төрт алтын іспетті. Бірінен – бірі алмасып заңдылыққа бағынған уақыт қанжары бір демде отыз күннің басын алып, он екі айды сергелдеңге салып селін сұлата тегінде сыры сан қатпар тарих қойнауына алалы – құлалы парақшасын алмастырады. Бір кем дүние десеңізші...

**** **** ****
Бірі – қуып - бірінен қашып, қанжілік кейіптегі дүниеде еш таусылмайтын ол - жанардың жасы екен. Кеудедегі жалт еткен үміт оты, көктегі жарқ еткен жасын сынды. Самалалардай самсап барып жоқ болып кететін. Құламай - тұруды, жыламай – күлуді, тұраламай – ұғуды білмес едік. Егер егес – егізі болмаса. Бір кем дүние десеңізші...
https://www.zharar.com/engine/ajax/controller.php?mod=upload&area=full_story&author=araylym94&news_id=15691&wysiwyg=no&dle_theme=null#
.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманы мазмұндау «Қайран шешем» Ахмет Жұбанов (3 сынып, III тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: Шығарманы мазмұндау «Қайран шешем» Ахмет Жұбанов
Оқу мақсаттары: 3.1.2.1 шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық,таңдауына қарай мазмұндау, сахналау
3.2.2.1 қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мәтінің мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша мазмұндап, бағалауға негізделген сұрақтар қояды және жауап береді.
Көптеген оқушылар: жоспар мен сұрақтар құрастыруда мәтін мазмұнын бойынша түсінгенін қолдана алады.
Кейбір оқушылар: мазмұндау барысында жоспардан тыс өз ойын жеткізе алады, ашық сұрақтар құрастыра алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығармадағы оқиғаны болжау Қали Сапарбаев «Туған жердің ыстығы-ай» (4 сынып, III тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоршаған ортаны қорғау
Сабақ тақырыбы: Шығармадағы оқиғаны болжау Қали Сапарбаев «Туған жердің ыстығы-ай»
Оқу мақсаттары: 4.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, өлең жолдарын, нақыл сөздерді, шешендік сөздерді және вербалды емес тілдік құралдарды қолдану
4.1.3.1 шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжау, оның себебін түсіндіру
Сабақ мақсаттары: - мәтінді түсініп оқиды;
- тақырыбы мен қорытынды бөлімі бойынша сюжеттің дамуын болжай алады;
- сөйлеу барысында мақал- мәтелдерді, нақыл сөздерді қолданады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0