Өр Алтайдан Атырауға дейін тыныштық орнатқан қазақ елінің талай күрделі тарихи кезеңдерді басынан кешкені баршамызға белгілі. Темірдей төзімді, рухы биік халық жоңғарлардың қалың қолының шабуылына төтеп берген. Қалың елмен бірігіп, бір жеңнен қол шығара білген қазақ батырлары Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбайлар азулы жауды Аңырақайда аңыратып жеңсе, Райымбек сияқты киелі батырлар кейін шапқан кесапат жауды қасиетті қазақ жерінен біржола қуып тастаған. Қазақ жерін отарлап, бірте-бірте өз мақсатын орындап келе жатқан орыс патшалығы мен қарны жуан билерге қарсы шыға білген нағыз ерлік көрсеткен «Тебінгі теріс тағынып, темір қазық жастанған» да өр рухты, қайратты қазақ батырлары.......
Тұлпар шапса тұяғы талатын,сұңқар ұшса қанаты талатын кең байтақ Қазақстан деген отаным бар.Мен қазақпын-мен үшін осы сөздің өзі де үлкен бір қуаныш,үлкен бір бақыт.Мен өз Отанымды өте жақсы көремін.Ауыздықпен алысып,етегімен су кешкен ауыр күндерді ата-бабаларымыз бастарынан өткізді.Елімізді қасық қандары қалғанша ,сырт жаулардан азат етіп,келер ұрпаққа аманат етті. Еліміз талай қиындықты ,талай тарихи оқиғаларды басынан кешті.Болмыстың осы кейпін көріп, ұлы Абай «Қайран елім,қазағым,қайран жұртым» деп,күйзелсе,Жұбан ақын «Мен қазақпын,мың өліп,мың тірілген» деп күңіренеді.Ұлан-байтақ елімізге көз салушылар көп болды.......
Пән: Қазақ тілі Бөлім атауы: Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер Сабақтың тақырыбы: Өмірдің иесі – ана Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: О5. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу О5. Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру. Сабақтың мақсаттары: Оқушылардың бәрі істей алады: Мәтіндегі негізгі тақырыпты түсінеді Оқушылардың көбі істей алады: Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты анықтай алады. Кейбір оқушылар істей алады: Мәтіннің тақырыбы мен идеясын анықтай алады. .....
Пән: Қазақ тілі Бөлім атауы: Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика. Сабақтың тақырыбы: Египет мәдениетінің феномені Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.1.4.1 -мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау; 8.4.2.1 - сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану. Сабақтың мақсаттары: Оқушылар мәтіннен кідіріс, әуездің қызметін анықтайды. Сонымен қатар мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.....
Пән: Қазақ әдебиеті Бөлім атауы: Дананың сөзі - ақылдың көзі Сабақтың тақырыбы: Қорқыттың нақыл сөздері 2-сабақ Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Б/С1.Тарихи және көркемдік құндылығы 8.Б/С1.Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау Сабақ мақсаты: Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырады; Тарихи және көркемдік құндылығын баға береді......
Білім берудің кез-келген жүйесінің негізгі мақсаты - оқушы тұлғасының дамуы жөнінде айта келе, ең алдымен қазіргі замандағы педагогикалық психологияның негізгі ережелерінің бірін атап өту қажет, оған сәйкес оқыту адамның психикалық және жалпы алғанда, тұлғалық дамуының шарты ғана емес, сонымен катар оның негізі және құралы болып табылады. Оқыту мен дамытудың ара қатысының сипаты туралы сұрақ та маңызды. Бұл сұраққа жауап педагогикалық психология үшін өте маңызды. Отандық психологияда Л.С. Выготский тұжырымдаған және зерттеушілердің көпшілігі кұптайтын көзқарасты ұстанады. Бұл көзқарасқа сәйкес, окыту мен тәрбиелеу баланың психикалық дамуында жетекші рөл ойнайды. «Оқыту дамуда тек қана жуық арада болатын салдар ғана емес, алыс болашақта болатын салдарға ие болады, оқыту тек қана дамудың соңынан ғана, онымен қатарласа жүріп отыра алады, ол дамудың алдына түсіп, оны ары қарай итермелеп, онда жаңа қасиеттер туғызып жүре алады». Тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне қарамай, міндет әртүрлі әдістермен шешіледі. Тәрбие процесінің барлық кезеңінде белгілі бір сапалар қалыптасады, бірақ әр жеке сыныпта тәрбие әдісі өзгеріп отыруы тиіс. Бірінші сыныпқа дәл келетіні, үшінші сыныптағыларға сәйкес келмейді, ал бесінші сыныптағылар оны қабылдамауы мүмкін. Тәрбиеленушілердің жекелік және түлғалық ерекшеліктері. Жалпы әдістер, жалпы бағдарламалар тәрбиелік өзара әрекеттегі тек бастама ғана. Жекелік және тұлғалық түзетулер (корректировка) қажет. Инабатты тәрбиеші өз әдістерінше әр тұлғаның өзіне тән қабілетгерін дамытуға, оның өзіндік қасиеттерінің сақталуына, "мендік" белгілерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін әрекеттерді жасайды. 1. Тәрбиелеудің жалпы сипаттамасы
Адамды оқыту мен тәрбиелеу арасындағы байланыс -педагогикалық психологияның ең бір маңызды проблемасының бірі Оны қарастыру барысында: а) дамытудың өзі күрделі инволюциялық-эволюциялық алға жылжушы қозғалыс болып табылады, оның жүру барысында адамның өзінде - кейінді интеллектуалдық, тұлғалық, мінез-кұлықтық, әрекеттік өзгерістер жүреді (Л.С. Выготский, Б.Г. Ананьев); б) дамыту, әсіресе тұлғалық өмірдің өзі тоқтаған сәтіне дейін тоқтамайды ол тек бағыты, қарқындылығы, сипаты мен сапасы бойынша ғана өзгеріп отырады. Дамытудың ортақ сипаттамалары: қайтымсыздық, прогресс-регресс, бірқалыпсыздық, алдыңғының жаңада сақталынуы, өзгеру мен сақталудың бірлігі болып табылады. Психикалық дамуды аныктаушы факторлар ретінде В.С. Мухина оның алғышарттарын, дамудың шарттары мен байланыстарын және баланың ішкі позициясын қарастырады. Білім берудің кез-келген жүйесінің негізгі мақсаты - білім алушы (оқушы) тұлғасының дамуы жөнінде айта келе, ең алдымен қазіргі замандағы педагогикалық психологияның негізгі ережелерінің бірін атап өту қажет, оған сәйкес оқыту адамның психикалық және жалпы алғанда, тұлғалық дамуының шарты ғана емес, сонымен катар оның негізі және құралы болып табылады. Оқыту мен дамытудың ара қатысының сипаты туралы сұрақ та маңызды. Бұл сұраққа жауап педагогикалық психология үшін өте маңызды. Бұл сұрақты шешуде әр түрлі көзқарастар бар. Мысалы, олардың бірі бойынша, оқыту дегеніміз дамытудың өзі (У. Джемс, Э. Торндайк, Дж. Уотсон, К. Коффқа), алайда, оқыту табиғатын (оқу, үйрету) барлығы өздерінше түсінеді. Басқаларға сәйкес, оқыту - бұл тек қана жетілудің, дамудың сыртқы шарттары. «Даму - мүмкіндік туғызады, оқыту - оны жүзеге асырады» немесе, басқа сөзбен айтканда, «оқыту дамытудың ең аяғында келе жатыр». Ж. Пиажеге сәйкес, «баланың ойы белгілі фазалар мен кезеңдерден қажеттілік болғандықган өтеді, ол баланың оқытылуы, оқытылмауына тәуелсіз». Отандық психологияда Л.С. Выготский тұжырымдаған және зерттеушілердің көпшілігі кұптайтын көзқарасты ұстанады. Бұл көзқарасқа сәйкес, окыту мен тәрбиелеу баланың психикалық дамуында жетекші рөл ойнайды. «Оқыту дамуда тек қана жуық арада болатын салдар ғана емес, алыс болашақта болатын салдарға ие болады, оқыту тек қана дамудың соңынан ғана, онымен қатарласа жүріп отыра алады, ол дамудың алдына түсіп, оны ары қарай итермелеп, онда жаңа қасиеттер туғызып жүре алады». ....
Я родился и живу в Астане. Это главный город нашей большой страны. Мне очень нравится мой город. Он очень красивый. Здесь много архитектурных шедевров, таких как: «Хан Шатыр», «Байтерек», «Ак Орда», «Дворец Мира и Согласия». И наша молодая столица продолжает расти и развиваться. ....
Кіріспе Әр халықтың өмір сүру кезеңіндегі тарих өзінің баға жеткізгісіз рөлін атқарады. Адамзатқа қажетті рухани негіз тіл, дін, салт-дәстүрмен бірге, тарих сол халықты танытатын керемет өмір оқулығы. Тарихын өткеннің көркем түрде сипаттау адамды эстетикалық және идеялық тәрбиелеуге ықпал етеді. Сол кезеңде өмір сүрген адамдарды өткен уақыттың оқиғаларын шынайы, бар болмы-бітімімен, тарихи аяда бейнелеуге әркімнің батылы бара бермейді. Және бұған үлкен жауапкершілік, терең тарихи білім, шығармашылық, шеберлік, талант, қаламгерлік тәжірибе керек./1,3/ Қазіргі заман әдебиетінде тарихи роман мен тарихи роман-эпопеяның үлесі барған сайын ұлғайып келеді. Бұл құбылыстың себебі мен мәнін ашуға арнаулы зерттеулер де жазылып жүр. Тарихи роман жанрына мұншама көңіл бөлінуі оның осы күнгі әдебиеттен алып отырған орны мен маңызын сипаттаса керек. Тарих туындылардың тамыры антикалық дәуірден тарайды. Сол кездегі үлкен тарихи оқиғалар Геродот, Руфь, Флавий, Аррион, Диодор жазбаларында сақталды. Олардың басты ерекшелігі болған оқиғаның шынайы болмысын жеткізгендігі. Өзінің басты объектісі адамды бейнелеу арқылы әр дәуірдің сан қилы сыр-сипатын көрсететін көркем әдебиеттің даму кезеңдеріне көз салғанда, оның нақтылы тарихи адамдар мен тарихи оқиғаларды бейнелеу ерекшелігі, яғни әдебиеттегі тарихилық мәселелері айрықша назар аудартары хақ. Ал, әр дәуір жыршысының өз заманының тарихи кескінін бейнелеуге әрекет еткен шығармасы тек белгілі бір ұлт әдебиетінің жасын межелеуге ғана емес, сол әдебиеттің осы өзекті мәселе тұрғысынан алғандағы жүріп өткен жолын бағдарлауға да мүмкіндік береді. Сөз жоқ, ол жолды азаматтық тарихпен тікелей жарысып отыратын жол деп тануға болар еді. Өйткені, онан белгілі бір халықтың рухани есею жолын, тағдыры, таразыға түскен небір тарихи тайталастарының мәліметтерін табасыз. Көркем әдебиеттегі тарихилық сапалық тұрғыдан алғанда ғылымдағы тарихилықтан ерекшелеу болып келеді. Өйткені, ғылым белгілі бір дәуірдің тарихи даму заңдылықтарын тұжырымдармен өрнектесе, ал әдебиет сол тарихи құбылыстарға деген адам қатынасын оның кісілік құлқы, әрекет харакеті таным дүниесіндегі өзгерістері арқылы көрсетеді. Басқа сөзбен айтқанда, «белгілі бір дәуірдің нақты тарихи мән-мазмұны, оның қайталанбас келбеті мен ерекше бейнесін көркемдік әдіспен игеретін әдебиеттің тарихилық» мәселесі осы қасиеті арқылы өзіне ерекше назар аударуды талап ететіні хақ /7,3,5/. Тарихи шығарманың халық тарихындағы елеулі құбылыстар туралы жазылуы шарт деген пікір орынды. Бұл жерде тарихи шығарманың халықтың тарихы, тарихи өткені туралы жазылуы қажетті дау тудырмайды. Ал тарихи шығарма негізінде халық тарихындағы аса маңызды оқиғалар мен құбылыстар ғана жатуы керек дегенде, халықтың өткен тарихын оның мазмұнына қарай екшеген болып шығамыз /8,9/.....
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға көшкендігін ірі өркениетті елдер мойындай бастады. (АҚШ, Италия, Франция, Англия т.б. елді мекендер). 2. «Бєсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бєсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге халық үшін». Президенттің қазақ халқына жолдауы. Астана 2004ж. 19-наурыз. 3. Бастауыш мектеп оқушыларын дамытудың маңызды факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесін ғана емес, сонымен бірге баланың ақыл - ой әрекеті тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін бүкіл оқу барысын жолға қою болып табылады. 4. Ана тілі оқу пәнінің маңызы туралы Ж.Аймауытов былай дейді. «Оқытатын пәндердің бәрін бірдей керекті, бәрін қаусырып, орап алатын пән - ана тілі» ] Оқулық тек білім құралы ғана емес, тәрбие құралы да. Негізгі идеясы - адамгершілік тәрбиесі оқушы жүрегіне ізгілік егу болып табылатын шығармалар жинақталып, оқулыққа ұлы Абайдың «Адам болам десеңіз» деген сөзімен үлкен бөлім енгізілген. 5. Тұлғаны шығармашылық деңгейінің дамуы жетістігі барлық педагогиткалық технологияның жоғарғы нәтежесі болып есептеледі. Шығармашылыққа тән - ой тереңдігі, ой икемдігі, даралық, таңғажайыптылық, сезім дамуы және....
Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміздің қоғамдық - экономикалық өміріндегі елеулі өзгерістерге байланысты саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени, рухани жағдайлар жастарды тәрбиелеу проблемасын дұрыс бағытта ойластыруды талап етуде [1,2]. Әсіресе, әлемдік деңгейде әлеуметтік-мәдени проблемаларының шиеленісіп отырған шағында адамның адамға қатынасын ізгілендіру, оны жоғары мәдениеттілік деңгейіне көтеру қажеттілігі байқалып келеді. Білім беру мен тәрбие мақсатын көздеген осындай мемлекеттік құжаттар аясында мәдени, рухани жаңару мәселесі ерекше маңызға ие бола бастады. Сондықтан жоғары оқу орындарында дене тәрбиесі болашақ мамандарының кәсіби даярлығын жетілдіруде олардың әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру мақсатында оқу-тәрбие үрдісінің мазмұнын жаңғырту қажеттілігі айқындалып отыр. Осы орайда, әлеуметтік-мәдени құзырлығының проблемаларын зерттеу әлеуметтік және мәдени дағдарыспен бірдей көтеріліп отырған өзекті мәселелердің бірі екені белгілі. Жалпы, дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру мәселесі “әлеуметтік-мәдени құзырлығы” ұғымының бірлігі мен ерекшеліктерін қарастырумен тығыз байланысты. Болашақ мұғалімдердің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру және дамыту үшін оның ғылыми әдебиеттерде қайнар көздерін, негізгі тұғырларын анықтау қажет екені байқалды. ....