Шығарма: Жеңіс сыйлаған ардагерлерге тағзым етеміз

Адамзат тарихында қайғылы қара уақыттың біріне «Ұлы Отан соғысын да қосуға болатынына да ешбір күмән жоқ. Бауыржан Момышұлы ағамыз айтпақшы «Соғыс-өмір мен өлім арасындағы қыл көпір» атты сөзі бұл уақытқа сынды теңеу болатыны рас.Басталған күнінен аяқталған сәтіне дейін Ұлы Отан соғысының ауыртпалығы қанды майдандарда дүние салған жандармен-ақ өлшенер. Тарихтың қара беттеріне жазылғандай бұл оқиға барысы 1941 жылдың 22 маусымында таңның маужырап тұрған тыныштығын бұзған болатын. Ол неміс фашистерінің тарапынан бүкіл адамзатқа қасірет әкелген «Ұлы Отан» соғысының басталған күні болғандығы айғақ. Дүние жүзіне апат әкелген бұл соғыс 1418 күн мен түнге ұласты. Соғыс мәселесіне қарсы Қазақстанның барлық жерінде фашизмнің зұлымдығын айыптайтын жаппай халықтық митингілер өтті. Сол сияқты жаппай қарсы іс шаралардың бірі біздің Торғай облысы (Қазіргі Қостанай обл.), Аманкелді ауданында өтіп, Отан қорғауға аттануға көптеген азаматтар өз еркімен тілектерін білдірген болатын. Осы сұрапыл соғыста даңқты халық батыры Амангелді ауданының азаматтары ерліктің небір жанқиярлық үлгілерін көрсетті. Олар майдан далаларында жаулармен арыстанша айқасып, жолбарысша жұлқысты. Жан алып, жан беріскен сұрапыл соғыста ата-баба ерлігін одан әрі жалғастыра білді. Олардың көбі майдан далаларында шаһит болса, енді біразы елге мүгедек және біразы дін аман болып оралды. Отанға оралған соң бейбіт еңбекте ерліктерін кеңінен жалғастыра білді. Қай салада болмасын қызмет атқара жүріп, халықтың көңілінен шықты. Әрине, олардың бәрін түгендеп шығу мүмкін емес. Ең бастысы олардың қай-қайсысының болмасын есімдері еліміздің есінде болуы парыз болса, ерліктері ұрпаққа ұлы өнеге болатыны мақтаныш! Олардың ерекше ерлік көрсеткендері Батырбеков Тайжан және менің мақтан тұтар атам Наурызбаев Бөстекбай Абламбайұлы. «Ұлы Отан» соғысына қатысқан әрбір азамат батыр болғандықтан, туған жерін, өскен өңірін білуі меніңше әрбірімізге міндет......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Патриотттық тақырыптағы шығарма

Сынға түскен екіұдай тұста мына,
Қарамайды ол бақытқа, бас қамына.
Лайық ол, байқасаң, қазақ түгіл,
Әлемді де әдемі басқаруға!
Ғ. Қайырбеков
Менің туған жерім – Керей мен Жәнібек бабаларымыз қалаған қазақ жері. Қарға тамырлы қазақ халқының көздің қарашығындай сақтаған осынау қасиетті мекені ата-бабаларымыздың найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғағанының арқасында бізге жетіп отыр. Сол себепті де, осындай алып Отанды сүйіп өту - кімге де болсын қасиетті парыз, абыройлы міндет.Отанды сүю оның әрбір тасын сүюден басталады. Бұл шексіз махаббатты туған анаңа, асқар таудай әкеңе деген махаббатпен теңестіруге болады. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Елбасының өмірі мен қызметі

Елбасының әкесі Әбіш атасы Назарбайдың кенжесі. Ол кісінің Әбіштен үлкен Үмбет, Шалабай деген ұлдары, бір қызы болған екен. Қызы жас кезінде қайтыс болып кетіпті. Назарбай әлде би, болмаса болыс па, әйтеуір ауқымды аймаққа билік жүргізген, қолында мөрі бар адам екен. «Назарбайдың жазығы», «Назарбайдың диірмені» деп аталатын жерлер әлі де бар. Назарбай Шамалған, Қаскелең, Үшқоңыр жайлауларын қоныстаған екен.
Назарбай атасы дүние салғаннан кейін мөрін елбасының әжесі Мырзабала ешкімге бермей өз қолында ұстаған. 1929 жылдың қатерлі көктемінде қазақ даласына «Коллективтендіру» деген бәле келді.......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларын тәрбие жұмысын ұйымдастырудың қандай түрлерін білесің

Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы заңы» (1972), Қазақстан Республикасы «Тәлім- тәрбие тұжырымдамасы» (1993), Қазақстан Республикасы «Жалпы білім беретін мектептері» тұжырымдамасы (1992), Қазақстан Республикасы «Жалпы білім беретін мектептер оқушыларды еңбекке оқыту мен тәрбиелеу тұжырымдамасы» (1993) педагогика ғылымының зор сүйеніші болады. Сонымен бірге көптеген мұғалімдердің де тәжірибелері де басшылыққа алынып тәрбиенің дамуына игі әсерін тигізді.
Адамгершілік теориясы мен практикасында аса маңызды бағыттарға сын көзімен қарамайынша бүгінгі күнде орын алатын жалпы тәрбиенің оның ішінде адамгершілік тәрбиесі ұғымдарының ғылыми негізін ашып көрсету әлі де шешімін тапқан жоқ. Қазіргі таңда еліміздегі оқу-тәрбие жұмысында болып жатқан жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын қайта қарауға міндеттейді. Бүгінгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде оқушылар мен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр.
Бұл өзекті мәселелерді шешуде және оларды одан әрі жетілдіруде оқу- тәрбие процесінде адамгершілікке тәрбиелеу мақсаты ешқашан күн тәртібінен түскен емес. Бірақ, «адамгершілік элементтерін қолданамын» немесе «адамгершілік барлық тәрбие сағаттарының тақырыбына сай келе бермейді» деген жаңсақ пікір де орын алып келеді.
Адамгершілік тәрбиесі жөнінде демократ педагог Н.А.Добролюбов жастарды гуманизмге тәрбиелеудің маңыздылығын көрсете келе гуманизмнің мазмұнын терең және әр салалы түсіндірді. Бұл тәрбиенің міндеті адам баласын қадірлеп сыйлауға үйрену ортақ тағдыр жолында істес адамдарға көмектесу, қиын-қыстау кезеңдерде жолдастар мен достарға жәрдемдесуге дағдылану керек деп талап етеді.
Н.А.Добролюбовтың көзқарасында адамгершілік тәрбиесінің жолдары мен әдістері жөнінде былай деді: «Нағыз шын адамгершілік қасиеттер мен саналар қалың халықтардың ішінде, халықпен біте қайнап дамыған адамгершілік, сол халықтың ерекшеліктерін, тілектер мен талаптарын, үміттері мен болашақтарын білдіреді»,- деді.
Қазақтың аса көрнекті ағартушы педагогы Ыбырай Алтынсарин бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге арнады. Ы.Алтынсариннің балаларға арнап жазған шағын әңгімелері, өлеңдері бастауыш сынып оқушыларын еңбек етуге, адал, шыныл болуѓа мейірімді, қайырымды болуға, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға арнаған.
Қазақ халқының ұлы ойшыл-ақыны Абай Құнанбаев жастарды халқының әдет-ғұрпы, салт-санасы, дәстүрінен тәлім- тәрбие алуға шақырды. Абайдың педагогикалық көзқарасындағы басты нысана «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», «Жақсы көпке ортақ», «пайдаң еліңе, халқыңа тисін» деген гуманистік ой-пікірді қуаттау болды.....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі 4-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Қиял мен шындық
Сабақтың тақырыбы: Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі 4-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т/Ж4.Шығарма үзінділерімен жұмыс
Сабақ мақсаты: Т/Ж4. Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Тәрбие сағаты: 1 Қыркүйек - Білім күні («Балдәурен» әнінің әуені)

1 қыркүйек - Білім күні («Балдәурен» әнінің әуені)

Музыка жетекшісі: Рахметова Әдемі

Мақсаты: 1 қыркүйек - Білім күні мерекесінің маңызын түсіндіру, сезіндіру.
Сахна мәдениетіне баулу.
Көңілді орта қалыптастыру.
Барлық балалар «Балдәурен» әнінің әуенімен түрлі - түсті шарлар ұстай көңілді би билейді, би аяқталғанда шарларды қояды. Орындарына отырады.

Тәрбиеші: Құрметті тәрбиешілер, қонақтар, ата - аналар, аяулы тәрбиеленуші балабақша бүлдіршіндері! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Білім күні» мерекелеріңіз құтты болсын!
Туған жер төсін тербеткен
Өмірдің бейбіт шағы бұл
Мінеки, достар, тағы бір
Өткізіп жазды дүбірмен
Құшағы толып гүлдермен
Білім нәрін алуға
Бақшаға келді балалар!.....
Тәрбие сағаттар
Толық
1 0

Реферат: Тарих | ТАЛАС ӨҢІРІНДЕГІ КӨНЕ ЖАЗБАЛАР

Бүгінгі таңда қазақ және өзге де түркі елдері алдында өзекті мәселелердің бірі ретінде тұрған руникалық түркі жазба ескерткіштері өзін зерттеуді тек көне тарих жазылып қалдырған кезеңнен емес, бастауын сонау ғұн, сақ мәдениетінен іздеуді меңзейді. Орталық Азиядағы алғашқы ірі көппелі ғұндар империясы біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғасырдың соңында құрылды. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | М. Әуезовтың әңгімелеріндегі қазақ халқының әлеуметтік жағдайын суреттеу

Кіріспе
Туған халқына мәңігілік мұра болғандай ғасырлық туынды сыйлау тек қадау – қадау ұлылардың ғана үлесіне тиген. Солардың бірі М. Әуезов екенін біз білеміз. « Абай жолы » романы Әуезовтың бас кітабы. Ол өзінің осынау ұлы шығармасын жазып, үлгеріп кетті. Оның суреткер ретінде бақыты да осыда. Абай жолы – халық жолы. Абай туралы романдар, Абайдың ел жұрты, қоғамдық ортасы, әлеуметтік қоршауы, дәуірі һәм заманы туралы романдар. Абай - Әуезов қолындағы шамшырақ Әуезов сол шығармашылықты қолына ұстап, көшпелі феодализмнің небіреу меңіреу түпкірлері түпкірлері мен қараңғы қапастарын аралып кетеді де, зорлық – зрмбылық, қатал – жауыздық әделеттісіздік сияқты қара күштердің ошағы болған неше түрлі бұралаң шатқалдарды көз алдына жарқыратып әкемді: Міне бұдан біз « Абай жолы » эпопеясы Абайдан гөрі кең ... Абайдың адам, азамат, ақын ретінде қалыптасуы сол жарты ғасыр ішіндегі қазақ қоғамының барлық саласындағы өмірдің барлық ойы – қыры, қия –қалтарасымен өріле суреттейді. Абай арқылы біз, өткен ғасырдыңекінші жартысындағыф және осылардың басындағы бүкіл халық тіршілігін, оның көп бұралың тағдырын, ой – араманын, мақсат мүддесін, күрес тартысын ... бәрін – бәрін түгел шарлап, көз алдыңа қатарынан тізілген тауі өркештерін елестетеміз. Бұл шындық ә Халық» дегенде бұл ұғымының негізінде ұлттың әдет – ғұрып ғана емес, рухы жататыны сөзсіз. Осылай болса « абай жолында » біздің дәуірге дейінгі қазақтардың тұрмысы, әдет – ғұрпы ғана емес, күллі ұлттық рухы сайрап тұр. М. Әуезов шебер жазушы тіпті төрт кітаптың бойында адам образдарын жасауға қызмет етпейтін бір де бір штрих, керек десең артық сызық жоқ.
« Абай жолы » қырық екі тілге аударылып осы тілдің халықтарының тілін тақылдатуға мәжбүр қылған.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0