Тақпақ: Әжеме

Ақжаулығың қолда,
Алаң болып жолда.
Күте–күте шаршадың ғой әже,
Қою қара шәйің.
Кәмпит пенен майың,
Жиналмаған дастарқаның әже.
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Күшігім

Өзі адамға үйірсек,
Өліп-өшіп ойнайды.
Қиқуласып жүгірсек,
Қашып жүр деп ойлайды.

Қуып жетіп қалғанда,
Білмейді не істерін.
Балтырыңнан алғанда,
Батырмайды тістерін.
Тақпақтар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің маңызы

К І Р І С П Е
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан елінің ел болуы ана тілінен , салт дәстүрінен мәдениетінен, тарихынан өз жастарына тәлім тәрбие беруінен бастау алады
Мұндай көзқарасты өткенге оралу емес, қайта олардың рухани дүниесін, ұлттық сана сезімін , тіл мен ділін, бауырмалдық қадір қасиетін жаңғырту, қалыптастыру идеясын басшылыққа алу деп түсіну қажет.
Біздің ұлттық намысты басқа бір ұлт оятпайды, оған өзімізді -өзіміз тәрбиелеу арқылы жүзеге асыруымыз қажет. өткен ғасырдың танымал жазушысы Глеб Успенскийдің «Интеллигент –это человек который несет свет»-деген пікірі зиялы адам рухының қоғамдағы маңыздылығына айрықша мән бергендігінде. Сондықтанда адам факторын жандандыру міндетін белсенді шешу мәселесі тікелей зиялылықты қалыптастырудан процесімен байланысты. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Елім деп соғар жүрегім

Мен-патриотпын ! Мен елімді, жерімді, ұлтымды сүйемін! Мен отанымды , отбасымды сүйемін! Мен - тілімді, дінімді, ділімді сүйемін! Мен Қазақстан Республикасының Туын, Гимнді, Елтаңбаны құрметтеймін. Мен үшін аса қымбат осы құндылықтарға деген махаббатыммен мақтана аламын, және сол махаббатымды дәлелдей аламын. Мен өзімді шын патриот санаймын.
Кез-келген адамды отансүйгіштікке тәрбиелейтін ең бірінші - ата-ана тәрбиесі, екінші - ұстаздардың тәлімі. Ал өзіңді-өзің отансүйгіштікке тәрбиелегендегі тірегің ол - кітап.......
Шығармалар
Толық
0 0

5 ас қасық диетасымен 5 кг-нан құтылыңыз

Бұл диетада тәтті де, майлы тамақ та рұқсат етіледі. Және түнде де тамақ жеуге болады. Бірақ, салмақ тастайсыз. Сенбесеңіз, «ұстап», сынап көріңіз!

Артық салмақ – мөлшерден көп жегеннен пайда болады. Демек, егер салмақ тастағыңыз келсе, күнделікті қабылдайтын тағам мөлшерін кемітуіңіз керек. Нақтырақ айтқанда, калорияны 1000 ккал-дан кемітсеңіз болғаны. Әрине, калорияны есептеп отыруға ешкімнің уақыты, шыдамы жете бермес. Осыны ескеріп, диетолог мамандар сіздер үшін есептеп, ең оңай жолын тауып та қойған. Ол үшін сізге арнайы таразы алудың қажеті жоқ. Ас қасық таразының рөлін атқарады. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Сәбит Дөнентаев ақындық шеберлігі

Кіріспе
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті біраз зерттелді десек те, оның әлі де толық зерттелмеген тұстары баршылық. Қазақ әдебиеті тарихының үлкен бір қоғамдық саяси ахуалды бастан кешірген тұсы - осы кезең. Абай айтқан «Қалың елім қазағым» (1,58) деген ойдың алға шығып, Ахмет ұсынған «елеулім болуды» (2) көздеген тұсы болатын-ды.
Қазақ зиялылары жаңа бір арнаға бет бұрып, ірі саяси- әлеуметтік оқиғаларға араласып қана қоймай, көбі қазақ әдебиетінің барлық жанрларының біршама дамуына қызмет етті. Әдебиеттің осы бір даму кезеңінде уақыт сұранысына орай әрқилы көзқарастар қылаң беріп,
жан- жақты ой ортаға салынды. Ақынның көбі ұлт мәселесін, елдікті, діл мен тіл, жер мен ел тағдырын жырлады, ғылым, оқу арқылы биіктерге көтерілуге болатынын айтып ағартушылық мақсатты өз шығармашылықтарына арқау етті. Ал енді заман өзгеріп қос төңкерістің қыспағынан шыққан тұста ол ойлардың көбі замана сұранысына сай болмай шығып келді. Міне, сондай ақынның бірі Сәбит Дөнентаев еді.
Әрине, Сәбит жайлы аз жазылған жоқ. Ол әдебиет тарихынан шығып та қалған жоқ. Бірақ оның өзіндік көзқарастары, өмірлік ұстанымдары, шығармашылық бағыт- бағдары өңі айналдырылып беріліп, тіпті, көптеген дүниесі назардан тыс қалып қойды. Ақын шығармашылығының кеңестік идеологияның ыңғайына келетіні белгілі. Тіпті ақын шығармашылығын осы күнге дейін бір ғана зерттеуінің ізденісіне арқау болғанын, ал негізінен мақалалар мен жиған оқулықтарда, әдебиет тарихында жалпылама сөз болып келгенін еске алсақ та жеткілікті. Өйткені Сәбит Дөнентаев шығармашылығы даулы дүние болатын. Ғасыр басындағы (XX ғасыр) зерттеуінде Сәбит ақындығына қатты көңіл бөлініп, М.Әуезов, С.Мұқанов сынды жазушылардың назарына ілінгенімен кейінен ақын шығармашылығына деген бір түрлі салқындық сезіледі. Жаттанды, бір бағыттағы кәдеуілгі мақтау ақын шығармашылығын тану болып табылмайтыны белгілі.
Сонау XX ғасыр 20-30 жылда қазақ зерттеушілер Сәбит Дөнентаев туралы қилы пікір айтып, өзіндік ой қорытқанда М. Әуезов Сәбитті көркем әдебиеттің көрнекті өкілдеріне балап, өлеңдері ойшылдыққа бейім деп таныса (3,148), Сәбит Мұқанов керісінше оны ұлтшыл ақын (4,236) деп білді. Әрқайсы өзіндік пікірінде қалды.
Сәбит Дөнентаев туралы іргелі зерттеу жазған Балташ Ысқақов Сәбитті бұқарашыл ақын деп танып (5,72) оның шығармашылық болмысына терең бойлай алды.
Ал енді бүгінгі күнде Сәбит Дөнентаев шығармашылығына өзгеше көзбен қарап, оның ақындық табиғатын тереңдей ашуға ден қойып отырмыз. Әсіресе, ақынның 100 жылдық, 110 жылдық мерейтойлары тұсында бұған аса қатты көңіл бөлінді. Соның нәтижесінде Сәбит Дөнентаев ақындығының тың беттері ашылды деп білеміз. Сәбиттануды жаңа белесі жаңадан шығып жатқан он томдық қазақ әдебиетінің 5- томындағы XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихына арналған Сәбит Дөнентаев шығармашылығы туралы жазған ұстазымыз Т. Кәкішұлы жазған тарау деп білеміз. Онда тың ойлар жетерлік.
Міне, осынау шығармашылығы сан түрлі пікірге арқау болған ақын туралы жазу бізге оңай түспегені белгілі. Осы кісінің шығармашылығы туралы өзіндік ой- пікірімізді білдіріп, бітіру жұмысын жазуға ниет еттік.
Жұмыстың өзектілігін әлі де болса шығармашылығы толыққанды зерттелмей келе жатқан ақынды жете тануға сәлде болса үлес қосу талабы оның ақындық болмысын ашуға, өзіндік ерекшелігін ашуға ұмтылған талпынысымызды танытады. Ал жаңашылдығы - ақын шығармашылығына бүгінгі көзқарас, байыптаулар тұрғысынан көз жіберу деп білеміз.
Бітіру жұмысы екі тараудан кіріспе мен қорытындыдан тұрады. Жұмыстың негізгі бөлімі болып табылатын екі тараудың алғашқысын «Ақын поэзиясындағы ағартушылық арна» деп атап онда ақын ғұмырнамасын ағартушылық пен бірлікте алып қарастырдық. Ақын шығармашылығындағы ағартушылық ойдың өрісіне көз салдық. Ағартушылық идеяның негізін ашуға тырыстық.
Ал жұмыстың екінші тарауы «Ақындық шеберлік айшықтары» деп атап, Сәбит Дөнентаев поэзиясынан өзіндік ерекшелігін, ақындық шеберлік белгілерін талдауға ұмтылдық.
Кезінде XX ғасыр басындағы ақын - жазушыларды ұлтшыл- буржуазияшыл, діни- клерикальды, ағартушы - демократ деп бөліп, кейіннен ағартушы, ағартушы- демократтар деп бөлген едік. Бүгінгі әдеби көзқараста ғалым Дихан Қамзабекұлы ұстанған XX ғасыр басында негізгі ағартушылық болды деген пікірі (6,67) біздің ойымызда жақын. Ал енді осы ағартушылық ағымда Сәбит Дөнентаевтың орны ерекше-ақ. Ендеше, біздің мақсатымыздың бастысы - Сәбит шығармашылығындағы ақындық ағартушылықтың орнын айқындау.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Дүние жүзілік орманды аймақтары

Орман ресурстары - бұл биологиялық ресурстардың бір түрі. Олар көптеген спецификалық жақтарымен ерекшеленеді. Олар бір жағынан табиғи жағдай болып келсе, екінші жағынан оны қолдану сипатының ерекше болуымен түсіндіріледі. Сонымен қатар орман ресурстары, оның бастысы орман шикізаты өте үлкен экономикалық маңызға ие болды. Оларды қолдануда өндірістің өте үлкен салалары мен жәнеде халықтың бір шама бөлігінің жұмыс істеуімен байланысты болып келеді. Ағаш өңдеудегі өнім, орман ресурстарын эксплуация процесінде алынған ағаш өнімдері өндірістің басты шығару өнімі және тұттыну заты болып табылады.
Минералды шикізаттарға қарағанда орман, ресурстары қайта қалпына келтіруге болатындардың түріне жатады. Осыған байланысты оны шаруашылықта және де өндіруде сонымен қатар оны үлкен көлемде қолдануда орман ресурстарын қалпына келтіріп жоспарлы түрде жүзеге асыруға болады. Орман ресурстарын ауыл шаруашылық ресурстарды қолдануда адамға керекті табиғи өнімді алуда оны қайта қалыпына келтірудің цикілді жүйесі қалыптасқан.бұл табиғи процесте өнімдердің арасында араласуме ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Ерлер есімі - мәңгі ел есінде

Ежелден ел тілегі – ер тілегі,
Адал ұл ер боп туса –ел тірегі.
Бауыржан Момышұлы
«Жер - елсіз болмайды,ел - ерсіз болмайды» -дейді дана халқымыз. Ерлер халықтан туады.Ер –дегеніміз халықтың қамқоры, тірегі,қорғаны.Ерлік –ердің ісі ,бірақ оның көрінісі тоқсан түрлі Біреулер даналығымен елінің ынтымағын біріктірсе,біреулер табандылықпен елін жаудан қорғайды,біреулер табандылықпен жерін зерттейді .Осы тұрғыдан қарасам, біздің батыр аталарымыздың елін ,жерін қорғау үшін қосқан ерлігі ұшан теңіз.Ер жігіт етігімен су кешіп,от басқан, ат ауыздығымен су ішкен сұр шинельді төсек етіп,қасық қаны қалғанша жаулармен шайқасып, біздерге бейбіт өмірді орнатып берді. Уақыт өткен сайын батыр аталарымыз қажырлылықпен сыйлаған Ұлы Жеңістің маңызы артып келеді. Олар көрсеткен ерліктері бүгінгі ұрпақ бізге өшпес үлгі өнеге. Бұл мереке – бейбітшілік қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.Бізге жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс күні – абыройымыз даңқымыздың мерекесі. Сол бір сұрапыл жылдары Қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500-ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 Қазақ Кеңес Одағының батыры атағын алды. Бауыржан Момышұлы, Талғат Бегельдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова сияқты есімдері аңызға айналған ағаларымызды,аталарымызды,әпкелерімізді тарих беттерінде «Батыр» деп алтын әріппен жазды....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ата-бабам аңсаған тәуелсіздік

“Мәңгілік Ел” болу ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы еді. Тәуелсіз Қазақстанды Мәңгілік Ел ету біздің ұрпақтың басты мақсатына, ұлттық ұранымызға, ұлттық идеямызға айналды. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық!

Н. Ә. Назарбаев

Қазақ - қайсар халық.Бүгінде сол батылдығы мен қажымас қайратының арқасында Алланың үлкен сыйы “ Тәуелсіздікке” қол жеткізіп отыр.Бұл үлкен бақыт, әрине мәңгілікке жалғассын деп тілейміз.Десе де бұл күрес қазақ халқы үшін оңай болған жоқ Ата-бабамыздың ары мен зарының арқасында, сүйектен өткізер саптаулы сөзінің арқасында осы жеңістің дәмін таттық. Қазіргі таңда осындай баға жетпес байлығымызға жиырма сегіз жыл толып отыр.

Азат күн туды, қырандай еркін самғаған,
Асыл арманды ақиқат күнмен жалғаған.
Ұғынсаң елім, бостандық атты бақ құсы,
Сан ғасыр бойы басымызға да қонбаған!
Бұл күнді күтіп батырлар жанын қиысты.
Бостандық алып күмбірлеп кетті күй ішкі.
Ержүрек ұлы, қайсар қыздары бар қазақ,
Мәңгілік азат халық болуға тиісті!
Ақ Орда тігіп, Астана қылған қаласын,
Тарихын танып, ардақтап жатқан бабасын,
Барша әлем білген бөрі-жүректі баласын,
Қиналмай өтер алдынан шықса дара сын,
Көк туың мәңгі желбірей берсін көгіңде,
Айбарлы менің асыл Алашым!.....
Шығармалар
Толық
0 0