Шығарма: Тәуелсіз елімді сүйемін

Ел-елдің бәрі жақсы,

Өз елің бәрінен жақсы.

Жоспар

I. Кіріспе бөлім
1. Тарих беттеріне саяхат
II. Негізгі бөлім
1. Отан - отбасынан басталады
2. Туған жер - алтын бесік.
III. Қорытынды бөлім
1. Тәуелсіз елімді сүйемін.

"Біз қазақ деген-мал баққан елміз,
Бірақ ешкімге соқтықпай,жай жатқан елміз.
Елімізден құт-береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз.
Досымызды сақтай білген елміз,
......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Асыл сөз атасы (Мағжан Жұмабаев хақында)

Мағжан Жұмабаев Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы «Молодёжный» кеңшарында туған. Алғаш білімді ауыл молдасынан, мектеп мұғалімінен, содан кейін Уфадағы «Ғалия» медресесінен алған. Омбыдағы мұғалімдер семинариясын, Мәскеудегі әдеби көркем институтын бітіріп, Ташкентте, Қызылжарда ұстаздық қызмет атқарған. Мағжанның шығармашылық жолы ақындықтан басталған. Ол халық, жер туралы жырлады. Мағжан атамыздың «Жазғы таң», «Қазағым», «Өнер-білім қайтсе табылар?» атты өлеңдері жастарды тәрбиелікке шақырады......
Шығармалар
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Дүниежүзі аймақтарының табиғи-ресурстық потенциалы №2 (8 сынып, III тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Экономикалық география
Сабақтың тақырыбы: Дүниежүзі аймақтарының табиғи-ресурстық потенциалы №2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.5.1.2 жекелеген дүниежүзі аймақтарының табиғи-ресурстық әлеуетін бағалайды
Сабақтың мақсаты: Оқушылар :
• Дүниежүзі аймақтарының табиғи- ресурстық потенциалын бағалайды......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Туады ерлер, ел үшін... (“Джим” поэмасы туралы)

Ерлік...Қайтпас қайсарлық...Қажымас қайрат...Бұл батылдық пен асылдық үлгісіндей есімі аңызға айналған татардың баһадүр ақыны Мұса Жәлелге тауып айтылған теңеу секілді.Оның өмір жолы,еліне деген сүйіспеншілігі,ерлігі – білгенге ұлы өнеге ,тәрбие мектебі.Мұса Жәлел – азаттық пен патриоттықтың......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Тәттімбет Қазанғапұлы

Өнерде өзіндік қолтаңбасымен жарқырай көрініп, ол қолтаңбасы ұлттың рухани әлеміне құнарлы арна болып қосылған тұлғалар қай елде де, қай заманда да некен-саяқ.
Тәттімбет ұлттық музыка өнері аспанында жарық жұлдыздай жарқырап өткен сегіз қырлы, бір сырлы талантымен, өнерпаздығымен танылған суреткер – күйші-композитор.
Ол күй құдіретін, домбыра сырын ерекше сезіне біліп, жанымен сүйсінген, күй жанрының табиғи болмысын шынайы ұққан өнер адамы екендігін байқатады. Өйткені Тәттімбеттің күйлері ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, халықтың классикалық музыка қорына жатады.
Қазанғапұлы Тәттімбет-қазақ халқының аспапты музыкасында қоңыр күйлердің дәстүрлерін қалыптастырып, тұтас бір мектептің орнығуына мұрындық болған ұлы күйші.
Ол ән мен күйдің жылжыған жорғасы мен жүйріктері Жанақ, Шөже, Кемпірбай, Біржан сал, Жаяу Мұса, Жанай, Орынбай сияқты әнші-ақындармен, Тоқа, Ықылас, Итаяқ, Шашақ сияқты күйшілерімен, Құнанбай, Алшынбай, Ерден, Шыңғыс, Шорманның Мұсасы сияқты ел басыларымен қадірлес - сыйлас болған.
Қазанғапұлы Тәттімбет 1815 жылы Қарағанды облысының Егіндібұлақ ауданына қарасты Дастар тауының етегінде туған. Бұл жер қазіргі Абай атындағы совхоздың №4 Мыржық бөлімшесіне қарасты Қызылжал деп аталатын қыстау. Қызылжал қыстауын Мөшеке деп те атайды. Мөшеке Тәттімбеттің үлкен әкесі. Тәттімбет небары 45 жас ғұмыр кешіп, 1860 жылы дүние салды. Қазанғапұлы Тәттімбеттің шыққан тегі Орта жүз, Арғын, оның ішінде Мейрамнан тарайды. Шежіре бойынша Мейрамнан Қуандық, Сүйіндік, Бегендік, Шегендік, Шұбартпалы, Қаракесек (Болатқожа) деген аталар өрбіген. Осылардың ішінде Тәттімбет Қаракесегі болып келеді. Тәттімбеттің мінезі байсалды, жеңіл-желпі сөзге көтеріле қоймайтын салмақты кісі болса керек. Мұндай адам бойындағы адамгершілік қасиетті оның көптеген күйлерінен де аңғаруға болады. Себебі, жаны сергек, пейілі адал, халық мүддесі десеішкен асын жерге қоятын, аса әділеткер, адамгершілігі мол болғанын көз көрген қарт-қариялар да әңгімелеп айтып отырады екен. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Шүлдік

Тақыр алаңда ойналатын жас өспірімдер ойынының бірі — «Шүлдік» ойыны. Ойынға екі басы үшкірленген ұзындығы бір қарыс шүлдік (ағаш) керек. «Шүлдікті» ойнау үшін үлкен шеңбер сызылады, ортасына шүлдік қойылатын шұңқыр қазылады, шүлдік шұңқырдың ішіне емес, үстінде жатуы керек. Әр ойыншының қолында ұзындығы бір метрдей таяғы болуы керек. Ойынға қатынасушылардың санына шек қойылмайды. Ойнаушылардың санына қарай екі топқа бөлінеді.

Бірінші болып кезек алған топтың ойыншысы «шүлдікті» қолындағы таяғымен жерден көтеріп алып, жерге түсірмей соғады да, таяғын шеңбердің үстіне тастайды. Ал екінші болып кезек алған ойыншы шүлдікті түскен жерінен алып, қайтадан соққан ойыншының таяғын көздеп, шеңберге қарай лақтырады. Лақтырған кезде таяққа тигізсе......
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0

Шығарма: Анам өмірдің мәні

Ана - әрбір адам баласын өмірге әкелген аяулы жан. Әрбір бала үшін анасы ерекше орын алады. Алғаш сөйлеуді үйретіп, өмір сүруге тәрбиелейді.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Көптен күткен - қыс

Әне-міне дегенше қақаған қыс келді. Далада жапалақтап алғашқы қар жауды. Далада ақ мақтадай ақ мамық қар. Терезеге қарап тұрсаң - ақ, көк, сұр түспен аюларды салып қойғандай. Барлық балалар қар жауғанын көріп баласын жетектеп аюдай қарды омбылап шаналарын сүйреп адырға шығып ойнады. Адырда тұрып үйлердің шатырлаларына қарап тұрсақ күннің сәулесі жарқ-жұрқ айнадай сәуле болып......
Шығармалар
Толық
0 0