Арман - мақсат сияқты. Бірақ арман мен мақсат екі түрлі. Мақсат дегеніміз - мақсатына жету, аңсағанына жету. Ал арман өзінің үлкен болғанда қандай кәсіп иесі болатынын, қандай зат алатынын. Әркімнің өз мақсаты, арманы болады. Мысалы, менің мақсатым өзіміздің үлкен үйіміз болса. Ал арманым үлкен болғанда - әнші болу. Досымның мақсаты бай болу, арманы дәрігер болсам дейді.
Жатқанда Отан жері отқа жанып, Тұрғанда туысқандар жауда қалып, Жеңбесек, жойқын қайрат шығармасақ, Жігіттің неге жүрміз атын алып? Ж.Молдағалиев Соғыс... Бұл –үлкен қасірет. Барды жоқ ететін, тауды жер ететін күйретуші күш! Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Әркімнің көзінен жас, жүрегінен қан ағызған сұрапыл жылдар. Талайды жақындарынан, туған бауырларынан айырған, сүйгендерінен қол үздірген, ардақты аналарды бауыр еті балаларынан ажыратқан соғыс жылдары жетім мен жесірдің санын көбейтпесе, азайтпады. Әр ай сайын жақындары майданға кеткен сарбаздардан хат күтетін. Бірақ хат орнына қара қағаз келмесе екен деп жаратқанға жалбарынатын. Себебі әр апта сайын бір қазақ ауылына ондаған қара қағаз келетін. Қара қағаз майданда сарбаз мерт болса ғана келеді. Ал жақындарының мерт болғанын кім қаласын? Әрине, ешкім де ондайды қаламайды ғой!......
Пән: әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мамандықтар әлемі Сабақ тақырыбы: Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау Қасым Аманжолов «Ұшқыш болғым келеді» Оқу мақсаттары: 4.2.7.1 шығармадан әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу, эпитет, аллитерация, әсірелеу) табу және оларды қолдану 4.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар, көрнекіліктер, фотосуреттер қолдану, презентация, видеороликтер жасау Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: сөйлеу барысында иллюстрация, фотосуреттерді қолданады, әдеби көркемдегіш құралдарды табады. Көптеген оқушылар: сөйлеу барысында иллюстрация, фотосуреттерді қолдана отырып өз ойын білдіреді, көркемдегіш сөздерді табады және өз пікірлерін айтады. Кейбір оқушылар: сөйлеу барысында иллюстрациялар, фотосуреттер қолданады және қорытынды жасайды, көркемдегіш құралдарды ажыратып, сөйлеу барысында қолданады......
Бас-аяғы үш-ақ әріптен құралған «ана» сөзінің мағынасы түсінген адамға түпсіз теңізден терең, жеті қат аспаннан да биік, мөлдір судан да таза. Әлемдегі ең асыл, ең бағалы, ең қымбат жан деп ананы айтар едім. Халқымыз аналар қауымына жыр шығарған, қанатты сөздерге тірек еткен, ауыздан ауызға тарайтын аналар туралы әсем ән де шығарған. Ең аяғы, «Жұмақтың кілті – ананың табанының астында» деген мақал аналардың қаншалықты қадірлі адам екенін білдіргендей.......
Пән: Қазақ әдебиеті Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Абайды оқы, таңырқа! Сабақтың тақырыбы: «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің көркемдік құндылығы Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Б/С1.Тарихи және көркемдік құндылығы Сабақтың мақсаттары: 6.3.1.1-шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру....
Ежелден ел жайлаған-Атамекен, Жаз жайлау, қыста қыстақ мекен еткен, Барымталы, жортуыл замандарда, Қан төгіп, қорғап қалған жұмақ екен... Еркебуланов. Қ .Қ. Менің елім – менің Қазақстаным! Осы құдіретті сөзді Қазақстан Республикасының әрбір азаматы асқақ сезіммен, мақтанышпен айта алары хақ... Өйткені біздер, асқақ арман жетегінде, отаншылдық рухты ту еткен ұлт пен ұлыстардың ұл-қыздары, қасиеттіқазақ топырағында өсіп -өніп, мекен етіп, береке-бірлікте, достық қарым-қатынаста, тыныштық пен татулықта өмір сүріп жатырмыз.......