"Досым Федор, Мына хат - соңғы хатым. Соңғы тыныс, Соңғы дем қалды жақын. Жайшылықта айырмас ақ, қараны Сыпсың сөздер бір сәтке тоқталады. Тоз-тоз болған.....
Қазақстан Республикасының қалыптасу, елде экономикалы реформаларды жүзеге асыру және нарықтық қатынастарға өту кезеңінде құқықтың мән-маңызы айрықша күшейеді. Тауарлық-ақшалық (мүліктік) және басқару қарым-қатынастарын құқықтық тұрғыдан реттеуде заңдар мен басқа да нормативтік актілердің маңызы одан әрі нығая түспек. Сондықтан да Қазақстан Республикасы Конституциясын, оның жаңа қырлары мен ерекшеліктерін және басқа да заңдардың жоғары принціптерін, олардың мағынасы мен мазмұнын қайтадан бағалау онша оңай шаруа емес. Осыған байланысты жас егемен республиканың мемлекеттік және қоғамдық өмірінің құқықтық негіздерін нығайту, мейлінше, маңызды екендігі сөзсіз. Егемен Қазақстанның конституциялық, әкімшілік азаматтық, енбек және қылмыстыққұқықтық салдарының аса маңызды екендігі ескеріліп, олардың көкейтесті проблемалары жаңаша қарастырылады. Әр бір заңда тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті болғандықтан заңнын өзі ұйымдары бөліп қарайды. Ұйымдасқан бірлігі заңды тұлғаны ішкі құрылымынан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы айқындалады. Заңды тұлғалар өз қызметтері, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғы мен құрылтай шарты арқылы, не тек құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады. Сонымен қатар, заңды тұлғалар заң қүжаттарына, сондай-ақ құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істеитін өз органдары арқылы азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне тиесілі міндеттерді алады. Заңды тұлға органдарының түрлері тағайындалу немесе сайлану тәртібі және олардың өкілеттігі заңдар мен құрылтай құжаттарында белгіленеді. Оқу құралы соңғы кезде қабылданған заңдар мен басқа да нормативтік актілердің негізінде дайындалған; меншік нысанына қарамай барлық кәсіпорындардың, мекемелер мен азаматтардың міндетті түрде орындау қажеттілігіне, заңдардың талаптарына, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының өз құзыреттері шеңберіндегі актілеріне негізделеді. Бірнеше қажетті жалпы ережелерге, принціптерге, анықтамалар мен жаңа түсініктерге ғана емес, нақты материалдар негізінде басқа да жоғары оқу орындарында өткізілетін бағдарламалық заң курсы бойынша да түсініктемелер беріледі. Азаматтық құқық теориясына көп еңбек еткен көрнекті ғылым профессоры С.И.Аскназий «мемлекеттік ілімнің » авторы. Ол былай деп айтқан: «мемлекеттік заңды тұлғаның артында мемлекеттің өзі тұрады да, шаруашылық қызметінің нақты саласында тізгінді өзі үстайды». Әдебиетте бұл теорияны көп сынайтыдар оған «егер олай болса мемлекет өзімен-өзі құқықтық қатнаста болуы керек қой» деген уәж айтады. Академик А.В.Венедиктов «ұжым ілімін» алға тартты. Бұл ғылымның айтуы бойынша мемлекеттік заңды тұлғаның артында екі ұжым тұрады делінген: а) мемлекет атынан барлық халық; ә) аталған заңды тұлғаның жұмысшылары мен қызметкерлерінің ұжымы. Ал, ғалым Д.М.Генкин «әлеуметтік ақиқат»теориясына ұсынады, яғни онда ол қоғамдағы тауар айналымы қатнастарының тарихи-экономикалық заңдылығын басшылыққа ала отырып, заңды тұлғаның азаматтық құқықпен жанама түрде қажеттілікке орай реттелетінін айтады. Профессор Ю.К.Толстой «директор ілімін» алға тартты оның пікірінше, мемлекеттік заңды тұлғаның еркін білдіруші- директоры болып табылады. ....
Пән: География Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім: Литосфера Сабақ тақырыбы: Қазақстанда минералды ресурстардың таралу заңдылықтары №2 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)9.3.1.4 Қазақстанның минералды ресурстарының таралу заңдылықтарын анықтайды. Сабақ мақсаттары: Оқушылар: Қазақстанның минералды ресурстарының таралу заңдылықтарын анықтайды.....
Конституция күніне орай жасалған онлайн тәрбие сағаты - Конституция - біздің болашағымыз. Мұғалім: Сарина Бағилаш Жаумитовна Мектеп: Ақтау қаласы, "№12 ЖББОМ КММ" орта мектебі.
Заңдылықты нақты жүзеге асыру нәтижесінде қоғамдық қатынастарды іс жүзінде тәртіпке келтірудің жай-күйі дегеніміз құқық тәртібі. Қалыптасып және өзгеріп жататын құқық тәртібі – мемлекет жариялайтын заңдылықтың нақты қамтамасыз етілуінің, оның кепілдіктері пәрменділігінің маңызды көрсеткіші. Әртүрлі маңызды құқықтар мен міндеттердің субъектілері ретінде адамдардың заңды еріктілік қызметі, мінез-құлық құқық тәртібінің мазмұнын айқындайды, құқық тәртібін жасайды. Ең алдымен құқық тәртібін қорғауға тиісті мемлекеттік органдардың қызметінде заңдылықты сақтаудың елдегі заңдылықтың жай-күйінің айнасы деп саналатын кездейсоқ емес, өйткені заңдармен реттелген нақты қоғамдық тәртіптің ұйтқысы ретінде құқық тәртібін тек заңды құралдар ғана қамтамасыз ете алады, ал заңдардың орындалуы құқық тәртібін нығайтуға жеткізуге тиіс. Құқық тәртібі демократияны дамыту мен нығайтуға жәрдемдеседі. Құқық тәртібі болмайынша демократия берекесіздік пен бетімен кетушілікке айналады.
Құқық бұзушылық – қоғамның, мемлекет пен жеке адамның мүдделеріне зиян келтіретін субъектінің кінәлі, құқыққа қарсы, қоғамға қауіпті әрекеті. Кез келген құқық бұзушылық дегеніміз адамдардың іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі ретіндегі әрекеті. Оларға табиғат құбылыстары мен жануарлардың мінезін жатқызуға болмайды. Құқық бұзушылықтың бәрі құқыққа қарсы. Бірақ құқыққа қарсы әрекеттің кез келгенін құқық бұзушылық деп тануға болмайды. Нәтижесі субъектінің еркін өз ықтиярымен білдіруі, яғни оның кінәлі мінез-құлқы болған әрекет қана құқық бұзушылық болады. Әдетте, жасы толмағандар мен ақыл-есі кем адамдар өз әрекеттерінің сипатын ұғынбайды деп саналады, сондықтан да олар құқық тұрғысынан құқық бұзушылыққа қабілетті болып танылмайды. ....
Қоғамның дамуындағы электр энергиясының рөлі маңызы елеулі орын алатындығы көпшілікке мәлім. Өндірістің, көліктің әр түрлерінің, ауыл шаруашылығының, байланыстың және тұрмыстың барлық салаларында электр энергиясы пайдаланылуда. Элекрт энергиясы өмірдің барлық салаларында соншалықты кең таралуының басты себебінің бірі электромагниттік энергияны өте аз шығынмен алыс қашықтыққа беру және оны энергияның басқа да түрлеріне: механикалық, жарық, жылу, химиялық және т.б. түрлендіру ыңғайлы. Электр энергиясы кез–келген қуаты бар қабылдағыштарға оңай таралады. Байланыс техникаларындағы, автоматикадағы және есептеу техникаларындағы қолданылатын қондырғылардың пайдаланатын қуаттың өлшемдері ваттың үлестерімен есептелінсе, электрлік қондырғыларда (двигательдерде, жылытқыш қондырғыларда) қуаттың өлшемдері мыңдаған және он мыңдаған киловатты көрсетеді. XIX және XX ғасырларда электр туралы ілім даму үстінде болды. Мұнда көңіл аударатын мәселе, электртехниканың дамуының алғашқы сатысында, ол физикалық тарауы ретінде жүріп өрбіді. Ломоносовтың және оның досы Рихманның, сол сияқты Франклиннің, Гальванидің, Вольтың және т.б. электр энергиясының көзі (вольттің бағанасы, гальвани элементері) және жайтартқыштарды ойлап табудағы жасаған зерттеу жұмыстары, электрлік құбылыстарды жүйелі түрде зерттеудің бастамасы болды. В.В.Петров электр тізбегіне тәжірибе жасады. Соның нәтижесінде ол 1802 ж. Атмосфералық қысым жағдайында екі көмір электродтарының арасындағы электр доғасын тауып және оны зерттеді. Бұл зерттеулердің нәтижелері "Галъвани вольттік тәжірибелерден хабар" атты кітапта жарық көрді (1803 ж). 1819 ж. Эрстед электр тогының магнит тіліне механикалық әсерін тапты, ал Ампер 1820 ж. тогы бар соленоидтың магниттік қасиетін ашты. Сонымен, токтың жүрісі магниттік құбылыспен ұштасатыны белгілі болды. 1831 ж. М.Фарадей электрмагниттік құбылыспен индукция құбылысын ашып, оны тұжырымдады. Электрдинамиканың фундаменталдық принципінің яғни, электромагниттік инерция принципінің көрінісі болатын, индукциялық токтың бағытын анықтау ережесін 1833 ж. Э.Х.Ленц тағайындады. 1844 ж. Ленц өз бетімен Джоульдан тәуелсіз, Джоуль-Ленц заңы деп аталатын, электротехниканың маңызды заңын ашты. XIX ғасырдың екінші жартысында, электр және магнитизм жөніндегі тәжірибелерді теориялық жағынан қорытындылаудың нәтижесінде, Дж.Максвелл кеңістікте таралатын, электромагниттік өрістің болатындығы жөнінде болжам жасады. Оның жасаған өріс теориясы, 1873 ж. шыққан, "Электр және магнетизм туралы трактаті" деген еңбегінде жарық көрді. Г.Герц 1888 ж. жариялаған еңбегінде, кеңістікте таралатын өрістітәжірибе жүзінде дәлелдегенін хабарлады. Алайда, Г.Герц және сол заманда электромагниттік өрісті зерттеген көптеген ғалымдар, өздерінің лабораторияларының шегінен шыға алмады, электромагниттік толқынды сымсыз байланысқа қолдану жолын ойластыра алмады. Мұндай мақсатты алғаш рет ойдағыдай шешкен атақты орыс ғалымы А.С.Попов болды. Ол дүние жүзінде алғаш рет радио байланысты 1895 ж. жүзеге асырды. Радионың ашылуы адамзат тарихында жаңа дәуірдің бастамасы болды. ....
Заңды білу - заман талабы. Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет кұру идеясын жүзеге асыру үшін әрбір азамат өз құқықтарын жете білуі, соған сай сана - сезімдерін қалыптастыру керек. Азаматтың міндеті - заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз - өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы - адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттары - қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Ата заң - мемлекеттік құрылыммен қатар жариялы - билік институтын белгiлейтiн ереже ғана емес, сонымен қатар, мемлекеттің қандай кұндылықты сақтау керек екендiгiн айқындайтын басты құжат. Конституция қағидаларын жүзеге асыру қоғам мен мемлекеттің өсiп - өркендеуiне, адам құқығының сақталуына, бiрлiк пен тұрақтылыққа жол ашады......
Қоғам тәртіпке, заңдылыққа негізделіп, соған арқа сүйеп қалыптасып, өмір сүре алады. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, қирайды, оның келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп адамдардың мінез-құлқын, іс-әрекетін реттейтін қағидалардың әсерімен орнатылады. Қоғамдағы барлық қарым-қатынасты құқықтық реттеу өте күрделі; ол көп салалы, көп жүйелі процесс. Құқықтық басқарудың екі күрделі бағыты: құқықтың қоғамдағы қатынастарға тигізетін әсері, ықпалы және құқықтық реттеудің, басқарудың рөлі. Бұл екі процесті қосып айтқанда – қатынасты құқықтық реттеудің, басқарудың механизмі дейді.....