Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржы-шаруашылық қызметі туралы ішкі және сыртқы пайдаланушыларына толық мағлұмат беретін ақпараттық жүйесінің көзі болып табылады. Сондықтанда бухгалтерлік есепті оқып үйрену арқылы ғана басқарушылық шешім қабылдауды меңгеруге болады. Ұйымның қызметін тиімді басқару үшін шикізаттар мен материалдарды үнемді пайдалану, өндіріс қалдықтары мен шығындарды азайту, бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіру және оның сапасын арттыру, сондай-ақ өнімнің өзіндік құнын мүмкіндігінше төмендету қажет. Бұл міндетті шаруашылықты жүргізудің қазіргі жағдайында нақты қойылған есеп жүйесінің көмегімен ғана шешуге болады. Бухгалтерлік есептің нақты және толық экономикалық ақпараттарынсыз қазіргі күрделі экономикалық механизмді басқару мүмкін емес. Бухгалтерлік есеп принциптері курсының бағдарламасы студенттердің бухгалтерлік есеп негізін меңгеру үшін және осы алған білімдерін ұйымдарда іс-тәжірибеде бухгалтерлік есеп стандарттарына сай қолдана білуді оқыту мақсатында жасалған. Бухгалтерлік есеп принциптері курсы-жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге бухгалтерлік есептің негізін таныстыруға арналған бірқатар тақырыптардың құрылымынан тұрады. Курстың басты мақсаты-бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша білім алып, оқу нәрімен сусындап жатқан студенттерді бизнес тілімен таныстыру. Оларға бухгалтерлік есептің қашан және қалай пайда болғандығы, оның даму тарихы және қаржылық ақпараттардың қайдан алынып, қалай қолдану қажеттілігі жайлы, ұйымды басқарудағы бухгалтерлік есеп жүйесі, бухгалтерлік баланс, бухгалтерлік есептің концепциялары мен принциптері, шоттар жүйесі мен екі жақты жазу, актив, міндеттеме және кәсіпорынның меншікті капиталы туралы түсінікпен олардың анықтамасын таныстыруды көздейді. Бухгалтерлік есеп принциптері курсы бухгалтерлік есептің негізі және ол курс қаржылық есептің бастамасы болып табылады. Бұл курсты оқыту барысында қаржылық қорытынды есеп беруді дайындау мен бухгалтерлік есеп кезеңдеріне шолу жүргізіледі. ....
Зерттеудің өзектілігі. Жоғары оқу орындары бағдарламасына дене тәрбиесінен арнаулы медициналық топтар сабағының кіруі жеткіншек ұрпақтың денсаулығын нығайтуға және оларды болашақ еңбек шеберлігіне баулуға атсалысу керек. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев 19.XI.97 жылғы өзінің "Қазақстан халқына жолдауында" былай деген: "Біздің азаматтарымыздың салауаттылығына эканомикалық деңгей өздігінен кепілдік бере алмайды. Онда адамдар өз денсаулықтарына дұрыс кеңіл белмеу нәтижесінде жылдан-жылға аурушаң болып бара жатқан сондай бір жанданған эканомиканы көз алдыңа келтіру қиын соқпайды... Біз ез азаматтарымыздың бүкіл ғұмырлары барысында дендері сау болуы үшін барған сайын күш жұмсай түсуіміз керек". Дене тәрбиесінен арнаулы медициналық топтардағы оқытушылардың алдындағы негізгі тапсырма: жаттығушы ағзаны жеткілікті пайдалы дене қимылы жаттығуларымен қамтамасыз ету, денсаулықты қалпына келтіруге ат салысу және жетік маман иесі болумен қорытылады. Тәлімгерде дене қимылы жаттығулары дәрісінің әдістемелік (маңыздылығы) ерекшелігі студенттер арасында жиі кездесетін ауру түрлерінде айқындала түседі. ....
Бүгінгі нарықтық экономиканың жағдайында бухгалтерлік есепті жүргізу басқару жүйесінің ең маңызды және міндетті шарты болып табылады. «бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік» жөніндегі заңға сәйкес барлық шаруашылық ұйымдары бухгалтерлік есеп жүргізуге және қаржылық есептілікті тиісті ұйымдарға ұсынуға міндетті. Оның ішінде ірі бизнес өкілдері үшін халықарылық қаржылық есептілікке сәйкес есеп жүргізу мен есептілікті құрастыру міндеттелсе, орта және кіші бизнес өкілдері үшін ұлттық бухгалтерлік есеп стандарттары бойынша есеп жүргізу міндеттелген. Бухгалтерлік есеп өндірістің жағдайын, экономикалық тиімділігін анықтап, негізгі міндеттерін нақты сипаттайтын бірден –бір ақпараттық жүйе. Қазіргі қалыптасқан дағдарыстық экономикалық қатынастар жағдайында елбасымыздың халқымызға жолдауының бағыттарын ұстанып, өндірістік салада өндіретін өнім түрлеріне зор мән бере отырып, өндіруге кеткен шығындардың ауқымынын неғұрлым азайтып және өзіндік құнды дұрыс әрі дәл анықтау міндетті шарт болып отыр.....
Нарықтық қатынастарға өту процесінде экономиканың көпсатылы қалыптасу нәтижесінде Қазақстан экономикасы едәуір өзгеру үстінде. Еңбекақы әрбір мемлекеттің, ұжымның, адамның әлеуметтік - экономикалық өміріндегі негізгі бір факторы болып табылады. Еңбекті ынталандыру жүйесінде де алғашқы орындарды иеленуде. Еңбекақы жұмыспен қамтылғандар табысының 30-70%-ін құрайтындықтан, бұл өмір сүру деңгейін жоғарылатудың басты көзі болып табылады. Еңбекақы көлемі Қазақстандағы әр салада және әр аймақта әртүрлі болып келеді. Еңбек ақы бойынша әр жұмысшының еңбек түсімі оның жеке салымдарымен....
Тақырыптың өзектілігі. "Қазақстан-2030" Стратегиясында дамудың ұзақ мерзімді басым мақсаттарына ұлттық дағдарысқа қарсы басқаруының аумақтық тұтастығын толық сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын дағдарысқа қарсы басқаруының, шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу жатады. Стратегия түйінді міндеттердің бірі ретінде республикада индустриалдық әлуетке негізделген, әлемдік ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі кездегі жетістіктері есебімен, көп салалық, бәсеке қабілетті өнеркәсіптік кешенді қалыптастыруды қарастырады. Мемлекеттің ұлттық дағдарысқа қарсы басқаруының ұлттық мүдделері нақты өз құрамына экономикалық, қорғаныс, білім, ақпараттық, т.б. құрамдас бөліктерді біріктіреді. Ұлттық экономикалық қауіпсіздік салалардың, жеке кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың экономикалық дағдарысқа қарсы басқару бағыттары ретінде қарастырылады. Мемлекеттің экономикалық кәсіпорындарының дағдарысқа қарсы басқару импортты алмастыру арқылы ішкі өндірісті дамыту есебінен жүргізілетіні белгілі. ....
КІРІСПЕ Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың дамуы шаруашылық әдістерін және формаларын қайта өзгертудің объективті қажеттілігін тудырады. Нарық жағдайына бейімделудің қиындығына қарамастан елде ғылыми-техникалық саясат, әлеуметтік-экономикалық қызметтің жаңа әрі озық нарықтық бағытын түбегейлі және қолданбалы зерттеу белсенділікпен жүргізілуде. Елдің микроэкономикасын басқаруға аса қажетті әртүрлі бизнес салаларындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін талдау, аудит және басқару есебі сияқты арнайы қолданбалы ғылымдарға ерекше маңыз беріліп отыр. Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде бухгалтерлік есептің мәні мен ролі артуда. Басқару мен нарықтық экономиканың дамуына, әртүрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, субъектінің нарықтағы іс-қимылын анықтауға, сондай-ақ субъектілердің қаржылық және шаруашылық қызметі туралы сапалы, уақтылы ақпараттарды қалыптастыру бухгалтерлік есептің басты мақсаттары болып табылады.....