Ауыр жұмыс істеген әйелдер зейнетке 50 жасында шығады
Жаңа зейнетақы реформасы аясында ауыр жұмыс істеген әйелдер зейнетке 50 жасында шығады.
Бұл туралы бүгін Астанада Отбасы күніне арналған халықаралық конференция барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.
"Әйелдер 2028 жылдан бастап 63 жастан зейнетке шығады. Ал 2018 жылдан бастап зейнетке шығу жасына жарты жылдан қосылып отырады. Сондай-ақ, көп балалы әйелдерге зейнетке ертерек шығуы үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі", - деді Тамара Дүйсенова.
Оның айтуынша, экологиялық зардабы мол аумақтағы әйелдер 45 жасында зейнетке шыға алады, ал ауыр жұмыс істеген әйелдер зейнетке 50 жасында шығады. "Зейнетақы қорында жеткілікті мөлшерде ақша болған жағдайда әйел зейнетке ертерек шыға алады", - деп толықтырды ол.