Курстық жұмыс: Банк ісі | Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несиелеу

КІРІСПЕ
Қандай да экономикалық қызмет болмасын ол адамдардың өмір сүру деңгейін жоғарлатуға бағытталады. Яғни, экономикалық дамуда әлеуметтік мәселе бірінші орында болады. Ал осы әлеуметтік мәселелердің ең бастысы қандай да жеке тұлға болмасын ол отбасын құрап, өзінің баспанасы болуын қалайды. Бірақ әрбір жас отбасылардың қазіргі таңдағы элиталық немесе қарапайым үйлерді алуына қаражаттары жетпейді. Осы әлеуметтік мәселені шешуде несиелеу механизмінің маңызы ерекше. Осы аталған тұрғын үйлерге байланысты және қаражаттары шамалы бірақ тұрақты жалақы бар азаматтарды несиелеудің ең ыңғайлы жолы мен түрі ипотекалық несиелеу болып табылады.
Ипотека термині – кепілдік, кепілзат немесе кепілге салу деге нмағынаны білдіреді. Ипотекалық несие дегеніміз – бұл жылжымайтын мүліктерді кепілге алып, ұзақ мерзімге берілетін несие түрі. Ипотекалық несие экономикалық мағынасы жағынан – бұл банктен немесе басқа қаржы ұйымдарынан ссуда алу мақсатымен жылжымайтын мүлік кепілінің алуын түрлілігі болып табылады. қарапайым тілмен айтқанда ипотека дегеніміз – бұл қарыз ақшаға үй сатып алу.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ РЕСУРСТАРЫН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ

1 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
1.1 Ивестицияның пайда болуы және даму тарихы
Инвестиция туралы ұғым банк ісі ғылымының арнайы бөлігі болып табылады. Бұл инвестициялық қызметтің неғұрлым белсенді және ірі ресурстар бар мүшелер. Сондай – ақ оларды ұйыммен және тұрғындармен жинақтарды тарту олардың инвестициялық ресурстар трансформациялануы өндірісті дамыту үшін оларды бөлу және пайдалану бойынша туындайтын экономикалық қатынастар табылады. Қазіргі уақытта инвестициялық процессті қаржыландыру нарықтық тетікті бір қалыпқа келтіру Қазақстан Республикасы экономиканың дамуының басты проблемаларының бірі болып табылады. Тиімді инвестициялық тетікті қалыптастыру арқылы өнеркәсіптік өндірісті қалпына келтіру және сапаны қайта құру үшін әр түрлі көз-қарастар мен тәсілдер ұсынылуда. Осыған байланысты экономикалық жақсы дамыған сигмент ретінде банктік жүйеге келтіріледі.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Мәтінмен жұмыс 1-сабақ (Информатика, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мәтін
Сабақ тақырыбы: Мәтінмен жұмыс 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатың оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.2.1.1 мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді теруді жүзеге асыру;
3.2.1.3 құжаттағы ерекшеленген мәтінді қиып алу, көшіру, қою;
3.3.1.1 нақты сұрақтарға жауап табу үшін Ғаламтор қолдану.
Сабақтың мақсаттары: • Мәтіндік файлды мәзір пәрмендері арқылы өңдеуге үйрету;
• Белгілі бір бумаға файлдарды сақтауға, файлдарды ашу және сақтау үшін пәрмендермен жұмыс істеу дағдыларын нығайту;
• Мәтін бөліктерін көшіру және ауыстыру операцияларымен таныстыру.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | Екінші деңгейлі банктерде қаржылық есепті ХҚЕС сәйкес ұйымдастырудың ерекшелігі

Кіріспе
Қазіргі таңда мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық саясатының негізгі алғы шарты экономикалық өсуді жоғары және тұрақты деңгеймен қамтамасыз ету болып табылады. Экономикада банк секторы ролінің өсуі мемлекеттің маңызды шараларының бірі болып табылады. Банктік жүйе, банктік іс пен экономикалық жүйені бүтіндей зерттеудегі кілттердің бірі болып табылады.
Банктік сектордың дамуын шешудің динамикасы құқықтық орта жағдайы мен салықтық талаптардың, банк қызметін реттеуді жетілдіру мен банктік қадағалау жүйесінің, бухгалтерлік есеп жүйесін және банктік жүйені бақылауды ұйымдастыру жағдайларына байланысты болады.
Қазақстанда банктік қызметте басқару есебі жүйесінің дамуы, ішкі және сыртқы бәсекелестік пен экономикалық потенциалдың өсу талаптарында банктің бәсекеге қабілетті болуы үшін қажетті болып табылады. Кредиттік ұйымдарда корпаративті басқарудың сапасын жоғарлату факторы болып, корпаративті ұйымдар қызметінің болашағы мен қазіргі жағдайын анықтауда ішкі бақылау мен тәуекелділіктерді басқару жүйесін қоса, корпаративті басқару сапасын бағалау табылады.
Қазіргі таңда банктік бақылау жүйесін жетілдіру мәселесі өзекті болып отыр. Бұл екі фактордың әсеріне байланысты. Біріншісі,банк ісіне байланысты болса, екіншісі, бақылыу қызметін ұйымдастыру шеңберінде жатыр.Банк қызметінің дамуы жайлы сұрақ тар келесі авторлардың еңбектерінде қарастырылған: Астрелин В.В., Бабичева Ю.А., Жуков Е.Ф., Платонов В.В., Рознари Дж., Рудакова О.С., Синки Дж. Ф, Тавасиева А.М., Франкильна А.
Бақылау мен есепті ұйымдастыру мәселелері: Аренс Э.А., Дүйсенбаев К.Ш., Ержанов М.С., Сейдахметов Ф.С. сияқты авторлардың еңбектерінде қарастырылған.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | КӘСІП0РЫНДАРДЫҢ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ФОРМАЛАРЫ

Біздің еліміздің болашағы — оның, интеллектуалды қоры, ҒЫЛЫМ және инновация жетістіктерінде. Бұл сөздер Президент Н.Э. Назарбаевтың халыққа арналған жолдауында айтылған болатын. Өмір өзi көрсеткендей, шикізат сатуға бейімделген экономика құлдырауға бағытталған. Тек жоғары сапалы, ең coңғы ҒЫЛЫМ жетістіктеріне сай техника мен технологиялар ғана экономиканы көркейтіп, халық өмірін жақсартуға қабілетті. Сондықтанда, ҒЫЛЫМҒА жене ғылыми-техникалық және инновациялық саясатқа ерекше көңіл бөлінуі тиic.
Өткен ғасырдың СОҢҒЫ ОҢ ЖЫЛДЫҒЫНДА Қазақстан ҒЫЛЫМИ-техникалық потенциалы қиындықтармен қақтығысын, түбірімен өзгеріске ұшырады. Тек 1999 жылдан [145;8] бастап ғана ҒЫЛЫМ жетістіктері мен инновацияларды игеру, ғылым-өндіріс тізбегін дамытудың, маңыздылығын мойындай бастадық. Рынокты экономика тұсында ҒЫЛЫМИ жаңалықтарды инновациялық компаниялар игеріп өндіріске енгізіп отырады. Бұл салаға ШАҒЫН инновациялық кәсіпкерлік айтарлықтай үлес қосады.
Шағын кәсіпкерлік кез келген мемлекет экономикасының негізгі саласының, бipi. Шағын және орта кәсіпкерлікке кез келген рынокты дамыған елдерде 10 кәсіпорынның 9-ы кipin отырады. Егер, Европа елдерінде әр мың тұрғынға шаққанда 45—50 шағын кәсіпорын болса, АҚШ-та ол көрсеткіш 75 кәсіпорын шамасында, ал Қазақстанда не бары 7—8 кәсіпорын ғана кұрайды екен.
Нарықтық экономиканың субъектілері болып жекеленген меншік иелері саналады. Меншік иесінің өз мүліктерін пайдалануға, иеленуге құқығы бар. Меншіктің көптүрлі формалы болуы кәсіпорынның әртүрлі ұйымдық-құқылық формасын құруға негіз болып табылады.
Kәciпорын ҚОҒАМДЫҚ өндірістің бастапқы, басты буыны болып саналады. Тікелей кәсіпорындарда ӨНІМ шығарылып, жұмыста
атқарылады, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру және таза табыс алу мақсатындағы игі қызметтер көрсеттеді. Кәсіпорын өз алдына шаруашылық етуші субъекті болып табылады.
Шағын бизнес - нарықтық экономиканың нeгiзi. Шет елдерде оның дамуы үшін 50-шi жылдардан бастап орталық және аймақтық мемлекеттік басқару органдарының мамандандырылған жүйелері мен тікелей және жанама қаржылық қолдау жүйел ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорындарды басқаруда қаржы талдауы мен ролі

Еліміздің нарықтық экономикалық қатынастарға өту жағдайында кәсіпорындардың қарсылық жағдайына талдау жасау өте жоғары дәрежедегі ролге ие болады.
Бұл жағдай әсіресе кәсіпорындардың өз дербестігіне ие болғаннан бері және өндірістің кәсіпкерлік қызметі нәтижесінде меншік иелері, комерциялық серіктестіктерімен басқа контрагентіктер алдында толық жауапкершіәлікті өз міндетіне алу себепші болды және оны маңызы арта түсті.
Өндірістің қарсылық жағдайын оны, түрлі жақтарын білдіретін әртүрлі көрсеткіштердің есептеу нәтижесінеде анықталынады. Бұндай көрсеткіштерге мыналар жатады: еңбек өнімділігі, қорлардың қайтарылымы, өзіндік құн, жалпы табыс, рентабельділік, т.б. Осы көрсеткіштерді үйрену негізінде олардың әрқайсысынан жалпы баға тигізетін әсері белгіленеді және маңызы анықталынады. Соңында бәсекелі нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайының тиімділігі тұрақтылығы және болашағы туралы толық мәлімет береді. Қаржылық жағдай сонымен бірге шаруашылық қызметін үздіксіз іске асыру үшін және өзінің іс жағдайындағы міндеттемелерді (қазіргі қарызын) орнын (толтыру үшін) өтеу үшін белгілі бір кезеңде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді және оны қаржы ресурстармен қамтамасыз етеді.
Кейбір мамандар былай дейді: «кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы дегеніміз бұл кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдалану және бөлу негізінде кәсіпорынның дамуына жағдай жасайтын пайда мен капиталдың өсуі, осы тәуекел дәрежесінің жағдайы арқылы төлем қабілеті мен несиелік қабілетіні сақтап қалу». Басқа бір мамандар былай деді: олар алдын айтқан мамандардың пікіріне толығымен қосылғандай болады, бірақ олар қаржы тұрақтылығын тиімді қалыптасқанмен , қаржы ресурстарын бөлу және пайдалану мен толық қосылғысы келмейді. Олар қаржы тұрақтылығының мәні дегенде кәсіпорынның заттарымен қамтамасыз етілуі және қайнар көздерді қалыптастырудың шығындары мен белгіленеді деп есептейді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Саясаттану | Фискалды және монетарлы саясат

Кіріспе
Мемлекеттің экономикаға әсер етуі салық салу құралдары арқылы жүргізіледі. Мемлекеттік шығындар мемлекеттік бюджеттің қаржыларын пайдалану нәтижесінде мүмкін болады, ал салық бюджетті қаржымен қамтамасыз ететін бірден- бір құрал.
Салық төлемі ( Т ), мемлекеттік шығындар (G) және жоспарланған инвестиция I-дің белгілі бір деңгейінде тепе-теңдік өнім көлемі Ү қалыптасқанын кейнс кресі көрсетеді.
Ресурстар жұмыспен толық қамтылмаған жағдайында да тепе-теңдік жағдай қалыптаса береді. ( Мұндай жағдай жиынтық сұраныстың тиімсіз болуының салдарынан қалыптасуы мүмкін.) Сондықтан да пайда болған үзілісті жою үшін , экономиканы мемлекет тарапынан реттеу құралдары пайдаланылады. Олар бюджетке төленетін салық төлемі ( Т )мен мемлекеттік шығындар көлемінің өзгеруі ( G ) арқылы жүзеге асырылады.
Бюджет – салық саясаты ( қазыналық ( фискальный ) саясат )
-мемлекеттік бюджет жағдайын , салық салуды және мемлекеттік шығындардың өзгерісін реттеу мақсатында үкімет тарапынан жүргізілетін шаралар. Бұл шаралар жұмыспен толық қамтылуды, төлем балансының тепе- теңдігін және экономиканың өсуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Ынталандырушы бюджет-салық ( қазыналық экспансия ) –бұл саясат қысқа мерзімді кезеңде экономикадағы циклдік құлдырауды жою мақсатын қояды. Мұны жүзеге асыру үшін мемлекет шығындарды (G) өсіріп, салық мөлшерін төмендету арқылы немесе біріктірген, құрастырма шаралар арқылы жүзеге асырылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы ақша айналымы

Кіріспе
Ақшаның пайда болуы
Экономикадағы ақшаның пайда болуын, мәнін, қызметі мен рөлін анықтау ұмтылыстарының көп ғасырлық тарихы бар, атап айтқанда бұл сұрақтар Аристотель, А. Смит, Д. Рикардо, К. Маркс және т.б. еңбектерінде-ақ қарастырылған. Ақша теориясын XX ғасырдың бірінші жартысында А.Маршал, П. Самуэльсон, Дж. Тобин, Дж. Хикс, Ф. Мишкин, М. Фридмэн және т.б. сияқты қазіргі кездегі экономикалық ғылым өкілдері дамытты.
Ақшаның пайда болуы, жаратылысы және мәні туралы ортақ пікір жоқ. Бірақ та ақшаны анықтаудың көп түрін шартты түрде екі тұжырымдамаға бөлуге болады: рационалистік және эволюциялық.
Біріншісі (ол XIX ғасырдың аяғына дейін үстемдік етті) ақшаның туындауын мемлекеттің немесе адамзаттың жалпы келісімді бекітуінің нәтижесі ретінде түсіндіреді, яғни ақшаның туындауы тауарлық өндіріспен байланыстырылмайды.
Біздің пікірімізше, келесі тұжырым ғылыми көзқарас болып саналады, ол тауардың айырбастыұ кұнының эволюциялық даму нәтижесі ретінде түсіндіріледі, ақша адамдардың еркіне тәуелсіз түрде пайда болды. Айырбастық құн - бұл олардың салыстырмалы өрнектелуі немесе сатып алушылық құны.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша айналымындағы ақшаның ролі

Ақшаларды ертеден адамзаттың пайда болуымен қатар өмiр сүрiп келедi десе де болады. Ғасырлар бойы ақша өзгерiп отырған және бүгiнде олардың жағдайы аяқталған соңғы фраза болып табылмайды.
Тауар айналысының тарихи дамуы процесiнде жалпыға бiрдей балама формасында әр алуан тауарлар болған: мал терi, қабыршақ, металл бұйымдары және т.б. Мұның барлығы тауар өндiрiсi мен тауар айналысының болуына негiзделген ақша қажеттiгiнiң себептерiн түсiндiредi.
Экономикалық категория ретiнде ақшалар өндiрiс және бөлу процесiнде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелейдi. Бұл жерде ақша бес түрлi қызмет атқарады: құн өлшемi, айналыс құралы, төлем құралы, қазына жинау және қорлану құралы, дүниежүзiлiк ақшалар.
Ақшаның өзiнде, сондай-ақ олардың қызметтерiнде жылдар бойы өзгерiстер болды. Егер де бұрындары сатып алу- сату процесi жалпыға бiрдей балама – алтынмен жүргiзiлсе, бұл күндерi қағаз және несие ақшалармен жүзеге асуда.
Ақша айналысының объективтi негiзi – тауар өндiрiсi мен тауар айналысы болып табқылады. Ен формасының өзгерiп отыруы, яғни тауардың ақшаға және ақшаның жаңа тауар сатып алу үшiн қолданылуы, ақшаның әрдайым қозғалыста, яғни айналыста болуына мүмкiндiк жасайды.
Жалпы ақша айналысының көлемi тауар бағаларының сомасынан әрдайым артық болады. Ақшаның қызмет көрсетуi тек сату-сатып алумен шектелмейдi.
Курстық жұмыстың тақырыбы маңызды мәселенiң бiрi ақшалар айналымындағы ақшаның ролін ашып көрсетуге бағытталып алынды. Күнi бүгiнде айналымдағы ақшаның ролi жоғары.
Курстық жұмысым екi бөлiмдi қарастыра отырып жазылды. Бiрiншi бөлiмде қоғамдық қатынастарды таратушы ретiндегi ақшаның маңыздылығын оның шығу тегiнен бастап, тарихи даму кезеңдерiне, қасиеттерi мен мән-маңызына тоқталып, атқаратын бес түрлi қызметiн ашып жаздым.
Жұмыстың екiншi бөлiмiнде ақша айналымындағы ақшаның алатын орны мен айналысқа ақшаларды шығаруды басты мәселе етiп ала отырып, ақша айналысы және ақша айналымы ұғымдарының мәнiн, айналысқа ақшаларды шығару процесiн сипаттап жазуға ұмтылдым.
Курстық жұмысты жазу кезiнде ақшалар туралы көптеген оқулықтарды, оқу құралдарын, монографияларды, яғни экономикалық әдебиеттердi пайдаландым. Мысалы, бiрнеше авторлар бiрiгiп жазған және аударған, жалпы редакциясын басқарған ғалым-экономист Сейтқасымов С. “Ақша, несие, банктер” оқулығы, сондай-ақ мерзiмді баспасөз материалдарын, әсiресе “Қаржы-қаражат” журналы жұмысты жазуыма көп сеп ...
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ЖұМЫССЫЗДЫҚТЫҢ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУ

КІРІСПЕ
Еңбек қашанда адамның аса қадірлеп, қүрмет түратын игіліктерінің біріненен саналып келді. Ол материалдық жэне рухани байлықтарының ғана көзі емес, сонымен қатар адамның аса маңызды өмірлік қажеті мен правосы, оның жеке басының дамуы үшін қажетті қуатты қүрал болып табылады. Адамның қабілеті еркін де мазмүнды еңбек үстінде көрініп, жетіле түседі. Еңбекке деген ділгірлік негізінен алғанда өндіріс құрал-жабдықтарын иемденушілерге жүмысшы күшін сату арқылы жэне де ол күш неғүрлым мол пайда табу мүддесіне сай келетіндей мөлшерде ғана өтеледі. Мұндай жағдайда еңбекші қауымның қыруар бөлігі жүмыссыздыққа душар болады. Жұмыссыздық қазіргі кезде үйренішті болса да, ол ешқашан да мүншалықты түрақты сипат алып, ешқашан да өзінің құрамы жағынан еңбекшілердің осыншалықты кең шеңберін қамтып, басқа да бір элеуметтік апат -инфляциямен дэл қазіргі уақыттағыдай асталып көрген жоқ. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0