Сабақ жоспары (ұмж): Зертханалық жұмыс: Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кинематика
Сабақтың тақырыбы: Зертханалық жұмыс: Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.1.6 –көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы кезіндегі кинематикалық шамаларды анықтау.
Сабақ мақсаттары: Көкжиекке бұрыш жасай тасталған дене қозғалысын сипаттайтын теңдеулерді білу.........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Салық құқығы | Қазақстан Республикасындағы жанама салықтар мәні мен,мазмұны

Кіріспе
Салық жүйесінің мазмұнын айқындау үшін салық жүйелерінің қалыптасу мәселелерін қарастырудың әртүрлі тәсілдерін салыстыру қажет. Көптеген авторлар салық салудың функционалды құрамын салық жүйелерінің концептуалды модельдерінде ашады. Салық жүйелерінің концептуалды модельдерінің маңызды сипаттамалар салық салудың мәселелерін шешудегі үш әртүрлі бағыттарын бөлуге мүмкіндік беріп отыр. Нарық экономикасына мемлекеттік араласуына қатынасын анықтайтын әлеуметтік-экономикалық процесстерін реттеу критериясына сәйкес бірігей тәсіл ретінде неоклассикалық бағыттағы өкілдері ұсынатын салық жүйесін құрудағы нарықтық өзін-өзі реттеу принциптерін біріктіруге болады. Екінші тәсіл нарық экономикасының қызмет етуінің негізгі параметрлерін мемлекеттік реттеу приоритетіне негізделеді. Дәстүрлі тәсілдерінің негізгі кемшілігі мемлекеттің рөлін біржақты талдауына бағытталуы болып табылады. Жиырмасыншы жүзжылдығының 90-жылдарының басынан бастап экономикалық және әкімшілік ықпал ету механизмінің бірігуіне негізделген тұрақты дамуының теориясы дами бастады. Мұндай ұтымды өзарақатынасын іздеуі салықтық аясын реттеудің жетілдірудің негізгі міндеттерінінің бірі болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстанның ДСҰ-ға кіру болшағы

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың талаптарына сәйкес, біздің мемлекеттің әлемдік экономикаға жол салу үшін, халықаралық нарық заңдарына сай, Қазақстан экономикасының әлемдік ұйымда бәсекелестігін орнату, нақты, өлшенген стратегияны тауып, орналастыру мақсаты қазіргі кезде өзекті мәселелерлің бірі болып отыр. Қазақстан жылдар өткен сайын глобалдық экономикалық және саяси процестерге тартылып отыр. Біздің еліміздің қазіргі кездегі және болашақтағы дамуы әлемдік экономикадағы трендтермен және оның конъюнктурасымен анықталады.
Қазақстанда қайта құру басы деп аталған ашық экономиканы құру бағыты ең алдымен Батыспен тауарлы экономикалық қатынастарды, ол жақтан экономиканы модернизациялау үшін технология, несие, экспорттық тауарлар-шикізат-отын ресурстары ғана емес, сонымен қатар өнім өңдеу саласы соның ішінде ғылымды қажет ететін салаларға инвестицияларды алу болжалды. Бұл мақсат Қазақстанның сыртқы саясатын құру процесі барысында басты болды, яғни орталықсыздандыру және либеризациялау , саясаттық және институтционалды қамту болып табылады. Осы кезекте әлемшаруашылық қатынастардың жаңа глобалды құрылымын құру процесі, ол негізінен “уругвайлық” раундтық тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісім (ТСБК) халықаралық саудада жалғасын тауып және тез дамуда. Қазақстанның осы процестен абстрактіленуі онсыз да қиын жағдайды қиындатуы мүмкін. Мемлекеттің экономикасында жүргізіліп жатқан реформалардың маңызды мақсаттарының бірі болып ДСҰ-ға кіру болып табылады. Осы проблемаға арналған курстық жұмыс болып табылады. Жұмыстың негізгі мақсаттары - ДСҰ қағидалары және механизмінде негізделген көпжақты жүйесінің жалпы анализі және Қазақстанның ДСҰ-ға кіру барысындағы болашағы мен проблемалар мінездемесі.
Бұл курстық жұмыстың барысында негізгі көздеген мақсатым, Қазақстанның сыртқы саясатындағы ерекшеліктерін, сыртқы саясат жүргізудеі негізгі бағытын жан-жақты анықтау арқылы ДСҰ-ға кіру процесі, проблемаларын көрсету болып табылды. ДСҰ-ға кіру біздің экономикамызға қандай кері және оң әсері бар екенін саралау нәтижесінде, осы ұйымға кіру қажеттігін анықтау болып отыр ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Жұмысқа)

БАРЫС ҚАЙ ЖАҚ?

Ауылдан шыққан алтаумыз,
Аяндай басып келеміз.
Кейде атандай адымдап,
Аттай кейде желеміз.
Жол - көрмеген жаңа жол.
Жаңадан жаңа көреміз.
Жаздың күні жарқырап,
Жыбырлады құмырсқа.
Сол құмырсқа сықылды
Жатқандар ек бұрышта,
Болмасқа енді құмырсқа,
Шыққандар ек жұмысқа........
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Маркетинг | МАРКЕТИНГ ЖҮЙЕСІНІҢ САЯСАТЫ

Кіріспе
Маркетинг («marketing» - нарықтық қызмет деген ағылшын сөзі) капиталистік кәсіпорынның өндірістік өткізу және сауда қызметін басқаруды ұйымдастыру тәсілі ретінде XIX-XX-шы ғасырдың басында өмірге келді. АҚШ-да оның басталуын 1901-1905-ші жылдарға саяды. Алғашқыда маркетингті өткізуді ұйымдастыратын тәсіл ретінде қарады. Алайда да қазір маркетингті тауарды бір жаққа өткізу қызметімен шектеп қана қоймайды. Қазіргі кездегі маркетинг үлкен ғылым әрі қызмет аясы болып табылады. Ол бәсекелестіктің дамыған кезінде кәсіпорынның тактикасы мен стратегиясын сатып алушыны қызықтыру тәсілін, нарықты билеу әдісін жасайды және көзделген пайда деңгейін қамтамасыз етуде нарық пен бағаны барынша бақылауды жүзеге асырады. Маркетингтің нағыз даму Еуропадағы дамыған капиталистік елдерде екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ғана басталды. Соңғы жылдары халықаралық көлемде маркетингті қолдану кәдімгідей ұлғайып, осы облыстағы зерттеу аясы кеңи түсті.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Импортқа салынатын қосымша құн салығының ерекшеліктері

Қосылған құн салығы тауарларды өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымды білдіреді.
Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті қосылған құн салығы сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін есептелген қосылған құн салығының сомасы мен алынған тауарлар үшін төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Қосылған құн салығын төлеушінің берушісі салық төлеушілердің мониторингтілеуіне тиіс болса, салық қызметі органдары осы берушілер ұсынатын салық есептілігінің негізінде қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растауы мүмкін екендігі ескеріле отырып қабылданады.
Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаев 2006 жылы 1 наурызда Халыққа орнаған «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпілік жасау қарсаңында» жолдауында «2007 жылдан бастап қосылған құн салығы ставкасын 1 пайызған ао 2008-2009 жылдары қосымша тағы да 1-2 пайызға азайту керектігін» атап өтті. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Коммерциялық банктерде проценттік тәуекел

Коммерциялық банктер бизнестің басқа түрлерімен салыстырғанда жоғары левередж негізінде жұмыс істейді. Депозиттердің тарту мүмкіндігі мен депозиттердің құнында бұл заңдылық және жиі кездесетін айқынсыздық бизнеске ссуда беру – қалыпты жоғары тәуекелді – банктің негізгі функциясын жасайды.
Жалпы айтқанда, банктік менеджмент өзінің әрбір жобасында тәуекел пайда қатынасының оптималдысын таңдауы тиіс.
Батыстық әлемде коммерциялық банктер тәуекел категорияларының кең аймағын мойындайды, солай болса да олар тәуекелдердің көп бөлігін әр түрлі банктік мақсаттар мен стратегиялар шеңберінде белсенді басқарады. Тәуекелдің негізгі категориялар
• өтімділік тәуекелі;
• несиелік тәуекел немесе төлемеу тәуекелі;
• портфельдік тәуекел;
• салалық тәуекел;
• елдік тәуекел,
• валюталаық тәуекел;
• проценттік тәуекел:
Соның ішінде менің осы жұмыста қарастырғанын проценттік тәуекел.
Проценттік тәуекел, басқа да банктік тәуекелдер сияқты айқынсыздықты білдіреді, берілген жағдайда проценттік мөлшерлеменің алдағы уақыттағы өзгеру бағытымен және уақытымен байланысты айқынсыздықты білдіреді.
Проценттік тәуекел проценттік мөлшерлемелердің өзгеруінен туындаған қаржылық активтерден алынатын – құн немесе табыстардың ауытқуы ретінде анықталуы мүмкін. Ссудалар активтердің негізгі категориялары болып табылатын коммерциялық банктер үшін бұл анықтама белгілі бір ссуданы беру үшін банктің тартылған ресурстарының орташа құны оны толық өтеу кезіңінде ссуда бойынша орташа проценттік ретінде анықталуы мүмкін.
Қазіргі уақытта проценттік тәуекелді басқару көп жағдайда ақша нарығы жеткілікті дәрежеде жақсы дамыған және сәйкесінше, төмен инфляция деңгейі бар елдерде орналасқан банктермен жіктеледі.
Бұрынғы Кеңес Одағындағы Республикалардағы банктердің де проценттік тәуекелі жоғары болған. Сонда да, бұл елдерде дамыған ақша нарығының жоқтығын, жиі болатын инфляцияның жоғары деңгейі және ақша саясатын болжаудың мүмкіндігінің жоқтығын есепке ала отырып, проценттік
мөлшерлемені “басқару” депозиттер мен кредиттер бойынша мөлшерлемені келісіп өзгерту негізінде проценттік маржаны максимизациялау саясатымен жіктеледі. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасы өнеркәсібін жоспарлаудың дамуы

Кіріспе
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы «
Қазақстан Республикасы өнеркәсібін жоспарлаудың дамуы». Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімде жалпы жоспарлаудың түсінігімен мәні, әдістері мен қағидалары, Қазақстандағы жоспарлаудың жағдайы мен жүзеге асырушы органдар туралы толық мәлімет тиісті бөлімшелерде жазылған. Жоспарлау дегеніміз ұлттық экономиканың әртүрлі деңгейлерінде жүзеге асырылатын басқару нысаны. Макрожоспарлау кез келген мемлекеттің саясатында үлкен роль атқарады.
Екінші бөлім Қазақстан Республикасының өнеркәсібіне арналады. Өзіне барлық салалар мен олардың салалық құрылымын қосатын елдің өнеркәсіптік кешені мыналарды да қамтиды: көптеген шаруашылық субъектілер, ірі корпорациялар, қаржылық институттар, өзінің жеке қызығушылығы, мотивы, мүмкіндіктері бар акционерлік қоғамдар мен күшті шаруашылық құрылымдар. Мұнда қазіргі Республикадағы өнеркәсіптің жағдайы, даму беталысы нақты статистикалық мәліметтермен көрсетіледі.
Үшінші бөлімдеөнеркәсіптің дамуының бірден – бір себепкері,соңғыкезде актуальды проблемалардың негізгісіне айналған кластер ұғымы туралы айтылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Қaзaқстaн Рeспубликaсының аймақтарындағы шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдіру

КІРІСПE
Диплoмдық жұмыстың өзeктілігі: «...Шaғын жәнe oртa бизнeсті дaмыту – ХХІ ғaсырдaғы Қaзaқстaнды индустриялық жәнe әлeумeттік жaңғыртудың бaсты құрaлы» - дeп, Қaзaқстaн Рeспубликaсының Прeзидeнті Н.Ә.Нaзaрбaeвтың 2012 жылғы 17 қaңтaрдaғы Қaзaқстaн хaлқынa «Қaзaқстaн жoлы – 2050: Бір мaқсaт, бір мүддe, бір бoлaшaқ» aтты Жoлдaуындa Қaзaқстaнның eң дaмығaн 30 мeмлeкeттің қaтaрынa қoсылуы бaсты мaқсaт бoлды.
Aнглияның aтaқты мeмлeкeт қaйрaткeрі Уинстoн Чeрчиль шaғын бизнeсті дaмыту турaлы: «Бaтыс қoғaмындa кәсіпкeрлікті дaмытудың ұзaқ жылғы тaрихынa қaрaмaстaн, aдaмдaр әлі күнгe oның әлeумeттік-экoнoмикaдaғы рөлі бoйыншa бір көзқaрaстa eмeс. Шындығындa, кәсіпкeрлік жeрдің сөлі мeн нaрықтық экoнoмикaның мoтoры» дeп aтaп көрсeткeн бoлaтын. Oсының өзінeн-aқ, кeз-кeлгeн мeмлeкeттің әлeумeттік-экoнoмикaлық сaясaтының бaсым бaғытының бірі шaғын бизнeсті дaмыту мәсeлeсінe кeліп тірeлeтінін көругe бoлaды. Нaрықтық, aшық экoнoмикaғa бaғыттaлғaн Қaзaқстaнның дaмуындa дa шaғын кәсіпкeрлік қызмeті бeлгілі бір дeңгeйдe жoлғa қoйылды. Дeгeнмeн, шeшуді тaлaп eтeтін мәсeлeлeр әлі дe жeткілікті.
Шaғын бизнeс субьeктілeрі кeз-кeлгeн мeмлeкeт экoнoмикaсының дaмуындa мaңызды рөл aтқaрaды. Нaрықтық экoнoмикaсы дaмығaн eлдeрдeгі шaғын кәсіпкeрлік үлeсінe ІЖӨ 40% дaн 60% кeлeді. Oсығaн oрaй ҚР Прeзидeнті Н.Нaзaрбaeв 2010 жылы Қaзaқстaн хaлқынa жoлдaғaн «Жaңa oнжылдық – жaңa экoнoмикaлық өрлeу – Қaзaқстaнның жaңa мүмкіндіктeрі» дeп aтaлaтын жoлдaуындa: «Oнжылдықтың сoңындa шaғын жәнe oртa бизнeстің ІЖӨ-дeгі үлeсі 40%-ғa дeйін көтeрілуі тиіс» дeп aтaп көрсeткeн бoлaтын [1]. Oның стрaтeгиялық мaңыздылығын бaғaлaу үшін Қaзaқстaн экoнoмикaсының мынaдaй eркшeліктeрінe көңіл бөлу қaжeт:
- aйқын көрініс aлғaн шикізaттық бaғыт;
- қaйтa өндeу өнeркәсібінің нaшaр дaмуы;
- импoртқa тәуeлділігі;
- инфрaқұрылымының нaшaр дaмуы;
- aймaқтaр бoйыншa өндіргіш күштeрдің біркeлкі oрнaлaспaуы[2];....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қытай мен Қазақстан арасындағы экономикалық ынтымақтастық

Кіріспе
Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым - қатынас сонау Ұлы Жібек жолының кезінде ақ басталған. Ол кезде созылып жатқан шексіз далада көпестер көрші мемлекетерден бастап, алыс елдерді сауда сатықпен айналысып кезетін. Бүгінгі күні Қытай сол баяғы Ұлы жібек жолын жандандыруға мүдделі екені бәрімізге аян.
Қытай қазіргі таңда экономикалық, саяси және әскери жағынан алпауыт мемлекеттердің бірі болып отыр. Сонымен қатар ол ядролық держава статусына да ие. ҚХР Азия Тынық мұхиты аймағы және Оңтүстік Шығыс Азияда өзінің геоэкономикалық және геосаяси мүдделерін жүзеге асыруда. Сондай - ақ ол Орталық Азиямен, оның ішінде Қазақстанмен экономикалық және саяси ынтымақтастықты дамытуға мүдделі болып отыр. Оның геостратегиялық мүддесі десекте қателеспейміз. Қытайдың қарқынды жатқан экономикасының әрі қарай дамуы үшін көп мөлшерде көмірсутек қажет. Ол мұнайдың 60%- на жуығын Араб елдерінен алады. Осы маршруттың арақашықтығы да ұзын және бұл аймақ саяси тұрақсыз. Сондықтан Қытай Қазақстанның мұнай - газ секторында өзіндік орынды иеленгісі келеді. Ол осы салаға инвестицияны да құйып жатыр. Құбырлар салып, жаңа жобаларды іске асыруға ұмтылуда. Сондай - ақ екі елдің арасында сауда саттық қарқынды дамып жатыр. Аталмыш курс жұмысының өзектілігі - аспан асты елін Қытайдың Қазақстандағы экономикалық мүдделерін қарастырып, зерттеу. Курс жұмысының - мақсаты екі елдің экономикалық байланысы қандай дәрежеде екенін зерттеп, сараптамалық жұмыстарды жүргізу.
Осы мақсатқа жету үшін бірнеше міндеттер алға қойылды: ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0