Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі ағзалардағы химиялық заттар (Молекулалық биология) Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс “Тотығатын және тотықпайтын қанттарды анықтау» Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: Еритін және ерімейтін қанттарды зерттеу және анықтай білу Сабақ мақсаттары: тотығатын және тотықпайтын қанттарды зерттеу........
А. Шипов: "Мен Қаржы деп, мемлекет өзінің барлык кажеттіліктерін канағаттандыра алатын мемлекеттік қазынаның ақшалык кұралдарын атаймын". Мен бұл каржы жүйесі деген курстык жұмысты алу себебім, ол өзекті тақырыптардың бірі. Өйткені қазакстан қазіргі кезде экономика мен қаржы саласында кейбір киындықтарды бастан откізуде. Экономикалық реформалардың табысты өтуі каржы жүйесінің тұрақтандырылуымен байланысты. Курстық жұмыстын бірінші білімінде каржы ұғымы мен мәнін түсіндірілген. Онда қаржының теориялық анықтаммасы, кұрылу жолдары, оның функциялары мен атқаратын рөлі туралы айтылған. Жалпы түрде каржы жүйесін ұйымдастыру мен қолдану әдістері, негізгі концепциялары берілген. Екінші бөлімінде каржыны баскару формалары, ұйымдастыру жолдары мен эдістері, оның негізгі мақсатары карастырамын. қаржыны баскару мэні ашылған, мемлекеттің каржыны баскарудагы атқаратын рөлі, мемлекеттік қаржы қалай корланып оның қайда жұмсалатыны, оны қандай органдар жүзеге асырытыны жазылады. Үшінші бөлімде Қазақстанның қазіргі кездегі қаржы жүйесінің құрылу ерекшеліктері мен принциптері, оның проблемалары мен киындықтары, оларды шешу жолдары мен әдістері қарастырамын. қаржылык жүйенің халықпен, өндіріспен және шаруашылық субъектілірмен қатынасы көрсетіледі. Қазақстанның қаржы жүйесінің даму тенденциялары мен алдағы мақсаттары жазылады. Қазақстан Республикасының негізгі каржы кұжаты мемлекеттік бюджеттің негізгі баіпары келтіремін. Қаржының даму тенденциясын бөліп карау, оларды колданудың негізгі концепцияларын, қаржылық Қатынастырды ұйымдатыру принциптерін анықтау маңызды болып отыр. ¥зақ уакытты концепцияларды және мақсатты бағдарламаларды талдау каржылык ресурстарды, ұсақ мэселелерге шашыратпай, басты экономикалық жәнс әлеуметтІк бағыттарға топтастыру үшін кажет. ....
Кіріспе Тибет таулы қыратының физикалық – географиясын жан – жақты зерттеп, оның зерттелу тарихына, жер бедеріне, климат ерекшеліктеріне және флорасы мен фаунасына, сонымен қатар табиғат жағдайларын жан-жақты қарастырып толық сипаттама беру.Курс студенттеріне Тибет таулы қыраты жайлы кең көлемді мағлұмат беру арқылы дүние танымын қалыптастыру. Тибет таулы қыраты Цинхай- Сикан- Тибет таулы қыраты – жер шарындағы ең биік және аумақты таулы қырат. Орталық Азияда.Оңтүстігінде Гималай, солтүстігінде Куньлунь, батысында Памир және Гиндукуш, шығысыанда Сино-Тибет таулары мен шектеледі.Жері 2 млн.км.Кейбір геогрфтардың пікірлері бойынша Куньлунь, Қарақорым және Сино-Тибет таулары Тибет таулы қыраты құрамына енеді.Орташа биіктігі 4-5 мың м,жетеді.Негізінен құмтас,әктас сазды тақта тас, гранит және гнейстен түзілген. Тибет таулы қыраты солтүстігі герцин орта бөлігі мезозой, оңтүстігі альпі қатпарлығы кезінде жаралған.Альпі тау жаралу кезеңінде Тибет таулы қыраты жаппай қуатты көтеруге ұшырады.Тау жаралу қозғалысының мұнда әлі де тоқталмағандығына көпшілік бөлігінің сесмикалық ауданға жататындығы және термальдық бұлақтардың көп болуы дәлел бола алады.Солтүстігіне қарай Кайлас және Ньенчен-Тангла жоталарына дейін эрозияға ұшырамаған ішкі ағын жоқтың қасы.....
Кіріспе «Туған елге пайдалы іске қолдан келгенше үлес қосу-әрқайсысымыздың міндетіміз». (Ы. Алтынсарин) Қазақ халқының ұлы перзенті, қазақ жерінде оқу-ағарту ісін жүзеге асырған қазақ зиялылырының көшбасшысы, тұңғыш халық ағартушысы қоғамда өзгерісті жасау жолында талмай күрескен, сөйтіп халық игілігі үшін жан алмай еңбек етудің үлгісін көрсеткен. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы акса көрнекті ағартушы-демократ - Ыбырай Алтынсарин Қазақстандағы қоғамдық ой-пікірдің өркендеу тарихында үлкен орын алды.Ол жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Қазақ даласындағы аумалы төкпелі заманда ұрпақ болашағын ойлап, балалар мен жас жеткіншектердің тағдырына терең үңілген ағартушы –ұстаз. Ыбырай Алтынсариннің халық-ағарту ісіне жолдама алып алғаш аттануы. Мектепті үздік бітірген ол 1857-1859 жылдары арасында өз атасы Балқожа бидің писері (қағаз көшіруші) болады да, 1860 жылы Орынбор облыстық басқармасына кіші тілмаштыққа орналасады. Кейіннен өз қалауы бойынша Торғай қаласындағы бастауыш мектепке мұғалім болып келеді, ел ішінде орын алған саутсыздық пен білімсіздікке қарсы ашық күреседі. Осы кезден бастап, бұл бағыттағы асыл арманы Алтынсаринның ағартушылық педагогикалық қызметі басталады. Соныман бірге, Ресейде басталған азаттық қозғалыстың өрлеу кезінде қазақ ағартушыларының демократиялық идеяларының белсенді жаршысы болды.....
Икемді ақша саясаты қоғамдық ұдайы өндірісті мемлекеттік реттеудің аса маңызды құралдарының бірі. Дж.М. Кейнстің пікірінше, оның инфляциялық әсерін фискальдық саясат және баға мен жалақыны бақылау арқылы кемітуге немесе белгілі шекте шектеуге мүмкіндік туады. Тұрақты жалақы мен өте баяу өзгеретін баға денгейі кейнсиандық үлгінің пәрменділігінің шарттары. Бірақ, жалақы мен бағаны заң актілері арқылы шектеу, олардың негізгі қоғамдық қызметі-қоғамдық қажетті шығындарды өлшеу мүмкіндіктерінен ажыратып, экономикалық дұрыс шешім қабылдауға, яғни нені, қалай және кім үшін өндіру қажеттігін айқындауына бөгет болады. Жоғарыда ескертілгендей, кейнсиандық үлгі бойынша ақшалай ұсыныстың ұлғаюы нақтылы өндірістің ынталандырушысы қызметін атқарады. Кейнсшілердің ойынша ақша көлемін артуы несие өсімінің төменлеуіне, қаржыландыруды, өндіріс пен іске тартылуды ынталандыруға ықпал етеді. Монитаристердің кейнсшілерден өзгешелігі сол, олардың пікірінше, ақша көлемін артуы нақтылы өндіріс пен іске тартуға тікелей әсер етпейді, тек ғана жалпы баға өзгерістеріне алып келеді. Ақшалай ұсыныстың артуы тек қысқа мерзім ішінде ғана өндірістің өсуіне мүмкіндік жасайды. Ал оның ұзақ мерзімдік нәтижесі тіпті де басқаша. Ақша мөлшерінің артуы бағаның шұғыл өсуіне әкеледі де, ол өз кезегінде өсім деңгейінің инфляциясын өршітеді. Алғашында халық қолындағы ақша табыстарының өсуі олардың тұтыну мүмкіндіктерін арттырып, өндірісті ынталандыруға қызмет етеді. Соңынан бағаның шарықтауына сәйкес халықтың нақтылы ақша мөлшері (тауардың бағасымен салыстырғанда) азайып, сұраныс пен өндірістің ара қатынасы жаңа жағдайларды өте жоғары баға деңгейінде теңеседі. Сонымен ұлғаймалы ақша саясаты қысқа мерзімдік өндірістің ұлғаюына, жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне жеткізгенімен түбінде өндірістің тоқырауы мен жұмыссыздықтың ұлғаюына алып келеді. Сондықтан да монетаристер ақша айналымы мен мөлшерін реттеудің дискреттік (үзілмелі) саясатының орнына ақша эмиссиясын шектеу саясатын ұсынады. Мұның мәні ұзақ мерзімдік өндіріс динамикасының тенденциясын ақша көлемі мен ақшаның айналу жылдамдығын ескере отырып, ақша мөлшерінің қарқынын тұрақты реттеу саясаты.....
настарын жан- жақты қарастырып, шаруашылықтардың даму жолдарын объективті зерттеу. Бүгінгі таңда негізгі мәселе. Бұл меншік мәселесі өте күрделі және көп мәселелердің бірі - өтпелі дәуірдегі меншік құрлымы мен шаруашылық жүйесінің тәуелді қатынастарын және жаппай жекешелндіру және оның әлеуметтік - экономикалық нәтижелерін реттеу - басқару шараларына тікелей қатысы бар ғалымдар Ашимбаев Т.А, Нысанбаев Б.Н, Нәрібаев К.Н, Арынов Е, Әубәкіров Ж.А, Жатқанбаев Е.Б, Қалиев Г.А, т.б жұмыстарын атауға болады. I МЕНШІК ҚАТЫНАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ. 1.1 Меншіктің мәні және элементтері Меншік ұғымының мәнін анықтауда негізгі қағида "қандай да болмасын өндіріс жеке адамдардың қоғамдық форма (түр) шеңберінде және де сол аркылы табиғат заттарын иемденуі. Осы тұрғыдан, меншік ( иемдену) - өндіріс шарты кағидасы тавтологиялык (күрғак қайталау) пайымдау болып көрінеді.....
1.1ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ Жұмыссыздық дегеніміз – әлеуметтік – экономикалық құбылыс, осы құбылыс кезінде елдің экономикалық белсенді халқының бір бөлігі біршама уақыт не тұрақты жұмыссыз немесе жалақысыз болады. Жұмыссыздықтың түрлері олардың пайда болу себептеріне қарай өзгешеленеді: • Уақытша жұмыссыздық жұмыспен қамтылғандардың өз ынталары бойынша жұмысты ауыстырумен байланысты, осындай жұмыстағылар өздеріне ыңғайлырақ жұмысты өз еріктерімен іздейді. Мұндай жұмыссыздық әрқашан және барлық жерде болады. • Құрылымдық жұмыссыздық ғылыми – техникалық прогрестің, өнеркәсіптің жаңа салаларының ашылуларының ықпалымен өндіріс құрылымының өзгеруінен туындайды. Осындай жағдайға байланысты жұмыс күшіне ұсыныс пен сұраныс арасындағы сәйкессіздік пайда болады. ....
Кіріспе Банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операцмялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы банктік ресурстар болып табылады. Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады: 1. Банктің меншікті капиталы 2. Банктің заемдік және тартылған қаражаттар Банк русурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10% жуық бөлігі өтелсе, ал қалған бөлігі тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді. Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие. Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға жұмсалатын және тағы басқа шығындар жабылады. Себебі, меншікті капиталсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капиталдың есебінен банкте қажетті резервтер құрылады. .....
Кіріспе Зерттеудің көкейкестілігі: Ата-бабамыздың дәстүрлі халық тәрбиесінің тәжірибелеріне көз салсақ, болашақ азаматты жан-жақты жетілген, ізгілікті, мейірімді етіп тәрбиелеуде туыстық қарым-қатынасты жетік білдірудің айрықша маңызы зор. Халқымыздың отбасына үлкен міндет жүктейтін өнегелі дәстүрдің бірі - жеті атасын білу. Әкесі баласына өз ата-бабаларының жеті буынының аты-жөнін, атқарған істерін түсіндіруі міндетті. «Жеті атасын білмеген - жетімдіктің салдары» немесе «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген мақал-мәтелдердің түпкі ойы тереңде жатқанын әрбір әке-шеше үғынуы тиіс. Ол үшін ата-аналардың осы дәстүрге мән беруіне назар аударту тәрбиешінің, бастауыш мектеп мұғалімінің ең негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Бала өткеннің қадір-қасиетін неғүрлым көп білсе, бүгінгі күнге соғұрлым ойлы көзбен қарайды. Өткендегі мен бүгінгіні салыстырады. «Тектей білген екшей біледі» демекші ертеде өткен ата-бабалар қасиеттерін жақсы білген бала бүгінгінің жақсысы мен жаманын саралай алады, өзі де терістен түңіледі, тектісіне еліктейді, өзгелерді де еліктіре алады (1). ....
1. Стратегиялық жоспарлау процесі Стратегиялық жоспарлау деп - басқармамен ерекше маманданған жоспарлауға негіз болатын іс-әрекеттер мен шешімдердің жиынтығын айтады. Әдетте компаниялар жылдық, ұзақ мерзімді және стратегиялық жоспарлар құрады. Жылдық жоспар- қысқа мерзімге өңделіп, ағымдық ситуацияны, компания мақсаттарын, алдыңғы жылға қоылған стратегия мен бюджетті, бақылау формасын анықтайды. Ұзақ мерзімді жоспар- болашақтағы ұзақ жылдар бойы компанияға әсе ететін негізгі факторлар мен күштерді анықтайды. Онда негізгі ұзақ мерзімді мақсаттар, негізгі маркетингтік стратегиялар көрсетіледі. Бұл жоспарға жыл сайын өзгертулер мен түзктулер енгізіліп отырады. Стратегиялық жоспар- компанияға өз мүддесі үшін өзергмелі сыртқы ортаның барлық мүмкіндіктерін қолдануға бағытталған. Бұл- компанияның мүмкіндіктері мен мақсаттары арасында стратегиялық байланыстар орнатуға бағытталған. ....