Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін басқару жүйесі

Кәсіпкерлік - бұл меншік формасына тәуелсіз, азаматтар мен заңды тұлғалардың, таза кірісті, тауарларға деген сұранысты өз атынан, өз тәуекелі мен өзінің мүліктік жауапкершілігі арқылы қанағаттандыру жолымен алуға бағытталған белсенді қызметі.
«Кәсіпкерлік» пен «нарық» өзара тығыз байланысты. Нарықтық экономиканың жалпы да қысқа анықтамасы «еркін кәсіпкерлік экономика» деген ұғымды білдіреді.
Шынында да нарық кәсіп иесі мен ортасын, ал кәсіпкерлік нарық қатынасының сипаттамасын көрсетеді. Кәсіпкерлік – азаматтардың өз атынан, өз тәуекеліне, өз мүлік жауапкершілігіне, яғни пайда мен жеке кіріс алуға бағытталған тәуелсіз қызметін керсетеді.
Мемлекеттік заң кәсіпкерлікке шаруашылық қызметтің барлық түрін, сонымен қатар коммерциялық-делдалдық, сауда-саттық, инновациялық, кеңес берушілік қызметтерді, құнды қағаздар операцияларын жүзеге асыруға рұқсат береді. Кәсіпкерліктің алғашқы формасы жеке және ұжымдық кәсіпкерлердің қызметі.
Жоғарыда келтірілген анықтамалар жеке табыс пен пайда табудағы кәсіпкерліктің басты қасиеті мен белгісі болып табылады.
Кәсіпкерліктің негізгі қасиеті іс жүргізудің жеңіске жеткізер қызметінің икемді де ыңғайлы жаңа түрлерін үздіксіз іздестіру, яғни өнімді, технологияны, тауарды, тұтынушылар ортасын, бағаны экономикалық әрекет ортасындағы өзгерістерге сәйкес өзгертеді. Кәсіпкер үшін тыныштықта тұрып қалу жат қылық. Өз атына сәйкес ол іске асырылатын қызмет пайдасының көп болуына, кем дегенде пайданың төмендемеуіне жағдай жасауы керек. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Маркетинг | Қазақстан Республикасындағы алкогольды сусындар нарығы

Американдық маркетинг ассоциациясы берген анықтамасы бойынша «Маркетингтік зерттеулер» дегеніміз ақпараттар арқылы ұйымдар мен тұтынушылар арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. Олар маркетингтің мәселелері мен мүмкіндіктерін анықтауға, маркетинг шараларын бағалауда, маркетинг қызметін бақылағанда қолданылады. Қоғамдық пікірді білу және маркетингтік зерттеулер жөніндегі Еуропалық қоғамдық кодексіне сәйкес (ESOMAP) «Маркетингтік зерттеулер» дегеніміз маркетингтік және басқарушылық шешімді қабылдауға байланысты белгісіздікті азайту мақсатымен мәліметтер жинау, өңдеу оны талдауды айтады. Маркетингтік зерттеулердің негізгі мақсаты – шығарылатын тауарларды сұранысқа және тұтынушының талабы мен тілегіне, нарықтың жағдайларына бейімдей отырып, белгілі бір аймақтың нарықты және оның сегментінде фирмалардың бәсекелесінде орын алып, оны ашуға мүмкіндігі. Маркетингтік зерттеулердің нәтижесі тиімді болуы үшін келесі шарттарды орындау керек:
 Зерттеулер кешенді және жүйелі түрде өтуі кере
 Ақпаратқа қойылатын талаптарды ескере отырып, зерттеуде ғылыми тәсілдерді қолдану керек;
 Халықаралық сауда палатасы және Қоғамдық пікірді зерттеу, Еуропа қоғамы бекіткен маркетингтік және әлеуметтік зерттеулер практикасы халықаралық кодекске сәйкес жүргізілуі тиіс;
 Маркетингтік зерттеулер жұмыстары мұқият жоспарларуы және жүйелі сатып алынуы тиіс; ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Түйсік

Түйсік
§ 1. Түйсіктер туралы жалпы ұғым
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атайды.
Түйсік арқылы заттардың түсін, иісін, дәмін, қатты-жұмсақтығын, кедір-бұдырлығын т. б. осы секілді қасиеттері ажыратылады. Сондай-ақ түйсік денеде болып жататын түрлі өзгерістер жөнінде де, яғни дененің қозғалысы мен оның кеңістікке орналасуын, жеке бөліктерінің жұмысы жайлы хабарлайды. Сыртқы дүниені танып-білу түйсіктен басталады. Ол білім атаулының алғашқы көзі. Мәселен, жолдасыңнан көзін жұмуын өтініп, оның алақанына белгісіз бір затты тигізсең, сосын одан оның не екенін сұрасаң, ол: "қатты, жылтыр, мұздай, жұмсақ, жылы, кедір-бұдыр бір нәрсе" деп жауап береді. Заттардың нақты атауы емес, тек түрлі қасиеттерін білдіретін осы сөз тіркестері түйсік болып табылады.
Түйсіктер заттар мен нәрселердің тек жеке қасиеттерін ғана мида бейнелейді. Мәселен, адам секундтың /10 бөлігінде жалт еткен жарықты көрдім деп айта алады, бірақ оның қалай деп аталатынын білмейді.
И. П. Павловтың жүйке қызметі туралы ілімі түйсіктердің пайда болуын анализатор (талдағыш) деп аталатын анатомиялық-физиологиялық жүйке аппаратының жұмысына байланысты түсіндіреді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Әлеуметтану | Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі мемлекет саясаты

КІРІСПЕ
Әлеуметтік жұмысқа қойылатын талаптар әлеуметтік сферадағы терең және жан-жақтылы реформаны қайта ұйымдастыру жағдайы, жаңа экономикалық қатнастың қоғамдық жағдайға ауысуы, экономикалық білімді меңгеру болып табылады.
Жалпы гуманитарлық және әлеуметтік экономикалық цикл сияқты жалпы мамандандырылған тәртіп циклі бойынша да әлеуметтік жұмыс бағыты бойынша мемлекеттік деңгейде жоғары мамандандырылған білім экономикалық білімге көлемінің қажеттілігін көрсетеді.
Оқу құралында курстық тақырып әлеуметтік және экономикалық негізін, мемлекеттік экономикалық саясатының әлеуметтік бағыты және әлеуметтік даму сұрақтары, халықты әлеуметтік қорғау жүйесі, әлеуметтік жұмыстың экономикалық кеңістігінің түсінігі мен мәні, әлеуметтік сферада субъекттердің экономикалық қарым – қатнастардың қарастыру болып табылады.
Қоғамдағы әлеуметтік стратификация және оның әлеуметтік – экономикалық зардаптары, нарықтық қатнасқа ауысу кезеңінде халықтың материалдық жағдайының жақсаруы мен динамикасы түсіндіріледі.
Халықты әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамтамасыздандырудың ұжымдық – экономикалық негізі, әлеуметтік қызмет көрсету орындарының өкілі, салық салу, қаржы мен байланысты мәселелерді қарастырады.
Экономикалық ұжым, кадырлық қамтамасыздандырылу және әлеуметтік жұмысшының еңбек ақысын төлеу тақырыптары енгізілді.
І Бөлім Әлеуметтік жұмыстың экономикалық негіздері.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының ақша жүйесі

Кіріспе.
Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты ақшаның пайда болуына, құрылымына, маңыздылығына теориялық аспектілер беріп, ақшаны жан-жағынан - бұрынғы, қазіргі және болашақтағы позицияларынан қарастыру.
Менің ойымша, ақшаның экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
Ал енді, ақша дегеніміз не деген сұраққа келетін болсақ, ақша - ол тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың қандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты баға пайда болады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстанның сақтандыру нарығы

Кiрiсiпе
Қазақстанның сақтандыру нарығы қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы, сақтандырылушы – клиенттердің төлем қабілеттілігі, сақтандыру заңнамасының жағдайы және ондағы мемлекеттік реттеудің тиімділігі сияқты тенденциялардың жиынтығымен сипатталады.
Сақтандыру рыногын дамытудың негiзгі мiндетi - қазiргi заманғы ұлттық сақтандыру индустриясын қалыптастыру, сақтандыруды шаруашылық субъектілерiнiң мүдделерiн және халықты әртүрлі тәуекелдерден қорғаудың тиімді тетігі және ұзақ мерзiмдi iшкi инвестициялар ретiнде белсендi пайдалану.
Марк Твеннен бақытсыздықты болжайтын балгерлерден қорқасыз ба деп сұрағанда, жазушы «өзіне сенімді екенін, өзінің өмірі сақтандырылғанын, әрі сақтандыру компаниялары маған өлуге жол бермейді» деп жауап береді.
Бұл - әрине, ұлы адамның әзілі. Бірақ та шындығында, қаржы нарығында заңды және жеке тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау бойынша азаматгық-құқықтық қатынастар жүйесіне, олардың өмірі мен денсаулығына, ақша қорланымдарына жәй ғана емес, аса стратегиялық рөл беріледі.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): № 1 практикалық жұмыс "Ион алмасу реакциялары" (Химия, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бейорганикалық заттардың сапалық реакциясы
Сабақ тақырыбы: № 1 практикалық жұмыс "Ион алмасу реакциялары"
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.2.2.1 алмасу реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде құрастыру;
9.2.2.2 ион алмасу реакцияларының жүру себептерін түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Ион алмасу реакциясының маңызын түсіндіру;
Толық иондық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазу дағдысын қалыптастыру......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Журналистика | Оңтүстік Қазақстан телеарнасының өткені мен бүгіні

Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы Оңтүстік – Қазақстан облысы телеарналарының жұмысымен тығыз байланыста. «Қазақстан – Шымкент» телеарнасы: «өткені мен бүгіні» менің ғылыми жұмысымның тақырыбы осылай аталатындықтан, өз ғылыми жұмысымда аты аталған телеарнаның басты мәселелерін ашамын. Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысы аймақтық телеарналарына: мәселелерін шешуге жол көрсете отырып, телеарнаның құрылу тарихына терең үңілемін. Өз жобамның бірінші бөлімінде мен Оңтүстік – Қазақстан телеарналарының жұмыс жоспарын және де сол жоспардың құрылымын ашып көрсетемін. Басты мәселе ақпараттық таралымдардың бүкіл Республика аумағына және де шет аумақтарға таралуы.
2000 жылдың сәуірінде Еуразиялық экономикалық самиті бүкіл дүние жүзілік Давос форумының қолдауымен өтті. Сол самитте сөз алған Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев былай деді: - «Бүкіл Орта Азия мемлекеттері саяси, экономикалық, техникалық дамудың қажетті сатысына аяқ басып келуде, бұл біз үшін өмірлік маңызы бар кезең».
Давос форумын құрушы және президенті Клаус Шваб өз сөзінде заманауи талаптардың ең бастысы бұл жаһандану кезеңі. Жаһандану кезеңіндегі басты мақсат – экономикалық және әлеуметтік жетістікке жету бұл жетістік адам баласының гүлденіп көркейуіне жол ашады. Қазіргі таңдағы ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Банк ісі, банктердің пайда болуы, банктердің негізгі операциялары

Кіріспе
Банктердің керемет мүмкіндігі мен оларды басқа қаржылық институттардан ерекшелейтін сипаттама – ақшаларды құру несиелік жүйенің икемділігімен іске асады. Өзінің депозиттік және несиелік операцияларымен банк уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, оларды несие түрінде ұсынады, сонымен, олар халық шаруашылығын ақшаға деген қажеттілігін қанағаттандырады, яғни жаңа жолмен қаражаттарын құрайды. Сонымен қатар, банктер өз қызметі үрдісінде ақшалардың бір бөлігін жояды. Бұл клиенттің банктегі өз шотынан ақшаны аудару арқылы өтелен кезде болады.Банктің орындайтын операцияларының экономикалық мазмұны мен көлемі – банкті ұйымдастырушылық жағынан құрудың негізгі критерийі болып табылады. Банктің негізгі қызметтері: уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыру, экономика мен тұрғындарды несиелендіру, қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру мен жүргізу, инвестициялық қызмет пен басқада қаржылық қызметтер.Банктердің ақша қаражаттары оларды табысты орналастыру мақсатында салымдарға тарту жұмыстары депозиттік (пассивтік) операциялар деп аталады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының мемлекеттік және бюджеттегі шығындары

Кіріспе
Шығындар дегеніміз - нәтижесінде өнім өндіріп өткізілетін өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі.
Өндіріс шығындарын жіктеп бөлудің бірнеше жолдары болады.
Біріншіден, әлеуметтік-экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар қоғамдық және кәсіпорын шығындары болып бөлінеді. Қоғам бағытынан шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және зат түрін алған еңбек шығындары жатады.
Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0