Ғылыми жұмыс (жоба): Биология | Сарымсақтың пайдасы

Мақсаты: Пияз тұқымдасына жататын түйнек – пиязшықты, тамыр сабақты, көпжылдық өсімдік сарымсақтың алуан турлері мен пайдасы туралы түсінік беріп, насихаттау.
Жоба жұмысының жоспары
І. Кіріспе
А) Пияз тұқымдасы туралы түсінік беру
II. Негізгі бөлім.
А) Сарымсақтың шығу тарихы
Ә) Сарымсақтың биологиялық, химиялық құрамы
Б) Сарымсақтың емдік қасиеті
В) Сарымсақтың пайдасы
Г) Сарымсақ туралы қызықты мәліметтер
Ғ) Пайдалы кеңестер
Д) Сарымсақтың өсу жолы ( эксперимент жұмыстар)
ІІІ. Қорытынды
Ү. Ұсыныстар
Мақсатыма жету үшін қолданған әдіс – тәсілдерім:
• Сұрақ – жауап
• Пікірлесу
• талдау – жинақтау
• Тәжірибе жасау .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Жас спортшыны оқытудың және тәрбиелеудің ерекшеліктері

Тақырыптың өзектілігі. Спорттық дайындық кез – келген педагогикалық ықпалдардың құралдары, әдістері мен түрлерін және осы ықпалдар бағытталатын нысандарды терең білуге бағытталады. Педагогикалық ықпалдар мазмұны спортшылардың жасына олардың дайындық сатыларына қарай өзгеріп отырады.бірақ негіздері, яғни жалпы заңдылықтары, ережелері, оқыту мен тәрбиелеу принциптері өзгермейді.
Спорттық дайындық педагогикалық ықпалдардың тәрбиелік, білім беру және сауықтыру бағыттарын ұсынады, олар өзара байланыста ортақ міндет – спортшыларының жеке қабілеттерін барынша дамыту мен оларды жарыс әрекеті жағдайында жүзеге асыруды атқарады. Қойылған мақсатты атқару үшін педагогикалық ықпалдар нысаны мен мәнін жақсы білу қажет. Педагогикалық ғылым мен іс – тәжірибеде жинақталған кеңестерді басшылыққа алу қажет, яғни әдістеме өзінің ықпал ететін нысанын, яғни өсіп келе жатқан, дамушы жас спортшыны білуімен табиғи байланыста болуы тиіс. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Дене сапалары дамуының физиологиялық механизмдер

Зерттеудің өзектілігі. Бүгінгі таңда қоғам өмірінің экологиялық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларының түрлі себептерінен, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептер мен басқа да жоғары білім беретін оқу орындарында дене тәрбиесі мен спорт жүйелерінің нашарлауына байланысты оқушылар мен жас жеткіншектердің денсаулықтары төмендеп, жылдан-жылға аурулардың саны көбеюде. Бұл жағдай қоғам мен мемлекет басшыларының да аландаушылығын туғызуда. Осыған орай, әсіресе, болашақ жастардың дене тәрбиесі жүйесін жақсартуға мемлекет тараітьшан әр жыл сайын бірнеше шаралар жүзеге асырылып, заңдар қабылдануда. Мысалы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан Республикасының 1996-2000 жылдар аралығында жалпы бұқаралық спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасың туралы Жарлығына қол қойып (1996 ж.), 1997 жылы «Қазақстан-2030» бағдарламасын ұсынды. Ал 1999 жылы "Қазақстан Республикасының дене мәдениеті және спорт туралың заңы қабылданып, 2001 жылы "Қазақстан Республикасының 2001-2005 жылдар аралығындағы дене тәрбиесі мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" Жарлығы шықты. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Психология | Отбасындағы ата ана мен бала қарым -қатынасының психологиялық ерекшеліктері

КІРІСПЕ
Өзектілігі. Қазіргі заманда отбасының құрылымы өзгеріп, оның мүшелер саны азайып, бала саны кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени экономикалық жаңғырулар, әртүрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің арасында қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр. Қазіргі аналардың көпшілігі жұмыс жасайтын болғандықтан бала уақытының көбін пассивті тәрбиешілермен өткізеді. Бала тәрбиесі қалалық отбасына тән болып отырған келесі ерекшеліктермен шартталған: балалардың көбісі күннен күге ұлғайып отырған айырылысулардың нәтижесінде әкесіз немесе анасыз өседі; теледидар, жеке бөлме т.с.с. өркениеттің жетістіктері балалармен олардың ата-аналарының арасындағы қарым-қатынас процесін қиындатады.
Отбасы баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы. Осы орта баланың өмірдің мақсаты, оның құндылықтары, не біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтар меңгеріледі және онда басқалармен қарым-қатынас орнатуға дағдыланады. Сөйтіп, өзінің «кім» және «қандай» екенін, басқалардың «кім» және «қандай» екенін тәжірибеде сынап байқап көреді. Балалар отбасында әртүрлі жағдайаттар мен төтенше ахуаларда өзін ұстаудың нормаларын, мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді.
Отбасы психологиясын зерттеушілер А.Г Харчев, А.Н Антонов, З.И Файнбург оның функцияларын ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі-өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалау уәзендері (критерйй) қалыптасуымен бірге қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық ұғымдарын меңгереді деген тұжырымдар жасады.
Қарым-қатынас адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Қарым-қатынас нәтижесінде тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып дамитындығы әр жеке тұлғаның қалыптасуында жетекші факторлардың бірі болады. Қарым-қатынас барысында өзара пікір алмасу, сезім әлеміне бірлесіп ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу арқылы адамдардың арасында сенімді кең ауқымды эмоциялар арқылы екі немесе бірнеше психологиялық жүйе не бірнеше рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар арасында келісім, өзара түсіністік, не болмаса қақтығыс, талас-тартыс, қарама-қайшылық, тұрғысындғы мәміле үрдісі іске асады. (А.В. Мудрик, А.В. Запорожец, Қ.Б. Жарықбаев, Ж. Намазбаева, С.М. Жақыпов, М. Мұқанов.).
Теориялық маңыздылығы - отбасы ұғымына анықтама беру, оның атқаратын қызметтерін нақтылау, отбасындағы қарым-қатынас мәселелерін талдау көптеген зерттеулерде орын алған. Отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі де жетік түрде толық жасалмаған. Г.М. Свердлов және В.Л. Ресенцев (1958) отбасының маңызды қызметтерін ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық және өзара көмек көрсету түрлерін жатқызған. Ата-ананың отбасылық ықпалы туралы өз еңбектерінде А.Ю.Гавит, Э.А.Тийт қарастырды, сонымен қоса некедегі сәйкестікке қатысты мәселелер де талданған.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Эстетикалық тәрбие - тәрбиенің құрамды бөлігі

КІРІСПЕ
Қазіргі жаңарған қоғам шығармашыл, белсенді, өз мүмкіншілігін толық атқара алатын және жоғары білімді меңгерген, өзіне сенімі мол, салауатты-сауқатты, жан-жақты мәдениетті азамат тұлғасын қалыптастыру қажеттілігін талап етуде. Өйткені, мәдениетті әрі білімді жас ұрпақ қана ғажайып биік деңгейге көтеріле алады.
Жас азамат мәдениетті дегеніміз – инабаттылық, сыпайылық, жинақтылық білімдер тәжірибелер мен әрекеттер, мінез-құлықтар. Ең бастысы, жас ұрпақ тұлғасы мәдениеттінің негізгі және құрамды буыны оның эстетикалық мәдениетінің болуын қажет етеді.
Эстетикалық мәдениет – рухани мәдениеттің маңызды бір саласы ретінде, табиғат және адам баласының шығармашылық еңбегімен жасалған эстетикалық құндылықтардың жиынтығы, оларды жасау қолдану тәсілдері. Эстетикалық құндылықтар қоғамның өмірмен қарым-қатынасқа түсуіне, қоғамның жетілуіне, талпынысына, қоғамдық қатынастардың барлық жүйесінің толыққанды өркендеуіне қатысады.
Қоғамның дамуында эстетикалық тәрбие жеке тұлғаның үйлесімді дамуын қалыптастыруда маңызды орын алады.
Эстетикалық тәрбие – жан-жақты тәрбиенің бүкіл жүйесінің табиғи бір бөлігі.
Эстетикалық тәрбие – болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдауға және эстетикалық түсінікті сезім мен талғамды тәрбиелейді. Өнерде және өмірде сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін қалыптастырады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Менеджмент | Өндірістік кәсіпорында персоналды басқару

“Персонал” термині кәсіпорынның еңбек ұжымының құрамдас бөліктерін біріктіреді. Персоналға біз өндірістік немесе басқарушылық операцияларды орындайтын және еңбек құрамдарын пайдаланумен, еңбек заттарын өңдеумен айналысатын барлық жұмысшыларды жатқызамыз. Басқару теориясында жұмысшының мамандығы немесе лауазымына, басқару деңгейіне, жұмысшылар категориясына тәуелді персонал классификациясына түрлі жолдар бар. Персонал негізінен өндірістік персонал (жұмысшылар) және басқарушылық персонал (қызметкерлер) болып бөлінеді. Өндірістік персонал өз алдына негізгі және қосалқы болып, ал басқарушылық персонал – басшылар және мамандар болып бөлінеді.
Жалпы менеджмент теориясында, адамдардың қоғамдық өндірісте қатысуын көрсететін терминдердің жеткілікті саны пайдаланылады: еңбек ресурстары, адам ресурстары, адам факторы, ұйымдастырушылық тәртіп, еңбекті ұйымдастыру, персоналды басқару, кадр саясаты, ұжым, команда, әлеуметтік даму, адам қатынастары және т.б. Негізгі обьект ретінде адамды бөле отырып, олар персоналды басқару проблемасының түрлі аспектілерін және оларды шешу жолдарын ашады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Психология | Жеткіншектерге мамандық бағдар берудің теориялық және әдістемелік негіздері

КІРІСПЕ
Психологиялық қызметтің міндеттерінің бірі - оқушылардың әр түрлі мамандықтарға икемділігін анықтау негізінде олардың болашақта тиімді қызмет атқару саласын таңдап алуға көмек көрсету. Бұл проблеманы жан-жақты зерттеу 19 ғасырда басталып көптеген ғалым психологтар оның әр түрлі аспектілерін зерттеді. 20 ғасырдың басында В.Вундт, Мюнстерберг, Бине т.б. ғалымдар ұйымдастырған зертханалар зерттелінушілердің психофизиологиялық ерекшеліктерін бағалау арқылы олардың мамандыққа жарамдылығын анықтаған. Бұрынғы кеңес мектептерінде мамандыққа баулу мәселелеріне үлкен көңіл бөліп, көптеген ғалымдар осы проблеманы зерттеуге үлкен үлес қосқан. Ю.В.Болыпакова, П.П.Блонский, Н.К.Крупская, В.И.Лебедев, Г.Н.Стычинчкий, В.А.Сухомлинский, Ю.П.Сокльников, А.П.Сейтешов, Г.А.Уманов, Л.К.Керимов, Т.Х.Хамракулов. Олар өз зерттеулерінде мамандыққа баулу жұмысының құрылымын, мазмұнын және пайдаланылатын әдіс-тәсілдерді анықтап, мектеп қабырғасында балалармен жүргізілетін мамандыққа икемділігін анықтау жұмыстарының бағдарламасын жасады.
Қазіргі кезде жеке тұлғаның психофизиологиялық ерекшеліктерін толық және жан-жақты талдап шығуға мүмкіндік бар. Сондықтан мектеп тәжірибесінде мамандыққа баулу және мамандыққа икемділігін анықтап беру жұмысын мектеп психологі жүргізуі керек. Мектептерде психологиялық қызмет ұйымдастырылуына байланысты барлық оқушылардың жеке-даралық ерекшеліктерін, әр баланың қызығушылықтары мен интеллектуалдық қызметке икемділігін, таным процестері мен жекелік қасиеттерін сандық және сапалық жағынан толық бағалап шығуға, баланың психологиялық портретінің ерекшеліктерін жүйелі түрде зерттеуге мүмкіншілік бар. Психологиялық қызмет жоспары бойынша жүйелі түрде жүргізілген зерттеулер нәтижелерін мамандықты саналы таңдап алуға, мамандыққа психологиялық қызмет жоспары бойынша жүйелі түрде жүргізілген зерттеулер нәтижелерін мамандықты саналы таңдап алуға, мамандыққа баулу жұмысы арқылы әр оқушыға тиімді көмек көрсетуге мүмкіншіліктер бар.
Мектеп психологі оқушылардың мамандықтар саласына икемділігін зерттеумен қатар, оларды қазіргі кезде кең тараған мамандықтармен таныстырып, оларды орындау үшін жаңа техниканы және технологияны меңгерудің қажеттілігін, осы проблеманы шешу жолдарын анықтауға ықпал жасайтын іс-шараларды ұйымдастыруы керек. Оқушыларды мамандыққа баулу мәселесі өте актуалды болып отырғанына байланысты біз дипломдық зерттеу тақырыбын «Жеткіншектерге мамандық бағдар берудің теориялық және әдістемелік негіздері» деп анықтадық.
Зерттеу объектісі - мектеп психологиялық қызметі.
Зерттеу пәні - мектеп психологінің оқушыларға мамандық бағдар беру жұмысы.
Зерттеу мақсаты - мектеп психологі жұмысында оқушылардың жеке даралық психологиялық ерекшеліктерін зерттеу арқылы орта буын оқушыларының мамандықты саналы таңдауына негіз құру.
Зерттеу міндеттері:
- білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет арқылы мамандық бағдар беру проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектеді талдау және мектеп психологінің оқушылардың мамандық қызығушылығын зерттеу әдістемелерін жинақтау;
- мектеп оқушыларының жекелік психикалық қасиеттерін зерттеу әдістемелерінің ішінен мамандық бағдар беруге пайдаланылатындарын іріктеп алып, оларды жүйге келтіру;
- жеткіншектердің мамандықа қызығушылығын диагностикалау және зерттеу нәтижелерін талдау арқылы балаларға мамандық таңдауға көмек көрсету жолдарын анықтау.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Қазақ тілі | Үштұғырлы тіл бәсекеге қабілетті ұлт болудың бірінші сатысы

Үштұғырлы тіл: бәсекеге қабілетті ұлт болудың бірінші сатысы
Елбасы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында «Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны жария етті. Ал 2007 Жолдауында “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды.
Бұл идеяның негізі мынадай: Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Яғни мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Агрономия | Картоптың вируссыз отырғызу материалын алу және оны көбейту

Картоп маңызды ауылшаруашылық дақылдарының бірі болып табылады. Халық санының өсуі және ашаршылық деңгейінің жоғарылауы жағдайында БҰҰ Ассамблеясы, ғалымдардың пікіріне сүйене отырып, келешекте адамзаттың азық түліктік қауіпсіздік мәселесін тек қана картоп шеше алады деп және бұл саланың дамуының стратегиялық маңызын есептей отырып, әлемдік қауымды картоптың рөліне аударуда [1].
Қазақстан бойынша картоп дақылының орташа өнімділігі 10-12 т/га аспайды. Қазақстанда жыл сайынғы түйнектік репродуция үрдісінде өнімнің төмендеу тенденциясы, вирустық инфекциямен зақымдалу себебінен, картоптың элиталық тұқым шаруашылығындағы негізгі күрделі мәселелердің бірі болып табылады.
Ауылшаруашылық кәсіпорындарда, фермерлік және жеке шаруашылық қожалықтарында сортжаңарту және сорталмастыру үшін жоғары репродукциялық сертификацияланған тұқымдық материалмен қамтамасыз ету әлі күрге дейін жөнге қойылған жоқ және картоп дақылының тұқымшаруашылығында ең бір өзекті мәселе болып отыр.
Картоп дақылының өнімділігін жоғарылатудың бірі, оны вирустық инфекциядан сауықтыру. Вирустық аурулар картоптың өнімділігін төмендетуде негізгі рөл атқарады. Түйіндер инфекцияны жинап, репродукциядан репрадукцияға беріп отырады [2].
Картоптың сауықтырылған тұқымдық материалын әр түрлі әдістермен алуға болады, бірақ ең кепілді сапа, апикальды (ұштық) ұлпа әдісін пайдаланып in vitro көбейткенде қамтамасыз етіледі. Өсу қалемшелерін микроөсімдіктерді клондау әдісімен үйлестіру және минитүйнек өсіру элитаның жоғары сапасын қамтамасыз етеді, бірақ өте қымбат.
Қоректік ортаны оңтайлау жолымен, минитүйнектер алуда, in vivo жағдайында жақсы бейімделу үшін, картоп көшеттерін жылы жай жағдайында өсіруін жалғастыру, отырғызу материалын алуда шығынды азайту жолдарын іздеуді қажет етеді.
Сол себепті, картоптың тұқым шаруашылығын сауықтырылған бастапқы материал негізінде жүргізуге негізделген жұмыс тақырыбы өзекті мәселелердің бірі болып есептелінеді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0